«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
224
сексенінші жылдардағы қазақ лирикасының шындықты терең философиялық
толғаныстарымен бейнелеу тәжірибесін молықтыра, байыта түсті.
Талантты қазақ ақыны, әдебиетші, сыншы Әбіш Кекілбаев Жұмекен
Нәжімеденов туралы былай дейді: «Жұмекен жұмбақ ақын, тамырын терең
салған, ойға бай, тілге сараң суреткер. Ақындарға тән шалқу, тебіреніс,
толғаныстың өзі де құпия, жасырын. Оқушының қолына тереңде жатқан
ойының бір ұшын ұстатады да, арғы жағын өзің тап дегендей жайлап шығарып
салады. Бұл Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығының табиғатын, Жұмекен
поэзиясының стильдік ерекшілігін дәл басу.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
40 − 50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті. − Алматы: Ғылым,
1998. − 312 б.
2.
Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық. − Алматы: Ана тілі
ЖШС, 2004. − 61 б.
3.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 9-том. − Алматы: Қазақпарат,
2005. − 133 б.
4.
Тәжібаев Ә. Жылдар, ойлар. − Алматы: Жазушы, 1976. − 199 б.
5.
Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры. − Алматы: Жазушы, 1981. − 55 б.
6.
Жәмішев Ә. Жыр жанары. − Алматы: Жазушы, 1979. − 33 б.
ӘОЖ 821.512
Хамитова Асемгуль, Оразханова Майгуль
(Павлодарқ, Қазақстан)
К. АХМЕТОВАНЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ
Мақалаға ақын К. Ахметованың табиғатты суреттейтін өлеңдері
негіз болды. Ақынның табиғатты бейнелеу ерекшелігі, лирикалық қаһарман
сипаты мен ақынның табиғатқа қатысты ойлары, көзқарастары
талданады.
Кілт сөздер: лирика, табиғат, ақын, өлең, лирикалық қаһарман,
көркемдік.
The article based on the poems of K. Akhmetova, that describes the nature.
Poet’s visual feature of the nature, the picture of lyric hero, thoughts and opinions
of poet about nature are analyzed in the article.
Key words: the nature of the lyric poet, poetry, lyrical hero, art.
Табиғат – ақындардың шабытын арттырып, өлең жазуға арқау болған
тақырыптардың бірі. Жылдың барлық мезгіліне жыр арнап, табиғаттың әр
бөлшегін өзінше түсініп, сезініп жырлайтын ақындар жетерлік. Солардың
бірі – Күләш Ахметова.
Ж. Абдуалиева өзінің диссертациясында: «Ақынның табиғат
лирикасы – кең даланың көрінісі. Ақын табиғаттың төрт мезгілін адам
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
225
жанымен байланыстырып, оның өзі – табиғаттың төл перзенті екендігін әр
өлеңінде еске салатындай» [1, б. 16],
деп ақынның табиғат лирикасы жайлы
өз пікірін білдіреді. Оған Күләш Ахметованың «Орман» өлеңі дәлел:
Жасылға, жапыраққа шын ғашықпын.
Жасымнан сұлулықпен сырласыппын.
Теруге бәйшешекті құштар болып,
Көруге қызғалдақты қырға шықтым [2, б. 7], – деп орман сұлулығын,
әсемдігін жырға қосады. Табиғаттың көркемдігіне тамсанудың өзі бір бақыт
екенін жеткізеді. Ақын «Таң» деген өлеңінде:
Тар арна Күн нұрымен шағылысып,
Жатқандай ағып өтіп алтын одан.
Тойлаған ұлы таңды құстар құрлы
Білмейді-ау тіршіліктің парқын адам! [2, б. 15]
деп табиғат-
тың ерекше сырларын өлеңге қосады. Сарқыраған тау суының дауысы,
құстардың сайрағаны адамды ерекше күйге бөлейтіні анық екенін айтады.
Тамылжыған таңды қарсы алу кей адамдардан гөрі, құстар жақсы білетінін
тілге тиек етеді. Адамдарды әр таңды уайымсыз атырғаны үшін шүкірлік
айтуға үндейді. Келесі «Жапырақ – жаздың жүрегі» деген өлеңінде:
Жапырақтар, әртүрлі ән құрарсыңдар,
Алдарыңда әртүрлі тұрар сындар.
Нәзіктерім, сендермен сырласасайын,
Менің нәзік жанымды ұғарсыңдар [2, б. 24] – деп ақын жапырақтарға
тіл қатады. Оларға біраз сырларын ақтарғандай болады. Сол арқылы адамдарға
түрлі ой салады. Қиыншылық пен қуаныш адам өмірінде кезіксе, табиғат та
кейде өз тосын сыйларын төгіп тұратынын айтады. Ақын құйын мен дауылға,
найзағай мен жаңбырға да төзіп, шыдамды болуға шақырады. Ақын бұны тек
жапырақтарға емес, күллі адмазатқа насихат етіп айтады. Өмірдің барлық
сынақтарынан сүрінбей өтуге тәрбилейді.
Несіпбек Айтұлы Күләш Ахметова жөнінде: «Күләш жырды өмірдің
өзінен тудырады. Әтеуір өлең жазу керек екен деп қолына қалам ала бермейтін
талғампаз ақын. Өнердің киесін, қасиетін барынша қастерлейді. Сөз қадірін
кетіріп алудан қатты сақтанады. Дегдарлық, пәктік, сезім шынайылығы –
Күләш шығармашылығының басты қасиеті» [3],
деп өз пікірін білдіреді.
Ақын келесі бір «Самалмен таралғанда...» деп аталатын өлеңінде:
Самалмен таралғанда таң сыйлығы,
Қалады жан тазарып, тән ширығып!
Ауа, су, жемісті ағаш – жердің беті,
Құдай-ау, қанша нығмет, қанша игілік?! [4, б. 16] – деп таби-
ғаттың сұлулығымен қатар адамға берер мол пайдасын жырға қосады.
Табиғат – адам жанының шипасы деп есептейді. Тыныштықта табиғатпен
сырласудың адамға мол күш-қуат беретіні сөзсіз.
Күләш Ахметова «Әппақ гүлдер» деген өлеңінде:
Әппақ гүлдер ашылғандай өріктен,
Шашыра, су, сұлулықты бөліп тең.
Алматының сәулетіне сән беріп,
Ей, Алатау, мейірленіп, көріктен!
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
226
Қыздырғанда тас көшені Күн күйіп,
Күміс сымдай тартылады су биік.
Рухтылар – субұрқақты орнатқан,
Сұлулықты түсінгендер – тұңғиық! [2, б. 28] – деп Алматы-
ның ажарын ашып тұратын Алатауды, Алматының сұлу көріністерін
ерекше сипаттайды. Табиғатты көркем етіп жаратқан Алла ісіне таңданады.
Сұлулықты тек тұңғиық адамдар ғана түсініп, оған еш зиянын тигізбейтінін
жеткізеді. Табиғатты бағалап, оның көркін аша білетін жандар барда, еліміз
одан бетер гүлденер дегенді айтады.
Күләш Ахметованың кез-келген өлеңінен сұлулықтың, пәктіктің
ұшқыны байқалады. Ақынның тілі жеңіл, өлеңдерін өте қарапайым сөздермен
өрнектеп, оқырман жүрегіне бірден жол табады. «Жетісу» деген өлеңінде:
Тарихы терең, табиғаты ғажайып,
топырағынан кие кетпеген,
жемісі жерге төгіліп, қысы-жазы көктеген,
тауларының басын мәңгі қар басқан,
арасында барыстары маң басқан,
қарағайы қаптаған, самырсыны самсаған,
орманы бақ боп біткен, сулары құт боп аққан... [2, б. 61] – деп Жетісу
өңірінің қасиетін, табиғатының көркемдігін ақын тебірене жырлайды. Мұнар
тауларынан, құнарлы топырағынан, мөлдір суынан еш қасиет жоғалмағанын
мақтанышпен айтады. Қазақтың бағына біткен осындай қасиетті жерлерді
бағалау – біздің парызымыз екенін жеткізеді.
Күләш Ахметованың төмендегі жыр жолдарына назар аударайық:
Бозторғай жағы талып тыншығандай.
Жанады баялыш та үн шығармай.
Мал қайтып, қазан қайнап, сүт тасыған –
Ауылдың түтінінің исі қандай! [2, б. 74] – деп ақын өз
ауылының әсем кештерін жырға қосады. Ауылдың тамылжыған кешін
шабыттана суреттейді. Бұл ауылда ешқашан тайғақ-көшкін болмай, аспаны
әрдайым алтын тәріздес болатынын, ауыл табиғатының сыры мүлде бөлек
екенін жеткізеді.
Ақын «Көгілдір кештерінде Көкшетаудың...» деген өлеңінде:
Ауаның өзінде де көк шырай қап,
Самал жел көк бояуын төксін ойнап...
Көкшетау!
Көгілдір нұр!
Көкпеңбек көл,
Армысың,
Көкорай бел,
Көкшіл аймақ! [4, б. 164] – деп еліміздегі орны бөлек тарихи
жерлердің бірі – кербез Көкшетаудың сұлулығын өлеңге қосады.
Даласы қарағай мен қайыңға бай арқа жерінің табиғатын шабыттана
жырлайды. Жайылған Бурабай көлі бар , оқжетпес пен жұмбақтас көркін
ашқан, биігінде күн нұры аймалаған Көкшетаудың қасиетін ерекше толғайды.
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
227
Сейсенбек Әбенбаев: «Табиғат адам баласы үшін тек күнкөріс көзі,
тіршілік ету нысаны ғана емес, оның тірілуі, көгеруі, жемістенуі адам
болмысына құлшыныс тудырады, сезімін оятады, бойын сергітеді» [5, б. 85],
деп табиғаттың адам өміріндегі алатын орнына тоқталады.
Ақын «Күн шыққанда күліп оян» деп аталатын өлеңінде былай дейді:
Көктем келсе – құлпырар гүл әрқашан,
Жапырақ жайса – бітеді шынарға сән.
Ештеңеге шаттана алмайсың сен –
Қаулап өскен шалғынға қуанбасаң [4, б. 61],
деп табиғат-
тың тамаша сәттерін әсерлі суреттейді. Шуағын шашқан күнге, себелеп
жауған қарға, жаңа туған айға қарап қуана білу керек екенін айтады. Бақыт
қарапайым нәрселерге ортақ болудан, қуана білуден басталады деген
тұжырымға келеді. Табиғатқа қарап, адам өзіне мол қуаныш пен ерекше әсер
ала алатынын жеткізеді. Күләш Ахметова өзінің келесі бір «Көктем» деген
өлеңінде:
Құстар қайтып келеді шулап, талып,
Жүрек соқты кеудені тулап барып.
Көктем лебі, әнекей, ауада жүр,
Көп-көгілдір жібектей шумақталып [6, б. 48],
деп көктем
мезгіліне деген махаббатын жеткізеді. Көктемді тағатсыздана күтіп,
қарсы алып жатқан кезін әсерлі суреттейді. Құстардың қайтып оралуын,
табиғатқа жан біте бастаған кездегі адам қуанышын жеткізеді. Адамның
табиғатқа тамсануы, жүректе жылылықтың пайда болуы да осы шумақтан
байқалады.
Ақынның төмендегі өлең тармақтарына назар аударсақ:
Жағалау. Жұлдыз сезім туды ойымда.
Үн қатпай маужырайды гүл, мойыл да.
Үн еткен самал соқпай, жапырақтар
Тып-тыныш ұйықтап жатыр су бойында [7, б. 41],
деп түнгі
жағалаудың көріністерін суреттейді. Тыныштық үстінде ақын ой мен
қиялға беріледі. Ағып жатқан өзенмен, мақпал түнмен, жарық аймен
сырласып, армандарымен бөліседі. Осылайша ақын жағалау бойындағы түнгі
кешті әдемі суреттейді. Табиғатқа арналған келесі өлеңінде:
Аспанды тұтас көңілсіз бұлттар қаптады,
Келмейді енді шілденің ыстық аптабы.
Солады енді, солады енді сол бойы
Созыла өскен толайым гүлдер бақтағы [7, б. 60],
деп жаз
мезгілінің
соңғы
күндерін
суреттейді.
Гүлдердің
солып,
жапырақтардың шашылып жатқаны адамның көңіліне де әсер ететінін айтады.
Күләш Ахметова «Қар жауып тұр қалада» деген өлеңінде:
Қар жауып тұр далада баяғыдай,
Адамдарды бақытты ет, ая, құдай.
Туған жерге аспаннан суық гүлдер
Түсіп жатыр қанатын жая құлай [6, б. 5],
деп қар жауып
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
228
тұрған сәтті сипаттайды. Адамдар қар арқылы бақытын іздейді немесе
жарасына ем іздейді дейді. Расында да жауған қарға қарап армандауға,
қиялдауға, жүректегі жараны жазуға да болады. Осыған қарап табиғаттың
адамға деген әсері өте маңызды екенін түсінуге де болады.
Ақын «Бұлақтағы жұлдыздар» деп аталатын өлеңінде:
Тыныштықта тұнжырап тұрды ізгі аймақ,
Сұлу сурет мойныңды бұрғызбайды-ақ,
Көздің жауын алады жарқ-жұрқ етіп,
Жұмбақ толқын ішінде жұлдыз қайнап [6, б. 40],
деп түнгі
жұлдыздардың сұлулығын суреттейді. Жұлдыздар аспаннан сәуле
шашып, бұлақтың көркін ашып тұрғанын айтады. Ақын түнгі
тыныштықтықпен бірге үндескен жұлдыздардың бейнесін оқырманға жеткізе
алды.
Күләш Ахметова табиғаттың сұлулығын жырлаумен қатар, оларға
төніп тұрған қауіп-қатерді ескеріп, оған бейжай қарамайды. «Аралға арнау»
деген өлеңінде:
Құйқалы жері қуарып,
Құдығы қайтып суалып,
Айдынын ғасыр лайлап;
Құрыққа түскен құлындай,
Сынаққа түсті-ау бірыңғай
Сексеуіл өскен ұлы аймақ [8, б. 114],
деп Арал теңізінің
жағдайын жырлайды. Еліміздегі табиғат мәселелері ақынды қатты
қынжылтады. Табиғат тыныштығымен қатар елінің амандығын тілейтіндігін
де байқай аламыз.
«Қаздар ұшып кеткенде» деп аталатын өлеңінде:
Кеше емес пе еді айдынның шулап жатқаны,
Қаңқылдап қаздар қанатын еркін қаққаны.
Қалғаны қалай құлақта сусыл, бақта мұң?
Қалғаны қалай құлазып қамыс қап-қалың? [6, б. 41] – деп
қаздар ұшып кеткен кездегі айдын көлдің жағдайын сипаттайды.
Көлдің маужырап бос қалғанын көріп мұңға батады, қаздар басқа жаққа ұшып,
сағынышқа айналады. Табиғаттың көркі – қаздардың жылы жақтан аман-есен
ұшып келуін тілейді. Лирикалық қаһарман көңіліндегі қуаныш та қаздармен
бірге ұшып кеткендей әсер қалдырады.
Ақын «Баянауылға барғанда» деген өлеңінде:
... Кең дала, қаладағы кептеліс жоқ,
Саф ауа, самғайтындай тек періште.
Көліктен көкжиекке дейін түгел
Көзіме көрінеді теп-тегіс боп! [2, б. 90] – деп киелі Баянауыл
жерінің сұлулығына тамсанады. Баянауылға барғандағы ерекше
әсерімен бөліседі. Ақын қазақтың кең, жазық даласына сүйсініп, оны
мақтанышпен жырына қосады.
Күләш Ахметова қазақтың кең даласын, мұнар тауларын, жасыл
алқаптарын, лала гүлдерін шабыттанып жырлаудан жалыққан емес. Еліміздегі
көз қызығарлық жерлердің әрқайсысына өлең арнап, мерейін одан сайын
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
229
асырған. Оның әр өлеңі адамға жылылық пен күш-қуат сыйлап, өмір сүруге
жігерлендіреді, табиғаттың кез-келген құбылысына қарап қуануды, жақсы әсер
алуды үйретеді. Экология мәселесін де айналып өтпейді. Еліміздің табиғатын
қорғап, одан мол шабыт алуға шақырады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Абдуалиева Ж.Ф.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін даярланған
автореферат. Астана, 2006. 28 б.
2.
Ахметова К. Орман. – Астана: «Фолиант», 2015.
3.
Айтұлы Н. Жыр жүйрігі // Егемен Қазақстан. 2006 ж. №299. 5
желтоқсан, 6 б.
4.
Ахметова К. Күн шыққанда күліп оян. Өлеңдер мен поэмалар. –
Алматы: Ана тілі, 1996. – 302 б.
5.
Әбенбаев С. Табиғат та сұлулықтың кәусар бұлағы. // Ұлт тағылымы.
2002. №2. 85
91 б.
6.
Ахметова К. Ақ гүлім менің. – Алматы: Жазушы, 1975. – 146 б.
7.
Ахметова К. Бұлақтағы жұлдыздар: Өлеңдер мен поэма. – Алматы:
Жазушы, 1982. – 112 б.
8.
Ахметова К. Мейірім: Өлеңдер мен поэма. Алматы: Жалын, 1981 –
152 б.
УДК 159.922.7:372.881.111.1
Шахантаева Диана
(Усть-Каменогорск, Казахстан)
EXAMPLES OF GAMES ACTIVITIES AS ONE OF THE BASIC WAYS OF
LEARNING ENGLISH VOCABULARY AT PRIMARY SCHOOL
This article describes vocabulary games. The description of different lexical
games: word clap, categories, lottery, coffeepot, back to board are given. The
author explains the rule of the games.
Key words: lexical game, vocabulary, game technique, guessing game,
activities.
It would be wrong to suggest that vocabulary learning has to be all work and
no play. Language play, including word games, has a long history. Children of all
cultures seem to enjoy games of the «I spy ...» or «Hangman» type, and there is a
long tradition of adult word games, a number of which have been adapted for
television. Most first-language word games transfer comfortably to the second-
language classroom.
Students learn through experimenting, discovering and interacting with their
environment. Learners need variation to increase their motivation. By using games
learners already have a context in which the use of the target language is
immediately useful [1].
Word clap: Learners stand or sit in a circle, and, following the teacher’s
lead, maintain a four-beat rhythm, clapping their hands on their thighs three times
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
230
(one-two-three ...) and then both hands together (four!). The game should start
slowly, but the pace of the clapping can gradually increase. The idea is to take turns,
clockwise, to shout out a different word from a pre-selected lexical set (for example,
clothes) on every fourth beat. Players who either repeat a word already used, or
break the rhythm – or say nothing – are «out» and the game resumes without them,
until only one player is left. The teacher can change the lexical set by shouting out
the name of a new set at strategic points: Numbers! Professions! Animals! etc.
Categories: Learners work in pairs or small groups. On a piece of paper, they
draw up a number of columns, according to a model on the board, each column
labelled with the name of a lexical set: e.g. vegetables, animals, part of the body,
sports. The teacher calls out a letter of the alphabet (e.g. C!), and to a time limit (e.g.
three minutes), students write down as many words as they can begin with that letter
in the separate columns (carrot, cabbage; cat, crocodile; chest; cricket, chess...). The
team with the most (correct) words wins.
Lottery: Members of two teams one by one take words from the box and put
them under the appropriate theme: clothes, shoes or healthy and unhealthy food.
Coffeepot: This is a guessing game. One learner answers yes/no questions
from the rest of the class (or group) about a verb that she has thought of, or that the
teacher has whispered to her. In the questions the word coffeepot is used in place of
the mystery verb. So, for example, students might ask «Do you coffeepot indoors or
outdoors? Is coffee potting easy or difficult? Can you coffeepot with your hands?»
etc. If the verb that the student has selected is yawn the answers would be: Both
indoors and outdoors; It’s easy; No, you can't, but you might use your hands ... To
make the game easier a list of, say, twenty verbs can be put on the board and the
person who is it chooses one of them. This can also be played in pairs.
Back to board: This is another guessing game, but this time the student who
is 'it' has to guess a word by asking the rest of the class questions. The student sits
facing the class, back to the board; the teacher writes a recently studied word or
phrase or idiom on the board, out of sight of the student. The student asks different
students yes/no or either/or questions in order to guess the word. For example:
Samat, is it a wild or domestic? (A wild) Medet, does it live in water or in the forest?
(In water) Asem, is it green or yellow? (Green)... etc. To make the game easier, the
words chosen can be limited in some way – e.g. all animals; all character adjectives,
and so on.
The participants should be provided with teaching materials, game
assignments, instructions, training materials, etc. The teacher should constantly
improve the learning process, allowing children to assimilate effectively and
program material.
REFERENCES
1.
Longman. Hong L. Using Games in Teaching English to Young Learners
in The Internet. − 2002 TESL Journal, Vol VIII, No.8.
2.
Askarova M.A. Some teaching games for primary learners at the English
lesson. – 2006. -−№1.− P. 18 – 22.
3.
Huyen N.T.T. and Nga, K.T.T. Learning Vocabulary through games in
Asian EFL Journal. – 2003.
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
____________________________________________________________________________
_____________________________
Випуск 3 (20 травня 2016 р.)
231
ӘОЖ: 372.882:372.881.1:37.026
ЖунусоваАлия, Оразханова Майгуль
(Павлодарқ, Қазақстан)
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-
КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІ
Мақалада қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында ақпараттық-
коммуникативтік
технологияларды
қолданудың
тиімділігі
мәселесі
қарастырылады. Заманауи техникалық құралдарды қолдану арқылы
сабақтың тиімділігін арттырудың маңыздылығы мен қажеттілігі сөз
болады. Оның өзіндік жолдары, тәсілдері ұсынылады.
Кілт сөздер: ақпараттық-коммуникативтік технология, әлемдік білім
кеңістігі, оқу үдерісі, мультимедиялық құралдар, ұлттық білім беру жүйесі.
It is considered in article rationality (efficiency) of use of an information
and communicative method at lessons of Kazakh and literature. It is told about
importance and need of increase of lessons efficiency by means of use of modern
technical devices. The ways and methods of using the modern technical devices are
offered.
Key words: information and communication technology, the world
educational space for training, multimedia tools, the national education system.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бір сөзінде: «Қазіргі заманда
жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай
мүдделі жаңа білім беру қажет», − деп, білім беру саласында жұмыс істейтін
қызметкерлерге заман талабына сай жаңа беталысты нұсқады. Осыған орай
қазіргі уақытта мектеп мұғалімдері, орта арнаулы және жоғары оқу
орындарының оқытушылары оқу үдерісіне жаңа технологиялар мен
әдістемелерді белсене кіріктіріп, өздерінің де, оқушылардың да бойында
әлемдік тенденцияларға сай құзыреттерді қалыптастыруда.
Техника мен ғылыми жетістіктер жыл санап емес, күн санап ілгері
дамыған бұл заманда оқушылардың өздері күнделікті өмірде смартфон,
теледидар, планшет, ғаламторға қосылған компьютер сынды көптеген
заманауи «гаджеттерді» емін˗еркін пайдаланып үйренген. Сол себепті
мұғалімдерге оқу үдерісі кезінде балаларға жай ғана ауызша түсіндіру,
оқулықтағы ережелер мен жаттығуларды орындау, тақтада жұмыс жасату
сияқты бұрынғыдай дәстүрлі жолдармен олардың назарын шоғырландырып
оқыту қиынға соқты. Міне, осы кезде ақпараттық˗коммуникативті
технологиялар (АКТ) педагогтар үшін мәселенің таптырмас шешімі болады.
Ғалым
Р.Ж.Бахтиярова
айтқандай
«Жаңа
ақпараттық
–
коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру
саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген
электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу
бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда
қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың
|