Беттері көрсетілген негізгі әдебиет
1. [с.62-66]
2. [с.82-83]
Бақылау сұрақтары
1.
Коммуникациялық хаттамалардың стегі деген не?
2.
OSI стегі деген не?
3.
OSI хаттамалар стегінің әрбір деңгейінде жүзеге асырылған хаттамаларды атап беріңіздер.
9
2,5
35
17
50
18
59
41
0
10
20
30
40
50
60
70
столдық жүйе
жергілікті желілердің
сервері
орташа кластың жүйесі мейнфрейм базасындағы
жүйелер
тар
ал
у%
1994 год
1998 год
5 дәріс. TCP/IP, IPX/SPX, NetBIOS/SMB, SNA және DECnet стектері.
1. TCP/IP стегі.
2. IPX/SPX стегі.
3. NETBIOS/SMB стегі.
4. SNA стегі.
5. DECnet IEEE802.x стегі.
TCP/IP стегі, сондай-ақ DoD стегі және Internet стегі деп аталады, коммуникациялық хаттамалардың ең
әйгілі және болашағы зор стектерінің бірі болып табылады.
2.8. сурет. TCP/IP хаттамаларының стектерінің таралу дәрежесі.
2.8. суретте осы стектің 1994 жылғы таралу дәрежесі және 1998 жылға болжам көрсетілген. Компьютердің
барлық санаттарында TCP/IP стегінің хаттамаларын қолдану жағдайларының айтарлықтай өсуі болжанған.
TCP/IP хаттамалары көбінесе орташа кластың жүйелеріне орнатылады – 1994 жылы бұл хаттамалармен
суперсерверлердің 35% жабдықталған болатын, ал 1998 жылға қарай олардың саны 95% құрайды деп
күтілуде. Егер қазіргі кезде ол негізінен UNIX ОЖ-нің желілерінде таралған болса, дербес компьютерлерге
арналған желілік операциялық жүйелердің (Widows NT, NetWare 4.1) соңғы нұсқаларында іске асуы орнату
санының тез дамуына жақсы себеп болып табылады.
Стек АҚШ-ның Қорғаны Министрілігінің (Department of Defence, DoD) бастамасы бойынша 20 жылдан
астам уақыт бұрын, ARPAnet эксперименталдық желісінің басқа сателлиттік желілермен байланысу үшін
әртүрлі тектегі есептеу орталары үшін ортақ хаттамалардың жинағы ретінде жасалып шығарылған. ARPA
желісі әскери саладағы жасаушылар мен зерттеушілерді қолдады. ARPA желісінде екі компьютер
арасындағы байланыс дестелерді беру үшін Internet Protokol (IP) хаттамасын қолданып “теңмен тең”
принципі бойынша іске асырылды. Бұл хаттама осы күнге дейін TCP/IP стегінде негізгілердің бірі болып
табылады және стектің атауында қолданылады
2.9. сурет. - TCP/IP хаттамаларының құрылымы
TCP/IP стегінің дамуына Беркли университеті, UNIX ОЖ-сінің өзінің нұсқасында стек хаттамаларын іске
асырып, үлкен үлес қосты. UNIX ОЖ-сінің кең таралуы стектің ІР хаттамаларының және басқа
хаттамалардың кеңінен таралуына алып келді. Осы текте RFC спецификациясы формасында жарияланатын
стек стандарттарын жетілдіруге негізгі үлесін қосып келе жатқан Internet Engineering Task Force (IETF)
бөлімшесі бар Internet дүниежүзілік ақпараттық желісі де жұмыс істейді.
TCP/IP стегі ISO/OSI ашық жүйелерінің өзара әрекеттесу үлгісі пайда болғанға дейін жасалып
шығарылған, брақ ол сондай-ақ көпдеңгейлі құрылымға ие болса да, TCP/IP стегінің деңгейлерінің OSI
үлгілерінің деңгейлеріне сәйкестігі айтарлықтай шартты болып табылады.
TCP/IP хаттамаларының құрылымы 2.9 суретте келтірілген. TCP/IP хаттамалары 4 деңгейге бөлінеді. Ең
төменгі (4 деңгей) OSI үлгісінің физикалық және арналық деңгейлеріне сәйкес келеді. Бұл деңгей TCP/IP
хаттамаларында реттелмейді, бірақ физикалық және арналық деңгейдегі барлық әйгілі стандарттарды
қолдайды: жергілікті арналар үшін – бұл Internet, Token Ring, FDDI, жаһандық арналар үшін – жаһандық
желілердің Х.25 және ISDN тізбектік арналары арқылы “нүкте-нүкте” типіндегі қосылысты орнататын
SLIP/PPP аналогтық коммутацияланатын және ерекшеленген линиялардағы меншік жұмыс хаттамалары.
АТМ технологиясын арналық деңгейдің көлігі ретінде қолдануды анықтайтын арнайы спецификация да
жасалып шығарылған.
Келесі деңгей (3 деңгей) – бұл желіаралық өзара әрекеттесудің деңгейі, ол әртүрлі жергілікті желілерді,
Х.25-ті, арнайы байланыс линияларын және т.б. қолданып дейтаграммаларды жіберумен айналысады.
Желілік деңгейдің негізгі хаттамасы ретінде (OSI үлгісінің терминдерінде) стекте ІР хаттамасы
қолданылады, ол бастапқыда жергілікті де, жаһандық та байланыстармен біріктірілген жергілікті желілердің
көп санынан тұратын құрамдалған желілерде дестелерді жіберу хаттамасы ретінде жобаланған.
Сондықтан TCP/IP стегі күрделі топологиясы бар желілерде, оларда бар ішкі жүйелерді үнемді қолдана
отырып және төменгі сұрыпты байланыс линияларының өткізгіштік қабілетін үнемді шығындап, жақсы
жұмыс істейді.
ІР хаттамасының негізгі функциялары – адрестерді беру және тану, және де дестелерді жинау және
бөлшектеу. Соңғы функция, дестелер бір желіде қалыптасқанда және дестенің барынша көп ұзындығы
азырақ болатын басқа желі арқылы жіберілетін кезде қажет. ІР хаттамасы дейтаграммалық хаттама болып
табылады.
Осы деңгейге RIP (Routing Internet Protocol) және OSPF (Open Shortest Path First) маршруттық ақпаратты
жинау хаттамалары, және де ICMP (Internet Control Message Protocol) желіаралық басқарушы
хабарламалардың хаттамасы сияқты маршрутта кестелерін жасауға және жаңартуға байланысты барлық
хаттамалар да жатады. Соңғы хаттама маршруттаушы мен шлюздің, жүйе-бастаманың және жүйе-
қабылдаушының арасындағы қателер туралы ақпаратты алмасуға, яғни кері байланысты ұйымдастыруға
арналған. ІСМР арнайы дестелерінің көмегімен дестені жеткізудің мүмкін еместігі туралы, өмір уақытының
немесе фрагменттерден дестені құрастыру ұзақтығының асып кеткендігі туралы, параметрлердің
аномальдық шамалары туралы, жіберу маршрутының және қызмет көрсету түрінің өзгергендігі туралы,
жүйенің жағдайы және т.б. туралы хабарланады.
Келесі деңгей (2 деңгей) негізгі деп аталады. Бұл деңгейде ТСР (Transmission Control Protocol) жіберулерді
басқару хаттамасы және USDP (User Datagram Protocol) қолданушының дейтаграммалар хаттамасы жұмыс
істейді. ТСР хаттамасы қашықтықтағы қолданбалы процестердің арасында тұрақты виртуалдық байланысты
қамтамасыз етеді. UDP хаттамасы қолданбалы дестелерді дейтаграммалық әдіспен, яғни виртуалдық
байланыстарды орнатусыз жіберуді қамтамасыз етеді, және сондықтан ТСР-ге қарағанда үстеме
шығындарды азырақ талап етеді.
Жоғарғы деңгей (1 деңгей) қолданбалы деп аталады. Әртүрлі елдердің және ұйымдардың желілерінде
қолданылған көп жылдар бойында ТСР/ІР қолданбалы деңгейдегі хаттамалар мен сервистердің көптеген
мөлшерін жинады. Оларға FTP файлдарды көшіру хаттамаы, telnet терминалды эмуляциялау хаттамасы,
Internet желісінің және оның ресейлік бөлігі РЕЛКОМ-ның электрондық поштасында қолданылатын SMTP
пошталық хаттамасы сияқты кең қолданылатын хаттамалар, қашықтықтағы ақпаратқа қолжеткізудің WWW
сияқты гипертексттік сервистер және тағы басқалары жатады. Осы курс үшін қызықты болып табылатын
олардың кейбіреуіне нақтырақ тоқталайық.
SNMP (Simple Network Management Protocol) хаттамасы желілік басқаруды ұйымдастыру үшін
қолданылады. ТСР/ІР жинағындағы басқару үлгісі басқару мәселесін екі бөлікке бөледі. Бірінші бөлігі
ақпаратты беруге байланысты. Басқарушы ақпаратты беру хаттамалары әкімшінің хостында жұмыс істейтін
бағдарлама-клиент сервермен қалай өзара әреттесетіндігін анықтайды. Олар клиент пен серверлер
алмасатын хабарламалардың форматы мен мағынасын, және де атаулар мен адрестердің форматтарын
анықтайды. Екінші бөлігі бақыланатын деректермен байланысқан. Стандартта шлюзде қандай деректердің
сақталуы және жинақталуы тиіс екендігін, осы деректердің атауларын және осы атаулардың синтаксисін
реттейді. SNMP стандартында желіні басқарудың ақпараттық деректер қорының спецификациясы
анықталған. MIB (Management Information Base) деректер қоры ретінде белгілі бұл спецификация хосттың
немесе шлюздің сақтауы тиіс деректер элементін және олармен жасауға болатын операцияларды анықтайды.
SNMP желіні бақсару хаттамасы әкімші шақыратын желіні басқару бағдарламасы-клиенті мен желіні
басқарудың бағдарламасы-сервері арасындағы өзара әрекеттесу ережелерін анықтайды.
FTP (File Transfer Protocol) файлдарды жіберу хаттамасы файлға қашықтықтан қолжеткізуді іске асырады.
Оны желі бойымен файлдарды жіберу үшін қосымшалар мен қолданушылар қолдана алады. Сенімді
жіберуді қамтамасыз ету үшін, FTP көлік ретінде қосылысты орнататын ТСР хаттамасын қолданады.
Дегенмен файлдарды жіберуден басқа басқа да қызметтерді ұсынады. Осылайша қолданушыға
қашықтықтағы машинамен интерактивтік жұмыс істеу мүмкіндігі берілед3, мысалы, ол оның
каталогтарының мазмұнын басып шығара алады. Бұдан басқа FTP қолданушыға жадыда сақталатын
деректердің түрі мен форматын көрсетуге мүмкіндік береді. Ең соңында, FTP қолданушылардың
аутентификациясын орындайды. Қажетті файлды жіберудің алдында хаттамаға сәйкес қолданушылар өз
аттарын немесе құпиясөздерін хабарлаулары тиіс.
FTP ТСР/ІР стегіндегі файлдарды жіберудің ең жалпы хаттамасы болса да, ол бағдарламалау үшін ең
күрделі болып табылады. FTP-ның барлық мүмкіндіктерін қажет етпейтін қосымшалар, басқа, үнемдірек
хаттаманы – TFTP (Trivial File Transfer Protocol) файлдардың жіберудің ең қарапайым хаттамасын қолдана
алады. Бұл хаттама тек қана файлдарды жіберуді іске асырады, мұнымен қатар көлік ретінде ТСР-ге
қарағандай қарапайым қосылыстар орнатпайтын UDP хаттамасы қолданылады.
telnet хаттамасы процестер арасында, және де процес пен терминал арасында байт ағындарын жіберуді
қамтамасыз етеді. Бұл хаттама көбінесе қашықтықтағы ЕЭМ-ның терминалының эмуляциясы үшін
қолданылады. Мұндай жіберуді қамтамасыз ету үшін telnet хаттамасында терминалдарға қызмет көрсету
құралдарының кең спектрін ұсынады.
IPX/SPX стегі.
Бұл стек Novell фирмасы 80-ші жылдардың басында өзінің желілік NetWare операциялық жүйесі үшін
жасап шығарған хаттамаларының түпнұсқа стегі болып табылады. Стекке атау берген Internetwork Packet
Exchange (IPX) және Sequenced Packet Exchange (SPX) хаттамалары, IPX/SPX-ке қарағанда едәуір аз
дәрежеде таралған Xerox фирмасының XNS хаттамаларының тікелей бейімделуі болып табылады. Орнату
саны бойынша IPX/SPX хаттамалары көшбасшы, және бұл NetWare ОЖ-сінің өзі әлемдік ауқымда шамамен
65% үлеспен орнатылған көшбасшы жағдайында болуына байланысты.
Novell фирмасының хаттамаларының топтамасы және олардың үлгілерінің ISO/OSI үлгілеріне сәйкестігі
2.10 суретте көрсетілген. Физикалық және арналық деңгейлерде Novell желілерінде осы деңгейдің барлық
әйгілі хаттамалары қолданылады (Ethernet, Token Ring, FDDI және басқалары)
Желілік деңгейде Novell стегінде IPX хаттамасы және де RIP NLSP (TCP/IP стегінің OSPF хаттамасына
ұқсас) маршруттық ақпаратпен алмасу хаттамасы жұмыс істейді. IPX Novell желілерінде дестелерді
адрестеу және маршруттау сұрақтармен айналысатын хаттама болып табылады. IPX маршруттық шешімдері
оның дестесінің тақырыбындағы адрестік өрістерге, және де маршруттық ақпаратты алмасу хаттамаларынан
келіп түсетін ақпаратқа негізделген. Мысалы, IPX дестелерді беру керек компьюбтерге немесе келесі
маршрутизаторға беру үшін не болмаса RIP хаттамасы беретін, не болмаса NLSP (NetWare Link State
Protocol) хаттамасы беретін ақпаратты қолданады. Өз жұмысында IPX сондай-ақ SAP жоғарғы деңгейінің
хаттамасын да қолданады. IPX хаттамасы хабарламаларды алмасудың тек қана дейтаграммалық әдісін
қолдайды, соның есебінен есептеу ресурстарын үнемді пайдаланады. Сонымен, IPX хаттамасы үш
функцияның орындалуын қамтамасыз етеді: адресті беру, маршрутты орнату және дейтаграммаларды
тарату.
Novell стегінде OSI үлгісінің көліктік деңгейіне хабарламаларды қосылыстар орнату арқылы беруді іске
асыратын SPX хаттамасы сәйкес келеді.
Жоғарғы қолданбалы, өкілдік және сеанстық деңгейлерде NCP және SAP хаттамалары жұмыс істейді.
NCP (NetWare Core Protocol) хаттамасы NetWare серверінің және жұмысшы станцияның қабықшасының
өзара әрекеттесу хаттамасы болып табылады. Бұл қолданбалы деңгей хаттамасы клиент-сервер сәулетін OSI
үлгісінің жоғарғы деңгейінде жүзеге асырады. Осы хаттаманың функцияларының көмегімен жұмысшы
станция серверге қосылуды жүргізеді, сервер каталогтарын дискжетектерінің жергілікті әріптерінде
көрсетеді, сервердің файлдық жүйесін қарап шығады, өшірілген файлдарды көшіреді, олардың
атрибуттарын өзгертеді және т.б., және де принт-серверде қашықтықтағы баспаға шығаруды іске асырады.
NCP хаттамалары Novell желісінің түпнұсқа хаттамасы болып табылады және басқа желілерде
қолданылмайды.
2.10 сурет. - IPX/SPX хаттамалар стегі
SAP (Service Advertising Protocol) – сервис туралы жариялау хаттамасы – RIP хаттамасына концептуалды
ұқсас. SAP хаттамасы желілік құрылғыларға желіде қазіргі кезде қандай сервистік қызметтер бар екендігі
туралы деректерді тұрақты түзетіп тұруға мүмкіндік береді. Старт кезінде серверлер SAP-ты желінің қалған
бөлігін өз қызметтері туралы хабардар ету үшін қолданады. Сервер жұмысын аяқтаған кезде, ол желіні өз
қызметінің тоқтатылғандығы туралы хабардар ету үшін SAP-ты қолданады.
Novell желілерінде NetWare 3.х серверлері кеңхабарлаушы SAP дестелерін минут сайын таратады. SAP
дестелері желіні біршама дәрежеде ластайды, сондықтан жаһандық байланысқа шығатын
маршрутизаторлардың негізгі міндеттерінің бірі болып, SAP-дестелердің және RIP-дестелердің графигін
фильтрлеу табылады. IPX/SPX стегінің ерекшеліктері NeyWare ОЖ-нің ерекшеліктеріен, атап айтқанда,
оның ертеректегі нұсқаларының (4.0 дейін) жұпыны ресурстары бар дербес компьютерлерден тұратын
шағын жергілікті желілердің жұмысына бағытталғандығына байланысты. Сондықтан Novell-ге іске
асырылуы үшін оперативтік жадының ең аз мөлшерін қажет ететін (MS-DOS-тың басқаруындағы IBM-
үйлесімді компьютерлерде 640 Кбайтпен шектелген) және шағын есептеу қуаттылықтары бар
процессорларда тез жұмыс істейтін хаттамалар керек болды. Нәтижесінде IPX/SPX стегінің хаттамалары
соңғы уақытқа дейін жергілікті желілерде жақсы жұмыс істеді де, үлкен корпоративтік желілерде – онша
жақсы жұмыс істемеді, өйткені баяу жаһандық байланыстарды осы стектің бірнеше хаттамалары қарқынды
қолданатын, мыслаы клиент пен сервер арасындағы байланысты орнату үшін қолданатын кеңхабарлаушы
дестелермен тым көп жүктеді.
Бұл жағдай және де IPX/SPX стегінің Novell фирмасының меншігі болып табылатындығымен және оны
жүзеге асыру үшін одан лицензия алу керектігімен, көп уақыт бойы оның таралуын тек қана NetWare
желісімен шектеді. Дегенмен NetWare 4.0 нұсқасы шыққан сәтте Novell өз хаттамаларына оларды
корпоративтік желілерде жұмыс істеуге икемдеуге бағытталған салиқалы өзгерістер енгізді және енгізуді
жалғастыруда. Қазір IPX/SPX стегі NetWare-де ғана емес, басқа да бірнеше әйгілі желілік ОЖ-де - SCO
UNIX, Sun Solaris, Microsoft Windows NT іске асырылған.
NetBIOS/SMB стегі.
Microsoft және IBM фирмалары дербес компьютерлерге арналған желілік құралдарды жасауда бірлесіп
жұмыс істеді, сондықтан NetBIOS/SMB хаттамаларының стегі олардың бірлескен еңбегінің нәтижесі болып
табылады. NetBIOS/SMB құралдары 1984 жылы желілік сервистерді іске асыру үшін SMB (Service Message
Block) хаттамасын қолданбалы деңгейде қолданған (2.11 сурет) IBM фирмасының PC NetWork желілік
бағдарламасына арналған IBM PC базалық енгізу/шығару жүйесінің (BIOS) стандарттық функцияларын
желілік кеңейту ретінде пайда болды.
NetBIOS хаттамасы ашық жүйелердің: желілік, көліктік және сеанстық жүйелердің өзара әрекеттесу
үлгісінің үш деңгейінде жұмыс істейді. NetBIOS IPX және SPX хаттамаларына қарағанда жоғарырақ
деңгейдегі сервисті қамтамасыз ете алады, дегенмен, маршруттау қабілеті жоқ. Осылайша, NetBIOS осы
2
1
7
6
5
4
3
SAR
NCP
SPX
IPX
RIP
NLSP
Ethernet, Token Ring, FDDI, и другие
сөздің қатаң мағынасында желілік хаттама болып табылмайды. NetBIOS-те желілік, көліктік және сессиялық
деңгейге жатқызуға болатын көптеген пайдалы желілік функциялар бар, дегенмен оның көмегімен
дестелерді маршруттау мүмкін емес, өйткені NetBIOS кадрлармен алмасу хаттамасында желі сияқты түсінік
енгізілмеген. Бұл NetBIOS хаттамасын ішкі желілерге бөлінбеген жергілікті желілердің қолдануын
шектейді, бұл оның құрамдас желілерде қолданылуын мүмкін емес етеді. NetBIOS дейтаграммалық
алмасуды да, қосылыстарды орнататын алмасуды да қолдайды.
2.11. сурет. NetBIOS/SMB стегі.
OSI үлгісінің қолданбалы өкілдік деңгейлеріне сәйкес келетін SMB хаттамасы жұмысшы станцияның
сервермен өзара әрекетін реттейді. SMB функциясына келесі операциялар кіреді:
Сессияны басқару. Жұмысшы станция мен файлдық сервердің желілік ресурстарының арасындағы
логикалық арнаны жасау және үзу.
Файлдық қолжеткізу. Жұмысшы станция файл-серверге каталогтарды жасауға және өшіруге,
файлдарды жасауға, ашуға және жабуға, файлдарға оқуға және жазуға, файлдардың атын өзгертуге және
өшіруге, файлдарды іздеуге, файл атрибуттарын алуға және орнатуға, жазбаларды бұғаттауға сұраныспен
жүгіне алады.
Баспа сервисі. Жұмысшы станция файлдарды басып шығару үшін серверде кезекке қоя алады және
баспа кезегі туралы ақпаратты ала алады.
Хабарламалар сервисі. SMB келесі функциялары бар қарапайым хабарламаларды беруді қолдайды:
қарапайым хабарлама жіберу, кеңхабарлау хабарламасын жіберу, хабарлама блогының басын жіберу,
хабарлама блогының мәтінін жіберу, хабарлама блогының соңын жііберу, қолданушының атауын жіберу,
жіберуден бас тарту, машинаның атын жазу.
NetBIOS ұсынған API функциялары қолданатын қомысшалардың саны көп болғандықтан, көптеген ОЖ-
де бұл функциялар өздерінің көліктік хаттамаларына интерфейс түрінде іске асырылған. NetWare-де IPX
хаттамасының негізінде NetBIOS-тың фукнцияларын эмуляциялайтын бағдарлама бар. Windows NT және
TCP/IP стегіне арналған NetBIOS бағдарламалық эмуляторлар бар.
SNA стегі. DECnet стегі. OSI үлгісінің деңгейлеріне коммуникациялық жабдықтардың түрлерінің
функционалдық сәйкестігі.
SNA стегі.
SNA (Systems Network Architecture) – бұл үлгіні IBM мейнфреймдері базасында жасалған желілерге арнап
IBM жасап шығарған,және желінің барлық элементтерінің: компьютерлердің, терминалдардың,
концентраторлардың, жүйелік және қолданбалы бағдарламалардың арасындағы өзара әрекеттесуді
стандарттайды. SNA хаттамалары желілік хаттамаларға қойылатын негізгі заманауи талаптарды
қанағаттандырады: маршруттау құралдарының болуы, сервистің әртүрлі деңгейі, берілетін деректердің
түрлері мен тәуелсіздік, басқа желілік сәулеттермен өзара әрекеттесу мүмкіндігі. Корпоративтік желілердің
саны көптеп өсуі жергілікті желілерді мейнфрейм желілерімен біріктіру сұрақтарын өзекті еткендіктен, SNA
стегі жақын уақытта бұдан да кең таралуға ие болатындығын күтуге болады.
7
6
5
4
2
1
3
SMB
NetBIOS
Бұл үлгі OSI үлгісіне өте ұқсас: ол да атаулары ұқсас жеті деңгейден тұрады:
1.
физиклық деңгей (Physical Layer) – физикалық қосылысты қамтамасыз етеді.
2.
Деректер байланысын басқару жүйесі (Data Link Control) деректерді түйіндердің арасында береді.
Бұл деңгейде деректерді беру үшін SDLC хаттамасы қолданылады – OSI хаттамалары стегінің HDLC
хаттамасының (OSI үлгісінің арналық деңгейіне сәйкес келеді) ішкі жиынтығы болып таблатын, деректерді
синхронды беру хаттамалары.
3.
Маршрутты басқару (Path Control) – деректердің дестелерін бастауы мен жету түйіні арасында
маршруттайды (OSI үлгісінің желілік деңгейіне сәйкес келеді). Бұл хаттамада маршруттаудың
дейтаграммалық принципі қолданылады - әрбір хабарлама – бұл тәуелсіз дейтаграмма. Жол көрсетудің екі
әдісі қолданылады: анық және виртуалдық. Анық жол кезінде әрбір түйінде осы жолдардың сипаттамасы
бар маршруттар кестесі жасалады. Анық жолдар динамикалық өзгере алмайды. Виртуалдық жол (логикалық
қосылыс) анық жолдың үстіне салынған қосмша болып табылады және жұп түрінде болады – анық жол және
беру басымдығы (ол сервистің сапасын анықтайды). Әртүрлі виртуалдық жолдарға бір анық жол сәйкес келе
алады.
4.
Беруді басқару (transmission Control) – деректерді алмасу жылдамдығын келістіреді (OSI үлгісінің
көліктік деңгейіне сәйкес келеді)
5.
Деректер ағынын басқару (Data Flow Control) – деректерді алмасуды синхрондайды (OSI үлгісінің
көліктік деңгейіне сәйкес келеді)
6.
Көрсету қызметі (Presentation Services) – деректерді форматтайды (OSI үлгісінің өкілдік деңгейіне
сәйкес келеді)
7.
Транзакция қызметі (Transaction Services) - құжаттарды алмасуды және таратылған деректер
қорына қол жеткізуді басқарады (OSI үлгісінің сессиялық деңгейіне сәйкес келеді)
SNA желісінде логиклық құрылғылардың арасында өзара әрекеттесу жүреді (Logical Unit - LU):
логикалық құрылғылар соңғы қолданушыларды (бұл жағдайда олар IBM 3270 терминалымен көрсетілген)
немесе қолданбалы бағлардамаларды көрсете алады. Соңғы қолданушылар арасындағы байланыс LU-LU
сеансы деп аталатын сәйкес логикалық құрылғылар арасындағы логикалық байланыс арқылы іске асады.
Желі арқылы өзара әрекеттесуді LU-LU сеансы орнағаннан кейін ғана, және өзара әрекеттесуге қатысатын
логикалық құрылғылардың типі анықтайтын хаттамалар бойынша ғана іске аса алады. Мысалы, LU1
құрылғысы арқылы қолданбалы бағдарламадан қарапайым принтерге және жазу машинкасы түріндегі
терминал пернетақтасына, LU2 және LU3 құрылғылары арқылы – дисплейлерге және сәйкесінше IBM 3270
деректер ағыны бар дисплейлік кешендердің принтеріне қол жеткізуге болады. LU 6.2. түріндегі логикалық
құрылғылар арқылы қолданбалы бағдарламалар арасындағы өзара әрекеттесу жүреді.
SNA стегінде Logical Unit Type 6.2 Advanced Program-to-Program Communications (APPC немесе SNA LU
6.2) деп аталатын LU 6.2 түріндегі екі құрылғылардың арасындағы өзара әрекеттесу хатамасы OSI үлгісінің
желілік деңгейінің хаттамасының ролін атқарады – ол гетерогендік желілерде деректерді беруді
ұйымдастырады.
АРРС хаттамасы Subarea SNA деп аталатын IBM компаниясының желілік сәулетінің бірінші буынына
жатады. Ол туралы 1974 жылы жарияланған болатын. Subarea SNA сәулетіне сәйкес, желінің негізгі
концентраты мейнфрейм болған, онда Virtual Telecommunications Access Method (VTAM) бағдарламалық
қамтамасыздауы жұмыс істеген. Мейнфрейм желідегі барлық коммуникациялардың орнатылуы үшін жауап
берген. SNA желілік сәулетінің екінші буыны болып APPN – Advanced Peer to Peer Networking сәулеті
табылады, ол IBM компаниясының желі аралық өзара әрекеттесуінің стратегиясының негізгі компоненті
болып табылады.
APPN сәулеті SNA-ны оларда орта кластағы компьютерлер бір рангтік әрекет етуді қажет ететін
мейнфреймдері жоқ есептеу орталарына арнап кеңейту үшін жасалған.
APPN-нің қосылыстары бір рангтік болып табылады және кез-келген соңғы қолданушыға, осы процеске
мейнфреймді қоспай кез-келген екінші соңғы қолданушымен жалғасуды бастауға мүмкіндік береді.
APPN желілік әкімшілеуді анықтамалық және маршруттық ақпаратты динамикалық жасаудың есебінен
жеңілдетеді. APPN SNA сессиясының трафигіне басымдық беруді қамтамасыз ететін қызмет ету класын
(Class of Service, COS) енгізеді, ол сервистің қазіргі кезде бар кластарын олрдың соңғы түйіндердің деңгейін
дейін кеңейту жолымен және бөлешектеудің үлкен дәрежесін қамтамасыз ету жолымен жақсартады.
APPN желісі арқылы Dependent LU Requester (DLUR) көмегімен SNA –трафикті беруге болады.
APPN-ді келесі жағдайларда қолдану ұсынылады:
-
соңғы қолданушы басымдық беру ретін жеткіліксіз бөлшектеп анықтаған жағдайда, мысалы ол
басымдығы төмен қосымшаларды да, басымдығы жоғары қосымшаларды да орындағанда;
-
SNA-трафик трафиктің негізгі бөлігін құрағанда, ал желінің инфрақұрылымы және қызмет
көрсетуші қызметкерлердің тәжірибесі негізінен SNA сәулетіне сәйкес келгенде;
-
AS/400 немесе OS/2 сияқты таратылған платформаларға арналған клиент-сервер сәулетінде LU6.2
қосымшалары көп болғанда;
-
Мейнфрейм арқылы өтпейтін, SNA-трафиктің бір рангтік маршрутталуы қажет болғанда.
SNA трафигі мен NetBIOS–ты TCP/IP (RFC-1434) және frame relay (RFC-1490) дестелеріне
инкапсуляциялау әдістерін анықтайтын екі стандарттар бар. SNA-ны TCP/IP-ге инкапсуляциялау әдісі Data
Link Switching (DLSw) деп аталады. Бұл хаттамалардың көмегімен SNA трафигі корпоративтік желінің
магистралдарының бойымен ауыса алады.
Достарыңызбен бөлісу: |