Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет115/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   265
Сүлеймен қарақшы

  Сүлеймен  ағаш  дарбазаның  тұтқасын  барынша  тартты. 

Дарбазаның  iлмегi  үзiлiп,  қақпа  есiк  бiрден  ашылды.  Аулаға 

лап  қойған  Сүлеймендердiң  алдынан  арс  етiп,  бiр  есектей  ит 

шыға келдi. Ит алдыда келе жатқан Сүлейменннiң санына тiстей 

берем дегенде, Ажан мылтықпен оның бүйiр тұсынан бiр соқты. 

Бұралаң етiп құлауға шақ қалған иттiң алқымына Сүлеймен шап 

етiп  жармасты.  Сол  жармасқаннан  бiр-екi  рет  қылғындырып 

жiбергенде,  иттiң  дыбыс  шығаруға  мұршасы  келмедi.  Одан 

осылайша  құтылған  олар,  ауланың  төр  жағында  ұзын  етiп 

салынған там алдына тез-тез басып жеттi. Осы кезде бұрыштан 

тағы бiр ит шыға келiп, арсалаңдап үре бастады. Ажан үркiтпек 

болып оған мылтығын кезендi. Алайда ит үруiн одан бетер үдете 

түстi. Сiрә, иттiң үргенiнен оянып кеттi ме, там iшiнен бiреулердiң 

күбiр-күбiр  сөйлескенi  естiлдi  де,  ар  жақтан  әлдекiм  сыртқы 

есiктi айқара ашып жiбердi. Бәрi сол жаққа жалт қарасты. Бiрақ 

қаракөлеңке там iшiнде тұрған адамның сұлбасы анық көрiнбедi. 

Соған  қарамастан,  есiкке  ентелей  жүгiрiстi.  Осы  сәт  дәлiздегi 

әлгi адам: “Тұрдақ, жау келдi, жау келдi. Тез-тез тұр орныңнан!” 

— деп айқайлады. Артынша гүрс еткен мылтық даусы шықты. 

Сүлеймен тура құлақ түбiнен зу етiп өткен оқтың дыбысын анық 

естiдi. Дегенмен ол тұрып, болмаса еңкейiп қалмай, алға ентеледi. 

Iштегi оқ атқан адам мылтығын шақылдатып екiншi рет оқтай 

бергенде,  Сүлейменмен  қапталдаса  жүгiрiп  келе  жатқан  Ажан 

әлгiнiң  сұлбасын  көздеп  тұрып,  басып  қалды.  “Ойбай,  өлдiм!” 

— деген дауыс шықты осы сәт. Бұл уақытта Сүлеймен iшке енiп 

те үлгерген едi. Қараңғылау тамға енгенде, оның көзiне алдымен 

босағада  екi  бүктелiп,  iшiн  баса  қиналып  отырған  кiсi  iлiндi. 

Ай-шай жоқ әлгiнiң құлақ шекесiнен қойып қалып, жамбастай 

құлатты.


—  Мен  мына  есiкке,  сен,  Ажан,  анау  есiкке  кiр,  —  деп 

айқайлады  сосын  оған  оң  жақты  көрсетiп.

 Өзi маңдай алдындағы iшкi есiктi ашып қалғанда, ақ көйлек, 

ақ дамбал киген семiз бiреу қылышын бұған қарата сiлтеп кеп 

жiбердi. Қылыш бетiне тимей, сол жақ кеудесiне тидi. Жүзiнiң 

жатысымен тиген қарудың өткiрлiгi онша емес пе, жоқ соққысы 

қатты болмады ма, шапанның кеуде тұсын айырып жiбергеннен 

басқаға  қауқары  жетпедi.  Ұрған  соққысының  ойдағыдай 




237

Сүлеймен қарақшы

болмағанын  бiлген  ақ  дамбалды  екi  қадам  шегiнiп  барып, 

қылышын  тағы  көтере  берiп  едi,  арт  жақтан  келген  Аязбек 

оны  бiр  атты.  Ақ  дамбалдының  қылыш  қолынан  сусып  түсiп, 

шалқалай құлады. Оның ендiгi қауiпсiз екенiн көрген Сүлеймен 

арғы бөлмеге кiрiп барды. Төсек үстiнде отырған еңгезердей бiр 

еркек: “Ой, кiмсiңдер-ей, кiмсiңдер?!” — деп дереу жастығының 

астын сипалана бастады. Iздегенiн қолына iлiктiруге үлгертпеген 

Сүлеймен, оның қос иығынан шап берiп, берi тартып, детектетiп 

есiк алдына бiр-ақ шығарды. Бұл уақытта Ажан да жаңағы кiрiп 

кеткен  есiктен  шықты. 

—  Мына  бөлмеде  бiр  қатын  мен  бала-шағадан  басқа  ешкiм 

жоқ.  Жаңа  кiмдi  аттыңдар?

— Ажан, Тұрдақты ұстап алдым. Сен кiрiп, қатынының үнiн 

өшiршi.  Неғып  сұңқылдап  кеттi  қаншық,  —  дедi  Сүлеймен 

Ажанға жаңағы өзi шыққан бөлменi нұсқап. Содан соң: — Мына 

тырайып  жатқан  кiмдер?  —  дедi  Тұрдаққа:

— Қарауылдар ғой.

— Өзiме өштiк iстеген жаудың он қарауылы болса да айламды 

асырып  кететiнiме  ендi  көзiң  жеттi  ме?  Еркек  болсаң,  сонау 

Тәшкеннен менi өлтiруге адам жалдағанша, өзiмдi жекпе-жекке 

шақырмадың  ба?  Ай-ай,  осы  бет-аузын  жүн,  үстi-басын  түк 

басқан күпiрмелер маған жаулық ойлағанды қашан қоясыңдар? 

Әлде  мен  Қоқанда  жүрсем,  сендерге  ауа  жетпей,  күндерiң 

көлегейлене ме? Болмаса, суларың лайланып, жерлерiң шайқала 

ма?  Айт,  тап  қазiр.  Менi  не  мақсатпен  өлтiрмек  болдың?

— Базарларды да, көшенi де билеп, бiздiң жұмыс iстеуiмiзге 

мұрша бермей қойдың.

— Қай жұмысыңа кедергi болып едiм?

—  Хоженд,  Ош  жақтардан  бiздiң  жiгiттер  ұрлап  әкелген 

малдардың бiразын үнемi тартып аласың. Өкiметтiң қоймасынан 

ұрланған  заттарға  тағы  еншiлес  боласың.  Керек  болса,  өзiң 

ұрламайсың ба? Одан соң сен осында келместен бұрын мұндағы 

қазақтарды бiз Исманқұл, Шалпар бәрiмiз құлша жұмсайтынбыз. 

Сол қазақтар сен келгелi берi құтырып кеттi. Қанша айла iстесек 

те, өлмейтiн не пәлесiң өзiң?

—  Мен  өздiгiмнен  ешқайсыңа  тиiскенiм  жоқ.  Ал  базардағы 

ұрланған  малдар  мен  заттарға  еншiлес  болсам,  олар  сенiң 




238



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет