ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ Дәрістің тақырыбы: «Өнер философиясы» Дәрістің мақсаты: философиядағы өнер , көркемдік таным және эстетиканың мәнін пайымдау Алматы-2021
ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ
1. Философия және өнер. Өнердің мәдени феномен ретіндегі өзіндік ерекшелігі, оның тұлғалық және әлеуметтік қызметтері.
2. Өнер философиясының негізгі категориялары. Философия тарихындағы өнерге деген көқарас.
«Әдебиет - сөз өнері. Мүсіншінің құралы - саз, суретшінің құралы - бояу, әншінің құралы - үн, бишінің құралы - қимыл болса, әдебиетшінің құралы - тіл. Кескін, сәулет, сымбат өнерлері затты, нақты болғанмен жансыз, қимылсыз, ал әдебиет кез келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылта, құлпырта көрсете алады. Зейнолла Қабдолов
«Жүректің соғысы - физиология, ал жүректің не қуаныштан, не үрейден барып бас алатын лүпілі - эстетика, өнер». «Өмір - тән, өнер - жан; тән тұншыққанда - жан шыңғырады» Асқар Сүлейменов
Асқар Сүлейменовтің «Өмір - тән, өнер - жан; тән тұншыққанда - жан шыңғырады» дегені, өнердің өмірдің өзінен, ондағы әлеуметтік, саяси, мәдени, рухани болмыстың өзегінен өрбитінін еске салып тұр. Өнер-өмір, жүрек дірілі, жан айқайы, жанның рухы, қуаты. Ол сөз боп атылады, күй болып құйқылжиды, сурет боп салынады, сұңғат боп қаланады, мүсін боп құйылады, ою болып ойылады. Сөйтіп, өнерде әлем мен адам, болмыс пен ойлау біртұтастығы қалыптасады. Н. Мусаева
Аристотель
Өнер дегеніміз, Аристотельдің пікірінше, өмірге, болмысқа, табиғатқа еліктеу (мимезис), бейнелеу. Оның соңғы нәтижесі, көрерменді қорқыныш, қайғыру сияқты түрлі сезімдерге бөлеу арқылы катарсиске жеткізу. Яғни катарсис біреудің қайғысына ортақтасу арқылы жанның, рухтың тазаруы.
Ал Платон бойынша өнер еліктеуге еліктеу. Себебі Платон үшін шынайы, ақиқат дүние идеялар әлемі. Табиғат, барша тіршілік ең ұлы суретші, жасампаз құдірет, әлемдік ақыл-ой иесі Құдайдың, яғни ең бірінші өнер иесінің туындысы. Сондықтан да адамдардың өнер деп жүргені еліктеуге еліктеу, көлеңкенің көлеңкесін салу.