Дәрістік курс бағдарламасының құрастырылуы тақырып 1 пcихотерапияға кіріспе


Психосинтездің теориялық негіздері



бет26/35
Дата26.10.2022
өлшемі125,87 Kb.
#45358
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Байланысты:
дәрістер мазмұны терапия

Психосинтездің теориялық негіздері
Адамның ішкі әлемінің картасы мынадай құрамдас бөліктерден тұрады:
1) төменгі бейсанадан;
2) орташа бейсанадан;
3) жоғарғы бейсанадан немесе шектен тыс санадан;
4) сана аймағынан;
5) саналы «Меннен» (немесе жеке өзіндік «Меннен», «Эгодан»);
6) жоғарғы «Меннен»;
7) ұжымдық бейсанадан.
Төменгі бейсана
Төменгі бейсана фрейдтік Идке жақын, ол өте күті күш-қуат қорларынан тұрады, эмоционалдық қуаты бар. Сонымен қоса, Ассаджиоли бұл жерде, бақылай алмайтын парапсихикалық процестер мен қиялдар шығармашылықтың да, сұмдық түстердің де көзі болуы мүмкін.
Орташа бейсана (сана алды)
Ол бейсананың санаға (және керісінше) өту жолындағы аралық аймақ. Бұл жерде біздің бейсаналық түйсінулеріміз, қабылдауларымыз және әсерленулеріміз түйсінілетін психикалық ахуал мен дағдыларға айналады. Ассаджиоли бойынша, дәл осы жерде қажеттіліктерімізді, эмоцияларымызды, интуициялық сезінулерімізді түйсіну жолымен «біздің ақыл-ойымыз пісіп-жетіледі».
Жоғарғы бейсана
Тұлғаның алдыңғы екі бөлігі саналы Менге төменнен келсе, ал жоғарғы бейсана оған жоғарыдан әсер етеді. Ассаджиоли бойынша, Фрейдке қарағанда, адам табиғатынан әлдеқайда «тартымдырақ», өйткені бейсананың тек төменгі ғана емес, сондай-ақ жоғарғы формасы болады, оған альтруизм, сұлулықққа және өзін-өзі көрсетуге қажеттілік, ерлік (өзін-өзі құрбан етуге дейін) және т.б. жоғары сезімдер мен қажеттіліктер жатады.
Сана аймағы
Бұл бөлімге Ассаджиоли индивидтің тұлғасының бөлігін, қабылдауы мен түйсіктерін (яғни менің өзімдегі процестер мен сезімдерді түйсінуім) сезінуін енгізеді.
Саналы Мен (немесе өзіндік Эго)
Бұл бөлім сананың ортасында орналасқан. Ассаджиоли сана аймағын жарықтандырылыған экранмен, ал саналы Менді сол экранға түскен бецнемен салыстырады.
Жоғарғы Мен
Бұл бөлім психосинтездің дербес жетістіктерін көрсетеді. Ассаджиоли жоғарғы Менді адамның шынайы бейнесі дейді, оған ол сананың басқа ахуалына (түс көру, аффект жағдайы, наркоз, масаю, сандырақтау, гипноз және.т.б) қарай түрлі ауытқуларға түскеннен қайтып оралады деп санайды. өзінің дербес жоғарғы Менін түйсіну ғана психикалық денсаулықтың кепілі деп пайымдайды.
Ұжымдық бейсана
Бұл жерде Ассаджиоли Юнгпен келіседі. Жеке дара бейсана, ұжмдық бейсанадан бөлек өмір сүре алмайды, олар көзге көрінбейтін жіптер арқылы кеңістікте де (өз заманының адамдарымен бейсаналық байланыс), уақыт арасында да (ата-бабаларымен, адамзат тәжірибесімен) өзара байланысты деп санайды.
Ассаджиоли тұлғаның жеті негізгі типтерін бөліп көрсетеді: ерікті-жігерлі, сүюші, белсенді-практикалық, көркем-шығармашыл, ғылыми, идеалды және ұйымдастырушы.
Адам өз типін:

  • қабылдауы;

  • өз типінің дисгармониясын бақылап және түзетіп отыруы;

  • өз типінің үйлесімділігіне қол жеткізу, яғни осал жақтарын дамытуы керек.

Ассаджиоли бойынша әрбір негізгі тұлға типтерінің басты сипаттамалары бар:

  • ерік-жігерлі адам үшін ол билікке ұмтылу;

  • сүюші тип үшін – сезімдерге ең жоғарғы құндылық ретінде қарау;

  • белсенді-практикалық тип үшін – саналы белсенділік;

  • көркем-шығармашыл тип үшін үйлесімділікке, сезімталдыққа ұмтылу;

  • ғылыми тип үшін – тануға, рационализмге ұмтылу;

  • иделдық тип үшін – идеалға берік болу;

  • ұйымдастырушы тип үшін – ұйымдастырушылық қабілеттер, іскерлік және мақсатқа ұмтылушылық.

Әрбір тұлға типтерінің артықшылықтарынан олардың кемшіліктері туындайды, оларды психосинтез кезінде ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет