Дәрістік курс бағдарламасының құрастырылуы тақырып 1 пcихотерапияға кіріспе



бет7/35
Дата26.10.2022
өлшемі125,87 Kb.
#45358
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
Байланысты:
дәрістер мазмұны терапия

Түстерді талдау. Психоанализде түстер орындалмаған тілектердің орындалу тәсілі деп қарастырылады. Бұл жерде түстің анық және жасырын мазмұны бөліп көрсетіледі. Анығы – ол түстің мазмұны, ал жасырыны – еркін ассоциация мен түстерді жору кезінде анықталады.
Психоанализде түстердің жұмысы және түстерді жору деген түсініктер бар.
Түстердің жұмысы – бұл түстің жасырын мағынасының айқын мағынаға айналуы. Жору – керісінше, түс көрудің жасырын мағынасына жетуге ұмтылу.
Түс көру жұмысында белгілі бір заңдылықтар бар. Олардың ішіндегі маңыздылары – түс көрудің қоюлануы, түс көрудің ығысуы және ойлардың регрессивті түрде көрінетін бейнелерге айналуы.
Түс көрудің қоюлануы – жасырын түс көруге қарағанда, айқын түс көрудің ақпараты аз болады, себебі соңғысының қысқаша мазмұны соған ауысады.
Түс көрудің ығысуы – ол «тыйым салу» жұмысының нәтижесі, яғни түстің шынайы мағынасы ым-ишаралармен, белгілермен алмастырылады.
Ойлардың регрессивті түрде көрінетін бейнелерге айналуы – ол ойлардың бейне түрінде безендірілуі.
Түстерді жорығанда мына ережелерді сақтаған жөн:

  • түстің сыртқы мазмұнына мән бермеу, себебі ол біз іздеген бейсанаға сәйкес келмейді;

  • көрген түстер бөлшектерге бөлініп, әрқайсысы жеке зерттелінуі қажет;

  • келушіден көрген түстің әрбір бөлшегін ойға алғаш келген сөздермен түсіндіруін сұраңыз, яғни еркін ассоциациялар әдісі қолданылады;

  • түс көруді талдаған кезде, оның жасырын бейсаналық мағынасы өзі ашылғанға дейін зерттеуші шыдамды болуы қажет;

  • келушінің басына келген ешбір ойын, тіпті ол мәнсіз және оның ар-ұят түсінігіне сәйкес болмаса да, жасырып қалмауын сұрау қажет.

Түстерді талдау кезінлегі психотерапевттің міндеті – келушінің көрген түстерінің әрбір бөлшегін еркін ассоциациялауы арқылы оларды «алмастыратын» түсініктерді тудыру, содан соң түстердің жасырын мағынасын ашуға тырысу.
Түстерді таладу барысында психотерапевт келушінің қарсыласуына тап болады. Алайда, психоанализ тұрғысынан, келуші басқысы келген ойлар, нақ маңызды ойлар болып табылады.
З.Фрейд түс көрудің жасырын мағынасын ашудың кілтін аңыздардан, тіл білімінен іздеу қажет және кез келген адамның көрген түстерін жоруға жарамды деп санайды. Соның ішінде З.Фрейд сексуалдық (жыныстық) мағынасы бар символдарды бөліп көрсеткен. Мысалы, ұзын, жоғары қарап тұрған заттар – май шамдар, ағаштар, бағандар және т.с.с. – еркектің жыныс мүшесін, ал іші ойық – ыдыстар, қоржындар, үңгірлер және т.с.с. – әйелдің жыныс мүшесін білдіреді деп санаған.
Психотерапияның бастапқы кезеңінде келушінің көрген түсінің «күндізгіден қалғанына» мән беріледі. Осылайша, психотерапевт түс көрудің шынайы өмірдегі сергек кезіндегі тәжірибемен байланысты екенін келушінің санасына жеткізеді. Келуші түстерді тани және олардың мағынасын ұға бастайды. Мұндай алғашқы түсінік клеушіні түстердің бейсаналық мағынасына терең үңілуге жол ашады.
Жаңсақ әрекеттерді талдау. Жаңсақ әрекеттерге байқаусызда айтып қалған (сөз алмасу), қате жазылған, жөнделген, байқаусызда естіп қалған әрекеттер жатады. Оларға белгілі бір деңгейде тілектерді, есімдерді, атауларды, көңіл-күйлерді ұмыту, заттарды жасыру, адасу және т.б. жатқызуға болады. Жаңсақ әрекеттер кездейсоқ емес, мағына мен тілектерді көруге болатын психикалық актілер ретінде қарастырылады. Ол психикалық актілер қарама-қайшы тілектердің бір мезеттегі әрекеті кезінде пайда болады. Бір тілегін адам сезінеді, ал екіншісін сезінбейді. Жаңсақ әрекеттер сәтінде адамға неғұрлым жақын (бірақ оны өзі мойындамайды) бейсаналық тілек «жеңеді».
Келуші психотерапевттің көмегімен өзінің жаңсақ әрекеттерінің шынайы себептерін түйсінеді.
Қиялдарды талдау. Келуші психотерапевтің көмегімен өзінің түйсінбейтін мәселелерін бейнелейтін ойына келген қиялдарды жазып отырады. Соңына олартүс жору тәрізді талқыланады.
Контралмастыруды (контртрансфер) талдау. Контралмастыру – ол психотерапевттің клушіге эмоционалдық реакциясы. Көбінесе контралмастыру психотерапвет өмірінде болған оқиғалардың нәтижесі болып табылады. Контртрансфер психотерапияға кедергі келтіруі де, тиімділігінің кепілі де болуы мүмкін. Екіншісі психотерапевт өзінің білінер-білінбес эмоционалдық реакцияларын бақылау арқылы келушінің конфликтісін байқауға қабілетті болғанда мүмкін болады. Содан осң психотерапевт ол сезімдерді өзін өзі талдау арқылы зерттей алады және оларды тек өзінің бейсанасының жаңғырығы ретінде ғана емес, келушінің көңіл-күйіне реакциясы ретінде де қарастыруға болады.
Контртрансфер реакциясының екі түрі бар - сәйкес және қосымша. Біріншісінде психотерапевт келуішінің эмоционалдық көңіл-күйін басынан кешеді, ал екіншісінде – келушінің өмірінде маңызды орын алатын адамның эмоционалдық көңіл-күйін кешеді.
Контртрансферді талдау психотерапевттің мына сәттерді ескеруі қажеттігін білдіреді:

  • өзінің қазіргісі мен өткенінің сұрақтарын және олардың психотерапияға тигізетін әсерін ескеру;

  • келуші көрсеткен сезімдерді өзіне жақын қабылдамау;

  • контртрансферге жауап беру тілегін тежеу;

  • контртрансфердің мазмұнын келушінің мәселесін шешуге қолдану;

  • қосымша контртрансфер көңіл-күйінен сәйкестіктегі контртрансферге көшудің жолын іздеу.

Келушінің материалын талдау. Келуші өзі туралы жеткілікті ақпарат берген соң, алынған ақпаратты талдау жүзеге асады. Талдау мына техникалардықолдану арқылы жүзеге асады:
Конфронтация - қандай да бір психикалық құбылыстың адамның бойында бар екендігін түйсінуге әкеледі. Егер бұған қол жеткізілсе, онда айқындалуға көшеді.
Айқындалу - клиенттің талданушы психикалық құбылысқа бар назарын аударуына және оны басқа психикалық құбылыстардан бөліп қарастыруына көмектесу.
Интерпретация - мінез-құлықтың осы ерекшелігін және оның пайда болуының көздерін дұрыс түсінуі үшін түйсінбейтін психикалық құбылысты түйсінуіне көмектесу.
Айқындалу мен интерпретация процедуралары өте тығыз байланысты. Екеуі бірінен бірі туындайды.
Түпкілікті өңдеу - бұл техника сарапшының келушінің ішкі өміріне терең ену мүмкіндігінен бастап, келушінің өзін өзі түсінуіне дейінгі, келушінің инсайттан тұлғалық өзгерістеріне дейінгі жол. Бұл техника көп уақытта қажет етеді және бірнеше айларға созылуы мүмкін.
Еңбек альянсы. Психоаналитикалық терапияның тиімділігінің қажетті шартына келуші мен психотерапевт арасында өзара сенімге, келушінің жұмыс жасауға ынтасын арттыратын еңбек альянсының орнатылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет