Державний вищий навчальний заклад



Pdf көрінісі
бет26/37
Дата06.03.2017
өлшемі2,74 Mb.
#7802
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
    Бұл бет үшін навигация:
  • Key words

182 
ӘОЖ 351.854 
Жакупова Меруерт 
(Павлодар, Казахстан) 
 
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ПОЭЗИЯ 
 
Соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап  ұшқырлық  танытқан 
әдебиеттің  шағын  жанрларының  да  өз  алдына  қойған  міндеттері  бар  еді. 
Олар  тұтқиылдан  шабуыл  жасаған  фашизмнің  екіжүзділігін,  соғыста 
көрсеткен зұлымдығын әшкерелеп, елді оларға қарсы бүкіл халықтық күреске 
шақыруға үн қосты. Отанға берілгендікті, халықтар бірлігі мен ынтымағын, 
майдандағы  күрес  пен  тылдағы  жанқиярлық  еңбекті  жырлады.  Мазмұны 
жағынан  үгіттік  сипатта  жазылған  ондай  туындылардың  халықты 
дұшпанға  өшпенділікке  тәрбиелеуге  маңызы  зор  болды.  Сөйте  жүріп  қазақ 
өлеңі  азаматтық  лириканың  жаңа  үлгілеріне  бет  бұрды.  Ол  кеңес 
адамдарының  бойындағы  азаматтық  сезімнің  шыңдалуын,  майдандағы 
ерлікті  нақты  материалдар  негізінде  жырлау  саласында  жаңа  ізденістер 
жасады.  Бұл  тектес  шығармалардың  бәрінде,  әрине,  әдебиеттің  көркемдік 
міндеті  мен  талабы  сақтала  берген  жоқ.  Қаламгердің  көбі  бұрын  әбден 
зерттеп,  жазып  жүрген  етене  тақырыптарын  тоқтатып,  төтенше 
тақырыпқа ден қоюға мәжбүр болды. Алайда мұның өзі де үлкен сабақ, тарих 
сабағы еді. Әдебиет қоғам мен дәуір алға тартқан осы міндеттер мүддесінен 
шығуға ұмтылып, жаңа бағытта ізденістер жасады 
Кілтті  сөздер:  ҰОС  жылдарындағы  поэзия,  соғыс  тақырыбы, 
фашизм,  бейбітшілік  жырлары,  әдебиет  пен  тарих,  шабуылға  қарсы  үндеу, 
туған жер, азаматтық парыз, кекті мінез, батырлық поэмасы. 
 
During the war years the literature were its obligations. She had to show the 
hypocrisy  of  fascism  that  suddenly  attacked.  Their  poetry  was  dedicated  to 
maintaining peace and order in the country. In content it was campaigning against 
the  enemy.  So  civil  poetry  became  lyrics  for  a  soldier.  And  in  this  area  were  new 
studies. In certainly not always preserved literary obligations. Writers were forced 
to leave their work and had to write a song dedicated to the victory. Literature and 
society should fulfill these obligations. 
Key  words:  Poetry  in  the  years  of  the  great  Patriotic  war,  the  poem  of 
heroism, revenge to your enemy, civil commitments, chuvsvo patriotism. 
 
Әдебиет  өзінің  негізгі  жұмысын  халықтың  Отанға  берілгендігін, 
бірлігін,  ерлік  пен  тылдағы  жанқиярлық  еңбегін  танытарлық  үгітке  құрды, 
партияның  саяси  үгітшісі  болды.  Фашизмнің  басқыншы  саясаты  мен 
жауыздығын  әшкерелеу,  халықты  оған  өшпенділікке,  кек  алуға  шақыру 
қажеттігі туды. Сонымен бірге әдебиет алдына майдандағы жауынгерлер мен 
елдегі  еңбек  ерлерінің  ұнамиды  бейнелерін  жасау,  оларды  көпке  үлгі  етіп 
көрсету міндеттері қойылды.  
Жауынгерлік  тақырыбы  қазақ  әдебиетіне  бұрыннан  да  жат  емес  еді. 
Қаһармандық  эпос  пен  әрқилы  жаулаушылық  кезінде  туған  халықтық 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
183 
лириканың  үлгілері  де  болған.  Бірақ  мынандай  төтен  соғысты  қазақ  халқы 
басынан  кешірмегенді.  Сондықтан  жаңа  дүниежүзілік  соғыс  жағдайында 
әдебиетті  дамыту  оған  жаңа  мазмұн,  жаңа  сапа  беру  бағытында  жүруі  керек 
болды [1, б. 67]. 
Соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап  ұшқырлық  танытқан  әдебиеттің 
шағын жанрларының да өз алдына қойған міндеттері бар еді. Олар тұтқиылдан 
шабуыл  жасаған  фашизмнің  екіжүзділігін,  соғыста  көрсеткен  зұлымдығын 
әшкерелеп,  елді  оларға  қарсы  бүкіл  халықтық  күреске  шақыруға  үн  қосты. 
Отанға берілгендікті, халықтар бірлігі мен ынтымағын, майдандағы күрес пен 
тылдағы  жанқиярлық  еңбекті  жырлады.  Мазмұны  жағынан  үгіттік  сипатта 
жазылған ондай туындылардың халықты дұшпанға өшпенділікке тәрбиелеуге 
маңызы  зор  болды.  Сөйте  жүріп  қазақ  өлеңі  азаматтық  лириканың  жаңа 
үлгілеріне  бет  бұрды.  Ол  кеңес  адамдарының  бойындағы  азаматтық  сезімнің 
шыңдалуын,  майдандағы  ерлікті  нақты  материалдар  негізінде  жырлау 
саласында жаңа ізденістер жасады. Бұл тектес шығармалардың бәрінде, әрине, 
әдебиеттің көркемдік міндеті мен талабы сақтала берген жоқ. Қаламгердің көбі 
бұрын  әбден  зерттеп,  жазып  жүрген  етене  тақырыптарын  тоқтатып,  төтенше 
тақырыпқа ден қоюға мәжбүр болды. Алайда мұның өзі де үлкен сабақ, тарих 
сабағы  еді.  Әдебиет  қоғам  мен  дәуір  алға  тартқан  осы  міндеттер  мүддесінен 
шығуға ұмтылып, жаңа бағытта ізденістер жасады [2, б. 122-123].   
Соғыс кезіндегі қазақ әдебиетін жасауға қаламгерлердің барлық ұрпағы 
қатысты. Бұл  кезде  елде С. Мұқанов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, 
Ғ. Орманов,  А.  Тоқмағанбетов,  Ә.  Тәжібаев,  Ш.  Хұсайынов,  Ә.  Әбішев, 
М. Хакімжанова  еңбек  етті.  Т.  Жароков,  Ж.  Саин,  Ә.  Сәрсенбаев,  Д.  Әбілев, 
А. Жұмағалиев,  Қ.  Аманжолов,  Қ.  Әбдіқадыров,  Қ.  Бекхожин,  Б.  Бұлқышев, 
Б. Момышұлы,  С.  Омаров  қолына  қару  алып,  майданға  аттанды.  Бұларға 
майдан газеттерінің беттерінде жарияланған жауынгер жырларымен танылған 
жаңа  ұрпақ  өкілдері  С.  Мәуленов,  Х.  Ерғалиев,  Ж.  Молдағалиев,  С. Сеитов 
сияқты  ақындар  келіп  қосылды.  Халық  поэзиясының  өкілдері  Жамбыл, 
Нұрпейіс  Байғанин,  Кенен  Әзірбаев,  Шашубай  Қошқарбаев,  Нұрлыбек 
Баймұратов,  Нартай  Бекежанов,  Доскей  Әлімбаев,  тағы  басқалары  өздерінің 
отаншылдық  рухтағы  жыр-толғауларын  шығарды.  қазақ  әдебиетінің  осы 
секілді  әр  тобынан  құралған  қалам  иелері  бір  мақсатқа  жұмылып, 
Қ. Аманжоловтың, Ж. Саинның,  Д. Әбілевтің ақындық талантын жаңа биікке 
көтерді.  Д.Әділев  шығармаларының  шарықтап  биікке  көтерілуі,  ақындық 
жолдағы талмай ізденуі 1941 − 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы тұсындағы 
поэзиясынан  айқын  көрінеді.  Бұл  жылдардағы  ақын  шығармашылығынан 
лирикамен қатар эпикалық шығармалар да елеулі орын алды [1, б. 68-69].   
Соғыстың  алғашқы  күнінен  бастап  халықтың  Отан  алдындағы 
борышын  еске  салуда  поэзия  ұшқырлық  танытты.  Ел  басына  түскен  ауыр 
күнді  ескертіп,  жауды  талқандауға  шақырған  үгіттік  өлеңдер  күнделікті 
баспасөз  бетінде  көптеп  жарияланды,  радиодан  оқылды.  Сонымен  қатар 
жаудың  басып  алған  жерлердегі  қатыгездік  мінезін  әшкерелеуді  нақты  факт, 
детальдар  арқылы  суреттеуге  ұмтылған  саяси  өткір  лирика  үлгілері  де  пайда 
бола  бастады.  Ғ.  Орманов  жау  қылығын  қара  күйңк  қала  мен  қанды  қолдың 
жолақ-жолақ  ізінен  («Жау  ізі»)  таныса,  Қ.  Аманжолов  гитлер  дирижерлық 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
184 
жасаған  өлім  музыкасын  («Мазасыз  музыка»)  естігендей  әсер  алады. 
Ә. Тәжібаев  «Қос  қарлығаш»,  Т.  Жароков  «Жапанда  жалғыз  қарағай» 
өлеңдерінде  қарлығаштың  ұясын  бұзып,  табиғатты  оқ  астында  қалдырған 
зұлым жауға жеккөрушілік сезімін тудырады [1, б. 69].   
Қан  майданға  аттанып,  ел  тілегін  тілегін  солдаттың  сезімін,  күйін, 
жанын  суреттеу  қазақ  ақындарының  басты  тақырыбына  айналған.  Бейбіт 
еңбекті  үзіп,  Отан  қорғауға  аттанған  солдат  –  көп  өлеңдердің  қаһарманы. 
Тайыр  Жароковтың  кейіпкері  үстіне  сұр  штинель  киіп  «ең  әуелі  әскермін» 
(«Киемін  сұр  шинельді»)  дегенді  айтса,  Ә.  Тәжібаевтың  «Ақын  батыры» 
жазып  жатқан  поэмасын  аяқтап  үлгермей,  майданға  аттанады.  Д.  Әбілев 
өлеңінің  кейіпкері  әскери  комиссариатқа  барып,  соғысқа  жіберуді  өзі  тілейді 
(«Өзімнен өзім жүріп жай»).  
Ел  қорғау  тілегімен,  майданға  аттанған  осы  солдаттың  соғыстан 
бұрынғы  өмірі,  өскен  ортасы,  моральдық  бейнесі  қандай  еді?  Ақындарымыз 
оның  өмір  жолына  да  үңіле  білді.  «Ол  туғанда»  өлеңінде  Т.  Жароков  оны 
еліміздің азаттық жолындағы күресті дәстүрімен байланыстырады. Оның аты – 
Таймас еді. Әділет, азаттық үшін күрес жолынан таймасын деген игі ниетпен 
қойылған  ат  болатын.  Қ.  Аманжолов  «Бейсекештің  бес  ұлы»  өлеңінде  жаңа 
қоғам  жағдайында  өсіп  азамат  болған  осы  ұландардың  ел  қорғауға 
дайындығын жырлады.  
Қазақ  солдатының  соғыстағы  өмірін  суреттейтін  өлеңдер  негізінде  екі 
түрлі  үлгіде  жазылды.  Бірі  –  жалпы  жауынгерге  тән  сипаттарды  бірікитірген 
жиынтық  бейне  болса,  екіншісі  нақты  бір  аты  белгілі  қаһарманның  ерлігін 
кеөрсетуге  арналады.  Бұлардың  қайсысында  болса  да,  жауынгерлердің  ерлік 
тұлғасын ашу соғыс өмірінің шындығын бейнелеу негізінде туды [1, б. 69].   
Ұлы Отан соғысы кезінде Нұрпейіс Байғанин көптеген жалынды, қысқа 
өлеңдер жазды.  
Майдан  газеттерінің  беттерінде  алғашқы  өлеңдерімен  көрінген 
С. Мәуленовтің 
«Нева 
жақтан 
жел 
еседі 
тамаша», 
«Танкистер», 
Ж. Молдағалиевтің  «Батыр  туралы  баллада»,  «Сағындым  Жайық», 
С. Сеитовтың «Комиссар», «Төбешік» өлеңдері майдан өмірінің шындығы мен 
солдат  сезімін  суреттеудегі  олардың  сәтті  ізденістерін  танытады.  Ауыр  сезім 
мен отаншылдық рух жас ақындардың азаматтық лириканы игеру жолындағы 
қадамына дем берген [1, б. 70].   
Жауынгердің  жан  сезімін,  жерге,  елге  деген  сағынышын  бейнелеу 
талабы  махаббат  пен  адал  достық  күйлерін  суреттейтін  лириканы  байытты. 
Ә. Тәжібаевтың  «Жамал»,  Ғ.  Ормановтың  «Орамал»,  А.  Тоқмағамбетовтың 
«Сүйген  жарға»,  М.  Хакімжанованың  «Азбай  күткен  жер  алтын», 
Қ. Бекхожиннің  «Сағынып  мен  күттім»  өлеңдерінде  майдандағы  солдатты 
рухтандырып, ерлікке бастап жүрген махаббаттың ұлы күші танылады. Сүйген 
жардың  сәлемі  көп  өлеңде  майданға  орамал  бейнесінде  аттанып,  олардан 
«Күте  бер  жеңіспен  бізді»  деген  сеніммен  оралады.  Бұл  өлеңдер 
жеке сезімді халық мүддесімен ұштастырған адамның патриоттық сырын аша 
түседі [1, б. 70-71]. 
Майдандағы  қазақ  жауынгерлерінің  ерлігін  мадақтауға  арналған 
алғашқы  өлеңдердің  бірн  «Гвардеец  бауырларға»  деген  атпен  С.  Мұқанов 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
185 
жазды. Ол 1941 жылдың қараша айында Мәскеуді қорғауға ерекше көзге түсіп, 
панфиловшы-гвардияшылар  атағына  ие  болған  қазақ  жауынгерлерін 
құттықтап, олардың  ерлігіне ризашылық білдірді. Сол жауынгерлердің сыры, 
ойы,  сезімі  Ә.  Тәжібаевтың  «Майданнан  хат»,  «Жас  қазақ»,  Ғ.  Ормановтың 
«Блиндаждағы әңгіме», «Қаһармандар кескіні», Қ. Аманжоловтың «Елге хат», 
Д.  Әбілевтің  «Шылым»  т.б.  ерлігі  елге  жазған  хат  арқылы  да,  блиндаждағы 
әңгімен үстінде де суреттеледі. Олардың бойынан әділетсіз жауға деген кекті 
мінез,  сұсты  кейіп  те  танылады.  Қазақ  жауынгерлерінің  майдандағы  ерлігі, 
әсіресе, Мәскеуді қорғау кезінде 1941 жылдың күзінде Волоколамск тас жолы 
бойындағы ұрыста қазақстандық Панфиловшылар дивизиясының ерекше көзге 
түсуі  қазақ  әдебиетінің  майдан  тақырыбын  жырлауына  тың,  мол  мәліметтер 
берді.  Қазақ  ақындары  Бауыржан  Момышұлының,  Мәлік  Ғабдуллиннің, 
Төлеген Тоқтаровтың, Мартбек Мамраевтың, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк 
Мәметованың,  тағы  басқа  панфиловшы  28  батырдың  ерліктерін  нақты 
деректерге  сүйене  жырлауға  тырысты.  Күркіреген  күндей  жауға  атылған 
зеңбірек  даусы  жер  жаңғырта  бірінші  атылған  минуттан  бастап  қазақ  кеңес 
поэзиясы  да  халқымыздың  жауға  сұсты,  ашулы  ызасымен  бірге  дұшпандата 
өлеңмен бомба жаудыра, ашынған ащы даусын аспандата шығарды. Мұның өзі 
соғыс  тақырыбын  жалпылама  жазбай,  жеке  адамның  іс-әрекеті,  ой  парасаты, 
жеке басының сезім күйі арқылы көрсетуге бетбұрыс болды. Майдан өмірінің 
шындығын терең бейнелеуі, солдаттың ішкі сезім күйіне еркін де батыл үңіле 
алуы жағынан соғыстың ауыртпалығын бастан кешкен майдангер ақындардың 
шығармалары ерекше бағалы [2, б. 224].   
Қырқыншы  жылдардағы  поэзияның  дамуына  үлес  қосқан  – 
Жамбылдың  жазба  әдебиетке  жақындығы.  Бұл  жерде  Жамбыл  атамыз  Ұлы 
Отан соғысының суреттерін, шындығын,  ауыртпалығын бейцнелей  бастайды. 
Отанға  қауіп-қатер  төнген  заманда  ақын  атамыздың  өлеңдерінде  азаматтық 
тақырып,  реалистік  сурет,  халқымыздың,  еліміздің  тағдыры,  жауға  деген 
өшпендігі жырланады [3, б. 31].   
Соғыс кезінде ерекше көзге түскен майдан батырлары Б. Момышұлына, 
М.  Ғабдуллинге,  М.  Мамыраевқа,  Ә.  Молдағұловаға,  М.  Мәметоваға, 
Т. Тоқтаровқа,  Н.  Әбдіровке,  тағы  басқаларға  арналған  өлеңдер  негізінен 
олардың  ерлі  жолының  нақты  дерегіне  құралады.  А.  Тоқмағамбетовтің 
«Алтайдың  ақиығы»,  «Мерген  қыз»,  Ғ.  Ормановтың  «Полковник»,  «Мәлік», 
Ә. Тәжібаевтың  «Сырласу»,  «Баласы»,  «Анасы»,  Қ.  Аманжоловтың 
«Мартбек»,  Д.  Әбілевтің  «Қазақ  қызы»,  Қ.  Әбдәқадыровтың  «Қазақ  батыры 
Нұркен  Әбдіров»  сияқты  өлеңдері  осындай  жағдайда  туған.  Бұл  өлеңдерде 
ақындар тарихи адамдар ерлігін нақты суреттей отырып, оларды характер-тип 
есебінде  даралауға  тырысты.  Бұл  тұрғыда  Ғали  Ормановтың  ізденістері  сәтті 
болғанын  атау  орынды.  Оның  қаһармандары  ертегінің  батырындай  әсірелеу 
жолымен  (ондай  өдеңдер  де  болған)  емес,  нақты  адамдық  жылылықпен 
жасалды.  Балғын  денелі,  қыз  мінезді,  кішіпейіл  Мәліктің  сипатынан  өз  елін, 
жерін,  Отанын,  туған  даласын  шексіз  сүйетін,  үлкен  жүректі,  жауына  кекті 
азамат  таниды.  Оның  батырлығын  тудырған  да  патриоттық  сезімі,  өзіне 
тапсырылған  іске  деген  жауапкершілікті  сезінуі.  «Батырлық  бермес  бақ 
емес», −  дейді  ақын,  оны  халық  намысы,  өшпенділік  тудырады.  Ғали 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
186 
Бауыржан  Момышұлының  кескінінен  де  осы  кекшілдікті,  намысқойлықты 
көреді.  Батырдың  өскен  ортасы  мен  достары,  жары  жайлы  жылы  ойларын, 
соларды қорғау жолындағы саналы күресін Ә,Тәжібаев тілге тиек етеді. Оның 
Төлеген  Тоқтаров  туралы  өлеңдері  адамдық  жылы  сезімдерге  толы.  Ұлының 
өлімін естгенде көзіне жас алмаған қайсар ананың қайғысындай боп бір түнде 
ағарып шыққан шашы көз алдында қалады [2, б. 230 ]. 
Жалпы  алғанда,  соғыс  тақырыбын  жырлау,  ондағы  солдаттың  жан 
сезіміне үңілу қазақ поэзиясын едәуір байытып, оның азаматтық үнін көтерді. 
 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Қ 53 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті: Қысқаша очерк: 
жо,ары оқу орындарының ситуденттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: 
«Білім», 2003. – 224 б. 
2.
 
Құрастырушылар: Сәрсенбаева Ж., Мұқатай Б. Қ 17 Қазақ көркем 
сөзінің шеберлері: Анықтамалық. – Қарағанды: Экожан, 2010. – 512 б.  
3.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Екі томдық. – 1-том. Қ 17 
Алматы. ҚазАқпарат, 2008. – 646 б. 
 
 
 
УДК 351.854 
Жакупова Меруерт 
(Павлодар, Казахстан) 
 
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАСЫМ 
АМАНЖОЛОВТЫҢ ПОЭЗИЯСЫ 
 
Қасым  шығармашылығы  –  қазақ  поэзиясының  нағыз  халықтық 
үлгілерінің бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды жасақын 
өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастықта сезініп, өз өлеңдерінде залық 
жанына  тән  ерлік,  батырлық,  жомарттық  сезімді  терең  көрсетті.  Оның 
шешен де сыршыл поэзиясы әркімнің-ақ көңілінен шығатыны да осыдан. 
Кілтті  сөздер:  отанға  деген  махаббат,  махаббаттағы  адалдық, 
жеңіске  деген  сенім,  жеңіспен  оралған  солдат,  солдаттың  монологі,  кек 
сезімі, батырлық жырлар. 
 
Poetry  Kasim  sample  of  folk  poetry.  The  young  poet  hails  from  a  simple 
family  participated  in  the  war  and  also  wrote  poetry.  His  poetry,  he  aroused  in 
people a sense of patriotism, pride, revenge to the enemy, love of country. 
Key words: love of country, loyalty in love, the feeling of revenge, soldiers 
who returned with the victory, the monologue of the soldier, faith in victory, heroic 
lyrics. 
 
Қасым Аманжолов әдебиетке 30 жылдардың басында кіре бастады. Ол 
1911 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Ата-
анасынан  ерте  айырылып,  интернатта  тәрбиеленген.  1927  −  1930  жылдары 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
187 
аралығында ветеринар техникумында оқыған. 1932 жылдан бастап «Лениншіл 
жас»  республикалық  жастар  газеті  редакциясында  журналистика  саласында 
жұмыс істейді. Ұлы Отан соғысы басталғаннан 1946 жылға дейін ақын Кеңес 
әскерінің  қатарында  болған.  Соғыс  аяқталғаннан  кейін  «Әдебиет  және  өнер» 
газетінің поэзия бөлімінің меңгерушісі болып істейді.  
Қасымның  жиырма  жасында  алғашқы  өлеңдері  жарық  көре  бастайды. 
Тұңғыш өлеңдер жинағы «Өмір сыры» деген атпен басылады. 
Қасым  –  ғажайып  тез  өскен  ақын.  Өзінің  ақындық  күшті  талантын  ол 
дүгиежүзілік поэзияның озық үлгілерінен үйрену үстінде шыңдап жетілдіреді. 
Отызыншы  жылдардан  бастап  ақын  Байроннан,  Пушкиннен,  Лермонтовтан, 
Шевченкодан,  Маяковскийден  тамаша-тамаш  аудармалар  жасайды.  Осының 
нәтижесінде Қасым ақындығы тез кемелденді. 
Соғыстың  алдында  Қасым  «Өз  елім»,  «Дауыл»,  «Нар  тәуекел», 
«Талғар» тәрізді әдемі лирикалық өлеңдер жазды. Бұл өлеңдердің кейіпкері  – 
өз  елін,  туған  даласының  табиғатын  шексіз  сүйген,  «көк  дауылдай  кеуделі 
жігіт» болып өскен, біздің қайратты замандасымыз. Өмірге «жетімдік тағдыр» 
жетектеп  кіргізген  жасты  өз  тәрбиесіне  алған  Отанын  ақын  ерекше  сезіммен 
жырлайды.  
Ұлы  отан  соғысы  жылдарын  кеңес  әскерінің  қатарына  шақырылған 
Қасымның әскери қызметі Қиыр Шығыста басталады. Ал 1943 жылдан бастап 
фашистерге  қарсы  соғысқа  қатысады.  Осы  Ұлы  Отан  соғысының  жылдары 
ақын  шығармашылығында  ерекше  орынға  ие.Майдан  жолы  мен  Қиыр 
Шығыстағы  қызметі  кезінде  ол  «Ақын  өлімі  туралы  аңыз»  поэмасын, 
«Байқал»,  «Орал»,  «Сібір»  өлеңдерін  жазған.  Осы  лирикалық  өлеңдерінде 
ақын ел табиғатының бай көріністерін адамның отаншылдық сезімімен терең 
байланыста  көрсетеді.  Лирикалық  кейіпкердің  рухани  байлығы  мол,  сезімі 
ыстық. Табиғаттың әсем суреттері оның асыл арманы мен нәзік жан дүниесін 
қозғап, табиғатпен тікелей қарым-қатынасқа келтіреді.  
Ұшты құстар көңілімнен, Өр толқынмен ойнадым, 
Жанымда жыр толғадым. Қақтым ұшқан құстарын. 
Шымылдықтай төгілген Шолп-шолп еткен шортанын 
Араладым орманын. Шоқтығынан ұстадым. 
Аспанменен егескен Жаттым бір кез құмартып, 
Бастым зәулім шыңдарын. Салқын самал сайында. 
Күркіреп көкте кеңескен Би билеттім бұралтып 
Бұлттың сөзін тыңдадым. Ақ балтырлы қайыңға. 
«Байкал»  табиғатымен  осылай  туысқан  лирикалық  кейіпкер  сезімі 
өлеңде көл суретінің көркем көрінісімен астасып, биік романтикаға көтеріледі. 
«Байкал» − көлемді лиро-эпикалық толғау. Байкалдың торғын тұман жамылған 
көлі,  таң  сәріден  кернейлете  құйған  өзендері,  көлге  ғашық  боп  ерте  оянған 
таң –  бәрі  де  ақын  қиялын  тербеп,  сұлу  суретке  айналады.  Жастық  шағын 
өткізген  ыстық  қала  –  Оралға  тоқтағанда  да,  Ертіс,  Сарыарқа  тұсынан  өтіп 
бара  жатқан  ақын  ел  сағынышын,  туған  жерге  деген  мол  махаббатын  төгілте 
жырлайды.  
Ақын өзінің шығармашылық еңбегін майдан жолында да жалғастырған. 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
188 
Қасымның  «Ақын  өлімі  туралы  аңыз»  поэмасы  тек  қана  оның 
шығармашылығын  ғана  емес,  бүкіл  кеңес  қазақ  әдебиетін  байытқан  туынды. 
Белгілі  кеңес  ақыны  Н.  Тихонов  Мәскеуде  өткен  қазақ  әдебиетінің 
онкүндігінде (1949 ж) ақынның поэмасын қазақ поэзиясының алтын қазынасы 
деген. 
Ақынның 
шығармашылығы 
кеңес 
жазушыларының 
екінші 
Бүкілкеңестік съезінде де жоғары бағаға ие болған.  
Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы өзінің идеялық-
көркемлік  қуатымен  ерекше  бағаға  ие  болды.  Поэма  соғыстың  қызу  кезінде 
қазақ ақыны Абдолла Жұмағалиев бастан кешкен бір ерлік оқиғаға негізделіп 
жазылған. Қасым онда Абдолла өлер алдындағы ерлігін танытар бір эпизодты 
суреттеу  арқылы  жаңа  заман  батырының  бейнесін,  оның  өлмес  рухын,  отты 
тұлғасын  көрсете  білді.  1942  −  1943  жылдың  қысында  Абдолла  бір  деревня 
үшін болған сұрапыл ұрысқа қатысады. Әрбір үй үшін талас басталып, қырғын 
соғыс көше үстінде өтеді. Бір селода болған ұрыста жауды беттетпей бір үйді 
паналап  атысқан  Абдолла  жау  қоршауында  қалады.  Сонда  да  үйге  ешкімді 
кіргізбейді.  Батырды  ала  алмаған  ызалы  жау  үйге  өрт  қояды.  «Жау 
қоршауында жалғыз қалып, арыстандай алысқан айбатты ақынның ерлігі бізге 
батырлықтың  асқар  шыңындай  сезіледі.  Ол  жан  алқымға  келгенде,  соңғы 
гранатасын  немістерге  лақтырды  да,  ақтық  оғы  қалғанша  жау  өңменінен 
айырмады»,  −  деп  жазды  ол  туралы  Абдолла  шайқасқан  бөлімнің  командирі 
В.Григорьев.  
Қасым  поэмасы  Абдолла  өмірінің  осы  бір  соңғы  кезеңін  суреттеуге 
құрылады. Ақын образды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір 
сәттегі  ерлік  ісін  көрсету  арқылы  ашады.  Ерлік  салт  пен  антына  берік 
жауынгер кейпі санада туған жалынды толғаныс арқылы да толыға түседі.Осы 
бір  өлім  мен  өмірдің  күремін  Қасым  зор  ақындық  шабытпен  суреттейді.  Ер 
ұланның ашу-кегі түн жүрегін қақ жарады, орман құстары шошып оянады, көл 
күрсініп  дем  алады.  Жер  мен  аспан  арасы  зілзалаға  айналып,  оқ  бораны 
ұйтқып  соғады.  Қара  тастан  қан  кілкіп,  кең  даланы  толтырады.  Снаряд 
орманның қара шашын талдап жұлып,  көл жағасы мәңгі мекенін тастап, суға 
сүңгиді.  Осы  бораздарда  ақынның  соғыс  суреттерін  елестетер  көркемдік 
құралдары танылады. Алайда бұл сұмдық суреттер батыр ақынның үрейін ала 
алмайды.  Ол  «Ала  алмайсың!»  −  деп,  жауы  «Алмай  қойман!»  −  деп  егеске 
түседі. 
Бұл тұста кейіпкер тағдыры драмалық шиеленіске түседі. Үйге бекінген 
адамды  ала  алмаған  жау  өрт  қояды.  Өзінің  дұшпан  еркіне  берілмей,  Отан 
алдындағы  антын  абыроймен  ақтаған  солдат  ондай  өлімді  де  ерлерше  қарсы 
алады. Жау қолына түскеннен ол ерлік өмірді артық санайды. Сондықтан сезім 
арпалысындағы  оған  өрт  те  ерекше  салтанатты  көрінеді.  Қызыл,  жасыл 
киінген  өрт  оған  қыз  ойнақ  болып  елестейді.  Батырдың  ақ  жүзін  жалын  тілі 
сүйіп,  толқын  шашында  оттар  ойнайды.  Ол  от  ұстаған  Прометейдей  асқақ 
тұрып құлайды. Жалын жанды, намысты, өр сезімді ақын: 
Құдірет күші – жер жаһанның 
Қанатын бер қыран құстың, 
Ашуын бер арыстанның, 
Жүрегін бер жолбарыстың. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет