3.
Келесі оқыту түріне деңгейлеп оқыту технологиясы аталады. Бұл
оқыту түрі 1998 оқу жылынан қазақ ғалымдарынан Ж.Қараев қарастырып,
теориялық негіздемесін беріп енгізген [3]. Мұнда білім беру деңгейлі
тапсырма түрлерін орындату арқылы жүзеге асады. Осыған байланысты ғалым
Ж.Қараев деңгейдің 4 түрін сипаттап көрсетеді:
репродуктивтік деңгей – тапсырма жалпы білім негізінде,
оқушылардың бастапқы білімін тексеру үшін оқулық аясында құрастырылып,
белгіленеді.
алгоритмдік деңгей – тапсырманың мұғалімнің түсіндірген мәліметі
негізінде орындалуы.
эвристикалық деңгей – оқушының өздігінен ізденіп, қосымша
еңбектерді пайдалану арқылы тарпсырманы орындап, жауап беруі. Оқушының
ой ұтқырлығы танылады.
шығармашылық деңгей – оқушының білім игеру дағдысының
қалыптасқанын аңғартатын, өзіндік танымдық қабілетінің нәтижесін
көрсететін тапсырмалар жүйесінің ұтқырлықпен орындалуы.
Көрсетілген білім игерту немесе тексеру деңгейлері деңгейлеп оқыту
технологиясының ішкі мазмұны болып табылады. Аталған технолгияда
қолданылған әдістер арқылы оқушының өзіндік жұмыс істеу (талдау жасау,
тұжырым беру) дағдысы, ойлау қабілеті, ізденуге қызығушылығы
қалыптасады. Сонымен бірге әр оқушының жалпы ойлау қабілеті танылады.
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
175
Бұл – мұғалім үшін кейін жұмыс орындатуда, білімді бағалауда, тапсырма
жүйесін белгілеуде маңызды болып табылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы кейде саралап оқыту түрі деп те
аталады.
Қарастырылған педагогикалық технолгия түрлерінен бөлек жобалап
оқыту технологиясы да бар. Мұнда жоғары сынып оқушыларын ғылыми
бағытта
білімдендіру
жұмысы
жүргізіледі.
Оқушылардың
ғылыми
көзқарастарын қалыптастыру мақсаты мен сол мақсатты жүзеге асыратын
ғылыми талдау жасату, ғылыми тұжырым бере білу, ғылыми нәтиже көрсету
міндеттері көзделеді.
Жинақтай келгенде, қай оқыту түрі болсын оқушыға білім түрін
нәтижелі меңгерту мақсатын көздейді.
КӨЗДЕРІ МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Жұмабаева Ә.Е., Әбдірахманова Қ.Ж. Қазақ тілі. Алматы: Атамұра.
2009. – 87 б.
2.
Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. Оқу құралы.
Жазушы, 2004. – 133 б.
3.
Бөрібекова Ф.Б.,Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық
технологиялар. – Алматы: 2014 жыл. – 205 б.
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
176
ӘОЖ 81’27
Маржан Ахметова
(Астана, Қазақстан)
ҚАЗНЕТТЕГІ БІРТІЛДІ, ҚОСТІЛДІ, КӨПТІЛДІ САЙТТАРДЫҢ АРА
ҚАТЫНАСЫ МЕН МАЗМҰНДЫҚ ЖІКТЕЛІСІ
Мақалада
Қазақстанның
интернет
кеңістігінде
бұқаралық
коммуникацияны жүзеге асыратын тілдер, олардың жұмсалу аймағы мен
қолданылу деңгейі қарастырылады. Қазнеттегі электронды ресурстар
статистикалық талдау нәтижесінде біртілді, қостілді, көптілді сайттарға
жіктеліп, олардың ара салмағы, басымдыққа ие тілдер, сонымен қатар
тақырыптық-мазмұндық сипаты анықталып, салыстырылады.
Түйін сөздер: қазнет, интернет кеңістігі, біртілді, қостілді, көптілді
сайттар, тілдің қолданылуы, тілдің дамуы.
The focus of the article is the languages of mass communication in the
Internet space of Kazakhstan, the area of consumption and the level of expenditure
of the languages. The electronic resources of Kaznet are classified as monolingual,
bilingual and multilingual sites in consequence of the statistical analysis. Also, the
ratio and the thematic and informative features of the languages are determined and
compared as well as the dominant languages.
Key words: Kaznet, Internet space, monolingual, bilingual, multilingual
sites, the usage of languages, language development.
Қазақстандық лингвистикада интернет тілін зерттеуге деген
қызығушылықтың артуы күн өткен сайын бұқаралық коммуникацияда
интернет қызметінің ұлғаюынан, қолданушылар тарапынан электронды
ақпараттарға деген сұраныстың өсуінен, жалпы адамның күнделікті өмірінің
ақпараттық технологиямен, виртуалды коммуникативтік ортамен тығыз
байланысынан туындап отыр. Қазақстанда интернетті пайдаланушылар саны
да жылдан-жылға артып келеді [1, б. 73]. Сондықтан, аталған мәселелер
жинақтала келе, қазнеттің виртуалды кеңістігіндегі тілдік жағдайды
қарастыруға, сайттардың тілін саралап, қай тілдердің басымдыққа ие екендігін
айқындауға бағытталған ізденістердің жүзеге асуына белгілі бір дәрежеде өз
ықпалын тигізеді.
Интернет кеңістігіндегі тілге қатысты мәселелер тілдің дамуы, тілдің
сақталуы мен жойылып кетуі, тілдердің бірін-бірі ығыстыруы, өміршеңдігі, тіл
мәдениеті, морфологиялық-грамматикалық құрылыстың өзгеріске ұшырауы,
жанрлардың тоғысып, араласуы, жастардың, блогерлердің тіліндегі
ерекшеліктер, жаңа тілдік құрылымдардың қалыптасуы секілді т. б.
мәселелердің
уақыт
өткен
сайын өзектілігі
артып,
қазақстандық
лингвистиканың зерттеу ауқымын кеңейте түсуде.
Әлемдік ғылымда А. Корнай, С. Херринг, Г.Н. Трофимова,
Е.И. Горошко т.б. еңбектерінде интернет тілі әр түрлі аспектіде, жан-жақты
қарастырылды.
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
177
Интернет пен тілдің ара қатынасын қарастырған ғалым С.Херринг
«International Encyclopaedia of Communication» атты кітапта осы саланы
зерттеудің бірнеше негізгі бағыттарын көрсетті. Соның ішінде:
интернет тілін топтастыра отырып зерттеу. Оған сандық жанртану,
сөйлеу түрлері, коммуникацияның түрлі қатысымдық жолдармен жүзеге
асырылуы секілді мәселелерді жатқызады;
интернет
тілінің
құрылымдық
ерекшеліктерін
айқындау
(морфологиялық, лексикалық жүйесі, параграфемикалық құралдар);
оның дискурстық сипатын анықтау (интернет тілінің прагматикалық
ерекшелігі, регистрлері, виртуалды қауымдастықтардың сөйлеу сипаты,
гендерлік және аймақтық жіктелістер);
интернеттегі дискурс түрлерінде (саяси, жарнама, ғылыми т.б.) тілдің
қолданылуы;
интернет тілінің глокализациялануын, бір жағынан, lingua franca
ретінде ағылшын тілінің таралуы мен жаһандану үдерісін, екінші жағынан,
локальды тілдердің (интернет желісіндегі ұлттық тілдердің) тигізетін әсерін
қарастыру [2]. Аталған мәселелердің интернет тіліне қатысты жүргізілетін
зерттеулерге белгілі бір бағыт-бағдар болары анық.
Зерттеуші А. Корнай шынайы өмірде тілге қауіп-қатер төндіретін
бірнеше себептердің ішінен, тілдің қолданылу аясының тарылып, шектелуін,
бір тілдің екінші тілді белгілі бір саладан ығыстырып шығаруын атап өтеді.
Бұл мәселе күнделікті электронды құралдармен қарым-қатынас жасау,
электронды сауда-саттық, интернеттегі тілдердің жұмсалуымен де тығыз
байланысты [3]. Сондықтан, ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, қазіргі
таңда коммуникацияның жаһандану жағдайында, постмодерндік дәуірдің
символына айналып, қоғамның дамуына, ғылыми-техникалық үдерістердің
қарыштауына ықпалын тигізіп отырған Интернет тілінің атқарар қызметін
саралап түсіну өте маңызды және қажетті деп есептейміз [4].
Қазақстандық интернетке «Of States and Borders on the Internet: The Role
of Domain Name Extensions in Expressions of Nationalism Online in Kazakhstan»
атты мақалада талдау жасалады. Осы жарияланымда интернетте қазақ және
орыс тілдерінің негізгі орынға ие екенін, жас қазақ интернет тұтынушылары
ана тілінде қолжетімді ақпарат алып, олардың желіде ана тілінде қарым-
қатынас жасауына мүмкіндік беру үшін Фейсбук және Уордпресс секілді
желілерді аударғандары сөз етіледі. Авторлар сұхбаттасу барысында қазақ
этникалық тобынан шыққан блогерлердің, көбінесе ұлттық тақырыпта
жазатынын, ал елдегі басқа ұлт өкілдерінің бұл тақырыпты кем қозғайтынын
анықтаған. Қазақстан халқының орыс тілін жетік білуіне байланысты ресейлік
интернетті де қолданатыны туралы айтылады [5].
Біздің зерттеуімізде қазақстандық интернет желісінде қолданылатын
тілдерді анықтау барысында, zero. kz. қазақстандық рейтинг-статистика
сайтында шығарылған мәліметтер негізінде [6], рейтингке қатысушы 4 мыңнан
астам сайттың ішінен ең көп қаралып, оқылатын 700 сайттың тіліне талдау
жасалды. Нәтижесінде, 76% сайт-порталдардың тек біртілді қолданатыны,
14,14% қостілді екендігі, 9,86% көптілді, соның ішінде үштілді электронды
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
178
ресурстардың 9,28%, төрт-алты тілділері 0,58%-ды құрайтыны анықталды (1-
кесте). Бұл қазнеттің бұқаралық коммуникацияны бірнеше тілде жүзеге
асыратынын айғақтайды.
1-кесте. Қазнеттегі бір тілді, қостілді, көп тілді ресурстардың ара
қатынасы
№ біртілді
қостілді
үштілді
көптілді
1
қа
за
қ
ор
ы
с
қа
за
қ,
о
ры
с
ор
ы
с,
ағ
ы
лш
ы
н
қа
за
қ,
қы
тай
қа
за
қ,
ор
ы
с,
ағ
ы
лш
ы
н
қа
за
қ,
ор
ы
с,
ұйғы
р
ор
ы
с,
ағ
ы
лш
ы
н,
қы
рғ
ы
з
ба
сқ
ал
ар
ы
2
89
44
3
87
11
1
63
1
1
4
3
532
99
65
4
Біртілді сайттардың қазақ және орыс тілдерінде қызмет атқаратыны
айқындалды. Олардың қамтитын ауқымына келетін болсақ, 532 біртілді
сайттың 89-ы (17%) қазақ тілді, ал 443-і (83%) орыс тілді. Қостілді сайттар (99)
қатарына 87 қазақ, орыс тілді (87,9%), 11 орыс, ағылшын тілді (11,1%) және
қазақ, қытай тілдеріндегі 1 электронды ресурс жатады (1%). 65 сайт-портал
үштілді, олар: қазақ, орыс, ағылшын ( 97%), қазақ, орыс, ұйғыр (1,5%), орыс,
ағылшын, қырғыз тілдерінде (1,5%) ақпарат таратады. Төрт-алты тілді сайт-
порталдарда қолданылатын тілдер қатарында мыналар бар: қазақ, орыс,
ағылшын, қытай (25%), қазақ, орыс, ағылшын, түрік (25%), қазақ, орыс,
ағылшын, түрік, қытай, араб (25%), қазақ, орыс, ағылшын, өзбек, түркімен,
қырғыз (25%).
Талдау нәтижесінде тек орыс тілінде қызмет ететін электронды
ресурстар басқа тілде қолданылатын сайт-порталдардан мазмұндық жағынан
ерекшеленетіні анықталды. Адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті
ақпараттар, атап айтсақ, хабарландыру, түрлі қызмет көрсету түрлері,
интернеттен сауда-саттық жасау секілді мазмұндағы сайт-порталдарда орыс
тілі басымдыққа ие. Себебі, 700-дің ішінен 208-і аталған тақырыптарға
арналған. Орыс тіліндегі сайттардың жетекші орынға шығуын осы мазмұндағы
қазақ тілді сайттар санының аздығымен түсіндіруге болады. Орыс тілінде
ақпарат тарататын БАҚ − 46, жаңалық, сараптама − 39; оқу-ағарту, танымдық,
оқу-әдістемелік мазмұнды ресурстар − 31, қала, облыстың ақпараттық-
анықтамалық сайт-порталдары − 25; түрлі ойын-сауық, демалысқа арналған
сайт-порталдар − 51, банк, қаржы-есеп – 21, медицина, санаторий – 11,
қоғамдық қор − 3, заң – 4, білім беру орындары – 2, дін – 1, мемлекеттік
мекеме − 1. Ал ғылым, білім, өнер т.б. рухани құндылықтарға арналған сайт-
порталдардың қазнетте көп қызмет атқармауын, осы тақырыптарға арналған
материалдардың
орыс
тілінде
басқа
да
электронды
ресурстарда
ұсынылатынымен байланыстырамыз. Интернетте арнайы белгіленген
«шекараның» жоқ екенін ескерсек, әрбір қолданушының Рунет секілді т.б.
көздерден ақпарат алуға толық мүмкіндігі бар.
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
179
Тек қазақ тілінде қызмет ететін сайт-порталдар қазнетте, негізінен,
мына салаларды қамтиды: жаңалық, сараптама – 18, БАҚ – 20, мәдени-
танымдық, оқу-әдістемелік – 36, дін – 3, әдебиет, ғылым, мәдениет, өнер – 4,
ойын-сауық, демалыс – 3, қоғамдық қор – 2, қала, облыс порталы – 1,
медицина, денсаулық – 1, білім беру – 1. Талдау нәтижесінде, тек қазақ тілінде
заң, қаржы-есеп, медицина, денсаулық, түрлі хабарландырулар, ойын-сауық
мазмұнында ақпарат тарататын сайт-порталдардың өте аз екені анықталды.
Орыс тіліндегілермен салыстырғанда, оқу-әдістемелік, танымдық сайттардың
саны жағынан алдыңғы орынға шығуы қазақ тілінде білім беретін оқу
орындарының көптігімен, соған сәйкес сұраныстың та жоғары болуымен және
ұлттық тілді ақпараттық ортада дамытуда өз үлесін қосып жүрген тіл
жанашырларының қызметімен де түсіндіріледі. Мемлекеттік тілді дамытуда
аталмыш сайт-портал авторларының, қолданушылардың интернет белсенділігі
байқалады.
Біртілді сайт-порталдармен салыстырғанда, екі тілде, қазақ,орыс
тілдерінде, қолданылатын сайттардың тақырыптық-мазмұндық жағында
кейбір ерекшеліктері де бар. Мәселен, қазақ, орыс тілдері мемлекеттік мекеме
(15 сайт) сайт-порталдарында қолданылады. Сонымен бірге 21 БАҚ, 11
мәдени, танымдық, оқу-ағарту, 1 білім беру мекемесі, 6 дін, 6 әдебиет,
мәдениет, өнер, кітапхана және 1 онлайн-аудармашы сайт-порталы анықталды.
Жаңалық, сараптама (9), банк, қаржы-есеп (3), ойын-сауық (6), хабарландыру,
түрлі қызмет көрсету (5) мазмұнындағы, қала, облыс (3) сайттары орыс
тіліндегілермен салыстырғанда, саны жағынан аздау.
Орыс, ағылшын тілінде қызмет көрсететін сайт-порталдың тақырыптық
жіктелісі мынадай: БАҚ (3), жаңалық, сараптама (2), қаржы-есеп (2),
хабарландыру, түрлі қызмет көрсету (3), ойын-сауық (1).
Зерттеу нәтижесінде, мемлекеттік мекеме, ұлттық компания
(министрлік, комитет, әкімдік, басқарма т. б. (26), білім беру мекемелері (11)
сайт-порталдарының,
негізінен,
қазақ,
орыс,
ағылшын,
тілдерінде
коммуникацияны жүзеге асыратыны анықталды. Сонымен бірге, үштілді
сайттар қатарына мыналар жатады: мәдени, танымдық, оқу-әдістемелік (9),
банк, қаржы-есеп (5), БАҚ (3), жаңалық, сараптама (3), қоғамдық ұйым (2),
әдебиет, мәдениет, өнер (1), хабарландыру (1), ойын-сауық (1), онлайн-
аудармашы (1). Бұлар интернеттің ақпарат кеңістігінде қазақ, орыс, ағылшын
тілдерін қолдану арқылы үштұғырлылыққа байланысты мемлекеттік тілдік
саясатты жүзеге асыруға қатысып отыр.
Талданған 700 сайттың 610-ында (87,14%) орыс тілі қолданылады, 245-
і (35%) қазақ тілінде ақпарат ұсынады, ағылшын тілі 79 (11,28%), қытай 3
(0,42%), түрік 2 (0,28%), қырғыз 2 (0,28%), араб 1 (0,14%), өзбек 1 (0,14%),
түркімен 1 (0,14%), ұйғыр тілдері 1(0,14%) сайт-порталдың жұмыс тілдері
ретінде қызмет атқарады.
Жоғарыда берілген сандық көрсеткіштер негізінде, қазнеттің тілі -
қазақ, орыс, ағылшын тілдері деген қорытындыға келуге болады. Сонымен
қатар, қазнетте орыс тілді контенттің басымдыққа ие екені, одан кейін қазақ,
үшінші орында ағылшын тілдерінің жұмсалатыны айқындалды. Қазақстанның
интернет кеңістігінде алғашқы екі тілдің жұмсалуын ғалым Э.Д.
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
180
Сулейменованың: «Казахский и русский языки − ... лидируют по количеству
говорящих на них в республике, кроме того, в стране велико число билингвов
со вторым казахским или вторым русским языком, что также значительно
увеличивает поле софункционирования обоих языков», − деген пікірімен
пайымдауға болады [7, с. 17]. Ал ағылшын тілі халықаралық тіл ретінде
мемлекеттің үштұғырлы тілдік саясатына сәйкес, интернетте бірқатар
салаларды қамтып, өз қызмет аясын біртіндеп кеңейтіп жатыр. Қазнетте қытай,
түрік, қырғыз, араб, өзбек, түркімен, ұйғыр тілдері қолданылған сайттарды −
қостілді, көптілділердің сұранысына жауап беретін, олардың осы тілдерде
қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін және жетілдіріп, дамытуға ықпал
ететін коммуникативтік алаң ретінде бағалаймыз. Бірнеше ұлтты біріктерген,
көпмәдениетті, көптілді Қазақстанның интернет кеңістігі халықты қолжетімді
ақпаратпен қамтамасыз етуде өз қызметін атқарып келеді.
Қазнеттегі мемлекеттік тіл қызметін ұлғайту мәселесі мемлекеттік
бағдарламаларға енгізіліп, осы бағытта бірқатар жұмыстардың жүзеге
асырылып жатқанына қарамастан (Google аудармашы, YouTube ресурсы,
Уикипедия
энциклопедиясы,
мемлекеттік
тілді
меңгертетін
http://www.tilashar.kz/,
www.en-kz.ru, www.kaz-tili.kz сайттары, онлайн-
сөздіктер: www.sozkomek.kz, www.sozdik.kz т. б.) Қазақстанның интернет
сегментінде қазақ тілді электронды ресурстардың пайыздық үлесінің төмендігі
байқалады. Бұл - мемлекеттік тілді ақпарат кеңістігінде қызметі басым, негізгі
тілдің қатарына қосу, атап айтқанда, қазақ тілі контенті бар сайт-порталдарды
көбейтіп, оның сапасын арттыру бағытында ізденістердің қажеттілігін
айқындайды.
Шындығында, әлемдік интернет жүйесіне ену кез келген тілдің
бәсекелестік қабілетін арттырып, оған жаңа міндеттерді жүктейді. Қолданушы
интернетте коммуникация құралы ретінде өзі білетін тілін таңдап (егер
бірнеше тілді меңгерсе), өзіне керекті ақпаратты, мәліметті неғұрлым толық,
жан-жақты қамтыған дереккөздерден алғысы келеді. Бүкіләлемдік интернет
желісіне енген қазнеттегі сайт-порталдың жұмыс тілі, мәліметтер қоры, оның
мазмұндық жағы мен тілдік ұйымдасуы, паралингвистикалық құралдардың
қолданысы интернетті пайдаланушылардың назарынан тыс қалмайды.
Сондықтан, интернет коммуникацияны жүзеге асыруда қолданылатын
тілдің/тілдердің әлеуметтік-қоғамдық қызметі, тілдің өміршеңдігі мәселесі
уақыт өткен сайын арта түседі.
КӨЗДЕРІ МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
2014 − 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары. Қазақстан
Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 9
желтоқсандағы №256 бұйрығына қосымша. – Астана, 2014. – 236 б.
2.
Herring S.C. (In press, 2008). Language and the Internet // W. Donsbach
(Ed.), International Encyclopaedia of Communication. Blackwell Publishers.
3.
Andras Kornai. Digital language death. Computer and Automation
Research Institute, Hungarian Academy of Sciences, Budapest, Hungary.
http://www.kornai.com/Papers/langdeath_emb.pdf.
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
181
4.
Горошко Е.И. Интернет-жанр и функционирование языка в
Интернете: попытка рефлексии // http://www.sgu.ru/structure/philological/linghist
/sbornik-zhanry-rechi/materialy-vypuskov/vypusk-6.
5.
Shklovski I, David M. Struthers. Of States and Borders on the Internet:
The Role of Domain Name Extensions in Expressions of Nationalism Online in
Kazakhstan. − Policy & Internet Volume 2, Issue 4, pages 107 – 129,
December 2010.
6.
Казахстанский рейтинг. Сервис интернет-статистики. zero.kz.
7.
Сулейменова Э.Д., Смагулова Ж.С. Языковая ситуация и языковое
планирование в Казахстане. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 344 с.
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
Достарыңызбен бөлісу: |