Дәрістік сабақтардың конспектілері Дәріс. №1. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата15.03.2017
өлшемі1,58 Mb.
#9557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

10Base-2 стандарты.  

10Base-2  стандарты  беруші  орта  ретінде  орталық  мыс  өткізгішінің  диаметрі  0,89  мм  және  сыртқы 

диаметрі  шамамен  5  мм  коаксиалдық  кабельді  қолданады.  Кабельдің  50  Ом  толқындық  кедергісі  бар. 

Мұндай сипаттамаларға RG-58/U, RG58 A/U, RG-58 C/U маркаларының кабельдері ие.  

Қайталаушысы жоқ сегменттің барынша көп ұзындығы 185 м құрайды, сегменттің ұштарында 50 Омдық 

келісуші  терминаторлар  болуы  тиіс.  Жіңішке  коаксиалдық  кабель  жуанға  қарағанда  арзандау,  сондықтан 

10Base-2  желісін  кейде  Cheapernet  (cheaper  -  арзандау)  желісі  деп  атайды.  Бірақ  арзан  болғандығы  үшін 

сапасы нашарлайды – “жіңішке” коаксилдың бөгеуілдерден қорғалуы нашар, механикалық беріктігі нашар 

және өткізу жолағы жіңішкелеу.  

Станциялар кабельге жоғары жиіліктегі BNC Т-коннектордың көмегімен қосылады, ол бір ұшы желілік 

адаптерге  қосылатын,  ал  қалған  екеуі  –  кабель  үзілістерінің  екі  ұштарымен  жалғасатын  үштік  болып 

табылады. Бір сегментке қосылатын станциялардың барынша көп саны – 30. Станциялардың арасындағы ең 

аз қашықтық – 1 м. Кабельдің 1 м қадаммен түйіндерді қосуға арналған белгілемесі бар.  

10Base-2  стандарты  сондай-ақ  қолданылуы  “5-4-3  ережесіне”  сәйкес  болуы  тиіс  қайталаушыларды 

қолдануды көздейді. Бұл жағдайда желінің барынша көп ұзындығы 5*185=925 м болады. Бұл шектеу 2500 

метрлік жалпы шектеулерге қарағанда күштірек болып табылатындығы көрініп тұр.  

10Base-2  стандарты  10Base-5  стандартына  өте  жақын.  Бірақ  ондағы  трансиверлер  жіңішке  кабельдің 

желілік  адаптердің  платасының  шығушы  ажыратқысына  тікелей  қосыла  алатындығының  есебінен  желілік 

адаптерлермен  біріктірілген.  Кабель  бұл  жағдайда  желілік  адаптерде  “ілініп  тұр”,  бұл  компьютерлердің 

физикалық қозғалысын қиындатады.  

Бұл  стандарттың  іс  жүзінде  іске  асырылуы  кабельдік  желі  үшін  ең  қарапайым  шешімге  алып  келеді, 

өйткені  комьютерлерді  жалғастыру  үшін  тек  желілік  адаптерлер,  Т-коннекторлар  және  50  Омдық 

терминаторлар  ғана  қажет  болады.  Дегенмен  кабельдік  қосылыстардың  бұл  түрі  апаттар  мен 

зақымдалуларға  көп  ұшырайды:  кабель  “жуан”  коаксилге  қарағанда  бөгеуілдерге  сезімтал,  моноарнада 

механикалық  қосылыстардың  көп  мөлшері  бар,  қолданушылардың  ажыратқыларға  қолдары  жетеді  және 

моноарнаның тұтастығын бұзуы мүмкін.  

10Base-5  және  10Base-2  стандарттарының  ортақ  кемшіліктері  болып  моноарнаның  жағдайы  туралы 

оперативтік  ақпараттың  болмауы  табылады.  Зақымдалу  бірден  анықталады  (желі  жұмыс  істемей  қалады), 

бірақ кабельдің істен шыққан бөлігін іздеу үшін арнайы аспап - кабельдік тесттеуші қажет.  

 

10Base-Т стандарты.  

Стандарт 1991 жылы қабылданған және 802.3і белгілемесін алған.  

10Base-Т желілері орта ретінде экрандалмаған есулі қоссымды (Unshielded Twisted Pair, UTP) қолданады. 

3  санаттағы  (санат  кабельдің  өткізу  жолағын,  NEXT  қиылыстағы  жеткізу  шамасын  және  оның  сапасының 

кейбір  басқа  да  параметрлерін  анықтайды)  экрандалмаған  жұптың  негізіндегі  көпжұпты  кабельді 

телефондық компаниялар ғимарат ішіндегі телефон аппараттарын қосу үшін бұрыннан қолданып келеді. Бұл 

кабель Voice Grade деп аталады, ол оның дауыстарды беруге арналғандығын көрсетеді.  

Соңғы түйіндер “нүкте-нүкте” топологиясы бойынша арнайы құрылғы – көппорттық қайталаушымен екі 

есулі қоссымның көмегімен қосылады. Бір есулі қоссым деректерді станциядан қайталаушыға беру үшін, ал 

екіншісі – деректерді қайталаушыдан станцияға беру үшін қажет.  

Бұл жағдайда көппорттық қайталаушылар әдетте концентраторлар (hub немесе concentrator) деп аталады. 

Концентратор  оның  порттарына  қосылған  есулі  қоссымдардың  барлық  кесінділерінде  сигналдарды 

қайталаушының қызметін орындайды, сондықтан деректерді берудің біртұтас ортасы түзіледі  – логикалық 

моноарна  (логикалық  ортақ  шина).  Стандарт  деректерді  берудің  биттік    жылдамдығын  10  Мбит/с  және  3 

санаттан  төмен  емес  сападағы  есулі  қоссым  болған  жағдайда  100м-ден  артық  емес  тікелей 

байланыстырылған  екі  түйіндердің  арасындағы  есулі  қоссымның  кесіндісінің  барынша  көп  қашықтығын 

анықтайды. Бұл қашықтық есулі қоссымның өткізу жолағымен анықталады – 100 м ұзындықта ол манчестер 

кодын қолдану кезінде деректерді 10 Мбит/с жылдамдықпен беруге мүмкіндік береді.  

10Base-Т концентраторларын бір бірімен соңғы түйіндерді қосуға арналған порттардың көмегімен қосуға 

болады.  

CSMA/CD  кіру  процедурасын  іске  асыру  кезінде  станциялардың  синхрондалуын  қамтамасыз  ету  үшін 

және  станциялардың  коллизияларды  сенімді  тануы  үшін  желінің  екі  станцияларының  арасындағы 

концентраторлардың барынша көп саны, атап айтқанда 4, стандартта анықталған. Бұл ереже “4 хаб ережесі” 

атауына  ие  болған,  және  ол  коаксиалдық  желілерде  қолданылатын  “5-4-3  ережесін”  алмастырады. 

Станциялардың  көп  саны  бар  10Base-Т  желісін  жасау  кезінде  концентраторларды  бір  бірімен  тармақ 

тәріздес құрылымды түзе отырып, иерархиялық әдіспен қосуға болады.  

10Base-Т  желісіндегі  станциялардың  жалпы  саны  1024  жалпы  шектен  аспауы  тиіс,  және  физикалық 

деңгейдің  осы  түрі  үшін  бұл  санға  шыныменде  қол  жеткізуге  болады.  2500  м  желінің  барынша  көп 

ұзындығы желінің кез-келген екі соңғы түйіндерінің арасындағы барынша көп қашықтық ретінде түсініледі 

(“желінің  барынша  көп  диаметрі”).  Желінің  кез-келген  екі  түйіндерінің  арасында  4-тен  артық 

қайталаушылар болмауы тиіс, 10Base-Т желісінің барынша көп диаметрі 5*100=500 м құрайды.  

10Base-Т  стандартында  соңғы  түйіннің  трансивері  мен  қайталаушының  портын  жалғастыратын  есулі 

қоссымның  екі  кесіндісінің  физикалық  жұмысқа  қабілеттігін  тесттеу  процедурасы  анықталған.  Бұл 



процедура  байланыстылық  тесті  (link  test)  деп  аталады,  және  ол  әрбір  есулі  қоссымның  арасындағы 

жіберуші мен қабылдаушының арасында манчестерлік кодтың J және K арнайы импульстерінің әрбір 16 мс 

беруге негізделген. Егер тест өтпесе, онда порт бұғатталады және мәселелі түйінді желіден өшіреді. J және 

K  кодтары  кадрларды  беру  кезінде  тыйым  салынған  болып  табылғандықтан,  тесттік  тізбектер  ортаға 

қолжеткізу алгоритмінің жұмысына әсер етпейді.  

Соңғы  түйіндердің  арасында  түйіндердің  жұмысын  бақылай  алатын  және  желіден  дұрыс  жұмыс 

істемейтіндерді оқшаулайтын белсенді құрылғылардың пайда болуы 10Base-Т технологиясының қолдануда 

күрделі  болып  табылатын  коаксиалдық  желілермен  салыстырғанда  басты  артықшылығы  болып  табылады. 

Концентраторлардың арқасында Ethernet желісі істен шығуға орнықты жүйенің кейбір сипаттамаларына ие 

болды.  


 

Оптоталшықты Ethernet  

Деректерді беру ортасы ретінде 10 мегабиттік Ethernet  оптиклық талшықты  қолданады. Оптоталшықты 

стандарттар  кабельдің  негізгі  түрі  ретінде  арзан  көпмодты  оптикалық  талшықты  ұсынады,  ол  кабельдің  1 

шақырым ұзындығында 500-800 МГц өткізу жолағына ие.  

Функционалдық  түрде  оптикалық  кабельдегі  Ethernet  желісі  10Base-Т  желісі  сияқты  элементтерден 

тұрады  –  желілік  адаптерлер,  көппортты  қайталаушылар  және  адаптерді  қайталаушының  портымен 

жалғастыратын кабель кесіндісі.  

FOIRL  (Fiber  Optic  Inter-Repeater  Link)  стандарты  Ethernet  желілерінде  оптоталшықты  қолдануға 

арналған 802.3 комитетінің алғашқы стандарты болып табылады. Ол 2500 м-ден артық емес желінің жалпы 

ұзындығында  1  шақырымға  дейінгі  қайталаушылардың  арасындағы  оптоталшықты  байланыстың 

ұзындығына кепілдік береді. Желінің кез-келген түйіндерінің арасындағы қайталаушылардың барынша көп 

саны  –  4.  2500  м  барынша  көп  диаметрге  бұл  жерде  қол  жеткізуге  болады,  бірақ  барлық  4 

қайталаушылардың  арасындағы  кабельдердің,  және  де  қайталаушылар  мен  соңғы  түйіндердің  арасындағы 

барынша көп кесіндіге рұқсат етілмеген - әйтпесе желінің ұзындығы 5000 м болады.  

10Base-FL  стандарты  FOIRL  стандартының  аздаған  жақсартылуы  болып  табылады.  Берушілердің 

қуаттылығы көбейтілген, сондықтан түйін мен концентратордың арасындағы барынша көп қашықтық 2000 

м–ге  дейін  көбейтілді.  Түйіндердің  арасындағы  қайталаушылардың  барынша  көп  саны  4-ке  тең  болып 

қалды, ал желінің барынша көп ұзындығы – 2500 м.  

10Base-FB стандарты тек қана қайталаушылардың қосылуына арналған. Соңғы түйіндер бұл стандартты 

концентратордың  портына  қосу  үшін  қолдана  алмайды.  Желінің  түйіндерінің  арасында  бір  сегменттің 

барынша көп ұзындығы 2000 м болғанда және желінің барынша көп ұзындығы 2740 м болғанда, 5-ке дейінгі 

10Base-FB қайталаушыларын орнатуға болады.  

10Base-FB стандартындағыдай Ethernet оптоталшықты стандарттары концентраторларды тек қана 

тармақтәріздес иерархиялық құрылымға қосуға рұқсат етеді. Концентратордың порттарының арасында кез-

келген ілмектердің болуына рұқсат етілмейді. 

 

Парақтары көрсетілген негізгі әдебиет    

1.

 



 [С.171-175] 

2.

 



[С.193-220] 

3.

 



[С.317-330] 

Парақтары көрсетілген қосымша әдебиет  

1. [С.161-167] 

2. [С.896] 

Бақылау сұрақтары. 

1. Ethernet дегеніміз не? 

2. 10Base-5-тің негізгі параметрлері қандай? 

3. 10Base-2 -тің негізгі параметрлері қандай? 

4. 10Base-T-тің негізгі параметрлері қандай? 

5. Ethernet оптоталшығы дегеніміз не? 



 

8. Дәріс. Fast стандарттары 

1. Fast Ethernet.  

2. 100 Base-FX.  

3. 100 Base-T4 

4. 100 Base-TX .  

5. 100VG-Any LAN 

 

Fast Ethernet 

Fast  Ethernet  желісі  Ethernet  желілерінің  тактілік  жиіліктерін  10  есе  көбейту  есебінен  ары  қарай  дамуы 

болып табылады. Бұл кезде Ethernet желісін жасаудың негізгі аспекттері өзгеріссіз қалды. Ең алдымен бұл 


қолжеткізу  әдісіне,  кадрдың  форматына  және  т.б.  қатысты.  Негізгі  ерекшеліктері  физикалық  деңгейге 

қатысты және қолданылатын беруші ортамен байланысты.  

ІЕЕЕ802.3  стандартына  сәйкес  Fast  Ethernet  технологиясы  үшін  қолданылатын  кабельге  байланысты  үш 

келесідей атаулар белгіленген: 100Base-TX және 100Base-T4 - өткізгіштердің есулі қоссымдарына арналған, 

және 100Base-FX – оптоталшықты кабельге арналған.  

100Base-TX  жүйесі  өткізгіштердің  екі  жұбын  қолданады:  біреуін  беру  үшін,  екіншісін  –  деректерді 

қабылдау  үшін.  100Base-TX-те  есулі  қоссымды  қолдануға  негізделген,  деректердің  берудің  физикалық 

ортасына  арналған  стандарттың  спецификациясы  ANSI  TP-PMD,  экрандалмаған  5  санатты  (UTP)  және 

экрандалған есулі қоссымдарды (STP) қолдануға рұқсат етеді.  

Кең таралған орта болып, экрандалмаған есулі қоссым табылады. Бұл кабельде өткізгіштердің жұптары, 

кабельдің  ажыратқыға  қосылатын  ұштарынан  басқа  жерлерінде,  барлық  өн  бойында  есілген  болуы  тиіс. 

Есілмеген  бөлімнің  ұзындығы  1-1,5  см-ден  аспауы  тиіс.  100Base-TX  желісіндегі  5  санаттағы  толқындық 

кедергісі  100  Ом  UTP  кабеліндегі  сегменттің  ұзындығы.  Бұл  шектеу  беруші  ортадағы  сигналдың 

таралуының  рұқсат  етілген  бөгелу  уақытымен  байланысты  және  едәуір  қатаң  болып  табылады. 

Бөгеуілдердің әсерін төмендету мақсатында биополярлық беру қолданылады: өткізгіштердің бірімен оң, ал 

екіншісімен – теріс потенциал беріледі.  

100Base-T4 стандарты сондай-ақ 100 м кабель ұзындығын белгілеген. Бұл кезде 3,4 және 5 санаттағы UTP 

кабельдерін  қолдануға  рұқсат  етіледі,  дегенмен  5  санаттағы  кабельдерді  қолдануға  ұсыныс  жасалады. 

Қолданылатын  төрт  жұптың  ішінен  екеуі  бірбағытталған  беру  үшін,  ал  қалған  екеуі  –  екібағытталған 

берулер  үшін  арналған.  Жұптар  келесі  түрде  белгіленеді:  ТХ  –  деректерді  бірбағытты  беру  үшін;  RX  – 

бірбағытталған қабылдау үшін, BI – екі қалған жұптар екі бағытта да деректерді алмасу үшін.  

100Base-FX оптоталшықты интерфейс спефикациясы сегменттің ұзындығын 100 метрге дейін анықтайды, 

дегенмен желінің рұқсат етілген диаметрі 412 м. 100Base-FX-тің спецификациясы бойынша  әрбір қосылу 

үшін екі желілі көпмодты талшықты-оптикалық кабель керек, онда біреуінің бойымен сигнал беріледі, ал 

екіншісінің бойымен сигнал қабылданады. Бұл талшықтар жақсы қосылады және сондықтан RX және TX 

деп белгіленеді. Талшықты-оптикалық кабельдердің көп түрлері бар, қарапайым екі талшықты кабельден 

бастап арнайы көп талшықты кабельге дейін. 

 

100 Base-FX 

100Base-FX-тің физикалық деңгейі – көпмодты оптоталшық, екі талшық.  

Бұл спецификация Fast Ethernet хаттамасының көпмодты оптоталшық бойымен жартылай дуплексті және 

толықдуплексті  режимдерде  жақсы  тексерілген  FDDI  кодтау  сұлбасының  негізінде  жұмыс  істеуін 

белгілейді.  

Оптоталшықты  интерфейске  арналған  100Base-FX  спецификациясы  сегменттің  ұзындығын  100  метрге 

дейін  белгілейді,  дегенмен  желінің  рұқсат  етілген  диаметрі  412м.  100Base-FX  спецификациясы  бойынша 

әрбір қосылу үшін екі желілі көпмодты талшықты-оптикалық кабель керек, онда біреуінің бойымен сигнал 

беріледі, ал екіншісінің бойымен сигнал қабылданады. Бұл талшықтар жақсы қосылады және сондықтан RX 

және  TX  деп  белгіленеді.  Талшықты-оптикалық  кабельдердің  көп  түрлері  бар,  қарапайым  екі  талшықты 

кабельден бастап арнайы көп талшықты кабельге дейін.  

 

100 Base-T4 

100Base-Т4-тің физикалық деңгейі – UTP Cat 3 есулі қоссымы, төрт жұп.  

100Base-Т4  стандарты  сондай-ақ  кабельдің  ұзындығын  100  м  етіп  белгілейді.  Бұл  кезде  3,4  және  5 

санаттағы  кабельдерді  қолдануға  рұқсат  етіледі,  дегенмен  5  санаттағы  кабельдерді  қолдануға  ұсыныс 

жасалады.  Қолданылатын  төрт  жұптың  ішінен  екеуі  бірбағытталған  беру  үшін,  ал  қалған  екеуі  – 

екібағытталған берулерге арналған. Жұптар келесі түрде белгіленеді: Т

х

 – деректерді бірбағытты беру үшін; 



R

х

 – бірбағытталған қабылдау үшін, BI – екі қалған жұптар екі бағытта да деректерді алмасуға арналған.  



 

100 Base-TX 

100Base-TX-тің физикалық деңгейі – UTP Cat 3 есулі қоссымы, екі жұп.  

100Base-TX  жүйесі  өткізгіштердің  екі  жұбын  қолданады:  біреуін  беру  үшін,  екіншісін  –  деректерді 

қабылдау  үшін.  100Base-TX-те  есулі  қоссымды  қолдануға  негізделген,  деректердің  берудің  физикалық 

ортасына  арналған  стандарттың  спецификациясы  ANSI  TP-PMD,  экрандалмаған  5  санатты  (UTP)  және 

экрандалған есулі қоссымдарды (STP) қолдануға рұқсат етеді.  

Кең таралған орта болып, экрандалмаған есулі қоссым табылады. Бұл кабельде өткізгіштердің жұптары, 

кабельдің  ажыратқыға  қосылатын  ұштарынан  басқа  жерлерінде,  барлық  өн  бойында  есілген  болуы  тиіс. 

Есілмеген  бөлімнің  ұзындығы  1-1,5  см-ден  аспауы  тиіс.  100Base-TX  желісіндегі  5  санаттағы  толқындық 

кедергісі  100  Ом  UTP  кабеліндегі  сегменттің  ұзындығы.  Бұл  шектеу  беруші  ортадағы  сигналдың 

таралуының  рұқсат  етілген  бөгелу  уақытымен  байланысты  және  едәуір  қатаң  болып  табылады. 

Бөгеуілдердің әсерін төмендету мақсатында биополярлық беру қолданылады: өткізгіштердің бірімен оң, ал 

екіншісімен – теріс потенциал беріледі.  

 

 



100VG-Any LAN 

100VG-Any LAN желісі тармақты топологиядағы жергілікті компьютерлік желі болып табылады. Желінің 

аралық  түйіндері  ретінде  концентраторлар  қолданылады,  ал  аяқталған  түйіндер  болып,  жұмысшы 

станциялар мен серверлер табылады.  

Көпдеңгейлі құрылымдарды қолдау үшін концентраторлар екі түрдегі порттармен жабдықталады:  

-

 



кейіндеуші  байланыстың  порттары,  аяқталған  түйіндер  де,  концентраторлар  да  қосыла  алатын 

деңгейлерден төмен жатқан құрылғылардың қосылуы үшін қолданылады;  

-

 

өрлеуші байланыс порты, жоғарырақ деңгейдегі концентраторға қосылуға арналған.  



Орналасқан жерне байланысты концентратор тамырлық немесе өзі орналасқан деңгейдің концентраторы 

болуы мүмкін.  

Физикалық деңгейде 100VG-Any LAN желі технологиясы Ethernet 10Base-T және Token Ring желілерінде 

қабылданған стандарттарды қолдайды, бұл желінің қазіргі кезде бар кабельдік инфрақұрылымын пайдалану 

мүмкіндігін қамтамасыз етеді.  

Оның ішінде, беруші орта ретінде қолданылады:  

-

 

3,4 және 5 санаттағы экрандалмаған кабель (төрт есулі қоссымдар); 



-

 

экрандалған кабель (екі есулі қоссымдар);  



-

 

оптоталшықты кабель.  



Арналық деңгей келесі ішкі деңгейлерден тұрады:  

-

 



логикалық арнаны басқару;  

-

 



ортаға қолжеткізуді басқару.  

Аталып  өткендей,  логикалық  арнаны  басқаруды  ІЕЕЕ802.2  стандарты  белгілейді,  бұл  осы  деңгейде 

100VG-Any LAN желісінің басқа жергілікті желілермен, жекелей алғанда Ethernet-пен және Token Ring-пен 

үйлесімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.   

100VG-Any  LAN-ның  басқа  жергілікті  компьютерлік  желілерден  негізгі  айырмашылығы  қолжеткізу 

әдісінде,  ол  ретінде  сұраныстардың  басымдықтарының  хаттамасы  –  DPP  (Demand  Priority  Protocol)  деп 

аталатын орталықтандырылған сұрау әдісі қолданылады. Сұрау әдісінің қолжеткізудің көптеген әдістерімен 

салыстырғандағы  артықшылығы  коллизиялардың  болмауында.  Өз  кезегінде,  қолжеткізудің  маркерлік 

әдісімен салыстырғанда,  маркердің айналуына бөгелулерсіз қолжеткізу  уақытын едәуір  қысқартуға  жетуге 

болады.  

Арбитражды  қандай-да  бір  жалғыз  жүйе  орындайтын  абсолюттік  орталықтандыру  кезінде,  жұмысшы 

станциялардың  санын  көбейту  қолжеткізуді  басқару  процесін  айтарлықтай  қиындатуға  алып  келеді.  Бұл 

процесті жеңілдету мақсатында арбитраж іргелес түйіндер деңгейінде іске асады, яғни түйін өзіне төменде 

жанасатын түйіндерді ғана сұрап шығады.  

DPP хаттамасы басымдықтардың екідеңгейлі жүйесін қолданады, бұл деректерді берудің хаттамаларына 

қойылатын  заманауи  талаптарға  жауап  береді  және  уақытқа  талап  қоятын  қолданбалы  бағдарламалардің 

желіге қолжеткізудің ең аз  уақытына кепілдік береді.  

DPP  хаттамасы  келесідей.  Егер  соңғы  түйін  дестені  жіберуге  дайын  болса,  ол  концентраторға  кәдімгі 

немесе  жоғарғы  басымдық  сұранысын  жібереді.  Егер  соңғы  түйін  тұрып  қалса,  ол  концентраторға  тұрып 

қалу  сигналдарын  береді.  Концентратор,  ең  аз  нөмірі  бар  құрылғылардан  бастап,  оған  қосылған  барлық 

құрылғылардың беруге дайындығын тексеру үшін айналдыра сұрау жасайды. Егер бірнеше соңғы түйіндер 

беруді  талап  етсе,  онда  концентратор  сұраныс  басымдықтарының  және  құрылғының  нөмірінің  негізінде 

оларды берудің ретін анықтайды. 

Концентратор  барлық  өзінің  түйіндеріне,  оның  ішінде  төмендегі  деңгейдегі  концентраторларға  сұрау 

жүргізеді. Түйінге дестені беру қажет болған кезде, ол концентраторға сұраныс жібереді. Егер соңғы түйін 

беруге  дайын  болса,  бірақ  ол  төменгі  деңгейдегі  концентраторға  қосылған  болса,  онда  бұл  концентратор 

қызмет көрсету үшін жоғарырақ деңгейдегі концентраторға сұраныс жібереді. Егер соңғы түйіннен тек бір 

ғана  сұраныс  күтілген  болса,  онда  концентратор  тез  арада  соңғы  түйін-көзден  сұранысты  қабылдауды 

растайды,  және  түйін  өзінің  деректер  кадрын  концентраторға  беруді  бастайды,  ол  адресті  кері  шифрлейді 

және келіп түскен кадрды ары қарай алушының адресіне жібереді.  

Егер  бірнеше  соңғы  түйіндер  концентраторға  қызмет  көрсетуге  сұраныс  жіберетін  болса,  онда 

концентратор  кадрларды  беру  ретін  анықтау  үшін  басымдық  айналымдық  арбитраж    процедурасын 

орындайды.  

Әрбір  соңғы  түйін  бір  сұрау  циклы  бойында  тек  бір  ғана  дестені  бере  алады.  Төменгі  деңгейдегі  әрбір 

каскадтық концентратор (жоғарырақ деңгейдегі концентраторға қосылған концентратор) беруді талап ететін 

өзінің  порттарын  анықтау  үшін  меншік  айналымдық  сұрауды  орындайды.  Егер  оның  соңғы  түйіндерінен 

қандай-да  бір  өңделмеген  сұраныс  анықталатын  болса,  жоғарырақ  деңгейдегі  концентратор  желіні 

басқаруды  уақытша  төменгі  деңгейдегі  концентраторға  дестелердің  арбитражы  үшін  береді.  Төменгі 

деңгейдегі концентратор айналымдық сұрауды орындайды  және жоғарырақ деңгейдегі концентраторға  бір 

сұраныстан  жібереді.  Егер  қызмет  көрсетуді  бірнеше  сұраныстар  күтіп  тұрған  болса,  онда  төменгі 

деңгейдегі концентратор беруді талап ететін әрбір соңғы түйін үшін сұраныстан өңдей бастайды.  

Әрбір  сұранысқа  кәдімгі  немесе  жоғарғы  басымдық  берілді.  Басымдық  қолданушы  қосымшаларына 

автоматты түрде берілуі мүмкін немесе оны желелік әкімші тағайындай алады. Әрбір концентратор кәдімгі 

және жоғарғы басымдықтар үшін бөлек тізімдерге қызмет көрсетеді.  



Өңделетін  кадрды  беру  аяқталған  соң  концентратор  оған  қосылған  барлық  порттарды  өңделмеген 

сұраныстардың  бар  болуын  анықтау  үшін  сұрау  жүргізеді.  Егер  өңделмеген  болып  тек  қана  кәдімгі 

басымдықтар  қалған  болса,  онда  концентратор  жоғары  басымдықтағы  сұраныс  алғанша  осы  сұраныстарға 

қызмет көрсетуді бастайды (порттың нөмірлерінің реті бойынша). Бұл жағдайда ағымдағы  кадрларды беру 

аяқталған соң концентратор келіп түскен жоғары басымдықтағы сұранысқа қызмет көрсетуді бастайды.  

Жоғарғы  басымдықтағы  сұраныстардың  келіп  түсуі  едәуір  қарқынды  болса,  кәдімгі  басымдықтары  бар 

сұраныстарға  қызмет  көрсетілмеуі  мүмкін.  Кәдімгі  басымдықтары  бар  сұраныстарға  қолжеткізуді 

қамтамасыз ету үшін сұраныстардың басымдықтарын жоғарылатудың арнайы процедурасы қарастырылған. 

Осы  процедураға  сәйкес  кәдімгі  басымдықтары  бар,  қызмет  көрсетілуі  200...300  мс-ке  бөгеліп  қалған 

сұраныстарға, автоматты түрде жоғары басымдықтар беріледі, және олар жоғарғы басымдықтардың тізіміне 

енгізіледі.  

100VG-Any LAN желісі кадрлардың келесі формаларын қолдайды:  

-

 

ІЕЕЕ 802.3 стандартының базасында;  



-

 

ІЕЕЕ 802.5 стандартының базасында 



100VG-Any  LAN  желілері  мына  мағынада  біртекті  деп  есептеледі,  желінің  жеке  сегменті  кадр 

форматтарының  біруақытта  екеуін  емес,  біреуін  ғана  қолдай  алады.  Форматтар  арасындағы  өзгерту 

желіаралық функция болып табылады.  

Егер Ethernet (10Мбит/с) желісін кадрдың Ethernet-форматы бар 100VG-Any LAN (100 Мбит/с) желісімен 

қосу  қажет  болса,  немесе  Token  Ring  желісін  кадрдың  Token  Ring  форматы  бар  100VG-Any  LAN  (100 

Мбит/с)  желісімен  қосу  қажет  болса,  онда  беру  жылдамдықтарын  келісу  үшін  қарапайым  құрылғы  қажет 

болады.  

Деректерді  берудің  тиімді  әдісін  қамтамасыз  етуден  басқа,  5В/6В-кодтауы  бар  сигналдарды  квартеттік 

беру  100VG-Any  LAN  желісіне  3  UTP  кабелін  (сөз  ақпараттарын  беру  үшін)  қолданып  жұмыс  істеуге 

мүмкіндік  береді.  30  МГц  тактілік  жиілікті  қолдану  кезінде,  NRZ-кодтау  кабельдік  ортаға  барынша  көп, 

негізгі  (гармоникалық  емес)  15МГц  беру  жиілігін  жасайды,  ол  10101010...  түріндегі  ең  нашар  деректер 

жинағын  ескере  отырып  қамтамасыз  етіледі.  Бұл  электромагниттік  бөгеуілдердің  туындауын  табысты 

болдырмауға мүмкіндік береді.  

4  есулі  қоссымнан  тұратын  экрандалмаған  кабель  бойынмен  100  Мбит/с  жылдамдықпен  сигналдарды 

беру  үшін  десте  алдымен  5-биттік  деректер  квинтетіне  бөлінеді.  Квинтеттер  шифрленеді,  содан  кейін  6-

биттік секстеттерге қайта кодталады.  

100VG-Any  LAN  желісі  10Base-T  және  Token  Ring  желілері  сияқты  4-UTP  кабелімен  және  дәл  солар 

сияқты шарттарда жұмыс істеуге арналған.  

3 санаттағы кабелдің сегментінің барынша көп номиналдық ұзындығы 100 м құрайды, мұнда екі желілік 

құрылғының  арасындағы  барлық  кабельдік  жүйе  кіреді.  Жоғарырақ  санаттағы  кабельдер  (4  және  5)  үлкен 

қашықтықтарға  байланысты  қамтамасыз  ете  алады,  мысалы  5  санаттағы  кабель  150  м  қашықтықтағы 

байланысты қамтамасыз етеді.  

100VG-Any  LAN  желісінің  оптоталшықты  арнасы  оптоталшықты  кабельден,  екі  ұштық  ажыратқыдан 

және ілмелі (коммутациялық) панельдер сияқты қосушы құрылғылардан тұрады.  

Арнаның жағдайын басқару арнайы төменжиіліктегі тоналдық сигналдардың көмегімен іске асырылады. 

Желіде екі тоналдық сигналдар қолданылады: 

-

 

Тон  1  –  16  тізбектелен  нөлдерден  тұратын  қайталанатын  жинақ  болып  табылады,  олардан  кейін 



тізбектелген 16 бірліктер болады, осылайша жиілігі шамамен 0,937 МГц сигнал түзіледі;  

-

 



Тон 2 – тізбектелген 8 нөлдерден және олардан кейін тізбектелген 8 бірліктерден құралған  жиілігі 

шамамен 1,875 МГц сигнал.  

Бұл  сигналдардың  комбинациясы,  және  де  оларды  беру  бағытын  ескеру,  алты  басқару  сигналдарын 

анықтауға мүмкіндік береді:  

1)

 

тұрып  қалу  (күту)  сұраудың  айналымдық  циклының  аяқталғандығын  және  қызмет  көрсетілмеген 



сұраныстардың жоқтығын көрсетеді;  

2)

 



кәдімгі  басымдықтың  сұранысы,  жұмысшы  станцияның  кәдімгі  басымдығы  бар  кадрды  беруді 

сұрайтындығын көрсетеді;  

3)

 

Жоғарғы  басымдықтағы  сұраныс,  жұмысшы  станцияны  жоғарғы  басымдығы  бар  кадрды  беруді 



сұрайтындығын көрсетеді;  

4)

 



Деректердің кіруші дестесі жұмысшы станцияға оған деректер кадры берілетіндігін көрсетеді;  

5)

 



Қызмет  көрсетуді  айналымдық  басымдық  үзу,  төменірек  деңгейдегі  концентраторларға,  жоғары 

деңгейдегі басымдыққа қызмет көрсетуге дайын басқа концентратордың бар екендігі туралы  сигнал болып 

табылады.  

6)

 



Арнаның дайындау сұранысы арнаны дайындау процедурасын іске қосады.  

Желіге  қосылу  үшін  компьютерде  LAN-адаптер  деп  аталатын  100VG-Any  LAN  интерфейстік  желілік 

платасы  болуы  тиіс.  Бұл  плата  компьютердің  енгізу/шығару  шинасына  қосылады  және  100VG-Any  LAN 

желісінің беруші ортасына жалғанады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет