Дәрістік кешен 1 ДӘріс мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеші жұмысын ұйымдастыру пәнінің мақсаты, міндеттері



бет15/51
Дата21.06.2022
өлшемі284,56 Kb.
#37154
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51
ІI жартыжылдық
Сурет салу.
Келесі біліктерді қалыптастыру:
1) парақ бетіне бояу жағу арқылы қарама-қайшы түстегі дақтарды үйлестіріп бейнелей білу;
2) қағаз бетіне тура, көлденеңінен, тік және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеу, дәстүрден тыс тәсілмен сурет салу (шарлар, күннің көзі, балықтар және тағы басқа);
3) бояулармен жұмыс жасау;
4) қағазға, құмға саусақпен сурет салу;
5) балаларды ересектермен бірге әрекет етуге (ересектердің салған суреттерін толықтыру) қызығушылықтарын тудыру;
6) бейнелеу өнері әрекетінің нәтижесіне қызығушылық танытуын қалыптастыру: балалардың жұмысын қарау және талдау, таныс заттар мен кейіпкерлерді табу;
7) қағаз бетін бағдарлай білуге үйрету.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) белгілі бір ережелерді орындау дағдыларын қалыптастыру: түзу отыру, тек қағаз бетіне сурет салу, қағазды жұмарламау, қарындашты тықылдатпау;
2) жұмысты ұқыпты орындау.
Күтілетін нәтижелер:
қағазға және құмға сурет салудың (үздіксіз айналмалы сызықтар жүргізеді) бастапқы техникасын меңгерген;
түрлі-түсті қарындаштармен, фломастердің, гуашьтің төрт түсімен сурет салу біледі;
қағаз бетіне бояулармен штрихтар, жақпалар, сызықтар салады;
қағаз бетін бағдарлай алады.
Мүсіндеу.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) шыны аяқ, табақты илеп жасауда саз кесегін саусақпен басып, тереңдету;
2) заттардың ұқсастықтарын табу;
3) кесектерді біріктіруге үйрету;
4) қуыршаққа арналған әшекейлерді мүсіндеу: білезік, жүзік, қол сағаттар;
5) мүсіндеуге арналған материалдарды қолдану;
6) арнайы тақтайша үстінде илеу;
7) қолды дымқыл шүберекпен сүрту;
8) дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинастыру.
Күтілетін нәтижелер:
сазбалшықтың кесегін алақан арасына салып илей алады (шар), жоғарғы бөлігін саусақпен басып тереңдетеді (қуыршақтарға арналған печенье);
түрлі пішіндерді біріктіру әдісімен заттарды мүсіндейді (саңырауқұлақ);
мүсінделген пішіндерді өзіне таныс заттармен салыстырады;
мүсіндеу кезінде техникалық дағдыларды біледі және қолданады;
халық ойыншықтарын қарастыру барысында қуаныш білдіреді, орындалған жұмыс туралы әсерлерімен бөліседі.
Жапсыру.
Симметриялық пішіндерді орналастыра білуді және жапсыру мен сурет салуды кіріктіруді қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
түрлі пішіндерді біріктіру арқылы заттарды фланелеграфта орналастырады (жіпке байланған шар, үйшік);
дайын сұлбаға элементтерін салып аяқтайды (марғаудың құйрығын салады);
бастапқы техникалық дағдылары қалыптасқан және қолданады, қағаз бетіне симметриялық пішіндерді орналастырады .
Музыка.
Музыка тыңдау.
Музыканы тыңдай білуді, таныс әндерді және оларға тән ерекшеліктерін тани білуді қалыптастыру. Музыкалық иллюстрациялармен сүйемелденген әңгімелерді қызығушылықпен тыңдауға баулу. Музыканы есте сақтау, кейіпкерлерді иллюстрация және әңгіме бойынша тану дағдыларын қалыптастыру.
Ән айту:
1) әнді уақытында бастау және аяқтау, озып кетпеу немесе қалып қоймау, кідірісті сақтау;
2) әндегі қайталанатын тіркестерді ересектердің дауыс интонациясына салып, айту дағдыларын қалыптастыру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) қол қимылдарын: "шапалақ – шапалақ", аяқ қимылдарын: "топ-топ" орындау, денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу, шеңбер бойымен жүру;
2) музыкалық-ырғақты қимылдарды: кезекпен аяқтың ұшымен, өкшемен қою, орнында тұрып топылдату, шеңбер бойымен бір орында, шашыраңқы топылдатып жүру;
3) таныс қимылдарды жаңа музыкамен сәйкес есте сақтау, қайталау;
4) ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде үйренген әнді айта отырып, сәйкес қимылдарды қайталау;
5) дербес ойындар мен әрекеттер кезінде ойнаған аспаптардан дыбыстар шығаруға талпыну (ересектердің қатысуымен);
6) әндерді үйреніп айту және ересектердің қимылдарына еліктеп, қиялдағы аспапта сүйемелдеу;
7) түрлі аспаптарда педагогтың орындауындағы және үнтаспадағы әндер мен пьесаларды тыңдау, таныс әндерді қосылып айту, күрделі емес қойылымдарға, ойындарға және билерге қатысу.
Күтілетін нәтижелер:
таныс әндерді таниды және дыбыстардың жоғарылығын ажыратады;
әннің мағынасын түсінеді;
ересекпен бірге ән айтуға ынта білдіреді;
музыкалық аспаптарды атайды (сылдырмақ, барабан, домбыра);
музыкалық фразалардың жоғары және төмен дыбысталуын ажыратады, ырғақты және әуеннің жеке екпінін дұрыс жеткізіп, әннің сөзін есінде сақтайды;
музыка сипатына сәйкес қозғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет