Дәрістік кешен 1 ДӘріс мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеші жұмысын ұйымдастыру пәнінің мақсаты, міндеттері



бет21/51
Дата21.06.2022
өлшемі284,56 Kb.
#37154
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
Байланысты:
Тәрбиеші жұмысын педагогикалық-психологиялық ұйымдастыру

ІI жартыжылдық
Сурет салу.
Заттық сурет салу.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) төртбұрышты пішіндегі заттарды бейнелеу, оларды дөңгелек пішіндегілермен үйлестіру;
2) бірнеше тік және көлденең сызықтардан заттарды салу (дуал, ағаш);
3) жануарлардың суретін салу дағдыларын жетілдіру;
4) салынған пішіндерін бояуды (штрихтау, мақталы таяқшаларымен бояу);
5) дәстүрден тыс сурет салуды (құмда саусақпен немесе таяқшамен, алақандарымен, асфальтта түрлі-түсті борлармен) салуды.
Сәндік сурет салу.
Бейнелеу әрекетіне, халық шығармашылығының туындыларына деген қызығушылықты тәрбиелеу. Қазақ ою-өрнектері элементтерінің суретін салу дағдыларын бекіту. Қазақ мәдениетінің тұрмыстық заттарымен таныстыру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) түстерді тану мен ажырату: қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ;
2) бормен асфальтқа, таяқпен құмға сурет салу, жолақта және бұрыштарға қазақ ою-өрнектерінің қос элементін салу.
Сюжеттік сурет салу, ойлауы бойынша сурет салу.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) сурет салудың дәстүрлі емес тәсілдерін қолдану;
2) қарындаш, қылқалам, бояу, гуашьты пайдалану;
3) негізгі түстер мен олардың реңктерін пайдалану;
4) таяқпен құмға, бормен асфальтқа сурет салу;
5) ойлау бойынша дербес сурет салу.
Күтілетін нәтижелер:
сурет салу кезінде қарындашты, фломастерді, қылқаламды қолында еркін ұстай біледі;
түстерді таниды;
төртбұрышты пішіндегі заттарды, оларды дөңгелек пішіндегі бейнелермен сәйкестендіріп бейнелей алады;
күрделі емес сюжеттік композициялар құрастыра біледі;
бормен асфальтқа, таяқпен құмға сурет салады;
пішіндерді бояудың бастапқы дағдыларын игерген.
Мүсіндеу.
Заттық мүсіндеу:
1) бірнеше бөліктен тұратын күрделі емес заттарды, жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Сазбалшықтан, ермексаздан мүсіндеуге қызығушылығын тудыру.
2) табиғи материалдан мүсіндеу дағдыларын бекіту.
Сюжеттік мүсіндеу.
Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.
Сәндік мүсіндеу.
Әшекей заттарды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Өз ойынан мүсін құрау. Ересектің көмегімен шығармашылық ойлауды дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
сазбалшықтан, ермексаздан, қамырдан мүсіндеуге қызығушылық танытады;
алақанға салып тік және дөңгелетіп есе біледі;
мүсіндеудің түрлі әдістерін қолданып, 1-3 бөліктерден тұратын түрлі заттарды мүсіндей алады (аққала, поезд, шарбақ, моншақ,сырға).
Жапсыру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) заттардың орналасу, олардың арасында арақашықтықтың сақталу заңдылығы;
2) түрлі пішіндегі қазақ оюының кейбір элементтерін қағазға орналастыру;
3) желімді қылқаламға, мұқият жағып алу, жаймадағы дайын үлгіге жағу, желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты қолдану;
4) табиғи материалмен жұмыс істеу, олардан зат жасау;
5) қағаздың мүмкіндіктері туралы түсініктерді жетілдіру: жыртылады, мыжылады, оңай мыжылады.
Сюжеттік жапсыру.
Балаларды жалпы композиция құрастыруға үйрету.
Сәндік жапсыру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) ересектер дайындаған ірі және өте ұсақ ою элементтерін орналастыру және жапсыру;
2) шаршының ортасына, бұрыштарына қазақ ою өрнектерін жапсыру;
3) пішінін, түсі мен көлемін, ескере отырып, заттар мен ою-өрнектерді орналастыру;
4) геометриялық элементтерден өрнек құрастыруға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
бейнелеу өнеріне қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгерген;
қағаздың қасиеттері жайлы біледі;
белгілі ретпен түрлі пішінді, көлемді түстегі бөліктерді орналастырып, дайын бейнені қағазға жапсыра біледі;
ересектер дайындаған түрлі пішінді қағаз бетіне заттарды орналастырады;
дайын пішіндерден қарапайым композицияларды құрастыруға қатысады;
ұқыпты жұмыс жасай алады: желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты пайдаланады.
Музыка.
Музыка тыңдау.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) түрлі қарқындағы музыканы тыңдау;
2) музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдау.
Ән айту.
Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз ре-ля бірінші октавасының диапазонында ән салу, дыбыстарды биіктігіне қарай ажырату (октава шегінде), әуеннің басталуы мен аяқталуына мән беру дағдыларын қалыптастыру.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдау, бір-бірлеп, жұптаса отырып би қиылдарын орындау, жануарлардың би қимылдарын ұқсату;
2) ойындарға, хор айтуға қатысу, таныс би қимылдарын қайталай білу.
Күтілетін нәтижелер:
музыканы тыңдау дағдысын меңгерген;
музыкалық шығарманың қарқынын ажыратады;
әуеннің басталуы мен аяқталуына мән береді;
бір-біреуден, жұптаса ауыса отырып, би қимылдарын орындайды, жануарлардың қимылдарын ұқсатады;
балаларға арналған музыкалық аспаптарды ажыратады және атайды;
музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет