Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет2/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   265
Сүлеймен қарақшы

Бұлар асау ұстаушылардың жанына келгенде, әлгiлер құнанды 

құрықтау үшiн ендi қандай амал табарларын бiлмей, абдырап тұр 

екен. Олармен амандасып болған соң Көбек айтты:

— Оның жабылып, бiр тайға әлдерiң келмей жатыр ма? Бiреуiң 

астыңдағы  жүйрiк  атыңды  мына  Сүлейменге  берiңдершi.  Оны 

ендi бұл қуалап көрсiн.

Асауға әлдерi келмей, ызаланған жiгiттердiң бiрi:

— Оу, Көбек көке! Ат үстiнде аюша қорбиып отырған мұның 

қолынан асау ұстау келе қоймас. Қопал сияқты ғой. Одан да тастай 

қараңғы түнде жылқы ұстап үйренген өзiңiз қимылдасаңызшы, 

— деп Көбектiң өзiне жабысты.

—  Жо-жоқ.  Алдымен  жиенiм  талпынып  көрсiн.  Бұл  ештеңе 

тындыра  алмаса,  одан  соң  өзiм  көрермiн.

— Ендеше, жарайды, Көбеке. Сол құнанды ұстауға сабаудай-

сабаудай мына бiздердiң шамамыз келмегенде, осы бiр қорбиған 

боқмұрынның  әлi  келсе,  көрiп-ақ  алайық.  Көбектiң  айтқаны-

ақ болсын. Әй, бала, мә, мiн мына атқа. Бiрақ абайла… Асауға 

жетпей  жатып,  тоңқалаң  асып  жүрме,  —  дедi  жiгiттердiң  бiрi 

Сүлейменге  атын  берiп  жатып.

Сүлеймен әлгi жiгiт берген аттың тартпасын мықтап тартты 

да, ерге қонды. Сол қолына тiзгiндi, оң қолына қамшыны алып, 

құрықты  тақымына  қысты.  Сөйтiп,  Бадам  жағасындағы  төрт 

бұрышты тiктеу келген қарауыл төбенiң маңайында шоғырланып 

тұрған жылқыларға қарай шапты. Бағанадан берi қуғыннан мезi 

болған жылқылар Сүлеймен жақындай бергенде, үш-төрт топқа 

бөлiнiп,  жан-жаққа  шашырай  қашты.  Ұстатпай  жүрген  қара 

құнан  бестi  бие  бастаған  соңғы  топпен  бiрге  қарауыл  төбенiң 

басына шауып шықты да, одан ылдиға қарай ойысты. Сүлеймен 

төбенi  айнала  шауып,  олардың  алдынан  шығып,  тура  ортада 

келе жатқан қара құнанның мойнына құрықты лақтырды. Бiрақ 

әккi болған құнан мойнын бiрден оң жаққа қарай бұрып, құрық 

салдырмады.  Бұған  ызаланған  Сүлеймен  қолындағы  құрығын 

тастай сап, өзенге қарай қашқан жылқылардың соңынан шапты. 

Бестi бие бастаған топ жылқы өзен жиегiне келгенде суға түспей 

иiрiлiп,  бiраз  тұрып  қалды.  Алайда  арт  жақтарынан  құйғытып 

шапқан Сүлеймендi көргенде өзенге секiрiп-секiрiп түсiп, арғы 



6

Сүлеймен қарақшы

бетке бет алды. Шапқан екпiнiн бәсеңдетпей, олардың соңынан 

iлестi.  Өзендi  кешiп  бара  жатқан  жылқылардың  тұяқтары  су 

түбiндегi  жылтыр  тастарға  тайғанақтап,  шабыстары  бәсеңдедi. 

Ал  бұрыннан  су  кешiп  үйренген  Сүлейменнiң  астындағы  ат 

өзенге түсе салысымен орғып-орғып шауып, қашқан жылқыларға 

әп-сәтте жетiп үлгердi. Бағаналы берi үстiне кiм мiнсе де, тек анау 

қара құнанды қуып жүргенiн пайымдаған жүйрiк, жылқыларға 

жете  бере-ақ,  сол  құнанға  қарай  орғыды.  Дәл  осы  сәтте  аттың 

ақылдылығы мен иесінiң күшi дөп келе кетпесi бар ма. Жүйрiк 

ат орғып барып қара құнанды жанамалай бергенде,  құнанның 

құйрығынан шап берiп ұстап, өзiне қарай тартып-тартып қалды. 

Құнан  шыңғыра  кiсенiп,  босанбақ  ниетпен  тепсiне  бұлқынды. 

Бiрақ  қанша  туласа  да,  құйрығына  жабысқан  қолдан  ажырай 

алмады. Сүлеймен оның құйрығынан сүйреген күйi арғы бетке 

бiр-ақ  алып  шықты.  Атының  табаны  құрғақ  жерге  тигенде 

құйрығымен  сүйреленiп,  арт  жағымен  келе  жатқан  құнанды 

өзiне қарай қатты тартып, тура үзеңгi астына шөгердi. Содан ер 

үстiнде отырған күйi жалына жармасып, оны тырп еткiзбей аз-маз 

ұстап тұрды. Одан соң ат үстiнен сырғып түстi де, бiр қолымен 

құнанның құлағын мыжғылай бүрiп, бiр қолымен мойнын бұрай 

ұстап, гүрс еткiзiп, жерге жықты. Құнан болса, жерге жатқанына 

қарамай,  төрт  аяғын  төрт  жаққа  сермеп  тұрып  кетуге  қанша 

бұлқынса  да,  мойнына  жабысқан  дүлей  күштен  босана  алмай, 

мысы құрып, ентiге дем алып жатты. Осы кезде арт жақта қалған 

жiгiттер  шауып,  Сүлейменнiң  жанына  жеттi. 

—  Бәрекелде-е.  Бiз  мұны  боқмұрын  деп  менсiнбей  жүрсек, 

бұл  құрықсыз  жалаң  қолымен-ақ  асауды  тырп  еткiзбей  ұстап 

алды ғой. Уай, Көбеке, жиенiңiз тура өзiңiзге тартқан қарақшы 

болмаса  не  қылсын.  Басқаны  не  қыласыз,  ұрлыққа  тек  осы 

баланы  ғана  ертсеңiзшi.  Сiздiң  төрт  серiгiңiзге  мұның  жалғыз 

өзi татиды ғой, — деп айқайлап сөйледi бағана Сүлейменге атын 

берген жiгiт жерде жат-қан құнанды ноқталап жатып. — Әй, бала, 

сенiң атың кiм... Сүлеймен бе едi? Ай, Сүлеймен, жарадың. Жаңа 

айтқанымдай,  өзiң  мына  нағашың  —  Көбекке  ұқсап  туыпсың. 

Қазiр ғой, даламызда не қалмақ жоқ, не қоқан жоқ. Күшiңдi қайда 




7



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет