Дәрістік кешен 1 ДӘріс мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеші жұмысын ұйымдастыру пәнінің мақсаты, міндеттері



бет24/51
Дата21.06.2022
өлшемі284,56 Kb.
#37154
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51
ІІ жартыжылдық
Дене шынықтыру.
Жалпы дамытушы жаттығулар. Қолдарды басқа қою, оларды екі жаққа созу және түсіру, орындықтың арқасына, қабырғаға арқасымен сүйене отырып, қолды екі жақтан жоғары көтеру, таяқты (құрсау) жоғары көтеру, иықтан асырып түсіру, бастапқы қалыптан қолдарды буынынан жан-жағына айналдыру.Отырған күйі арт жаққа қолмен сүйене отырып, екі аяқты жоғары көтеру, бүгу және жазу, төмен түсіру, кезекпен аяқты бүгу және жазу, көтеру және түсіру, зат ұстаған қолдарын созған қалыппен шалқасынан жатқан күйі етпетіне бұрылып жату, етпетінен жатқан қалпы иығын, басын, қолдарын алға созып көтеру. Тізесін бүгіп тұрып, аяқтарды кезекпен көтеру;өкшемен таяқтың, арқанның үстіне, аяқтың ұшымен еденге сүйене отырып, қырындап жүру, аяқтың саусақтарымен жіпті жинау, құмы бар қаптарды іліп алып, бір орыннан басқа орынға ауыстыру, аяқ өкшесін айналдыру.
Негізгі қимылдар:
1) жүру. Сапта бір-бірден, екеуден, аяқтың ұшымен, өкшемен, табанмен, табанның ішкі жағымен, тізені жоғары көтеріп, ұсақ және алшақ адымдап жүру. Қозғалыс бағытын өзгертіп жүру, "жыланша" ирелеңдеп жүру, бытырап,қосымша қадаммен алға, шет жағына жүру. Жүруді жүгірумен, секірумен кезектестіріп, бағытты, қарқынды өзгертіп жүру. Жүруді басқа қимылдармен кезектестіріп, белгі бойынша тоқтап жүру;
2) жүгіру. Қалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп; ұсақ және алшақ адыммен, сапта бір-бірден және жұппен, түрлі бағытта,бытырап жүгіру. Жетекшінің ауысуымен, қарқынды жылдамдатып және ақырын жүгіру. Жай қарқында үздіксіз жүгіру; 50–60 метрге жүгіру. 5 метрден 3 рет жүгіру. Түрлі бағытта жүгіру, қағып алып жүгіру;
3) секіру. Бір орында тұрып екі аяқпен секіру, алға ұмтыла секіру, бір орында тұрып оңға, солға бұрылып секіру, аяқты бірге, алшақ қойып, біреуін – алға, екіншісін – артқа қойып, бір орында тұрып секіру. Затты жанау арқылы орнынан жоғары секіру; биіктігі 5–10 см 2–3 заттың үстінен кезектесе секіру; 20–25 см биіктіктен секіру; бір орында тұрып, ұзындыққа 4–6 сызықтың үстінен секіру (сызықтардың арақашықтығы 40–50 см);
4) домалату, қағып алу, лақтыру. Доптарды, құрсауларды домалату. Допты бір-біріне төменнен лақтыру, басынан асыра лақтыру және оны қағып алу, допты екі қолымен басынан асыра және бір қолымен кедергі арқылы лақтыру ( 2 м арақашықтық). Допты жоғары лақтыру, еденге ұру және оны екі қолымен қағып алу, допты жерге ұру. Заттарды алысқа дәлдеп лақтыру ( 3,5–6,5 метрден кем емес); затты тігінен (нысана ортасының биіктігі 1,5 м) 1,5–2 м арақашықтықтан және көлденеңінен ( 2–2,5 м арақашықтықта) оң, сол қолмен лақтыру;
5) еңбектеу, өрмелеу. Көлденең және көлбеу орындықта төрттағандап еңбектеу. Гимнастикалық орындықта қолдарымен тартылу арқылы ішімен еңбектеу. Табан мен алақанға сүйеніп, төрттағандап еңбектеу. 50 см жоғары көтерілген арқанның, доғаның, таяқтың астынан оң және сол бүйірмен алға еңбектеп кіру. Бөрене, гимнастикалық орындық арқылы еңбектеп өту. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу, оң аралықтан сол аралыққа ауысу;
6) тепе-теңдікті сақтау. Сызықтар арасымен ( 10 см арақашықтық), сызықпен; арқанмен тақтаймен, гимнастикалық орындықпен, бөренемен жүру. Қырлы тақтаймен жүру, көлбеу тақтайда жоғары-төмен жүру және жүгіру. Бір-бірінен қашық қойылған үрленген 5–6 доп арқылы кезекпен, қолдың түрлі қалпымен аттап өту, түрлі жағдайда тепе-теңдікті сақтау;
7) сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру. Қатарға бір-бірден сапқа, шеңберге тұру. Қатарға екеуден, үшеуден тұрып, сапты қайтадан құру, бағдар бойынша теңелу; оңға, солға айналу, бұрылыстар, ажырату және жақындату.
Музыкалық-ырғақтық жаттығулар.
Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес түрлі қарқында әртүрлі таныс дене жаттығуларын орындау.
Спорттық жаттығулар:
1) шанамен сырғанау.Төбешіктен сырғанау, бір-бірін сырғанату;
2) сырғанау. Мұзды жолдармен өздігінен сырғанау;
3) велосипед,самокат тебу.Үш дөңгелекті велосипед және самокат тебу. Оңға, солға бұрылыстарды орындау;
4) Жүзуге дайындық. Суға түсу, суда ойнау. Суда отырып, аяқтарын жоғары және төмен көтеріп, қимылдар орындау. Судан шығу.
Спорттық ойын элементтері:
1) кегли. Дұрыс бастапқы қалыпта тұрып, түрлі бағытта қойылған доптарды лақтыру;
2) футбол . Берілген бағытта допты домалату. Допты қақпаға домалату;
3) хоккей. Берілген бағытта шайбаны таяқпен домалату, оны қақпаға домалатып кіргізу.
Дербес қимыл белсенділігі.
Балалардың доптармен, құрсаулармен, ойыншықтармен ойындарын жетілдіру, денешынықтыру құралдарын, спорттық және қимылды ойындар үшін атрибуттарды пайдалануға ынталандыру. Балаларды педагогпен бірге жаттығуларды орындауға, қимылды ойындарға қатысуға ынталандыру.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Шынықтырудың барлық түрлерін жалғастыру. Жалпы және жергілікті су шараларын жүргізуді жалғастыру: дымқыл шүберекпен сүртіну, аяқтарды, денені шаю, сауықтыруға арналған жүгіру. Тыныс алу жолдарын шынықтыру, жалаң аяқ жүру.
Мәдени-гигиеналық дағдылар.
Бұрын игерген біліктерін бекіту және олардың орындалу сапасын жоғарылату. Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. Гигиеналық шараларды орындау: жуыну, шашын тарау, қолды сабынмен жуу, қол орамалды қолдану.
Күтілетін нәтижелер:
негізгі қимылдарды орындаудың қимылдық дағдыларына және техникасына ие;
дене жаттығулары мен сауықтыру шараларына қызығушылық танытады;
педагогтің көрсетуімен ертеңгілік жаттығуларды орындайды;
өздігінен түрлі ойындар ойнайды, ойын ережелерін сақтай алады;
спорттық ойындардың элементтерін орындайды; шынықтыру түрлерін,
өз-өзіне қызмет көрсетудің дағдыларын игерген.
"Қатынас" білім беру саласы
"Қатынас" білім беру саласының базалық мазмұны сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда) ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, қоғамдық ортада ауызша қарым-қатынас жасау, диалог құру дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру; Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы балалар әрекетінің түрлі нысандары мен түрлерінде балалардың ауызша сөйлеуін дамыту;
балалар әдебиетіне қызығушылықты дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет