Дәрістік кешен 1 ДӘріс мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеші жұмысын ұйымдастыру пәнінің мақсаты, міндеттері



бет50/51
Дата21.06.2022
өлшемі284,56 Kb.
#37154
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Тәрбиеші жұмысын педагогикалық-психологиялық ұйымдастыру

ЕСКЕРТУ
Жас мамандарға арналған:
∙ Оқыту ойындар тиімділігін көтеретін тәсілдер.
∙ Тыңдамайтын балаға қолданатын әдістер.
5 жылдан аса істейтін тәрбиешілерге:
∙ Нұсқаулық білім берудің жағдайларында және оның сапасы мен тиімділігін көтеру мақсатымен оқу-тәрбие үдерісінде жобалау тәсілдерін меңгеру.
∙ Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдауын қалыптастыру, алған білімдерін практика жүзінде қолдана білу, шығармашылық қабілеттерін белсендіру.
Тәжірибелі шығармашылық жұмыспен айналысатын тәрбиешілерге:
∙ психолого-педагогикалық ғылымның және әлеуметтік қоғамның сұранысының дамуы ның беталысындағыөзінің іс-әрекетінің қайта жобалау қабілетінің дамуы.
∙ Педагогтың шығармашылық потенциасын көрсету.
∙ Өз жетістіктерін жариялау.
∙ Зерттеу іс-әрекетінің дамуы.
Арнайы білімі жоқ педагогтарға:
∙ Балалармен жұмыс істеу әдістемесін меңгеру.
∙ Педагогикалық іс-әрекеттің бейімделуі.Өздігінен білім жетілдіру тақырыбы болу мүмкін:
∙ Педагогқа қиыншылық туғызатын мәселе;
∙ Бар тәжірибе сін толықтыру.
Педагогтың мамандық өздігінен білім жетілдіруі табыстығы тікелей аға тәрбиешілердің көмегі және қолдауына байланысты. Тәрбиешіге әдістемелік жұмыс қажет:
∙ тақырып, мақсат пен міндетті таңдауда
∙ Өздігінен білім жетілдіру жоспар құруда
∙ Жоспарды жүзеге асыруда
∙ Өзінің жұмысының талдауы мен нәтижелілігінде.

30 ДӘРІС


Психологиялық-педагогикалық білім беру формалары 

Педагогикалық білім беру-бұл бала тәрбиесінің көкейкесті мәселелерімен ата-аналарды таныстырады және оларды негізгі педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.


Дәрістер-бұл бала тәрбиесінің мәні мен маңызына жан жақты терең талдау жасау. Дәрістегі ең басты көңіл бөлетін мәселе-ол белгіленген жағдайға немесе құбылысқа талдау жасау болып табылады.
Конференция-бұл бала тәрбиесі туралы терең жан-жақты қарастыру және оны бекіту.Ата-аналарға арналған конференциялар-балабақшаның тәрбиелеу мен білім беру жүйесніде ерекше маңызды орын алады. Ата-аналарға арналған конференцияларда орын алады. Ата-аналарға арналған конференцияларда болашақ қоғамның азаматтарын тәрбиелеуді өзекті мәселелері қозғалып, оны тәжірибеде жүзеге асырудың жолдары нақты қарастырылады. Ата-ананың рөлі, бала тәрбиесіндегі қиындықтар, отбасы тәрбиесінің маңызы, т.б. тақырыптар болуы мүмкін.
Ата-аналар конференцияларына өте мұқият дайындық қажет. Мұнда белгілі ғалымдар , психологтар мен педагогтар, әлеуметтік педагог, дәрігер, т.б. міндетті түрде қатысады. Мұндай конференцияларға ата-аналар белсенді түрде қатысулар қажет. Олар өз іс-тәжірибелері тұрғысынан мәселеге талдау жасайды. Конференцияның ерешелігі –белгілі бір мәселенің жай-жапсарын шешудің нақты жолдары қарастырылуда.
Практикумдар –ата-аналардың бала тәрбиесі жайында, педагогикалық жағдаяттардан шығуда олрды педагогикалық ойлауларын жаттықтыру.
Ашық сабақтар- ата-аналарды бағдарлама бойынша қол жеткен жетістіктермен таныстыру, тәрбиешінің талаптарына ден қоюға бағыт беру. Мұндай сабақтарға ата-аналардың қатысуға балбақшадағы оқу-тәрбие жұмыстары жайында ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырады, баламен қарым-қатынас жасадың жолдарын үйренеді.
Жеке тақырыптық кеңестер-бұл ата-аналарменөзінің баласы жайында, балабақша тыныс-тіршілігі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуде, пікір алысуда маңызды. Жеке кеңестердің тәрбиешінің отбасыментығыз байланыс орнықтыруында маңызы зор. Әсіресе, топты жаңадан жинақтағанда, мерекелік іс-шаралар қарсаңында жиі өткізіледі. Оған тәрбиеші алдын ала дайындалғаны абзал, ол үшін ата-анаға алдымен қандай сұрақтар қою керектігін ойланып, жоспарлап алғаны дұрыс. Жеке кеңестер таныстыру сипатында және ата-ана мен тәрбиешінің арасында тығыз байланыс орнықтыратындай бағытта болуы шарт. Тәрбиеші ата-аналарды өзінің кәсіби жұмысындағы төмендегідей маңызыды мәліметтермен таныстру мүмкін:
Баланың денсаулығының ерекшеліктері ;
Оның қызығушылығы мен іс-әрекетіндегі жетістіктері;
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті;
Мінез-құлқындағы эмоционалдық әсерленуі;
Мінез сипатынын ерекшелігі;
Ойын іс-әрекетіндегі белсенділігі;
Құбылыстармен қарым-қатынас ерешеліктері, т.б.
Үйге бару – мұнда тәрбиешінің ата-аналармен жеке жұмысы және баланың отбасындағы жағдаймен танысу.
Ата –аналар жиналысы- тәрбиелеу мен білім беру жұмыстарына талдау жасау және тәжірибені педагогика ғылыми негізінде ой елегінен өткізу.
Жалпы ата-аналар жиналыс-жылына екі рет өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет