Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты



бет55/61
Дата27.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#128714
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61
Байланысты:
Дәріс Модуль (1)

Коммерциялық несие тауарды төлем мерзімін кейінге қалды- рып сату кезінде орын алады. Мұндай несиенің мақсаты тауарлардың өткізілуін жеделдету болып табылады.

  • Банктік несие банктердің кәсіпкерлерге және басқа да қарыз алушыларға қарыз ретінде беретін ақша қаражаттарын білдіреді. Несиенің бұл нысаны коммерциялыққа қарағанда аса икемді болып табылады, өйткені ол несиелік келісімдер сомасымен, олардың бағытталуымен және мерзімімен ерекшеленеді.

  • Мемлекеттік несие – мемлекеттің халыққа пайызбен немесе мақсатты түрде пайызсыз түрінде беретін қарыздары мен қазыналық міндеттемелері.
  • Тұтынушылық несие.


  • Халықаралық несие.

    Нарықтық экономикасы дамыған елдерде несие берудің жаңа нысандары пайда болды. Оларға лизинг, факторинг және фарфейтинг жатады.
    Лизинг – машиналарды, құрал-жабдықтарды және басқа да материалдық құралдарды ақшалай емес формада жалға беру. Кейіннен, жалға берілген құралдардың құны бірте-бірте төленіп болған соң, олар жалға алушылардың меншігіне айналады. Лизингтің қолданылуы меншік қызметтерінің бөлінуіне негізделеді. Мүлікке меншік құқығы жалға берушіде қалады, ал жалға алушы осы мүліктің құнын толық өтелгенше оны пайдаланады. Лизингтік келісімдер 1 жылдан 15 жылға дейін созылуы мүмкін. Әдетте, фирмалар техниканы өздері емес, лизингтік компаниялар арқылы береді. Лизингтік компаниялар қызметін әртүрлі ұйымдар – банктер және олардың бөлімшелері, өнеркәсіптік корпорациялардың филиалдары мен еншілес компаниялары атқарады.
    Факторинг – бөтеннің қарызын сату-сатып алу немесе сенімхат арқылы коммерциялық операциялар жүргізу. Бұл жерде банк фирманың «дебиторлық есеп-шотын» қолма-қол ақшаға сатып алады, кейін фирманың сатқан тауары немесе көрсеткен қызметін нақты сатып алушыдан қарызды өндіріп алады.
    Фарфейтинг – қарызды банкке сатумен байланысты ұзақ мерзімді факторинг, қарызды өндіріп алу мерзімі 1-5 жыл аралығын қамтиды. Несиенің, несиелік қатынастардың және несиелік механизмнің негізінде несиелік жүйе – банктер пайда болды. «Банк» ұғымы
    итальян сөзінен аударғанда «орындық» деген мағынаны білдіреді.
    Банк – уақытша бос ақша қаражаттарын тартып, жұмылдырып, оларды үстеме пайыз арқылы орналастырумен айналысатын экономикалық институт. Банктің ресурстары ішкі ресурстар, сыртқы ресурстар және эмитенттік ресурстар болып бөлінеді. Ішкі қаржылар- ға акционерлік және резервтік капитал, сондай-ақ бөлінбеген пайда жатады. Банк ресурстарының негізгі бөлігін сырттан тартылған салымдар немесе депозиттер құрайды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет