Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет265/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265
Байланысты:
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы

Бұдан кейiн де мен көп сұрақ бердiм. Сүкең бәрiне қысқа, әрi 

нақты жауап бердi. Түнгi сағат он екiден асқанда көсiле сөйлей 

бастады. Содан таңғы сағат төртке дейiн тоқтамады. Сонда өткен 

өмiрiнiң бәрiн бәрiн айтып өттi десем де болады. Әр әңгiмесiн 

өкiнiшпен  аяқтап,  қайта-қайта  күрсiндi.  Торығып  отырып,  сыр 

айтты.  Сiбiр  түрмесiнде  қаза  болған  жас  кезiндегi  достары  — 

Төрекелдi, Аязбек, Ажандарды еске алып, аһ ұрдi. Оның сол түнi 

неге сонша iштей ауыр күйзелiстi бастан кешiрiп отырғанының 

мәнiсiн  ұқпаппын. 

Сағат таңғы беске таяғанда жатуға ыңғайландық. Сүкең тысқа 

шығып келдi. Реңi күреңiтiп, бiртүрлi қобалжыған кейiппен кiрдi 

үйге. Кiре сала: 

— Дүйсенбек, жаңа далаға шықсам, ақбоз атты, қара киiмдi 

елес—  шалым  тура  сенiң  есiк  алдыңда  тұр.  Бұрын  көрiнгенде 

ылғи күлушi едi. Ал бүгiн қабағы қатулы. Маған қолымен аспанды 

көрсеттi  де,  өзi  көкке  көтерiлiп,  зым-зия  болды.  Бүгiндiкке 

осылай екi рет көрiндi. Дұшпан арасында, жау iшiнде отырған 

жоқпын... Неге қайта-қайта келе бердi екен ол? — дедi. 

Мен ештеңе дей алмадым. Салынған қатар төсекке қисайдық. 

Ұйықтай  алмадым.  Сүкең  де  ояу  жатты.  Қайта-қайта  Алланы 

аузына алып, жиi-жиi күрсiндi. 

Таңертең  сағат  жетiде  колхоздың  таңғы  нарядына  баруым 

керек  болғасын,  үйден  алты  жарымда  шығып  кеттiм.  Мен 

кеткенде  Сүкең  де  тұрып,  киiнiп  жатқан-ды.  Содан  нарядты 

өткiзiп,  колхоздағы  басқарма  мүшелерiне  қажеттi  тапсырмалар 

берiп, сағат тоғыздан аса үйге келдiм. Сүкең есiк алдында отыр 

екен. 


— Ерте келгенiң жақсы болды. Маған машина тауып берсең 

болар едi. Шыршықтағы екiншi жеңгеңдi көрiп қайтсам деп едiм. 

— Сiз үшiн бәрi дайын, Сүке. Шайланып алайық та. 

Қырқыншы  жылдардан  кейiн  еш  жерде  жұмыс  iстемесе  де, 

Сүкең  атақ-даңқының  арқасында  өз  несiбесiн  өзi  тапқан.  Ал, 

соңғы  кездерi  оны  ел  асырап  жүргенiн  бiлетiнмiн.  Оның  түрлi 

деңгейдегi  хатшылар  мен  бастықтардың,  сот  төрағалары  мен 

прокурорлардың,  совхоз  директорларының  үйлерiне  қонаққа 

баратынын  да  бiлем.  Даңқты  Сүкеңнiң  үйлерiне  неге  келгенiн 



551

Сүлеймен қарақшы

әлгi  кiсiлер  айтқызбай-ақ  сезедi.  Әлбетте,  Сүкең  өзi  ешқашан 

ештеңе  сұрамайды.  Әлгiндей  кiсiлер  оны  разы  етуге  өздерi 

ықыластанады. 

Бiршама  уақыттан  соң  Сүкеңе  шапан-шаттығын  жауып, 

колхоздың  “ЗИС”  маркалы  жүк  машинасын  арнайы  бөлдiрiп, 

шопырға оны баратын жерiне дейiн апарып тастауды тапсырдым. 

Машина  кабинасына  зорға  сыйған  Сүкең  кетерде: 

—  Дүйсенбек,  биыл  алпыс  тоғызға  келдiм.  Он  алты  жас-қа 

дейiнгi  өмiрiмдi  есептемегенде,  қалған  ғұмырымның  барлығы 

дала мен тау арасында қыран сияқты қалықтаумен өттi. Осыған 

орай кейде ойлаймын, ажал маған үйде емес, далада тап болады-

ау  деп.  Қош  болғайсың.  Бұрындары  кездескен  кездерiмiзде 

артық-кем қылық көрсетiп, ағат сөйлеген жерiм болса кешкейсiң, 

iнiм, — дедi. 

—  Сiз  маған  ешқашан  әбестiк  көрсеткен  емессiз,  Сүке,  — 

деппiн  аузыма  басқа  сөз  түспей.

Ол аттанып кеттi. Мен кеңсеге келдiм. Кабинетке кiрiп жайғаса 

бергенiмде, мана Сүкеңдi алып кеткен машинаның шопыры кiрдi 

алқынып. Жүрегiм бiр жаманшылықты сезгендей:

— Не болды? Сүкең қайда? — дедiм абдырап. 

— Ол кiсi жолда... Анау қыр басына шыға бергенiмiзде бiрден 

жүрегi тоқтап... жүрiп кеттi... — дедi ол ентiгiн баса алмай.

Асып-сасқан мен кеңсенiң бiрталай қызметкерiн алып, “ЗИС” 

тұрған  қырға  бардым.  Сүкең  кабинада  шалқайып  отыр.  Реңi 

боп-боз. Демi жоқ. Сол қолы рөл үстiнде жатыр. Рөлдiң бiр шетi 

майысып  қалыпты.  Жарықтық,  жүрегi  тоқтап  бара  жатқанда 

соңғы рет ышқынып, рөлдi бiр ұрса керек. Рөл құрыш темiрден 

жасалған ғой. Оны дәу балғамен ұрып әзер майыстырасың. Ал 

Сүкеңнiң  соққысы...

Мiне, Сүкең осылай дүниеден өтiп едi...

...Бұл  күндерi  ел  арасында  Сүлеймен  туралы  естелiктер 

жылдар саңлауынан сығалап жеткен аңыздардай жаңғырып тұр. 

Бiрақ  сол  аңызға  айналған  қаһарман  бейне  туралы  естелiктер 

жыл өткен сайын көмескiленгендей ме, қалай, бүгiнгi ұрпақ оның 

қарақшы  деген  атынан  басқа  нақты  кiм  болғанынан  бейхабар 




болып барады. Осы еңбек оның қандай тұлға болғанын сiздерге, 

құрметтi  оқырман,  айқындап  берген  де  болар.

...Көзi кетсе де, атқарған iсi ауыздан кетпеген, бiртуар қаһарман 

тектi ер Сүлеймен, сенiң де есiмiң тарихта жүрсiн!..




МАЗМҰНЫ

БIРIНШI БӨЛIМ .................................................................................... 3

ЕКIНШI БӨЛIМ

 ...................................................................................... 88

ҮШIНШI БӨЛIМ 

 ................................................................................. 245

ТӨРТIНШI БӨЛIМ

 ............................................................................... 421

ЭПИЛОГ ОРНЫНА

 .............................................................................. 536




Момбек Әбдіәкімұлы

СҮЛЕЙМЕН ҚАРАҚШЫ

Корректор

Мақпал Қалдыбекқызы

Дизайнер 

Азамат Санкибаев

Мұқаба дизайны

Атаберді Кочербаев

Таралымы 2000 дана




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет