ерекше қорғалатын табиғи территорияларды пайдаланғаны үшін төлемдер;
қалааралық және халықаралық телефондық байланысты және ұялы байланысты қолданғаны үшін төлемдер;
кемелік су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемдер;
сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемдер.
Салықтар құрылымында маңызды орынды тікелей және жа- нама салықтар алады. Тікелейсалықтар деп біз салық салу объектісі ретінде физикалық және заңды тұлғалардың табысынан (пайдасынан), табиғи ресурстардан және табыс табуға мүмкіндік беретін басқа да факторлардан алынатын салықтарды атаймыз. Қазақстан Республикасында тікелей салықтарға корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушыларға салық, әлеуметтік салық, жер салығы, көлік құралдарына салық, мүлік салығы және басқалары жатады.