Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет10/48
Дата31.12.2016
өлшемі5,5 Mb.
#845
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48

 
Сурет 1 - Оқу-тәрбие үрдісінде қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды  
пайдаланудың педагогикалық шарттарының өзара жүйелік бірлігінің  моделі 
 
Жаңаша  оқытудыңм  негізгі  түрлері:  оқытудың  дербес  және  топтық  түрлері  болып 
табылады.  Бұл  жерде  алға  қойылатын  басты  мақсат  –  оқушыға  деген  сенім,  оның  өз  ісіне 
жауап  беру  мүмкіндігіне  сүйеніп,  беделі  мен  қадір-қасиет  сезімін  дамыту.Сондықтан  біз   
оқытушылардың  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды  меңгеруінің  өлшем 
көрсеткіштерін анықтадық (сурет 2) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оқу-тәрбие үрдісінде 
қазіргі заманғы 
педагогикалық 
технологияларды оқу-
тәрбие үдерісінде 
пайдаланудың 
педагогикалық 
шарттары 
Қазіргі заманғы 
педагогикалық 
технологиялар жайлы 
білім 
Қазіргі заманғы 
педагогикалық 
технологиялар туралы 
ізденіс қажеттілігі 
Қазіргі заманғы 
педагогикалық 
технологияларды 
меңгеру 
Қазіргі заманғы 
педагогикалық 
технологияларды 
пайдалану және білім 
беруді ұйымдастыру 
формалары 
Қазіргі заманғы 
педагогикалық 
технологияларды  
пайдалану бойынша 
педагог - ғалымдардың  
озық тәжірибелерін 
пайдалану 
Қазіргі заманғы 
педагогикалық 
технологияларды  
пайдаланудың 
нәтижесінің болуы 
Қазіргі заманғы 
педагогикалық 
технологияларды  
пайдаланудың   
тиімді жолдарын 
қарастыру 
Жаңалықтың өмір сүру 
сатыларын меңгеру 

69 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 2 - Оқытушылардың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды 
меңгеруінің өлшем көрсеткіштері 
 
Оқу-тәрбие  үрдісінде  қолданып,  айтарлықтай  нәтиже  беріп  жүрген  жаңа 
педагогикалық технологиялар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, 
В.В.Давыдов,  В.В.Репин,  В.А.Левин);  оза  отырып  оқыту  (С.Н.Лысенкова);  іс-әрекетті 
бағалау (Ш.А.Аманашвили, И.П.Волков); тірек және тірек конспектілері (В.Ф.Шаталов); сын 
тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; саралап оқыту; 
шоғырландырып  қарқындап  оқыту  жүйесі;  деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  дамыта  оқыту; 
жобалап оқыту технологиясы т.б [1,2]. 
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: 
білім  алушыға  ізгілік  тұрғысынан  қарау;  оқыту  мен  тәрбиенің  бірлігі;  білім  алушының 
танымдық  күшін  қалыптастыру  және  дамыту;  білім  алушының  өз  бетімен  әрекеттену 
әдістерін меңгерту; білім алушының танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; 
•Оқу-тәрбие  үрдісінде қазіргі заманғы 
педагогикалық технологияларды меңгеруге 
ұмтылуы; 
•Оқу-тәрбие  үрдісінде қазіргі заманғы 
педагогикалық технологияларды пайдаланудың 
қажеттілігін түсінуі; 
•Оқу-тәрбие  үрдісінде қазіргі заманғы 
педагогикалық технологияларды пайдаланудың 
көбіне нәтижелі болатындығын сезінуі. 
Репродуктивті 
(төмен) 
•Оқу-тәрбие  үрдісінде қазіргі заманғы педагогикалық 
технологиялардың тиімдісін таңдай алуы; 
•Оқу-тәрбие  үрдісінде қазіргі заманғы педагогикалық 
технологияларды мақсатты, тұрақты, саналы 
пайдалана білу; 
•Педагогикалық міндеттерді шешудің инновациялық 
тәсілдерін іздестіре алуы. 
Эвристикалық 
(орта) 
• Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды 
меңгеруде жаңа идеяның пайда болуы; 
• Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды 
қолдануда өзіндік (авторлық) жаңалықтар енгізе алуы; 
• Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды анықтап, 
талдау жасай білу; 
• Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды нәтижелі 
пайдалануы. 
Шығармашылық 
(жоғары 
КОМПОНЕНТТЕР 
Танымдық 
Ішкі құрылымдық 
Іс-әрекеттк 
Көрсеткіштер 
Д
Е
Ң
Г
Е
Й
Л
Е
Р 

 
Жаңаны қолдануға шешім қабылдау; 

 
Жаңаны енгізуге қолайлы жағдайлар жасау; 

 
Кездесетін қиыншылықтарды анықтау, оны шешудің жолдарын анықтау; 

 
Жаңалықты шығармашылықпен қолдану. 
Қазіргі заманғы педагогикалық 
технологияларды пайдалану  іс-әрекеті 

70 
 
әр  білім  алушыны  оның  қабілеті  мен  мүмкіндік  деңгейіне  орай  оқыту;  барлық  білім 
алушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін білімгердің сезінуі [3]. 
Қорыта 
келгенде, 
оқу-тәрбие 
үрдісінде 
қазіргі 
заманғы 
педагогикалық 
технологияларды  тиімді  пайдалану  оқытушыларды  жаңаша  жұмыс  істеуге,  білім 
алушылардың дербес және логикалық ойлау сыныстар жасауға мүмкіндік береді: танымдық 
қабілеттерін 
арттырып, 
оқуға 
деген 
жағымды 
қызығушылық 
қалыптастырып, 
шығармашылық жұмысқа итермелейді деген ойдамын.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР  
1.
 
Ф.Бөрібекова,  Н.Ж.Жанатбекова  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялар. 
Оқулық. -  Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2014 
2.
 
А.Б.Айтбаева  Білім  берудегі  жаңа  технологиялар.  Оқу  құралы.  –  Алматы:Қазақ 
университеті, 2011 
3.
 
С.А.Көшімбетова  Мектептің  оқу-тәрбие  үрдісіне  инновациялық  технологияларды 
ендіру жолдары. Оқу-әдістемелік құрал. – Тараз, 2004 
 
 
ӘОЖ 373.015.3 
 
ОҚУ- ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ЖАҢАША ҰЙЫМДАСТЫРУ- ЗАМАН ТАЛАБЫ 
 
Бурымтаев Ғ.Н., Маманова Қ.Б. 
Соцжол орта мектебі, Панфилов ауданы, boribai23@mail.ru 
 
Еліміздің  болашағы  көркейіп,  өркениетті  елдер  қатарына  қосылуы  бүгінгі  ұрпақ 
бейнесімен  өлшенеді.  Жас  ұрпаққа  білім  беру  мен  тәлім  берудің  сан  жолы,  көп  қыры  бар. 
Мына ғаламдық ғарышты даму дәуірінде, шәкірттерге ұстаздықпен берілер білім күн өткен 
сайын  күрделене,  жаңара  түсуде.  Білім-  ел  қазынасы,  халқымыздың  білімділігі,  еліміздің 
байлығының  ең  маңызды  бөлігі  десек,  білімнің,  негізгі  мектептегі  инновациялық  жұмысты 
жандандыруда болып табылады. Қазақстандық мектептерді жаңарту тұжырымдамасы жалпы 
бiлiм берудің басым бағыттарын, оқушы мен мұғалімнің өзара ынтымақтастығы үлгiсiн білім 
беру  үрдісінде  қалыптастыру  мен  әртүрлі  оқу  -  iс-әрекетін  қамтитын  оқыту  әдiстерiнiң 
үйлесiмдiлiгi  негiзiнде  жүзеге  асырылуы  тиіс  екендiгiн  анықтап  беріп  отыр  [1].  Бұл  басым 
бағыттар мектепте бiлiм беруді дамытуға негіз болады. Осыған орай мектептің әр сатысында 
оқыту  мен  тәрбие  берудің  мақсаты,  бiлiм  мазмұнын  iрiктеу  ұстанымдары,  сондай-ақ, 
оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсiлдерi нақтыланады . 
Бәсекеге  қабілетті  тұлғаны  қалыптастыру  –  педагогикалық  ұжымның  барлық 
мүшелерінің  бірігуін  талап  етеді.  Тұлғаға  бағытталған  білім  -  оқушылардың  тұлғалық 
ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту 
жағдайы. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше 
шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуы тиіс [2]. 
Осы  орайда,  Қазақстан  Республикасы  білім  беру  саясатында  балалар  мен  жастар 
ортасындағы  тәрбиенің  өзектілігі  басымдылыққа  ие  болып,  алдыңғы  орынға  шығады. 
Адамды  өз  елінің  азаматы  ретінде  тәрбиелеуге  бағытталған  мемлекеттік  бағдарламаларды 
іске  асыруға  бағытталған  мемлекеттік  бағдарламаларды  іске  асыру  жалпыадамзаттық  және 
ұлттық  құндылықтар  мен  жаңа  педагогикалық  тұрғылар  негізінде  тәрбие  жүйесін  жаңарту 
жолдарын іздестіру балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуға қатысты барлық 
мемлекеттік  институттардың  педагогикалық  және  әлеуметтік  қызметін  қайта  қарастыруын 
талап етеді.  
Заманауи  жағдайда  білім  беруді  жаңғыртудағы  тәрбие  мәселелерін  басты  назарда 
ұстау қажеттілігі   келесі шарттармен: 

71 
 
-түрлі  типтегі  білім  беру  ұйымдарында  оқу-тәрбие  процесінің  әдіснамасы  мен 
технологияларының жаңаруымен ; 
- оқытуды ұйымдастырудың жаңа формалары мен технологияларын үнемі іздестіруді 
талап ететін қоғамдағы білім беру процесін оқушылардың ұғыну, адамның жеке басындағы 
өзгеру, білім мазмұнын ізгілендіру, оқу пәндері көлемі, құрамының үздіксіз өзгеру, жаңа оқу 
пәндерін кіргізу қажеттілігімен; 
-  мұғалімдердің  педагогикалsқ  жаңалықтарды  меңгеру  және  қолдануға  деген 
көзқарасының өзгеруімен анықталады [3]. 
Ата-ана  және  әлеуметтік  ортаның  серіктестігін  қамтамасыз  ету  арқылы  тұлғаны 
әлеуметтендіру,  білім  алушылардың  рухани  және  адамгершілік  құндылықтарын  дамыту, 
өзіндік таңдау жасауына ықпал ету  – мектеп ұжымының басты ұстанымы. Осы ұстанымды 
жүзеге  асыру  мақсатында  мектеп  өмірінде  жас  жеткіншек  ұрпақтар  бойына  халқымыздың 
тілін,  тарихын,  салт-дәстүрін  жаңғырту,  өз  елінің  ұлттық  байлығын  қадірлеп  қастерлейтін 
білімді,  интеллектуалды,  саналы  азамат  болуға  тәрбиелеу,  рухани  мәдениетін  дамыту 
бағытындағы іс-шаралар жүргізу дәстүрлі үрдіске айналды 
Осыған сәйкес, оқыту мазмұны құндылықтық, танымдық, әрекеттік- шығармашылық 
және тұлғалық қызметтерді қамтиды: 
-
 
құндылықтық  қызмет:  тұлға  үшін  мәнді  бағдар  жүйесін,  өзіндік  даму 
траекториясын таңдап алуы; 
-
 
танымдық  қызмет:  тұлғаның  рухани  дамуының  негізі  ретінде  ұлттық  мәдениет, 
дәстүр, жан-жақты ғылыми білімдерін игеруі; 
-
 
әрекеттік-шығармашылық  қызмет:  тұлғаның  оқу,  еңбек  ету,  ғылыми,  көркемдік 
және басқа да әрекет түрлерінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы, шығармашылық қабілетін 
қалыптастыру және дамытуы; 
-
 
тұлғалық  қызмет:  өзіндік  санаға  бағытталған  рефлексиялық  қабілетті  дамыту 
арқылы өзінің өмірлік мұратын дұрыс қалыптастыруды қамтамасыз етуі [4].  
Білім беру үрдісіндегі демократиялық және гуманистік қарым-қатынастар оқушының 
танымдық қабілетінің дамуына, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуына, өзін үнемі жетілдіріп 
отыруына  ықпал  етеді.  Оқытудың  осы  тұрғыда  ұйымдастырылуы  әр  оқушының  жеке 
тұлғасындағы  өзіндік  ерекшеліктері,  өзіндік  өмір  тәжірибесі  мен  өзіндік  құндылықтарын 
ескеру  арқылы  өзіндік  және  өзара  бірін-бірі  дамытуға  жол  ашатындықтан  интерактивті 
әдістерді пайдаланудың маңызы зор. 
Интерактив  –  ағылшынның  "өзара  әрекет”  деген  сөзі.  Демек,  интерактивті  оқыту 
әдістері  тұлғааралық  қарым-қатынасқа  негізделе  отырып,  "жеке  тұғаны  дамытуға 
бағытталатын”  қазіргі  білім  беру  парадигмасын  қанағаттандырады.  Сонымен  бірге,  сапалы 
білім  алудың  алғышарттары  болып  табылатын  таным  белсенділігі  мен  ізденіс  дербестігін 
қалыптастырып  қана  қоймай,  ары  қарай  дамытады.  Интерактивті  оқыту  әдістері  дәстүрлі 
оқыту  әдістерінен  оқу  үрдісінде  оқушылардың  өзінің  өмірлік  тәжірибелерін  пайдалану 
арқылы  есте  берік  сақтауымен,  мәліметтерді  талдап,  жинақтау  арқылы  жеке  және  кәсіптік 
қабілеттерін  аша  алуымен  ерекшеленеді.  Дегенмен,  интерактивті  оқыту  қажетті  ақпаратты 
игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді. 
 Интерактивті  оқыту  әдістерін  тиімді  пайдаланып,  алға  қойған  мақсатқа  жету  үшін, 
белсенді  оқытудың өзіндік талаптарын  есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек. 
Психологиялық  тұрғыдан  алғанда,  интерактивті  оқытудың  тиімділігінің  сыртқы 
көрсеткіштері  ретінде  оқушылардың  бірлескен  әрекет  ережелерін  мойындай  отырып,  өзара 
әрекеттесуге  ұмтылуын,  топтық  рефлексияның  дамып,  ұжымдық  ынтымақтастықтың 
қалыптасуын,  ал  әсерлілігінің  ішкі  көрсеткіштері  ретінде  оқушылардың  өз  міндеттері  мен 
құқықтарын  түсіне  отырып,  өзара  әрекет  дағдыларын  меңгеріп,  топтық  жұмысқа  дайын 
болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға 
болады.  Оқытудың  интерактивті  әдісі  өте  тиімді.  Себебі,  бұл  әдіс  оқушының  жеке  өмірлік 
тәжірибесіне  сүйене  отырып,  оның  бойында  білім,  дағды  және  құндылық  жүйесін 
қалыптастырады.  Сабақ  мұғалім  мен  сынып  тобы,  шағын  топтар  мен  жеке  оқушы 

72 
 
арасындағы  қатынас  арқылы  жүзеге  асырылады.  Мұнда  мұалім  хабарлама  беруші 
модератордың қызметін атқарады [5]. 
Сабақтың  басы диагностика сәтінен  басталады.  Бұл  сәтте  оқушылар  өздерінің  жаңа 
тақырыпқа  байланысты  (мысалы,  Аңырақай  шайқасы  жайлы)  ойларын,  пікірлерін,  әдеби 
кітаптардан  оқығандарын,  теледидардан  көргендерін,  естігендерін,  басқа  пәндерден 
білетіндерін ортаға салады. Мұғалім азғантай уақыт ішінде алдында отырған оқушылардың 
осы  тақырып  төңірегінде  не  білетіндігін  немесе  білмейтіндігін  аңғара  алады.  Одан  кейін  –
 ізденіс  тенденциясы сәті.  Мұнда  балалар  жұппен  немесе  топпен  жұмыс  істей  отырып, 
тақырыпты  тереңірек  түсіну  үшін  өз  беттерінше  оқулықпен  немесе  басқа  қосымша 
әдебиеттермен жұмыс істейді. 10-15 минуттан кейін тұсау кесер сәтінде әрбір топ белгілі бір 
сұрақтар бойынша өз мәліметтерін қорғайды. Осыдан кейін барып мұғалім әлі де жеткіліксіз 
жағдайлардан  интерактивті  тақта  арқылы  сызба,  слаид,  бейне  роликтер,  лабораториялық 
жұмыстарды көрсетіп ақпарат береді. Ал, жаңа тақырып толық түсіндіріліп біткеннен кейін 
пікір-сайыс,  сияқты  интерактивті  әдістер  арқылы  сабақты  бекітіп,  пысықтауға  болады. 
Нәтижесінде - 45 минуттың 5-7 минутын ғана алып, қалған уақытты оқушылардың ізденуіне, 
танымдарын  арттыруына  арнайды.  Өзара  интерактивті  негізде  оқу  мақсаты  –  білу  емес, 
үйрене бiлу, оқушылардан, шешу үшiн кейбiр нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы мәселелердi 
неге  беретiндiгiн  сұрағанда,  олар:  өзіне  деген  сенiмге  тәрбиелейдi;  шешендiк  өнерiн 
жетiлдiредi  танымның  мәнiн  түсiнуге  көмектеседi  (яғни,  кейде  абсолюттi  шындық 
болмайтынын);  сыни  ойлау  дағдыларын  дамытады;  өз  пiкiрiне  деген  құқығын  түйсiнуi 
артады;  пiкiрлердiң көптiгiн  түсiнесiң  және  т.б.  деп  жауап  берген.  Жоғарыда  аталғандарды 
"үйрене бiлу” деген ұғыммен жинақтауға болады. Яғни, үйрене бiлу – қажеттi дағды, өйткенi 
ол интеллектуалды тәуелсiздiктiң негiзi болып табылады және барлық дамыған және дамушы 
елдердегi  азаматтар үшiн қажет. Екінші  жағынан, құстың қос қанаты сияқты оқушының да 
екі  сүйеніші  бар:  бірі  –  оқи  алуы  болса,  екіншісі  –  оқығысы  келуі.  Бірінші  тірек  баланың 
дербестігін  құраса,  екіншісі  белсенділікті,  қызығушылықты  тудырады.  Өзара  әрекеттесуге 
бағытталған  үрдiс  барысында  бала  iстеп  жатқан  iсiнің  мәнiне  енедi.  Оқушыларға  дайын 
жауаптары  бар  тапсырмалар  бергенде,  олардың  танымдық  белсендiлiк  деңгейi  жоғары 
болмайды.  Ал,  өз  ойын  тиянақтап,  оны  қорғау  кезiнде  танымдық  белсендiлiк  деңгейi  күрт 
артады. Әрекеттесу үрдісінің негізгі мәні өзара тәжірибе алмасу болмақ. Өйткені, сыныптағы 
оқушылардың  белгілі  бір  салада  ортақ  білімдері  бар  болғанымен,  олардың  тек  өздері  ғана 
білетін білімдері де бар екені айқын. Білім сапасының артуында азда болса өзгерістің болуын 
төмендегі мониторингтен көруге болады. 
Білім сапасын көтерудің екінші бір үлкен мәселесі – бағалау. Бағалаудың көпшілікке 
белгілі екі түрі бәрімізге аян. Ол – оқушыны бағалау және оқушының өзін-өзі бағалауы.  Бұл 
бағалаудың рөлі білім сапасын көтеруде өте мәні зор. Бұл әдіспен оқушылар өз білімін өздері 
бағалауына  да  болады,  осылайша  алған  білім,  білік,  дағдылары  бойынша  бағаланады. 
Бағалаудың  өзін-өзі  бақылау,  жұптық  өзара  бақылау,  топтық  өзара  бақылау  кезеңдері 
сабақты бекітуде біршама көмегін тигізеді. 
Бұл  бақылауларды  мына  бағалау  белгілері  арқылы  іске  асыруға  болады.  Өзіндік 
немесе жұптық бағалау: 
1) менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым: төмен, орта, жоғары;  
2) бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен, орта, жоғары;  
3) бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орта, жоғары және т.б. 
Ал, топтың өзара бағалауында: 
*  топ  ұжымының  татулығы,  белсенділігі,  өзара  әрекет  әдебі,  топтық  араласу  стилі: 
төмен, орта, жоғары; 
*  жаңа  тақырыпты  өмірмен  байланыстыра  айтуы  (қосымша  материалдар,  БАҚ 
жаңалықтар): төмен, орта, жоғары;  
* сөйлеу шешендігі, мәдениеті, т.б.: төмен, орта, жоғары. 
Бұл бақылаулар оқушыларды өздеріне және өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді. 
Онда  біреуді  бағалау  үшін  өзінде  тиісті  білім  болуы  қажеттігі  туады.  Бұл  бақылау  мен 

73 
 
бағалау баланың бойында мына қасиеттерді қалыптастырады: еріктілік, еңбек сүйгіштік, өз 
күшіне  сенуі,  адалдық,  жолдастық  қасиеттер,  сөз  қоры,  ғылыми  ақпараттарды  ақтаруы, 
өзінше түйін жасауы, сөйлеу мәдениеті, т.б. [6]. 
Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларды қолдану, инновациялық бағытта 
жұмыс  жасау  заман  ағымының  басты  талабы.  Оқу  үрдісінде  осындай  жаңарған  озық 
тәжірибелерді  белсенді  пайдалану  соңғы  жылдары  айтарлықтай  оң  тәжірибе  беріп  отыр. 
Бүгінде  қоғамның  жеке  тұлғалы,  дамыған  адамын  тәрбиелейтін  маманға  өзінің  үздіксіз 
шығармашылық  ізденуі,  оқытуда  жаңа  педагогикалық  технологиялар  мен  инновациялық 
әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет.  
Сондықтан,  қазіргі  таңда  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  білім  беруді  дамыту, 
дүниежүзілік  білім  беру  кеңістігіне  кіру  мақсатында  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі 
құрылып жатқандықтан, педагог іс-әрекетінің жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі 
күннің өзекті мәселесі.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Қазақстан Республикасының Білім Заңы. 2007ж.  
2. Г.Н.Александрова. Управление самообразованием педагогов в условиях внедрения новой 
технологии учебной и педагогической деятельности. //Директор школы, 2012, №5. 
3. О.Тілеукенов. Ұлт мектептерінің білім сапасын арттырудағы проблемаларды шешу 
жолдары. //Мектеп директоры, №1, 2013. 
4. Р.Жашиев. Қазақ мектебі ХХІ ғасырға өз бет-бейнесімен кіруі тиіс. //Ұлт тағлымы, №4-5, 
2011. 
5. Г.Ю.Ксензова. Оценочная деятельность учителя. Москва, 2011. 
6.М. Қалиева. Білім беру итехнологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. 
Алматы, 2012 
 
 
ӘОК 37.013.2 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
 
Валиева Адия Алмасқызы 
 Жетісу орта орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,  
Алматы облысы Ескелді ауданы, 
Jetisu-jetisu@mail.ru
 
 
Оқытудың  жаңа  ақпараттық-  коммуникациялық  технологияларын  меңгеру  –  қазіргі 
заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін 
дамытуда  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологиялардың  маңызы  зор.  Білім  беруді 
ақпараттандыру  және  пәндерді  ғылыми  –  технологиялық  негізде  оқыту  мақсаттары  алға 
қойылуда.  Ақпараттандыру  технологиясының  дамуы  кезеңінде  осы  заманға  сай  білімді,  әрі 
білікті  жұмысшы  мамандарын  даярлау  оқытушының  басты  міндеті  болып  табылады. 
Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны 
меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.  
Қазіргі  таңда  елімізде  білім  беру  жүйесінде  жаңашылдық  қатарына  ақпараттық 
кеңістікті  құру  енгізілді.  Ақпараттандыру  жағдайында  оқушылар  меңгеруге  тиісті  білім, 
білік,  дағдының  көлемі  күннен  күнге  артып,  мазмұны  өзгеріп  отыр.  Білім  беру  саласында 
ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  арқылы  білімнің  сапасын 
арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан 
әрі жетілдірілуде.  
Білім  –  болашақ  бағдары,  кез-келген  маман  даярлайтын  оқу  орынның  басты 
міндеттерінің  бірі  –  жеке  тұлғаның  құзіреттілігін  дамыту.  Құзірет  –  оқушының  жеке  және 
қоғам  талаптарын  қанағаттандыру   мақсатындағы  табысты  іс-әрекетіне  қажетті  білім 

74 
 
дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты 
игеруінен  көрінетін  білім  нәтижесі.  Ақпараттық  құзыреттілік  –  бұл  жеке  тұлғаның  әртүрлі 
ақпаратты  қабылдау,  табу,  сақтау,  оны  жүзеге  асыру  және  ақпараттық  –  коммуникациялық 
технологияның  мүмкіндіктерін  жан-жақты  қолдану  қабілеті.  Оқушылардың  түпкілікті 
құзіреттіліктері  –  білім  берудің  жаңа   нәтижелер.  Құзіреттілікті  оқушының  пән  бойынша 
игерген  білім,  білігінің  жинағы  деп  қабылдауға  келмейді.  Ол  –  оқу  нәтижесінде  өзгермелі 
жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын 
жаңа сапа.  
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты 
беру,  түрлендіру  және  оны  қолдану  білімдерімен  қаруландыру,  олардың  компьютерлік 
технологияны  өз  қызметтеріне   еркін,  тиімді  пайдалана  алу  қабілеттерін  қалыптастыру.    
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан 
кезеңінде  ақпараттық  қоғамды  қалыптастыру  қажетті  шартқа  айналып  отыр.  Ақпараттық 
қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-
құрылымдық  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  ақпараттық  технологияны  пайдалану  дағдыларын 
қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына 
бейімделе  білуге  тәрбиелеу,  яғни  ақпараттық  қоғамға  бейімдеу.  Ақпараттық  технология  – 
қазіргі  компьютерлік  техника  негізінде  ақпаратты  жинау,  сақтау,  өндеу  және  тасымалдау 
істерін  қамтамасыз  ететін  математикалық  және  кибернетикалық  тәсілдер  мен  қазіргі 
техникалық құралдар жиыны.  
Коммуникация  –  ақпаратты  тасымалдап  жеткізу  әдістері  мен  механизмдерін  және 
оларды  жазып  жинақтап  жеткізу  құрылғыларын  қамтитын  жалпы  ұғым.  Ақпараттық-
коммуникативтік  технология  жағдайындағы  жалпы  оқыту  үрдісінің  функциялары:  оқыту, 
тәрбиелеу,  дамыту,  ақпараттық  болжамдау  және  шығармашылық  қабілеттерін  дамытумен 
анықталады.  
 Интерактивтік  оқыту  технологиясы  –  бұл  коллективтік,  өзін-өзі  толықтыратын, 
барлық  қатысушылардың  өзара  әрекетіне  негізделген,  оқу  процесіне  оқушының  қатыспай 
қалуы  мүмкін  болмайтын  оқыту  процесін  ұйымдастыру.  Интерактивтік  оқыту  –  бұл,  ең 
алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту 
болып  табылады.  Сабақтағы  интерактивтік  әрекет  өзара  түсіністікке,  өзара  әрекетке, 
қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және 
сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.  
Оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық  және  интерактивтік  технологияларын 
пайдалану  –  педагогикалық  іс-әрекеттердің  мазмұны  мен  формасын  толықтыру  негізінде 
оқыту  үрдісін  жетілдірудің  бірден  бір  жолы.  Компьютерлік  желілерді,  интернет  жүйесін, 
электрондық 
оқулықтарды, 
мультимедиалық 
технологияларды, 
қашықтан 
оқыту 
технологиясын  пайдалану  оқу  орындарында  ақпаратты-коммуникациялық  технологиялар 
кеңістігін құруға жағдай жасайды.  
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы 
жылдары  заман  ағымына  сай  күнделікті  сабаққа  компьютер,  электрондық  оқулық, 
интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, 
ақпарат  алмасу,  интернет,  электрондық  пошта,  телеконференция,  On-line  сабақтар  арқылы 
іске асырылуда.  
Бүгінгі  күні  инновациялық  әдістер  мен  ақпараттық  технологиялар  қолдану  арқылы 
оқушының  ойлау  қабілетін  арттырып,  ізденушілігін  дамытып,  қызығушылығын  тудыру, 
белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.  
Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, 
ең  бастысы  –  білім  беру  мекемелерінің  қуатты  компьютер  техникасымен  қамтылуы,  оқу 
пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің 
дамуы  мысал  бола  алады.  Бүгінгі  таңда  білім  беруді  ақпараттандыру  формалары  мен 
құралдары  өте  көп.  Оқу  процесінде  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  құралдар 

75 
 
мүмкіндігін  комлексті  түрде  қолдануды  жүзеге  асыру  көп  функционалды  электрондық  оқу 
құралдарын  құру  және  қолдану  кезінде  ғана  мүмкін  болады.  Білім  беруді  ақпараттандыру 
жағдайында  оқушылардың  ақпараттық  сауаттылығын,  ақпараттық  мәдениетін  және 
ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті 
мәселесіне айналып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық құзырлық дегеніміз не?  
Білім  ақпараттық  қоғамда,  жаһандану  заманында  құнның  негізгі  көзіне  айналуда. 
Ғылым мен жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістері: 
1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар.  
2.  Ақпараттық  мәдениет  орталығы. Ақпараттық-коммуникациялық  технологияға 
интернет,  теледидар,  электрондық  почта,  радионы  жатқызуға  болады.  Мұғалім  ақпараттық 
коммуникациялық  технологиялар  арқылы  оқушылармен  байланысын  жеке-дара  жақындаса 
алатындай  жолмен  жүргізуге  мүмкіндік  алады.  Мультимедия  кабинетінде  электрондық 
оқулықпен сабақ берудің тиімділігі көп:  
1.  Мұғалім  оқушы  білімін  бағалауды  компьютерге  жүктейді.  Бұл  бағалау 
көрсеткіштерінің нақты, дәл болуын қамтамасыз етеді.  
2.  Оқушы  жеке  жұмыс  жасайды. 3.  Мұғалім  сыныптағы  оқушылардың  жағдайын 
толық  көріп,  әрбір  оқушының  қабілетіне  қарай  онымен  жеке  жұмыс  жасауға  мүмкіндігі 
ашылады.  
Сонымен  қатар  пәндерді  оқыту  әдістемесіне  интернет  жүйесін  қосу  сапалы  білімнің 
қайнар көзі болар еді. Интернет жүйесі арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын 
мүмкін етеді, танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше 
ізденуге  ұмтылдырады.  Оқушылардың  мұндай  қабілеттерін  ашып,  танымдық  іс-әрекетін 
қалыптастыратын  әрине,  мұғалім  екені  даусыз.  Оқытудың  бұл  жүйелерінде  мұғалім  тек 
басшылық жасайды әрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады.  
- сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;  
-  өз  бетінше  мақсат  қоюға  және  оны  негіздеуге,  мақсатқа  жету  үшін  танымдық 
қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;  
-  ақпаратты  өз  бетімен  табуға,  талдауға,  іріктеу  жасауға,  қайта  қарауға  сақтауға, 
түрлендіруге және тасмалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық- коммуникациялық 
технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;  
-  логикалық  операцияларды  (талдау,  жинақтау,  құрылымдау,  тікелей  және  жанама 
дәлелдеу,  аналогия  бойынша  дәлелдеу,  моделдеу,  ойша  эксперименттеу,  материалды 
жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге;  
-  өзінің  оқу  қызметін  жоспарлау  және  жүзеге  асыру  үшін  ақпаратты  қолдануға 
мүмкіндік береді.  
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы 
міндеттерді  шешуде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияның  мүмкіндіктерін  жан-
жақты қолдану қабілеті.  
Коммуникативтік құзіреттілік:  
-  нақты  өмір  жағдайында  өзінің  міндеттерін  шешу  үшін  қазақ  және  басқа  тілдерде 
ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;  
-  коммуникативтік  міндеттерді  шешуге  сәйкес  келетін  стилдер  мен  жанрларды 
таңдауға және қолдануға;  
- әдептілік ережелеріне сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;  
-  нәтижелі  өзара  іс-әрекетті,  түрлі  көзқарас  және  әртүрлі  бағыттағы  адамдармен 
сұхбат жүргізе отырып, шиелініскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға; 
-  жалпы  нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  түрлі  көзқарастағы  адамдар  тобымен  қатынас 
(коммуникация) жасауға мүмкіндік береді.  
Математика 
 сабағында 
ақпараттық 
технологияларды 
пайдалану 
арқылы 
оқушылардың  ақпараттық  құзіреттілігін  қалыптастыру,  қазіргі  заман  талабына  сай 
ақпараттық  технологияларды,  электрондық  оқулықтарды  және  Интернет  ресурстарды 
пайдалану  оқушының  білім  беру  үрдісінде  шығармашылық  қабілетін  дамытуға  мүмкіндік 

76 
 
береді.  Оқушылардың  ақпараттық  құзырлылығы  мен  ақпараттық  мәдениетiн  қалыптастыру 
қазiргi  таңда  үздiксiз  педагогикалық  бiлiм  беру  жүйесiндегi  ең  көкейтестi  мәселелердiң 
бiрiне айналып отыр.  
ІІІ.Қорытынды:  
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы 
және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала  – ертенгі жаңа әлем. 
Бүгінгі  күні  ақпараттар  ағымы  өте  көп.   Ақпараттық  ортада  жұмыс  жасау  үшін  кез  келген 
педагог  өз  ойын  жүйелі  түрде   жеткізе  алатындай,  коммуникативті  және  ақпараттық 
мәдениеті  дамыған,  интерактивтік  тақтаны  пайдалана  алатын,  Он-лайн  режимінде  жұмыс 
жасау  әдістерін  меңгерген  мұғалім  болуы  тиіс.  Заман  талабына  сай  жаңа  технология 
әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа 
оқуға,  жаңа  қатынастарға  бейімделуі  тиіс.  Осы  үрдіспен  бәсекеге  сай  дамыған  елдердің 
қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет