Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет10/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Ал, түсейiк! — деп бұйырды Көбек. 

Ұрылар  жапа-тармағай  аттан  түстi.  Сүлеймен  талып  қалған 

сандарын  ары-берi  жазып  тұрғанда,  жiгiттер  ат  үстiндегi 

қоржындарын  түсiрiп,  апан  iшiне  қарай  тасып  та  қойды.

—  Қалай,  жиен?  Шаршаған  жоқсың  ба?  Мiне,  кешегi  өзiңе 

айтқан  “Әулиетас”  деген  үңiрiмiз  осы.  Бүгiн  кеш  батқанша 

осында  демаламыз.

—  Мен  болсам,  “Шыршыққа  жетiп  қалған  шығармыз”  деп 

ойлаппын.

— Шыршыққа әлi бiр күндiк жол бар. Ол үшiн мына асудан 

өту  керек.  Әй,  сендер,  неғып  тұрсыңдар?!  Бiрiң  мосыға  шәй 

қойып,  бiрiң  от  жағып,  ас  қамына  кiрiссеңдершi.  Дағдымызды 

ұмыттыңдар  ма?  Кендiр,  сен  аттарды  үш-үштен  қосақта.

Көбек  Сүлеймендi  ертiп,  үңгiр  iшiне  кiрдi.  Тастай  қараңғы 

үңгiр iшiнен сыз бен дымқыл шөптiң иiсi бiлiнедi. Бiр бұрыштан 

тырс-тырс тамған судың дыбысы шығады. 

— Бұл үңгiр, — дедi Көбек ешкi майынан жасалған балауыз 

пiлтенi жағып жатып, — кiмдерге пана болмаған десеңшi. Бұл 

жерде арғы-бергi замандардағы небiр жақсы-жаман адамдардың 

iздерi  қалған.  Әсiресе  бiз  секiлдi  ұры-қарақшылар  мұны  көп 

баспана  қылған.  Тау  iшiндегi  осы  аршалы  сайдың  табанында 

мұндай жайлы үңгiр бар екенiн екiнiң бiрi түгiлi, онша-мұнша 

тiсқаққан  баукеспенiң  өзi  де  бiле  бермейдi.  Сырт  жақтағы 

баукеспелердi айтам. Оның үстiне жөнi түзу адам бұл жаққа аяқ 

баспасы  анық. 

Сүлеймен  ендi  аңғарды,  үңгiр  iшi  бiрнеше  қума  бөлмелерге 

бөлiнедi екен. Бiрақ басқа бөлмелер өздерi тұрған алдыңғысынан 

тар сияқты.

— Мұның өзi көп тамға бөлiнiп тұр-ау деймiн.

— Иә. Мұнда жетi бөлме бар. Ескi заманда бiреулер тастарды 

қолмен қашап, әдейi осылай iстеп қойғандай.

Үңгiрге басқа жiгiттер де кiрдi.

— Аттарды қос-қостап байладық. Мосыға шай қойдық. Ендi 

жуынып, отырайық. Тастан, сен қоржындағы заттарды шығар, — 

дедi Кендiр.




22

Сүлеймен қарақшы

“Бұлар шәй қоятын мосыны қайдан алып жүр? Жоқ әлде бiреуi 

қоржынына салып алып келдi ме екен?” 

— Көбеке, өткен жолы екi құманды да мына тастың қуысына 

қоя салған сияқты едiм, ендi қарашы, айналып таппай тұрғаным, 

— дедi Тастан.

— Жаңа мосыны қайсысың далаға шығар едiңдер? Сұрасайшы 

содан.


“Е, бұлар керектi заттарын осында қалдырып кетедi екен ғой”, 

— деп ой қорытты Сүлеймен.

—  Нағашы,  бұл  қонақ  үйлерiңiздiң  қай  жерiне  жат  дейсiз? 

Шайға  да,  етке  де  қарамай,  құлағым  келiп  тұр. 

—  Мына  қуыстың  қайсысына  кiрiп  жатам  десең  де  рұқсат. 

Астыңа  күпiңдi  төсеп  ал  да  ұйықтай  бер.  Бiрақ  басыңа  не 

жастанасың? Бiз ғой, ер жастанамыз. Ал ердi ат үстiнен әзiрге 

шешуге болмайды. Терi басылсын. Мейлi, мә, менiң шекпенiмдi-

ақ  жастанып  жата  бер.  “Нағашы  —  торғай  болса,  жиен  — 

балапан”.  Сенен  несiн  аяйын.

Көбек иығына асулы шекпенiн бердi.

Ауызғы жақтағы тас бөлмеге бас сұқты. Содан соң айналаға 

көз  де  салмай  күпiсiн  төсеп,  Көбектiң  шекпенiн  жастана  жата 

кеттi.  Шалқасынан  жатқан  күйi  қол-аяқтарын  ары-берi  керiп-

созып  алды  да:  “Осыларға  ерiп  нем  бар  едi?  —  деп  бiр  ойлап 

қойды. — Әй, бiрақ мен секiлдi кедейге кiм мамық төсегiн салып, 

кiм құс жастығын жастатар дейсiң. Бұл жерде болмасам да жатар 

едiм  ғой  қазiр,  ауылдағы  жаман  тамның  түбiндегi  қомыт  киiз 

үстiнде. Жолға шыққан екенмiн, ендеше, жарты жолда басқаша 

ойлап керегi не. Құдай пешенемнен жазсын”. 

Көзi ұйқыға тығылды. …Ұйқысының қай мезгiлi екенi белгiсiз, 

бiреу атын атап дауыстағандай болды... Түсi ғой… Түсiнде өзi 

бала екен. Ауылындағы үш-төрт баламен бiрiгiп, бiр малдарды 

қуып жүр. Жанындағы балалардың қуғаны — өңкей қой мен ешкi, 

қозы мен лақ. Бұл болса оларға қосылмай, мүйiздерi екi қарыс 

өгiзшелердi,  жал-құйрығы  төгiлген  құнан-тайларды  ұстаймын 

деп  қуып  жүр.  Бiр  өгiздi  құйрығынан  ұстай  беремiн  дегенде, 

әлгi  тарпаң  пәле  айналып  келiп,  мұны  сүзiп  тастамақ  болып 

әрекеттендi. Сүлеймен оның қос мүйiзiнен ұстай қалып, төмен 



23



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет