Байланысты: Тәрбиеші жұмысын педагогикалық-психологиялық ұйымдастыру
ІІ жартыжылдық Сөйлеуді дамыту. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:
1) тілдегі дыбыстарды дұрыс айта білуін және зейін қойып тыңдауын жетілдіру;
2) сөздерде дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды анық айта білуін қалыптастыру;
3) сөйлеу қарқынын өзгерте білуге үйрету: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар оқу.
Сөздік қор:
1) сөздік қорын сөздік ойындар мен жаттығулар арқылы байыту;
2) зат бөліктерін ажырату және атай білу;
3) балалардың тілін заттың сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен байыту;
4) заттарды жалпы және ерекше белгілері бойынша топтай білу;
5) сөздерге қызығушылығын арттыру, зейінін жетілдіру, балалардың сөздік қорына антонимдер – мағынасы қарама-қарсы сөздерді енгізу.
Тілдің грамматикалық құрылымы:
1) қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдану;
2) сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану;
3) сөйлеуде зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдану.
Байланыстырып сөйлеу.
Дағдыларды қалыптастыру:
1) суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу;
2) шағын тақпақтар мен өлеңдерді жаттау;
3) тілдік қарым-қатынас мәдениетін дұрыс қолдану;
4) ересектермен әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдау және түсіне білу;
5) кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану;
6) сөз және сөз ұйқастарына құрылған ойындарға қызығушылық таныту;
7) таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға деген ынтасын, қызығушылығын ояту.
Күтілетін нәтижелер:
сөйлеу мәнерінің тәсілдерін (сөйлеу қарқыны, интонация) сақтайды;
тілдегі барлық дыбыстарды анық айтады;
заттарды, суреттерді қарастыруда сұрақтарға жауап береді;
қысқа әңгімелерді және ертегілерді мазмұндайды, заттар мен құбылыстардың белгілері мен сапасын ажыратады;
қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;
зат есімдер мен көмекші сөздерді қолданады - "үстінде, астында, артында, жанында".
Көркем әдебиет. Оқу, әңгімелеу.
Балаларды:
1) оқиғаны эмоционалды қабылдауға;
2) кейіпкерлерге жанашырлық танытуға;
3) шығарма жанрларын (тақпақ, ертегі, әңгіме және тағы басқа) ажыратуға;
4) суреттер бойынша таныс шығармаларды тануға, сұрақтарға жауап беруге;
5) мәнерлі, мағыналы, эмоционалды түрде жатқа айтуға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
шығарма жанрларын (тақпақ, ертегі, әңгіме және тағы басқа) ажырата алады;
оқиғаны эмоционалды қабылдайды; суреттер бойынша таныс шығармаларды атайды, олар бойынша сұрақтарға жауап береді;
өлеңдерді саналы, эмоционалды түрде жатқа айтады;
ертегі кейіпкерлеріне жанашырлық танытады.
Орыс тілі. Тілдің дыбыстық мәдениеті:
1) орыс тілінде ертегілерді, әңгімелерді, қысқа өлеңдер мен әндерді тыңдауды және сөздерді айту кезінде екпінді дұрыс қоя білу дағдыларын бекіту;
2) артикуляциялық аппаратты дамыту дағдыларын жетілдіру.
Сөздік қор.
Дағдыларды:
1) жақын ортадағы кейбір тұрмыстық заттардың атауларын, заттардың көлемі мен түсін білдіретін орыс тіліндегі сөздерді айтуды;
2) сөз тіркестеріндегі сөздерді түсінуді және байланыстыруды;
3) қарапайым сұрақтарды түсінуді және оларға қысқа сөйлем түрінде жауап беруді қалыптастыру.
Тілдің грамматикалық құрылымы:
1) ересектердің үлгісі бойынша жақын ортадағы заттарды, ойыншықтарды, жемістерді сипаттау бойынша жай сөйлемдер құрастыру;
2) сөйлеу тілінде зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану.
Дағдыларды:
1) қысқа тақпақтар мен әндерді есте сақтауды;
2) 2-3 сөзден тұратын қарапайым сөйлемдерді түсінуді жетілдіру.
Байланыстырып сөйлеу.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту және сөйлеу кезінде екпінді дұрыс қоя білуге үйрету. Қысқа тақпақтарды тыңдауға, түсінуге, айтуға және жатқа айтуға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
сөздерді дұрыс айтады, олардың айтылуын тыңдайды;
барлық әрекеттерді, заттар мен құбылыстарды, олардың белгілері мен қасиеттерін атайды;
ересектердің сөзін тыңдайды және түсінеді;
ересектердің орыс тіліндегі қоршаған ортаға қатысты сұрақтарына жауап береді;
сөйлемдерді байланыстырып құрай алады;
ертегілер мен қысқа әңгімелердің мазмұнын қайталайды;
шағын тақпақтарды жатқа оқиды;
таныс ойыншықтарды, жемістерді, көкөністерді 2-3 сөзден тұратын жай сөйлеммен сипаттай алады;
кейбір өсімдіктердің, жануарлардың және олардың төлдерінің орыс тіліндегі атауларын біледі және атайды.