Дәрістік курс бағдарламасының құрастырылуы тақырып 1 пcихотерапияға кіріспе



бет6/35
Дата26.10.2022
өлшемі125,87 Kb.
#45358
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
дәрістер мазмұны терапия

2 сұрақ. Клиенттен қажетті материалды жинау мынадай техникалар арқылы жүзеге асады: еркін ассоциациялар, алмастыруды талдау, қарсыласуды талдау, түстерді талдау, жаңсақ әрекеттерді талдау, контр ығыстыруды талдау.
Еркін ассоциациялар. Техниканың мазмұны: психоаналитик клиентке ешқандай қысым көрсетпей, диванда еркін жатуды ұсынады, өзі оның сыртында орындықта отырады. Клинтке көзін жұмуды ұсынбайды, кез келген жақындасудың және басқа да гипнозды еске түсіретін процедуралардың болмауын қадағалайды. Сеанс екі ояу отырған адамның арасындағы әңгіме түрінде өтеді, бірақ оның бірі өзінің ақыл-ой іс-әрекетінен назарын бұрып әкетпес үшін, бұлшықеттеріне немесе түйсіктеріне салмақ түсірмейді.
Психосарапшы клиент екеуінің еш мақсатсыз, жәй ғана сұхбаттасып отырғандай көңіл-күйге түсуін сұрайды. Ол клиентке ынтымақтастығы қажет ересек адам ретінде қарайды.
Ақпарат жинау барысында психосарапшы клиент негұрлым ашық болуы үшін үнсіздікті бұзбайды. Клиент тек, арнайы және өз қалауымен айта алатындарды ғана емес, ойын не келсе, соны айта алады, тіпті ол оған мүлдем маңызды емес болып көрінуі және орындалмауы мүмкін.
Еркін ассоциациялар техникасы мынадай пайымдаулармен негізделуі мүмкін:

  • адамның ойлары өзіне маңызды нәрселерге ғана бағытталған;

  • психотерапиядағы клиенттің қажеттілігі мен оны емдеудің жүргізілп жатқандығының маңызы оның ассоциацияларын өзіне маңызды мәселеге қарай бағыттайды (қарсыласу болмаған жағдайда);

  • қарсыласу клиенттің ассоциацияларының еркін келуіне кедергі келтіреді.

Процедураның алдында, бұл әдістің психотерапия үшін қажет екенін, оның ауырлығы болмайтындығын клиентке ескертіп айту қажет. Егер клиент әңгіменің ортасына келсе немесе қарқынды эмоцияларды сезінсе сеансты тоқтатуға болмайды.


Алмастыруды (немесе трансфер) талдау. Психотерапия үрдісінде психотерапевт пен клиент арасында ерекше қатынас орнайды. Оның астарында мынадй феномен жатыр: клиент бейсаналық деңгейде психотерапевтті өзінің ерте балалық шағындағы маңызды адамымен (мысалы, әкесімен немесе анасымен) тең көреді (идентификация) және сол адамға қатысты болған сезімдерді бастан кешіреді. Әрине, бұл психотерапевттке қатысты сезімдер адекватты емес. Алмастыру бір жағынан, еркін ассоциациялар әдісінің толық жүгезе асуына ықпал етеді, екіншіден – клиенттің психологиялық мәселелерінің шығу тегі туралы ақпараттан тұратындықтан, психосарапшының талдау нысанына айналады.
Жағымды және жағымсыз алмастыру болады. Біріншісі психотерапевтті ұнату, құрметтеу, махаббатпен, екіншісі – ұнатпау, жек көру, жиіркену, ашу-ызамен қатар жүреді.
Психоаналитикалық терапия үрдісінде «алмастырудың неврозы» пайда болуы мүмкін, яғни психотерапияға дейінгі невротикалық конфликтіге тән клиент реакциялары жиынтығының актуализациясы. Бұл құбылыс аурудан сауыға бастауды білдіреді. Психосарапшы клиенттің алмастыру неврозы толық күшінде көрінуіне мүмкіндік береді. Бұл клиенттің психологиялық мәселесін жақсырақ түсінуге жағдай жасайды. Содан соң психосарапшы клиенттің бұл мәселеден құтылуына көмектеседі.
Бұл процедура әрине психологиялық сарапшының жеткілікті жұмыс тәжірибесі мен жоғары кәсібилігін қажет етеді.
Психотерапевттің міндеті:

  • алмастырудың мазмұнын танып-білу (психотерапевтке жыныстық қызығушылықтың оянуының астарында оны жек көру жатуы мүмкін;

  • алмастыру құбылысын түйсіну үшін клиентке көмектесу;

  • оның шығу тегін анықтау.

Қарсыласуды талдау. Қарсыласу – ол клиенттің өзінің ішкі әлеміне психотерапевттің қол сұғуынан бейсаналық деңгейде қорғауға ұмтылуы. Қарсыласу адамның күнделікті өмірде қолданатын қорғану реакциялары түрінде көрінуі мүмкін.
Психосарапшының міндеті келушінің неге және неліктен қарсыласатынын ашудан тұрады. Қарсыласудың шығу тегі – үрейден, қоқыныштан, өзін кінәлі сезіуден, ұяттан бейсаналық тұрғыда қашуға ұмтылу.
Эго-синтоникалық қарсыласу және Эгоға таныс емес қарсыласу болады. Бірінші жағдайда адам қарсыласудың барлығын мойындамайды және оны талдауға кедергі келтіреді; екіншісінде – адам қарсыласудың шынайы еместігін сезінеді және оны психо сарапшымен бірге талдауға дайын. Психосарапшының міндеті – клиентті Эго-синтоникалық қарсыласудан Эгоға таныс емес қарсыласуға ауыстыруға көмектесу. Бұл мақсатты шешудің нәтижесінде психтерапевт пен келуші арасында жұмыстық альянс орнайды.
Қарсыласу үндемеу, жабық дене қалпы, жағымсыз эмоциялар, белгілі бір тақырыптарды талқылаудан қашу, психотерапевтпен кездесулерге келмеуден және т.б. көрінеді. Сонымен қоса, жоғарыда аталған психологиялық қорғану тетіктері (ығыстыру, мойындамау, алмастыру және т.б.) қарсыласудың көріну түрлері болуы мүмкін.
Қарсыласу саналы, санаға дейін және бейсаналық болуы мүмкін.
Қарсыласуды талдау ұстанымдары:

  • шындықтың қарсыласуға қосқан үлесін мойындау қажет;

  • қорғану тетіктеріне клиенттің мінез-құлқының күші ретінде құрметпен және түсіністікпен қарау қажет;

  • келуші қарсыласудың жұмысын мойындауы және өз тәжірибесінен өткізуі қажеттігін және тек содан кейін оны талдауға болатындығын есте ұстау керек;

  • қарсыласуды талдамас бұрын, қарсыласу фактісінің болғанынан бастау қажет.

Қарсыласуды талдау оның формасынан мазмұнына қарай, санадан – бейсанаға қарай, «беткі қабаттан» - терең түсінуге қарай жылжуы қажет.
Қарсыласуды талдау техникасы мына қадамдардан тұрады:

  1. келушінің мінез-құлқынан қарсыласудың белгілі бір түрін анықтау;

  2. келушінің өзіне қарсыласудың болғанын көрсету керек;

  3. қарсыласумен қатар жүрген көңіл-күй сипатын анықтау;

  4. қарсыласу түрткілерін анықтау;

  5. қарсыласудың шығу тегін адамның өткен өмірінен іздеу.

Жұмыс барысында келушіге өзінің қарсыласуының болғанын көрсеткен жөн, тек содан кейін талдауға көшу керек. Қарсыласуды талдаудағы асығыстық адамды жаралауы және психотерапевтпен интеллектуалдық бәсекелестікті тудыруы мүмкін. Адам қарсыласқанын тек өзі түсінгенде ғана, неге және неліктен қарсыласқанының жауабын таба алады, тек сонда ғана онымен ынтымақтастықта жұмыс альянсын орнатуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет