Дәрістік курс бағдарламасының құрастырылуы тақырып 1 пcихотерапияға кіріспе



бет32/35
Дата26.10.2022
өлшемі125,87 Kb.
#45358
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Эриксондық гипноз - 70-80 жж. (позитивті психотерапия, НЛБ) психотерапияның жаңа бағыттарының бастауы болып саналатын гипноздық трансқа түсіру және оны қолданудың жаңа формаларын құрастырушы бағыт. Алайда Милтон Эриксонның өзі гипноз емес, эриксондық тәсіл деп айтуды қалайтын. М.Эриксонды (1901- 1980) кез-келген психотерапиялық бағыт тұрғысынан қарастыруға болады.
Оны психоанализбен байланысты да қарастыруға болады, себебі ол бейсанаға ерекше мән берді және адамдарды олардың өздерінен жақсы түсінетін.
Екінші жағынан, ол бихевиоризмнің S – R тәрізді негізгі сызбасынан тұратын зәкірлеу әдісімен жұмыс жасады (немесе И.П.Павлов бойынша – шартты рефлекс).
Эриксондық гипноз классикалық гипноздың барлық тиімді тәжірибесін өзіне жинады, бірақ ол сапасы жағынан келушіге қатысты директивті емес, гуманистігімен ерекшеленді.
Кез-келген ғылыми бағытты үш қырынан зерттемесе, оны түсіну қиын.
Біріншісі – ол түп-тамыры. Барлық салмақты ғалымдар өздерінің алдындағы ғалымдарға құрметпен қарайды. М.Эриксон соларға жатады.
Екіншісі – біз Zeitgeist-ты (замана, уақыт рухы) ескеруіміз қажет. Бұрын да ара-тұра байқалып қалған бағыт дәл қазір неліктен қажет болды.
Үшіншісі – ол тұлға, адамдардың тұлғасы мен өмірбаяны, өз мәселесін шеше жүріп, жалпыадамзаттық тұжырымдар жасау.
Түп тамырдан бастар болсақ, Франц Антон Месмер транс арқылы көптеген ауруларды, оның ішінде истерияны да емдеуге болатынын көрсеткен, алайда франциялық ғылым академиясы оның іс-әрекетін ғылымға негізделмеген деген шешімге келеді.
Месмерден Жан Шаркоға дейінгі ғалымдар гипнозбен айналысқан, алайда ол салматы ғылыми бағыт ретінде мойындамады.
Фрейд те, Иосиф Брейер, К.Г.Юнг те пациенттің транстағы мінез құлқын қадағалай алмағандықтан гипноздан бас тартты.
Тек М.Эриксон ғана гипнозға байланысты аңыздарды жоққа шығарып, транстық ахуалды ғылыми дәлелдеді.
Транстық ахуал дегеніміз не?
Ол адам шартты түрде мидың сол жақ жартышарын істен шығарудан тұратын ахуал. Сана ағзаның қызмет етуіне кедергі келтірмейді, біздің табиғи қорларымыз белсенділікке келіп, бізді емдей бастайды (өзін-өзі емдеуғ өзін-өзі сауықтыру). Сондықтан да транстық ахуалдар денсаулыққа жағымды ықпал ете алады.
Енді замана рухын қарастырайық.
Эриксон Америкада тұрғанда бихевиоризмнің дәуірлеп тұрған кезі еді, ол Европадан әкелінген психоанализге өзін қарсы қойды. Джон Уотсон, Беррес Скиннер және олардың жақтастары психоналитмкалық түрде адамның жан-дүниесін «қазбалау» ғылымға жатпайды, себебі бейсаналық үрдістерді объективті өлшеуге болмайды және психологтар тек түрлі стимулдарға мінез-құлық арқылы жауап беруді ғана эксперименталдық зерттеуі керек деді. Алайда Фрейд пен Юнгтің АҚШ-тағы дәрістері олардың қызығушылықтарын оята бастады. М.Эриксон бихевиористерден де, психоаналитиктерден пайдалыны және құнды нәрселерді алуға тырысты.
Гипнозбен жұмыс жасағанда, бір жағынан бейсанамен (психоанализ), ал екінші жағынан S – R-мен (бихевиоризм) жұмыс жасаймыз. М.Эриксон тұлғасы мен тағдыры ол тудырған ілім мен практикаға мол ықпал етті.
Туғаннан ол түстерді айыра алмаған (тек уақыт өте келе алқызыл түсті ажыратқан), естуі нашар, сөйлеуінде ақауы болған. Он жеті жасында енді-енді өмірге бейімделе бастаған сәтінде, полиомиелитке ұшырап, төсек тартып жатып қалады. 52 жасында біржола полиомиелитке ұшырап, креслоға таңылып қалады. М.Эриксон халық медицинасындағы, сиқыршылықтағы, үндіс шамандарының трансқа ендіру техникалары мен тәсілдерін қолдануға тырысты.
Позитивтік психотерапияның авторы И.Пезешкиан Эриксоннан көп алды, ол бүкіл өмірінде кез-келген минустан өзінің плюсін алуға болады деген идеяны ұстанды. Оның жұмысының барлығы өз мәселелерінен бастау алғанын атап көрсету маңызды.
Оған кедергі еткен – физикалық ауырсыну. Оларды психологиялық тежеуді үйренген.
Екіншіден - өз көз ақауларын зерттей жүріп, басқаларға да эксперименттер жүргізді, нәтижесінде гипноз жағдайында адам түстер гаммаларын не толық қабылдайды немесе кейбір реңктерді ғана қабылдайтынын анықтаған.
Естуі қалыпты адамның транс күйінде естуіне кедергі қойғанда, адам қатты дыбыстарды естімеген. Ол адамға болып жатқан дыбыстарды естіртпей, жоқ дыбысты естуіне мәжбүрлеуге болатынына көз жеткізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет