Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу дегеніміз не?
Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі бағыттары қандай?
Жекешелендірудің Қазақстандағы нәтижелері қандай?
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДЕРІН БАҚЫЛАУ ҮШІН ҚҰРЫЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ:
Нарықтық экономиканың негізгі белгісі:
А) Мемлекеттік меншіктің басымдылығы
В) Орталықтан жоспарлау
С) Жеке экономикалық мүдде
D) Экономикалық қызметтің қатаң жоспарлануы
Е) Мемлекеттік жоспарды орындау қажеттілігі
Қазақстанда екінші жекешелендіру кезеңі қай жылдары өтті?
А) 1990-1991 жж.
В) 1991-1992 жж.
С) 1993-1995 жж.
D) 1996-1998 жж.
Е) 2000-2001 жж.
Меншіктің экономикалық мәнін беретін анықтаманы таңдаңыз:
А) Қайтарымсыз табиғи ресурсты иемдену
В) Биліктік мүмкіншілікті жүзеге асыру
С) Адамның тауарды жеке мақсатқа пайдалануы
D) Жинақталған интеллектуалдық әлеуетті пайдалану
Е) Қарама-қарсы экономикалық көзқарастағы субъектілердің өндіріс жағдайына байланысты қатынасы