Державний вищий навчальний заклад



Pdf көрінісі
бет24/35
Дата03.03.2017
өлшемі2,66 Mb.
#7320
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35

ФІЛОЛОГІЯ 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
169 
4. 
саналылық пен белсенділік ұстанымы; 
5. 
теорияны тәжірибемен байланыстыру ұстанымы; 
6. 
түсінуге жеңіл қолайлылық ұстанымы; 
7. 
оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру ұстанымы. 
Оқытудың  ғылымилық  ұстанымы.  Қазақ  тілінің  негізгі  салаларын 
оқыту  ғылыми  дәлелдеулерге,  ұғымдарға,  негізделеді.  Ғалым  әдіскер 
Ә. Исабаев:  «Оқушыларға  берілетін  тілдік  мәліметтер  төмендегі  өлшемге 
сәйкес  болуы  қажет:  Меңгерілетін  объектінің  термині  анық  болуы  қажет, 
мәселен  төртінші  және  бесінші  сынып  оқушыларына  берілетін  және  онымен 
таныстырылатын  терминнің  аясын  аса  ғылыми  дәрежеде  кеңейтіп  беруге 
болмайды:  айталық  дауысты  дыбыстарды  –  вокализм  деп,  дауыссыз 
дыбыстарды  –  консонантизм  деп  түсіндіруге  келмейді.  Сондай-ақ  қосынды 
дауыстыларды – дифтонгит деп түсіндіруге болмайды» − дейді [5]. 
Жүйелілік ұстанымы. Сыныптың жас ерекшелігіне байланысты білім 
көлемінің  бір  жүйеде  берілуі.  Бағдарламада  берілген  жадығаттың  орналасу 
жүйесі бастауыш сыныпта, орта және жоғарғы сыныпта көрсетілген. Материал 
сабақтасып,  кеңейтіліп,  сатыдан  сатыға  өткен  сайын  тереңдеп  ғылыми 
жағынан толықтырылады. Мысалы: 6-сыныпта «Зат есім» тақырыбы бойынша 
алдымен  анықтамасы,  сұрақтары,  мағыналары,  түрлері  оқытылса  7-сыныпта 
«Зат  есімнің  түрленуі»  тақырыбымен  толықтырылады.  Жүйелілік  ұстанымы 
жаңа  жадығатты  түсіндіруде,  білім  мен  дағды  бекітуде,  біріккен  сабақ 
құрылымында,  тексеруде,  пысықтау  мен  қайталауда,  үй  тапсырмасын  беруде 
тексеріп, еске түсіруде іске асырылады. 
Көрнекілік  ұстанымы  тілді  оқытуда  ерекше  қызмет  атқарады. 
К.Д. Ушинский  таныс  емес  бес  сөзді  қаншама  қайталап  қиналатын  оқушы 
сурет  арқылы  көрсетілген  жиырма  сөзді  лезде  үйреніп  алады  деп 
айтады.Көрнекілік  ұстанымы  оқушылардың  қазақ  тілінен  берілген  білімді 
көрнекілік  арқылы  оқытуға  бағыт  береді.  Ең  алғаш  оқытудағы  көрнекілік 
туралы  айтып,  пікір  қалдырған  –  педагог  ғалым  Я.А. Коменский.  Ол 
көрнекілікке  қатысты  «Алтын  ережесінде»:  «...бала  сезімі  қабылдай  алатын 
нәрселердің  барлығын  сезім  әсерлерін  туғыза  білдірген  жөн:  көруге 
болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін 
иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты, жұмсақтығын, 
т.б. байқасын...» – деп атап өтеді («Ұлы дидактика») [4]. 
Көрнекілік түрлері педагогиканың дидактика тарауында көрсетіледі: 
1. 
жаратылыс  көрнекілігі.  Оқушыларды  табиғатқа  экскурсияға  апару 
арқылы шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жаздыру; 
2. 
көлемдік  көрнекілік:  фото,  суреттер,  диафильм,  диапозитив, 
кинодан  фрагмент,  т.б.  көрсету  арқылы  тақырыпқа  байланысты  әңгіме 
құрастыру; 
3. 
дыбыстық көрнекілік: күйтабақ, грампластинка, магнитофон, үзінді 
оқып, талдату; 
4. 
графикалық  символдық  көрнекілік:  картина,  схема,  таблица, 
диаграммалар. 
Көрнекі  құралдар  ынтасы  төмен  оқушыны  қызықтыра  отырып, 
байқатпай сабаққа ынтасын атқарады. 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
170 
Саналылық  пен  белсенділік  ұстанымы.  Мектеп  оқушыларына  қазақ 
тілінен  білім  беру  барысында  олардың  саналы  түсіну  қабілеті  дамытылып 
отырылады.  Тілдік  фактілерге  байланысты  мәліметтерді  оқушылар  жаттанды 
түрде емес, саналы түрде меңгеруі керек. Саналы түрде меңгеру үшін мынадай 
жұмыс түрлері іске асырылады: 
1) 
Тілде  берілетін  мәліметтерді  жеке  түсіндіріп,  өз  түсінігі  бойынша 
айтқызып отыру. 
2) 
Түрлі  жаттығу  жұмыстарын  жүргізу  арқылы  оқушылар  тапсырманы 
еркін орындау керек; 
3) 
Күнделікті, 
тоқсандық, 
жылдық 
қайталаулар 
кезінде 
өткен 
материалдарға байланысты сұрақтарға толық жауап болуы тиіс; 
4) 
Орфография мен орфоэпияға байланысты дағдыларды шартына қарай 
орындай білуі керек; 
5) 
Күнделікті  өмір  қажетіне  қарай  тәжірибелік  дағдыларды  саналы 
түрде меңгеруі керек. 
Білімді саналы меңгерту − мұғалімнің білімдарлығы, түсінігінің айқын 
дәлдігі,  жеткілікті  түсіндіруінен  көрінеді. Білімді  саналы меңгерген  оқушы өз 
белсенділігін  оқудың  бүкіл  барысында  көрсете  алады.  Белсенді  оқушы  алған 
білімін жаттығу кезінде де көрсете алады [1]. 
Теорияны  тәжірибемен  байланыстыру  ұстанымы.  Мектепте  қазақ 
тілінен  алынған  теориялық  білімді  күнделікті  өмір  қажетіне  қолдана  білу 
теорияны 
тәжірибемен 
байланыстыру 
ұстанымы 
болып 
табылады. 
Оқушыларға  қазақ  тілінен  теориялық  білім  мен  тәжірибелік  дағдымен  алған 
білімдерін  кеңейте  отырып,  күнделікті  қажетіне  жаратады.  Оқушыларға 
диалогтық сөйлемді меңгертумен бірге монологтік сөйлеу де үйретіледі. Қазақ 
тілінен берілетін теориялық білім тәжірибелік мақсаттарды жүзеге асырады: 
1) 
тілден  алған  теориялық  білімін  ауызша  және  жазбаша  мақсатта 
қолдана білу; 
2) 
түрлі талдаулар жасай білу; 
3) 
орфография  мен  орфоэпиядан  алған  білімді  ауызша  және  жазбаша 
түрде сауатты іске асыру. 
Түсінуге  жеңіл  қолайлылық  ұстанымы  сабақтың  алғашқы  күнінен 
бастап  сақталуы  тиіс.  Бұл  ұстанымды  іске  асыруда  мұғалім  алдымен  қазақ 
тілінен  тақырыптарды  дәл  таңдап  алып,  оны  жеңіл  мысалдармен  түсіндіреді; 
тілдік  тақырыптардың  өзіндік  белгілерін  анықтайтын  мысалдар  көрсетіп, 
оларды талдайды;  тақырыптың  өзіндік  ерекшеліктерін  оқушыларға айтқызып, 
ауызша  мысалдар  келтіртеді;  бұл  мысалдарына  талдау  жасатады;  талдау 
үстінде  тақырыптың  өзіндік  белгілерін  саралап  айтқызып,  қорытынды  пікір 
шығаруға төселдіреді. 
Оқытудың  психологиялық  ерекшелігін  ескеру  ұстанымы.  Қазақ 
тілін  оқытуда  психологиялық  ерекшелік  ескеріліп,  тілдік  материал 
лайықталып  беріледі.  Тілді  оқытуда  бұл  қағида  сақталмағанда,  түрлі  жағдай 
болуы  мүмкін.  Қазақ  тілінен  теориялық  білім  мен  тәжірибелік  дағды  беруде 
олардың  психикалық  қасиеті,  оқуға  бейімділігі,  икемділігі  мен  дайындық 
дәрежесі  ескеріледі.  Күнделікті  сабақ  үстінде  оқушылардың  ерекшеліктеріне 
орай  жұмыс  істеу  тәртібі  белгіленеді  (жаттығудың  шартын  дұрыс  /  бұрыс 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
171 
орындауы;  өткенді  еске  түсіру  үшін  талдау  жұмыстарын  жүргізу;  өтілген 
тақырып  меңгеріліп  болған  соң,  жаңа  материал  түсіндіру,  көрсету  арқылы 
әңгімелеу;  өздеріне  материал  оқыту;  өтіліп  отырған  жадығатты  жеке  сұрақ 
бойынша 
еске 
түсіру;тақырыпты 
оқушылардың 
өздеріне 
айтқызып, 
қорытындылау; жаттығу жұмыстары, т.б.) [2]. 
Б. Құлмағанбетова 
айтылғандардан 
бөлек 
жадығатты 
дұрыс 
орналастыру  ұстанымы,  оқытудың  берік,  тиянақты  болу  ұстанымы, 
оқытудың  алдын  ала  болжау  ұстанымы  дегенді  айтады,  онда  8  ұстаным 
көрсетіледі,  бірақ  психологиялық  ерекшелігін  ескеру  ұстанымы,  түсінуге 
жеңіл қолайлылық ұстанымы оның еңбегінде қаралмайды. 
Бұдан бөлек мектепте грамматиканы оқыту ұстанымдары болады: 
1) 
тұлға мен мазмұн бірлігі ұстанымы бойынша тілдік бірліктерді бір 
жақты талдауға болмайтындығы ескертіледі; 
2) 
грамматикалық ұғымдарды қалыптастыру ұстанымында оқудың 
қайсысы болсын тіл арқылы түсіндірілетіні, қазақ тілінен теориялық білім ой-
өрісті,  дүниетанымды  жалпы  қалыптастырып,  сөйлеу,  жазу  тілін  дамытуды 
іске  асыратыны,  сондықтан  морфологиялық  ұғымдарды  дұрыс  меңгерту 
оқушыны  сауаттылыққа,  ой-пікірлерді  дұрыс  талдай  білуге  бағыттайды. 
Морфологияны  оқытуда  сөздердің  грамматикалық мағынасы, сөз  таптарының 
өзара  байланысы  түсіндіріліп,  олардың  ерекшеліктері,  сөйлемдегі  қызметі 
өмірмен байланыстырылады; 
3) 
сөз  қолданысы  ұстанымында  морфологиядағы  көптік,  тәуелдік, 
септік жалғауларын орнымен пайдалану стильдік қолданысқа үйретеді. 
 
КӨЗДЕРІ МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. 
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 488 б. 
2. 
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1966. – 360 б. 
3. 
Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1955, 278 – 279 б. 
4. 
Лапатухин  М.С.  Очерки  по  методике  казахского  языка  в  русской 
школе. – Алматы, 1940. 
5. 
Шонанов  Т.  Учебник  казахского  языка  для  русской  школы.  – 
Алматы, 1933. 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
172 
УДК 371:800 
Шақаман Ырысгүл, Ақылбекова Гаухар 
(Павлодар, Казахстан) 
 
ОҚЫТУ ТҮРІ МЕН ЖҮЙЕСІ 
 
Қазақстандағы  «педагогикалық  технология»  ұғымы  шетелдік  білім 
беру  жүйесімен  байланыстырып  қабылдау  қалыптасқан.  Бұл  ұғымда  оқыту 
мәселесі  білім  беру  үдерісін  «жаңаша»  жандандыру,  оқушылардың  оқуға 
қатысымын, ынталану  әрекетін  арттыру, сабаққа қызығушылығын  тудыру, 
т.б.  сабақ  жүргізудің  бастапқы,  негізгі,  қорытынды  кезеңдік  бөлігін 
қамтитын  әдістік  бірліктердің  қолданысының  сипаты  қамтылады.  Осы 
әдістемелік 
жиынтық 
бірліктердің, 
әдістік 
қолданыстың 
(оқыту 
технологиясының) 
мұғалімдердің 
шығармашылық 
әрекетінсіз, 
кәсіби 
шеберлігінсіз,  мамандыққа,  пәнге  қатысты  білімнің  тереңдігінсіз  оқу 
жүйесінде  қолданылуы  мүмкін  еместігі  де  белгілі.  Бұлардың  барлығы  қатар 
ұштасқанда ғана «педагогикалық технология» мәні толығымен ашылады. 
Key  words:  pedagogical  technology,  the  development  of  technology, 
modular technology based training technology, design technology. 
 
«Education technology» foreign concept developed to connect the education 
system of Kazakhstan. This is the question of training and educational process in the 
definition of the «new» to improve the behavior of the student’s involvement seek to 
revive interest in the classes, etc. covering part of the final stage of an initial basic 
lessons are included in the methodical nature of the use of the units. This methodical 
total  units,  the  method  (educational  technology)  teacher’s  creative  activity, 
professionalism,  depth  of  knowledge  about  the  discipline  of the  profession  can  not 
be used in the educational system. All of them turns into a «pedagogical technology» 
fully open. 
Негізгі 
сөздер
педагогикалық 
технология, 
дамыта 
оқыту 
технологиясы, 
модульдік 
оқыту 
технологиясы, 
деңгейлеп 
оқыту 
технологиясы, жобалап оқыту технологиясы. 
 
Қазақстандағы  «педагогикалық  технология»  ұғымы  шетелдік  білім 
беру  жүйесімен  байланыстырып  қабылдау  қалыптасқан.  Бұл  ұғымда  оқыту 
мәселесі  білім  беру  үдерісін  «жаңаша»  жандандыру,  оқушылардың  оқуға 
қатысымын, ынталану әрекетін арттыру, сабаққа қызығушылығын тудыру, т.б. 
сабақ  жүргізудің  бастапқы,  негізгі,  қорытынды  кезеңдік  бөлігін  қамтитын 
әдістік  бірліктердің  қолданысының  сипаты  қамтылады.  Осы  әдістемелік 
жиынтық  бірліктердің,  әдістік  қолданыстың  (оқыту  технологиясының) 
мұғалімдердің  шығармашылық  әрекетінсіз,  кәсіби  шеберлігінсіз,  мамандыққа, 
пәнге  қатысты  білімнің  тереңдігінсіз  оқу  жүйесінде  қолданылуы  мүмкін 
еместігі де белгілі. Бұлардың барлығы қатар ұштасқанда ғана «педагогикалық 
технология» мәні толығымен ашылады. 
Қазақстандағы  білім  жүйесінің  қазіргі  қалпын  тек  шетелдік  білім 
жүйесінен  үлгі  алуымен  «жанданып»  отыр  деп  баға  беру,  «жаңаша  білімдік 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
173 
технологоияның»  енуімен  білім  сапасы  өзгерді  деп  көзқарас  білдіріп,  пікір 
айту бір жақты ғана ойлар екені де түсінікті. 
Қазақстанда  білім  жүйесіне  бұл  ұғым  енгенге  дейін  де  білім  сапасы, 
білім  беру  қызметі  жоғары  болғаны  белгілі.  Қазіргі  «педагогикалық 
технология»  қолданысындағы  барлық  әдіс  түрі,  сабақ  жүргізу  түрі,  сабаққа 
қолданылатын  амал-тәсілдер  –  ежелден  келе  жатқан  оқыту  жүйесінің  нақ  өзі. 
Сол  оқыту  жүйесінің  теориялық  негіздемеге  түсіріліп,  қайта  айналып, 
«педагогикалық  технология»  деген  жаңаша  атаумен  түсіндірілуі  оқыту 
жүйесін емес, оқыту түрін ғана енгізді деп айтуға болар. 
Педагогикалық  технология  немесе  оқыту  технологиясы  шетелдерден 
бастау  алып,  1960  жылдары  айналымға  енген.  Бұл  қолданыс  өндірістегі 
технологиялардан соң қалыптасты. 
Сондықтан  педагогикалық  технологияның  өндірістік  технологиямен 
қатар  болмайтыны  да  аян.  Педагогикалық  технология  –  адамзатқа  білім 
беруде  оқыту  мен  тәрбиелеу  әрекетінің  өзара  байланысын  жүзеге 
асыратын  бірнеше  амал-тәсіл,  әдістердің  қолданыстық  жиынтығы.  Осы 
қолданыс  нәтижесінен  қоғамның  белді  мүшесі,  жан-жақты  дамуға  негізі 
қаланған тұлға көрінеді. 
Педагогикалық  технология  арқылы  зат  емес,  қоғамды  жақсы  жағынан 
өзгертуге  ұмтылатын,  өмір  мазмұнын  арттыратын,  адамзатты  әлеуметтік, 
мәдени,  экономикалық,  ғылыми  тұрғыдан  әрекеттендіруге  түрткі  болатын 
қоғам мүшесі қалыптасады. 
Ендеше 
осы 
ұғымға 
сыйғызылып 
жүрген 
педагогтикалық 
технологиядағы  оқыту  мен  тәрбиелеу  үдерісіндегі  әрекеттер  бұрынғы  оқыту 
түрінен  ешбір  айырмашылығы  жоқ.  Бар  болғаны  оқыту  түрінінің  атауы  мен 
жүргізілу әдісі, қолданыстық орны, белгілі бір жағдайда сыйымдылық уақыты 
ғана өзгерді. 
Атауына  қатысты  келгенде,  «педагогикалық  технология»  түсінігіндегі 
оқыту  түрі  бірнеше  топқа  жіктелуімен  ерекшеленеді.  Ал  әр  жіктемелік  түрін 
қарастыруда  оның  Қазақстандық  оқыту  жүйесінде  жеке  әдістік  тұрғыда 
қолданылып  жүргені  анық  көрінеді.  Тек  сол  әдістердің  теориялық  белгілерін 
беріп,  әдістемелік  негіздемесін  көрсетіп,  атауын  жинақтап  беру  жүйеге 
түсірілген  емес.  Себебі  әр  әдістің  өз  атауы  өз  мазмұнын  ашып  тұрады. 
Сонымен бірге қазақстандық ғалымдар білімдік оқу теориясының негізін білу 
арқылы  белгілі  бір  әдіс  тауып  қолдануға  болатынын,  әдістің  өзі  білім  беру 
жүйесінде,  сыныптың,  оқушының  ыңғайына  қарай  туындап  отыратынын 
білгендіктен,  әдістеме  теориясында  нақты  түсініктеме,  сипаттама  ғана  беріп 
отырған.  Оның  үстіне  1990  жылдарға  дейін  қазақстандық  оқыту  жүйесі  тек 
кеңестік жүйеге негізделіп отырды. 
Сонымен  педегогикалық  технология  ішкі  мазмұндық  түрлерімен 
көрініс табады: 
1.  Дамыта  оқыту  технологиясы.  Бұл  технологияның  мазмұнында 
әдістің  барлық  түрін  жаппай  қолдану  міндеттелмейді.  Негізінде  бастауыш 
сынып  пен  орта  сынып  аралығында  қолдануға  ыңғайлы.  Ал  Ресейде  тек 
бастауыш сыныпқа ғана енгізілген. 
Аталған оқыту түрінде алты қағида негізге алынады: 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
174 
 
Білімді жеткізуде күрделендіріп отыру; 
 
теориялық  білімнің  негізін,  маңыздылығын  көрсету  үшін  ішкі 
байланыс-заңдылықтарды ажыраттырып, талдату; 
 
оқушыны іздендіруге бағыттау; дағдыландыру 
 
оқушының  оқу  үдерісінің  мәнін  сезінуі;  сол  үдерісте  білімді  тануда 
өздігінен сұраққа жауап іздеп, жеке әрекет жасауы; 
 
оқушыларды білімді бірлесіп тануға итермелеу; 
 
оқушыларды қабілетіне қарай алаламау. 
Бұл технология бойынша қазақ ғалымдарынан жаңаша негіздеушілер – 
Б.А. Тұрғынбаева, Н. Құрманова. 
2.  Модульдік  оқыту  технологиясы  оқушының  өз  бетімен  нақты 
іздену  әрекетін  талап  етеді.  Бұл  оқыту  технологиясының  оқыту  мақсатына 
оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыру жатады. 
Модульдік  технология  жоғары  сынып  оқушылары  үшін  қолдану 
ыңғайлы да тиімді. Бұл оқыту технологиясының мәні өзара жақын тақырыптар 
бірлестіріліп,  тақырыптық  мазмұнының  ұқсастығы  мен  ерекшеліктері, 
айырмашылықтары, 
жалпы 
белгілері 
ажыртылып 
талдануы 
үшін 
оқушылардың  жеке  білімдік  пікірлерін  тану  мен қалыптастыруынан  көрінеді. 
Нақтылай  алғанда,  бұл  технологияның  негізінде  жалпыдан  жекелендіруге 
көшіру  үшін  немесе  жалпыдан  –  жеке,  жекеден  жалпы  қорытынды  шығару 
әдісі (индукция – дедукция немесе дедукция – индукция) жатыр. 
Модульдік 
технологияны 
қазақ 
тілінде 
қарастырып 
жаңаша 
негіздеушілерден ғалым М.М. Жанпейісованы атап көрсетуге болады. 
3.  Келесі оқыту түріне деңгейлеп оқыту технологиясы аталады. Бұл 
оқыту  түрі  1998  оқу  жылынан  қазақ  ғалымдарынан  Ж.Қараев  қарастырып, 
теориялық  негіздемесін  беріп  енгізген  [3].  Мұнда  білім  беру  деңгейлі 
тапсырма түрлерін орындату арқылы жүзеге асады. Осыған байланысты ғалым 
Ж.Қараев деңгейдің 4 түрін сипаттап көрсетеді: 
 
репродуктивтік  деңгей  –  тапсырма  жалпы  білім  негізінде, 
оқушылардың  бастапқы  білімін тексеру  үшін  оқулық  аясында құрастырылып, 
белгіленеді. 
 
алгоритмдік деңгей – тапсырманың мұғалімнің түсіндірген мәліметі 
негізінде орындалуы.  
 
эвристикалық  деңгей  –  оқушының  өздігінен  ізденіп,  қосымша 
еңбектерді пайдалану арқылы тарпсырманы орындап, жауап беруі. Оқушының 
ой ұтқырлығы танылады. 
 
шығармашылық  деңгей  –  оқушының  білім  игеру  дағдысының 
қалыптасқанын  аңғартатын,  өзіндік  танымдық  қабілетінің  нәтижесін 
көрсететін тапсырмалар жүйесінің ұтқырлықпен орындалуы. 
Көрсетілген  білім  игерту  немесе  тексеру  деңгейлері  деңгейлеп  оқыту 
технологиясының  ішкі  мазмұны  болып  табылады.  Аталған  технолгияда 
қолданылған  әдістер  арқылы  оқушының  өзіндік  жұмыс  істеу  (талдау  жасау, 
тұжырым 
беру) 
дағдысы, 
ойлау 
қабілеті, 
ізденуге 
қызығушылығы 
қалыптасады.  Сонымен  бірге  әр  оқушының  жалпы  ойлау  қабілеті  танылады. 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
175 
Бұл  –  мұғалім  үшін  кейін  жұмыс  орындатуда,  білімді  бағалауда,  тапсырма 
жүйесін белгілеуде маңызды болып табылады. 
Деңгейлеп  оқыту  технологиясы  кейде  саралап  оқыту  түрі  деп  те 
аталады. 
Қарастырылған  педагогикалық  технолгия  түрлерінен  бөлек  жобалап 
оқыту  технологиясы  да  бар.  Мұнда  жоғары  сынып  оқушыларын  ғылыми 
бағытта 
білімдендіру 
жұмысы 
жүргізіледі. 
Оқушылардың 
ғылыми 
көзқарастарын  қалыптастыру  мақсаты  мен  сол  мақсатты  жүзеге  асыратын 
ғылыми  талдау  жасату,  ғылыми  тұжырым  бере  білу,  ғылыми  нәтиже  көрсету 
міндеттері көзделеді. 
Жинақтай  келгенде,  қай  оқыту  түрі  болсын  оқушыға  білім  түрін 
нәтижелі меңгерту мақсатын көздейді. 
 
КӨЗДЕРІ МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. 
 Жұмабаева  Ә.Е.,  Әбдірахманова  Қ.Ж.  Қазақ  тілі.  Алматы:  Атамұра. 
2009. – 87 б. 
2. 
 Бұзаубақова  К.Ж.  Жаңа  педагогикалық  технологиялар.  Оқу  құралы. 
Жазушы, 2004. – 133 б.  
3. 
 Бөрібекова  Ф.Б.,Жанатбекова  Н.Ж.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологиялар. – Алматы: 2014 жыл. – 205 б. 
 

 
 
«Гуманітарний простір науки: досвід та перспективи»
 
____________________________________________________________________________ 
_____________________________ 
Випуск 3 (20 травня 2016 р.) 
 
176 
ӘОЖ 81’27 
Маржан Ахметова  
(Астана, Қазақстан) 
 
ҚАЗНЕТТЕГІ БІРТІЛДІ, ҚОСТІЛДІ, КӨПТІЛДІ САЙТТАРДЫҢ АРА 
ҚАТЫНАСЫ МЕН МАЗМҰНДЫҚ ЖІКТЕЛІСІ 
 
Мақалада 
Қазақстанның 
интернет 
кеңістігінде 
бұқаралық 
коммуникацияны  жүзеге  асыратын  тілдер,  олардың  жұмсалу  аймағы  мен 
қолданылу  деңгейі  қарастырылады.  Қазнеттегі  электронды  ресурстар 
статистикалық  талдау  нәтижесінде  біртілді, қостілді, көптілді сайттарға 
жіктеліп,  олардың  ара  салмағы,  басымдыққа  ие  тілдер,  сонымен  қатар 
тақырыптық-мазмұндық сипаты анықталып, салыстырылады.  
Түйін сөздер: қазнет, интернет кеңістігі, біртілді, қостілді, көптілді 
сайттар, тілдің қолданылуы, тілдің дамуы. 
 
The  focus  of  the  article  is  the  languages  of  mass  communication  in  the 
Internet space of Kazakhstan, the area of consumption and the level of expenditure 
of the languages. The electronic resources of Kaznet are classified as monolingual, 
bilingual  and  multilingual sites in consequence  of the  statistical  analysis.  Also, the 
ratio and the thematic and informative features of the languages are determined and 
compared as well as the dominant languages.  
Key  words:  Kaznet,  Internet  space,  monolingual,  bilingual,  multilingual 
sites, the usage of languages, language development. 
 
Қазақстандық 
лингвистикада 
интернет 
тілін 
зерттеуге 
деген 
қызығушылықтың  артуы  күн  өткен  сайын  бұқаралық  коммуникацияда 
интернет  қызметінің  ұлғаюынан,  қолданушылар  тарапынан  электронды 
ақпараттарға  деген  сұраныстың  өсуінен,  жалпы  адамның  күнделікті  өмірінің 
ақпараттық  технологиямен,  виртуалды  коммуникативтік  ортамен  тығыз 
байланысынан  туындап  отыр.  Қазақстанда  интернетті  пайдаланушылар  саны 
да  жылдан-жылға  артып  келеді  [1,  б.  73].  Сондықтан,  аталған  мәселелер 
жинақтала  келе,  қазнеттің  виртуалды  кеңістігіндегі  тілдік  жағдайды 
қарастыруға, сайттардың тілін саралап, қай тілдердің басымдыққа ие екендігін 
айқындауға  бағытталған  ізденістердің  жүзеге  асуына  белгілі  бір  дәрежеде  өз 
ықпалын тигізеді. 
Интернет  кеңістігіндегі  тілге  қатысты  мәселелер  тілдің  дамуы,  тілдің 
сақталуы мен жойылып кетуі, тілдердің бірін-бірі ығыстыруы, өміршеңдігі, тіл 
мәдениеті,  морфологиялық-грамматикалық  құрылыстың  өзгеріске  ұшырауы, 
жанрлардың 
тоғысып, 
араласуы, 
жастардың, 
блогерлердің 
тіліндегі 
ерекшеліктер,  жаңа  тілдік  құрылымдардың  қалыптасуы  секілді  т. б. 
мәселелердің 
уақыт 
өткен 
сайын 
өзектілігі 
артып, 
қазақстандық 
лингвистиканың зерттеу ауқымын кеңейте түсуде.  
Әлемдік  ғылымда  А.  Корнай,  С.  Херринг,  Г.Н.  Трофимова, 
Е.И. Горошко  т.б.  еңбектерінде  интернет  тілі  әр  түрлі  аспектіде,  жан-жақты 
қарастырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет