Когнитивті-эмоционалдық терапияның негізгі ережелері Когнитивтік психотерапия күйзелістерді, мазасыз ауытқушылықтарды, психологиялық жарақаттаушы стресстерді және басқа да психологиялық және психикалық бұзылуларды жеңуде тиімді екендігін дәлелдеді. Когнитивтік психотерапия әсіресе эмоционалдық бұзылуларды емдеуде аса тиімді.
Когнитивтік психологияның аса көрнекті өкілдері - Арон Бэк (Beck) және Альберт Эллис (Ellis). Арон Бэк – когнитивтік психотерапияның негізін қалаушы, Когнитивтік терапия зерттеу институтының жетекшісі, медицина докторы, профессор.
Кейбір авторлар когнитивтік психотерапияны мінез-құлық психотерапиясының құрамдас бөлігі деп қарастырады. Ал басқалар оны дербес бағыт деп санайды.
М.Махонидің пікірі бойынша когнтитивтік психотерапияда үш негізгі үлгіні бөліп көрсетуге болады:
1) жасырын шартталу үлгісі – мінез-құлық психотерапиясына когнитивтік айнымалыларға ықпал ететін тәсілдерді енгізумен сипатталады;
2) ақпаратты өңдеу үлгісі – адамның ақпаратты өңдеу тәсілдері оның келесі реакцияларын анықтайды деген тұжырымға негізделген;
3) когнитивтік оқыту үлгісі – жағдаяттар үстіндегі когнитивтік паттерндердің (наным-сенім, сызбалар, ережелер және басқа) рөліне баса мән беріледі.
Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар: 1. Когнитивтік-бихевиористтік теориялардың негізі неде?
2. Когнитивтік элементтерге не кіреді?
3. «Бос орынды толтыру» ұстанымы нені білдіреді?
4. Когнитивтік репетиция дегеніміз не?
ТАҚЫРЫП 11
ЭКЗИСТЕНЦИАЛДЫҚ ПСИХОТЕРАПИЯ
Сабақтың мақсаты: Экзистенциалдық психотерапияның пайда болуы мен даму тарихын зерделеу. Бастапқы және заманауи техникаларын зерттеу әрі практикада қолдану білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Жоспар 1 сұрақ. Экзистенциалдық психотерапияның пайда болуы мен даму тарихы