1 сұрақ. Классикалық психоанализ Эгоның Идті жеңуіне, Эгоны күшейтуге, оның Супер-Эгоға тәуелділігін жоюға бағытталған. Психоанализдің мақсаты – бейсананы саналы ету және сол арқылы адамғв психологиялық мәселелерін шешуге және мінез-құлқын өзгертуге көмектесу.
Классикалық психоанализдің көзқарасы бойынша, адам мен оның ауруларының табиғатын анықтаушы психикалық феномендер – ол интрапсихикалық күштердің өзара әрекеті мен күресінің нәтижесі болып табылады. З. Фрейдтің пікірі бойынша, инстинктивтік талаптар мен оларға қарсы тұрудың арасындағы интрапсихикалық конфликтінің нәтижесінде адам ауруға шалдығады.
Ид пен Эгоның арасындағы невротикалық конфликт невроздың себебі болып табылады. Невротикалық конфликт – ол Идтің босаңсуға ұмтылуы мен босаңсуға қарсы және оны санаға жібермеуші Эгоның қорғауы арасындағы бейсаналық конфликт. Конфликт инстинктивтік қозуларды күшейтеді, соның нәтижесінде Эго басылып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда, невроздың белгісі ретіндегі еріктен тыс «босаңсу» жүзеге асуы мүмкін.
Невроздардың қалыптасуында сыртқы психологиялық жарақаттаушы факторлардың да алатын орны аз емес. Алайда, олардың әсері Ид пен Эгоның ішкі невротикалық конфликтісіне алып келеді.
Невротикалық конфликтіде Супер-эго Эгоның да, Идтің же жағында болуы мүмкін. Және де Эгоның өзін кінәлі сезінуіне осы Супер-эго мәжбүрлейді.
Невротикалық конфликтінің патогендік әсері - Эгоның қабылданбайтын инстинктивтік қозуларды сана мен моторикаға жібермеу үшін күш-қуат жұмсағандығынан болады. Бұл ең соңында Эгоның жұқаруына алып келеді. Нәтижесінде инстинктивтік қозулар невротикалық белгілер түрінде санаға және мінез-құлыққа «өтіп кетеді». Эго Идтің тыйым салынған және қауіпті түрткілерімен күрес барысында түрлі қорғаныс тетіктеріне жүгінеді, олар болса тек инстинктивтік қысымдар мезгілімен босаңсып отырғанда ғана тиімді болады.
Классикалық психоанализ мынадай негізгі компоненттерден тұрады:
клиенттен қажетті материал жинау;