Дәрістік сабақтардың конспектілері Дәріс. №1. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата15.03.2017
өлшемі1,58 Mb.
#9557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

DECnet стегі.  

Digital  Equipment  корпорациясы  хаттамалардың  меншік  стегін  –  DECnet-ті  қолдайды,  ол  физикалықтан 

бастап  қолданбалыға  дейінгі  барлық  деңгейлердің  сервисінен  тұрады.  DECnet  хаттамасының  стегінің  бес 

фазасы (Phases) немесе нұсқалары бар. Корпоративтік желілерде қолдану үшін ең қолайлы болып Phase IV 

және Phase V нұсқалары табылады.  

DECnet  Phase  IV  стегін  Digital  Equipment  корпорациясы  1982  жылы  OSI  стандарттық  үлгісіне  сәйкес 

келмеген  меншік  көпдеңгейлі  тәсілді  қолданып  жасап  шығарған.  Барлық  жерде  қолданылатын  Ethernet 

типіндегі хаттаманы төменгі деңгейде қолдай отырып, бұл стек негізінен меншік, фирмалық хаттамалардан 

тұрған және көбінесе VAX компьютерлерінде қолдануға бағытталған.  

1987  жылы  Digital  корпорациясы  Phase  V  стегін  жариялады  және  оны  Advantage  –  Networks  деп  атады 

(стектің  алғашқы  өнімдері  тек  1991  жылы  пайда  болды).  Оны  жариялау  кезінде  қолданушыларға 

көпхаттамалы  желіні  жасауға  және  оны  басқаруға  көмектесуге  ұмтылу  ерекше  атап  өтілді.  Бұл  стектің 

ерекшелігі  болып,  оның  Phase  IV-те  іске  асырылған  DECnet  меншік  стегімен  қатар,  TCP/IP  және  OSI 

стектерінің хаттамаларын біруақытта қолдануға мүмкіндік беретіндігі табылады.  

Phase  V  стегі  қосымша  стандартты  хаттамаларды  қосудың  есебінен  Phase  IV  стегін  дамыту  ғана  болып 

табылмайды.  Ол  OSI  үлгісіне  сәйкес  толығымен  қайта  жазылған,  сондықтан  хаттамалар  модульді  жұмыс 

істей  алады.  TCP/IP  және  OSI  хаттамаларымен  өзара  әрекеттесуден  басқа,  ол  сондай-ақ  атаулардың 

таратылған  қызметін  және  желіні  таратылған  басқаруды  қоса  алғанда,  корпоративтік  желіде  өте  қажет 

дамыған сервистерді ұсынады.  

 

Беттері көрсетілген негізгі әдебиет 

1. [с.52-54] 

2. [с.83-85] 

3. [с.66-73] 

4. [с.54-57. 267-274]  

5.[с.85-87, 109-178] 

 

Беттері көрсетілген қосымша әдебиет 

1. [с.187-216] 



Бақылау сұрақтары 

1.

 



ТСР/ІР стегі деген не? 

2.

 



ТСР/ІР-дің кең таралуының ерекшелігі неде? 

3.

 



ТСР/Ір хаттамаларының құрылымын келтіріңіз? 

4.

 



ТСР/ІР стегінің әрбір деңгейінің хаттамаларын сипаттаңыз? 

5.

 



IPX/SPX стегін сипаттап беріңдер. 

6.

 



IPX/SPX  хаттамалар  стегінің  әрбір  деңгейінде  жүзеге  асырылған  хаттамаларды  атап 

беріңіздер. 

7.

 

NetBIOS/SMB стегі нені білдіреді? 



8.

 

NetBIOS/SMB  хаттамалар  стегінің  әрбір  деңгейінде  жүзеге  асырылған  хаттамаларды 



атап беріңіздер. 

9.

 



SNA стегі нені білдіреді? 

10.


 

SNA үлгісінде қандай деңгейлер жүзеге асырылады? 

11.

 

APPC деген не? 



12.

 

APPN деген не? 



13.

 

DECnet стегі нені білдіреді? 



 

6 дәріс.  3.  Тақырып. Компьютерлік тораптардың аппараттық құралдары 

1.  Коммуникациялық құралдардың қазіргі компьютерлік тораптардағы ролі.  

2. Коммуникациялық құралдардың негізгі түрлерінің функциональды аттары, байланыс 

желілері,  тораптық  адаптерлер,  қайталағыштар  мен  конденсаторлар,  көпірлер  мен 

конденсаторлар, маршрутизаторлар, шлюздар.  

3. Коммуникациялық құралдардың OSI модель деңгейіне функциональды сай келуі.



 

 

Желілік  адаптерлердің,  қайталаушылардың,  көпірлер  мен  маршруттаушылардың  арасындағы 



айырмашылықты түсінудің ең жақсы әдісі болып, олардың жұмысын OSI үлгісінің терминлерінде қарастыру 

 

Шлюз 

 

 



 



 

 



 



 

Маршрутизатор  



 



 



көпір/коммутатор/желілік адаптер



 

 



 



 

 



 



 



 

 



 



 





қайталаушы

 



физикалық

 

сегменты 



логикалық

 

сегменты 



желілер

 

(подсети) 



Интернет 

OSI 


үлгісінің 

деңгейлер

і

 

қолданбалы



 

сеанстық

 

көліктік 

 

желілік 

   

 

арналық

 

физикалық

 

табылады.  Бұл  құрылғылардың  фукнциялары  мен  OSI  үлгісінің  деңгейлерінің  арасындағы  арақатыс  3.1 

суретте көрсетілген.  

Сигналдарды  регенерациялаушы,  және  соның  есебінен  желінің  ұзындығын  көбейтуге  мүмкіндік  беретін 

қайталаушы, тек қана физикалық деңгейде жұмыс істейді.  

Желілік  адаптер  физикалық  және  арналық  деңгейде  жұмыс  істейді.  Физикалық  деңгейге  байланыс 

линиясы бойымен сигналдарды қабылдау және беруге байланысты адаптер функциясының бөлігі жатады, ал 

берудің  бөлінетін  ортасына  рұқсат  алу,  компьютердің  МАС-адресін  тану  –  бұл  арналық  деңгейдің 

функциясы.  

Көпірлер  арналық  деңгейде  өз  жұмысының  көп  бөлігін  орындайды.  Олар  үшін  желі  құрылғылардың 

МАС-адрестерінің жинағымен көрсетіледі. Олар арналық деңгейде дестелерге қосылған тақырыптардан осы 

адрестерді алып шығады және оларды қандай-да бір дестені қандай портқа жіберу керектігі туралы шешім 

қабылдау  үшін  дестелерді  өңдеу    кезінде  қолданады.  Жоғарырақ  деңгейге  қатысты  желі  адрестері  туралы 

ақпаратқа көпірлерде рұқсат жоқ. Сондықтан олар желі бойымен дестелерді жылжытудың мүмкін жолдары 

немесе маршруттары туралы шешім қабылдауда шектелген.  

Маршруттаушылар OSI үлгісінің желілік деңгейінде жұмыс істейді. Маршруттаушылар үшін желі  – бұл 

құрылғылардың  желілік  адрестерінің  жинағы  және  желілік  жолдардың  жиынтығы.  Маршруттаушылар 

желінің кез-келген екі түйіндерінің арасындағы барлық болуы мүмкін жолдарды сараптайды және олардың 

ішінен ең қысқасын таңдайды. Таңдау кезінде назарға басқа факторлар да алынуы мүмкін, мысалы, аралық 

түйіндер  мен  байланыс  линияларының  жағдайлары,  линияның  өткізгіштік  қабілеті  немесе  деректерді 

берудің бағасы.  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1. сурет OSІ үлгісіне коммуникациялық жабдықтардың функцияларының сәйкестігі 

 

Маршруттаушы  өзіне  жүктелген  функцияларды  орындай  алуы  үшін  оған  көпірге  рұқсат  етілгенге 



қарағанда, желі туралы көбірек ақпарат қолжетімді болуы керек. Желілік деңгейдегі дестенің тақырыбында 

желілік адрестен басқа, мысалы, маршрутты таңдау кезінде қолданылуы керек критерийлер туралы, дестенің 

өмірінің уақыты туралы, дестенің қандай жоғарғы деңгейдегі хаттамаға тиісті екендігі туралы деректер бар.  

Қосымша  ақпаратты  қолданудың  арқасында,  маршруттаушы  көпірге  қарағанда  дестелермен  көбірек 

операциялар жасай алады.  

3.1  суретте  коммутациялық  құрылғылардың  тағы  бір  түрі  –  шлюз  көрсетілген  –  ол  OSI  үлгісінің  кез-

келген  деңгейінде  жұмыс  істей  алады.  Шлюз  (gateway)  –  хаттамалардың  трансляциясын  орындайтын 

құрылғы.  Шлюз  өзара  әрекеттесуші  желілердің  арасында  орналасады  және  бір  желіден  келіп  түскен 

хабарламаларды  екінші  желінің  форматына  аударатын  делдал  ретінде  қызмет  етеді.  Хаттамалардың  бір 

стегін  екіншіге  трансляциялау    желі  туралы  барынша  толық  ақпаратты  талап  ететін  күрделі 

интеллектуалдық  міндет  болып  табылады,  сондықтан  шлюз  барлық  трансляцияланатын  хаттамалардың 

тақырыптарын қолданады.  

 

Беттері көрсетілген негізгі әдебиет 

1.

 



[с.54-57. 267-274]  

2.

 



[с.85-87, 109-178] 

Бақылау сұрақтары: 

1.

 



Коммуникациялық құралдардың қазіргі компьютерлік тораптардағы ролі қандай. 

2.

 

Коммуникациялық құралдардың негізгі түрлерінің функцинальды аттары қандай. 



3.

 

Байланыс желілері дегеніміз не. 



4.

 

Тораптық адаптерлер дегеніміз не. 



5.

 

Қайталағыштар мен конденсаторлар дегеніміз не. 



6.

 

Көпірлер мен конденсаторлар дегеніміз не. 



7.

 

Маршрутизаторлар дегеніміз не. 



8.

 

Шлюздер дегеніміз не. 



9.

 

OSI үлгілерінің желілер деңгейлерінің коммуникациялық жабдықтарымен сәйкестігін анықтаңдар. 



 

 

4. Тақырып. Локальды тораптарды құру және қолдану технологиялары. 



 

7. Дәріс. Локальды тораптарды құру.  

1. Локальды тораптарды құру мақсатында активті және пассивті құралдары таңдау.  

2. Серверге, жұмыс станциясына және торапқа жалпы қойылатын талаптар.  

3.  Ethernet  технологиясы.  CSMA/CD  қатынас  құруды  әдісі.  Ethernet  кадр 

форматтарының сипаттамасы.  

4. 10Base – 5, - 2, - T, -F стандарттары. 



 

Ethernet 

Қазіргі  кезде  беріліс  жылдамдығы  10  Мбит/с  шамасына  дейін  жететін  салыстырмалы  түрде  аса  көлемді 

емес  компьютерлік  желілердің  ішінен  Ethernet  желісі  өте  кең  тараған.  Бұл  желі  әртүрлі  мекемелік  (соның 

ішінде банктік және кеңселік мекемелер) жұмыстық бекеттерді жергілікті желіге қосу үшін арналған. Желі 

құнының  төмендігімен,  орнату  және  пайдаланудың  қарапайымдылылығы  мен  сипатталады.  Берілген  желі 

түрі  бағдарламалық  және  аппараттық  құралдардың  айтарлықтай  ауқымды  түрлері  әрекет  етеді.  Ethernet 

желісін  пайдалану  барысындағы  нәтижелі  іс  тәжірибелер  аталмыш  желіні  баршаға  ортақ,  берілісті 

бақылайтын  және  қақтығыстарды  айқындайтын  магистралдық  желілер  үшін  арналған  IEEE  802.3 

стандартын әзірлеуге негіз етіп алуға мүмкіндік берді.  

IEEE  802.3  стандарты  арқылы  физикалық  орта  ретінде  коаксильды  кабельдің  екі  түрлі,  өткізгіштердің 

жұбы және оптоталшықты кабельді анықтады. Сәйкесінше, берілісті ортаның төрт түрлі спецификациясын 

ажыратады: 10BASE5, 10BASE2, 10BASE-T және 10BASE-F. Ең алғашқы болып орталық мыс өткізгішінің 

диаметрі  2,17мм  жуан  коаксиальды  кабельді  пайдалану  қажеттігін  анықтайтын  10BASE5  спецификациясы 

пайда  болды.  10BASE2  спецификациясы  орталық  өткізгіш  диаметрі  0,89мм  жұқа  коаксиальды  кабельді 

пайдалану тиімділігін анықтайды.  

10BASE5  және  10BASE2  жүйелеріне  кіретін  кабельдердің  негізгі  электрлік  және  механикалық 

сипаттамалары  2.2.  кестеде  келтірілген.  Кабельдің  сипттамалары  желінің  қайталамасыз  кабель  бойымен 

тарату ұзақтығы, бір сегментке қосылатын бекеттердің максимал саны секілді параметрлеріне ықпал ететіні 

анық.  Аталмыш  түрдегі  кабельдер  базасында  желілерді  бір  бірінен  ажырату  үшін,  бірінші  мысалда  жуан 

Ethernet желісі туралы, ал екінші мысалда жіңішке Ethernet желісі турасында әңгіме өрбіген болатын.   



2.2 кесте – Ethernet параметрлері. 

Параметрлер 

RG-11 

RG-58 

Хабар берудің жылдамдығы , Мбит/с. 

10 

10 


Толқынды кедергі, ОМ 

50 


50 

Сегмент кабелінде жиіліктің өшуі. 10 МГц, ДБ (ДБ/км) 

8,5 (18) 

8,5 (18) 

Сигналдың таралуының қажетті жылдамдығы , с=3*10

5

 км/ч 



0,77 

0,65 


Өткізгіштің орталық диаметрі, мм 

2,17+-0,013 

0,89+-0,05 

Экран диаметрі, мм  

ішкі  

сыртқы  


 

6.15 


8,28+-0,178 

 

2,95+-0,15 



Қабықшаның сыртқы диаметрі, мм 

поливинилхлоридтан 

флуорополимерден 

 

10,297 



9,525 

 

4,9 



4,8 

 

10BASE5 жүйесінде магистралды кабель ретінде RG-11 кабелі пайдаланылады. Ал 10BASE2 жүйесі үшін 



көп  жағдайда  RG-58A/U  пайдаланылады.  RG-11  кабелі  өте  жоғарғы  сенімділікпен,  кедергіге  қарсы 

қорғанысының жоғарылығымен сипатталады, алайда оның құны RG-58A/U кабелінің құнынан айтарлықтай 

жоғары.  

10BASE5 және 10BASE2 жүйелеріндегі желілерді де қайталамасыз кабельдің бойымен беріліс ұзақтығы 

(сегменттің  ұзындығы),  бекеттердің  максимал  саны  және  олардың  коаксиальды  кабельге  қосылу  тәртібі 

бойынша  жіктейді.  Сонымен  сегменттің  максимал  ұзындығы,  яғни  желі  бөлімдерінің  қосымша 



күшейткіштерінсіз-ақ 10BASE5 жүйесі үшін 500м құрайды. Сегментке 100-ге дейінгі станцияларды қосуға 

рұқсат  етіледі.  Сегменттің  соңында  коаксиалдық  кабельдің  ұшында  кері  қайтарылған  толқын  эффектінің 

туындауын  болдырмайтын  терминаторлар  орналасадаы.  Терминатор  коаксиалдық  кабель  сияқты  50  Ом 

толқындық кедергіге ие. Беруші ортаға станцияны қосу үшін арнайы қабылдаушы-беруші (трансивер) және 

адаптер  қолданылады.  Трансивер  кабельден  келіп  түсетін  электрлік  сигналдарды  қабылдауды  және 

күшейтуді  және  оларды  кері  қарай  коаксиалдық  кабельге  және  желілік  адаптерге  беруді  қамтамасыз  етіп, 

ортамен  байланыс  модулінің  қызметін  орындайды.  Желінің  сенімділігін  жоғарылату  үшін  трансиверде 

электрлік  тізбектерді  гальваникалық  шешу  жүргізіледі.  Өткізгіштердің  төрт  жұбынан  тұратын  арнайы 

кабельдің  және  DB-15  ажыратқысының  көмегімен  трансивер  жұмысшы  станцияның  ішіне  орнатылған 

желілік  адаптермен  байланысқан.  Өткізгіштердің  алғашқы  жұбы  сигналдарды  адаптерге  жіберу  үшін, 

екіншісі  –  қабылдау  үшін  қолданылады.  Өткізгіштердің  үшінші  жұбы  кадрлардың  соғылысуын 

индикациялау үшін, ал соңғысы – трансиверге қоректі беру үшін қолданылады.  

Адаптер мен трансивердің арасындағы интерфейстік кабельдің ұзындығы 50 метрге дейін жетеді. Бұл бір 

бөлмеден  екіншісіне  әдетте  арнайы  монтаждық  қораптарда  салынатын  негізгі  кабельді  қозғамастан, 

станцияның  орналасқан  жерін  үлкен  шектерде  ауыстыруға  мүмкіндік  береді.  Бөлменің  ішінде  көбінесе 

транссиверлік  кабель  қолданылады.  Интерфейстік  кабельдің  адаптерге  қосылуы  AUI  интерфейсінің  және 

стандарттық 15-жанаспалы DB-15-ның көмегімен іске асырылады.  

10BASE2 жүйесінің желілері үшін сегменттің барынша көп ұзындығы 185 метрді құрайды, бірақ желілік 

адаптерлердің кейбір түрлері үшін бұл параметрді 200-ге дейін көбейтуге рұқсат етіледі.  

Сегментке  қосылатын  станциялардың  барынша  көп  саны  30-дан  артық  болмауы  тиіс.  Станцияның 

қосылуы 50 Ом толқындық кедергісі бар T-BNC-коннекторлардың көмегімен іске асады. 

Т-коннектор  бір  жағымен  желілік  адаптерге  қосылатын,  ал  екнші  жағымен  BNC-коннектор  арқылы 

коаксиалдық кабельге қосылатын шағын үштік болып табылады.  

BNC-коннекторлар коаксиалдық кабельге жабыстыру, қысу немесе бұрау жолымен қосылады. Соңғы екі 

жағдайда  арнайы  монтаждық  аспап  қолданылады.  Аяқталған  жұмысшы  станциясының  еркін  ұшында 

кабельдің  толқындық  кедергісіне  тең  толқындық  кедергісі  бар  шағын  бітеме  болып  табылатын  арнайы 

терминатор орналасуы тиіс.  

Терминатор коаксиалдық кабельдің ұштарындағы сигналдарды жұту үшін және кері қайтарылған толқын 

эффектін болдырмау үшін қолданылады. Терминаторлардың бірі жерге ұластырылған болуы тиіс. Әйтпесе 

желі тұрақсыз жұмыс істейтін болады.  

10BASE2 желісіне арналған желілік адаптер бірге орнатылған кабылдаушы-берушінің болуын болжайды. 

Желілік  адаптерлердің  көпшілігінде  бірегейлендіру  мақсатында  сәйкес  ажыратқылары  бар  және  10BASE2 

желісінде,  10BASE5 желісінде де қолданыла  алатындығын айта  кету  керек.  Адаптерлер автономдық түрде 

жасалуы  мүмкін  және  компьютерге  RS-232С  интерфейсінің  көмегімен  қосыла  алады  және  компьютердің 

жүйелік шинасына бірге орнатыла алады. Ethernet автономдық адаптерлері бірге орнатылатын адаптерлерге 

қарағанда біршама қымбат тұрады және әдетте адаптерді компьютердің ішіне орналастыру мүмкін болмаған 

жағдайда қолданылады.  

Жалпы алғанда, салыстырмалы арзан кабельді қолданудың және трансиверлердің болмауының  есебінен 

Ethernet 10BASE2 желісінің бағасы Ethernet 10BASE5 желісімен салыстырғанда төмен болып табылады.  

Арнайы қайталағыштарды қолданып желінің бесеуге дейінгі сегменттерін өзара біріктіруге болады. Бұл 

жағдайда  Ethernet  10BASE5  желісінің  барынша  көп  ұзындығы  2,5  шақырымды  құрайды,  ал  Ethernet 

10BASE2  желісінің  барынша  көп  ұзындығы  –  1  шақырым.  Репитерлер  әртүрлі  конфигурациядағы  – 

сызықтық немесе тармақталған желілерді құрай отырып, сегменттің еркін бөлігінде орналаса алады.  

Бұдан басқа, қайталаушылар желілерді қалың және жіңішке кабельдермен біріктіруге мүмкіндік береді. 

Қазіргі кезде бірнеше сегменттерді жұлдыз тәріздес құрылым түрінде біріктіруге мүмкндік беретін көптеген 

порттық  қайталаушылар  пайда  болды.  Осылайша,  қайталаушылардың  көмегімен  жергілікті  компьютерлік 

желінің топологиясы іске асырыла алады. Бұл кезде “5-4-3” деп аталатын ережені сақтау қажет. Осы ережеге 

сәйкес  желінің  бестен  артық  емес  сегменттерін  өзара  біріктіруге  болады,  бұл  үшін  төрт  қайталаушы 

қолданылады. Үш сандары бес сегменттің үшеуіне желінің түйіндері қосыла алатындығын көрсетеді.  

Желілік  құралдардың  және  ең  алдымен  адаптерлердің  жетілдірілуі  жергілікті  компьютерлік  желілердің 

беруші ортасы ретінде өткізгіштердің есулі қоссымын кеңінен қолдануға мүмкіндік берді.  

Мысалы, Ethernet желісінің шеңберінде және сәйкесінше ІЕЕЕ 802,3 стандартында беруші орта ретінде 3 

санаттағы  өткізгіштердің  есулі  қоссымын  және  ұзындығы  100  метрге  дейінгі  кабельді  қолдануды 

анықтайтын  10BASE-Т  спецификациясы  жасап  шығарылды.  Желінің  негізгі  құрылымдық  элементі  болып 

жұмысшы станциялар радиалдық түрде қосылатын концентратор (HUB) табылады.  

Бірнеше концентраторларды қолдана отырып, біршама күрделі конфигурациялы желіні жасауға болады. 

Өткізгіштердің  есулі  қоссымын  концентратормен  және  желілік  адаптермен  қосу  үшін  стндарттық  RJ45 

телефондық  ажыратқылар  қолданылады.  Өзінің  құрылымы  және  қызметтік  сипаттамалары  бойынша 

станцияның адаптері коаксиалдық кабельге арналған  адаптерлермен үйлесімді. Осыған байланысты қазіргі 

кезде  бірегейлендіру  мақсатында  көбінесе  DB-15,  BNC  және  RJ-45  ажыратқыларымен  жабдықталған 

Ethernet 10BASE5/2/Т әмбебап желілік адаптерлері шығарылады.  

Ethernet  желілерінің  тиімділігін  ары  қарай  жоғарылату  әдеттегі  концентраторлардан  айырмашылығы 

желінің сегменттерін дестелерді коммутациялау интерфейсі арқылы бірге байланыстырылған жеке желілер 


ретінде  қарастыруға  мүмкіндік  беретін  коммутациялаушы  концентраторлардың  қолданылуымен 

байланыстырылады.  Коммутациялаушы  концентратор  әрбір  қосылатын  портқа:  қабылданатын  және 

жіберілетін  дестелерге  арналған  екі  буфермен  жабдықталған.  Осының  арқасында  коммутациялаушы 

концентратор  абоненттердің  әртүрлі  жұптарының  арасында  біруақытта  дестелерді  қабылдай  және  жібере 

отырып,  дестелерді  коммутациялау  түйініне  ұқсас  жұмыс  істейді.  Бұл  өнімділікті  жоғарылатумен  қатар, 

дестелердің соқтығысуын болдырмауға мүмкіндік береді. Мұндай технологияны қолданатын компьютерлік 

желілер Switch Ethernet атауын алған.  

Сондай-ақ Ethernet желісінің жаңа технологиялық даму бағыты болып, 10 Мбит/с беру жылдамдығы бар  

Ethernet  10BASE-F  оптоталшықты  желісі  табылады.  Беруші  орта  ретінде  50-  немесе  100-микронды 

оптоталшықты кабель қолданылады. Бір сәуленің (сегменттің) барынша көп ұзындығы 2100 метрді құрайды.  

  

 

10Base – 5 стандарты 



Кабель  барлық станцияларға  арналған моноарна ретінде  қолданылады.  Кабельдің  сегментінің барынша 

көп  ұзындығы  500  метр  (қайталаушылары  жоқ)  және  ұштарында  кабель  бойымен  таралатын  сигналдарды 

жұтатын  және  кері  қайтарылған  сигналдардың  туындауына  кедергі  жасайтын  кедергісі  50  Ом  келісуші 

терминаторлар  болуы  тиіс.  Терминаторлар  (“бітемелер”)  болмаған  жағдайда  кабельде  тұрып  қалған 

толқындар пайда  болады, сондықтан  бір түйіндер қуатты  сигналдарды алады,  ал  басқалары  –  қабылдануы 

мүмкін болмайтындай әлсіз сигналдарды алады.  

Станция  кабельге  қабылдаушы-берушінің  –  трансивердің (transmitter + receiver =  transceiver) көмегімен 

қосылуы тиіс. Трансивер тікелей кабельде орнатылады және компьютердің желілік адаптерінен қоректенеді. 

Трансивер желілік адаптермен ұзындығы 50 метрге дейінгі, 4 есулі қоссымнан тұратын AUI (Attachment Unit 

Interface) интерфейстік кабелімен қосылады.  

AUI  интерфейсіне  қосылу  үшін  DB-15  ажыратқысы  қолданылады.  Бір  сегменті  100-ден  артық  емес 

трансиверлердің  қосылуына  рұқсат  етіледі,  бұл  кезде  трансивермен  қосылулардың  арақашықтығы  2,5 

метрден кем болмауы тиіс, бұл трансиверлердің қосылу нүктелерін білдіреді.  

Трансивер дегеніміз – келесі қызметтерді орындайтын желілік адаптердің бөлігі.  

-

 

деректерді кабельден кабельге беру және қабылдау 



-

 

кабельдегі коллизияларды анықтау        



-

 

кабельдің және адаптердің қалған бөліктерінің арасындағы электрлік шешілу 



-

 

адаптердің дұрыс емес жұмысынан кабельді қорғау 



10Base-5  стандарты  желіде  арнайы  құрылғының  –  қайталаушының  (repeator)  қолданылу  мүмкіндігін 

анықтайды. Қайталаушы кабельдің бірнеше сегменттерін бір желіге біріктіру, және сонымен желінің жалпы 

ұзындығын  көбейту  үшін  қызмет  етеді.  Қайталаушы  кабельдің  бір  сегментінен  сигналдарды  қабылдайды 

және  импульстардың  формасы  мен  қуаттылығын  жақсарта  отырып,  және  де  импульстерді  синхрондай 

отырып,  оларды  басқа  сегментте  бит  бойынша  синхронды  қайталайды.  Қайталаушы  кабель  сегменттеріне 

жалғасатын екі (немесе бірнеше) трансиверлерден, және де өзінің такттік генераторы бар қайталау блогынан 

тұрады.  

Стандарт желіде 4-тен артық емес қайталаушыларды, сәйкесінше 5-тен артық емес кабель сегменттерін 

қолдануға  рұқсат  етеді.  Кабель  сегментінің  барынша  көп  ұзындығы  500  м  болған  кезде  бұл  10Base-5 

желісінің  барынша  ұзындығын  -  2500  м  береді.  5  сегменттің  3-уі  ғана  жүктелген,  яғни  соңғы  түйіндер 

қосылған болуы  мүмкін. Ethernet   10Base-5 желісіндегі қайталаушыларды  қолдану ережесі  “5-4-3 ережесі” 

деген  атауға  ие  болған:  5  сегмент,  4  қайталаушы,  3  жүктелген  сегменттер.  Қайталаушылардың  шектелген 

саны  олар  енгізетін  сигналдардың  таралуының  қосымша  бөгелуімен  түсіндіріледі.  Қайталаушыларды 

қолдану коллизияларды сенімді тану үшін ең аз ұзындықтағы, яғни 72 байт немесе 576 биттегі кадрды беру 

уақытынан аспауы тиіс сигналдың қос таралу уақытын көбейтеді.  

Әрбір қайталаушы сегментке өзінің бір трансиверімен қосылады, сондықтан жүктелген сегментке 99-дан 

артық емес түйіндерді қосуға болады. 10Base-5 желісіндегі соңғы түйіндердің барынша көп саны осылайша 

99*3=297 түйінді құрайды.  

10Base-5 стандартының жетістіктеріне жатады:  

-

 



кабельдің сыртқы әсерлерден жақсы қорғалғандығы;  

-

 



түйіндердің арасындағы салыстырмалы үлкен қашықтық;  

-

 



AUI  кабельінің  ұзындығы  шегінде  жұмысшы  станцияның  қарапайым  орын  ауыстыру 

мүмкіндігі;  

10Base-5-тің кемшіліктері болып табылады:     

-

 



кабельдің жоғары бағасы;  

-

 



оның қаттылығының салдарынан оны салудың қиындығы;  

-

 



кабельді бітеу үшін арнайы аспаптың қажеттілігі;  

-

 



кабель  зақымдалған  кезде  немесе  нашар  қосылыс  болған  кезде  барлық  желінің  жұмысының 

тоқтауы;  

-

 

кабельді  орнатудың  барлық  мүмкін  жерлеріне  кабельді  жеткізуді  алдын  ала  қарастыру 



қажеттілігі.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет