Сүлеймен қарақшы
басындағы күзетшiге не iстеп кетесiздер? Сiздер де оларды ұрып,
майып қылып, болмаса өлтiрiп кетесiздер ме?
— Күзетшiнi өлтiруден Құдай сақтасын. Жымын бiлдiрмей
бассалып, қолға түсiре алсақ, байлап-матап кетемiз. Жүдә
көнбесе тобықтан қағып, аттан ұшыратын кездерiмiз де болады.
Бiрақ қанша дегенмен алдын-ала ұрысты болдырмау үшiн бар
мүмкiншiлiктi қарастырып аламыз. Десек те, сапарға шыққан
соң, “Не алып қайтамын, не қиратып қайтамын” деген ой әр
ұрының көкейiнде болғаны мақұл. Әйтпесе түн қатып, жорыққа
шықпай-ақ артыңды қысып, үйiңде жата бер.
— Иә, нан тауып, қарын тойдыру оңай емес. Түк бiтiрмей
қарап жатсаң, аштан өлiп, көштен қаласың. Ендi менiң сiзге
iлесуден басқа амалым қалмай тұр. Сол үшiн де сiзден алдын-ала
бiр нәрселердi сұрасам, айып етпессiз.
— Сұрайтыныңды қысылмай сұрай бер, жиен.
— Мен мiнетiн аттың жайы не болар екен? Сонан соң бұл
жолы қай жақтарға барып қайтамыз? Жанымызда қанша жiгiттер
болады?
— Мiнiс аттан қам жеме. Өзiңе лайық бiреуi табылар. Ал
баратын жерiмiз, өткен жолы айтқанымдай, Ғалабасай маңы.
— Бiлуiмше, Ғалабасай Тәшкен жақта-ау деймiн. Ол жерге
дейiн атпен қанша күн жүремiз?
— Қаржан асуымен асып, Өгемдi жағалай барсақ, екi-ақ
түн жүремiз? Бiрақ бара салып жылқыларды берi қарай айдай
жөнелмеймiз ғой. Бiр-екi күн сәттi мезгiлдi аңдып, жатып
қалуымыз да кәдiк. Ол жаққа жету де, ұрымтал сәттi аңдып жату
да түк емес. Бәрiнен қиыны — түн iшiнде үйiр жылқыны берi
айдап келу.
— Құдай жолымызды оңдап, шалақазақтардың малын осында
жеткiздiк дейiк. Одан соң оларды қайда өткiзбексiз?
— Ол жағында сенiң шаруаң жоқ. Анау Керегетастың үстiндегi
“Мыңжылқыда” жатқан Жолан Досалының қолына бiр табыс
етсем болды. Ар жағын Досекеңнiң өзi реттейдi.
— Осы Досалы дегендi ел аузынан жиi естимiн. Ол кiм өзi?
— Сенiң ағайының ғой. Сөзге шешендiгiнiң арқасында
өздiгiнен би болған адам. Қазiргi күнi оның атақ-абыройы
Ордабектен бiр кем емес. Қазығұрт, Қасқасу мен Сайрамсу
өңiрiнде Досалының ығынан аттап, сөзiнен асып кететiн пенде
жоқ. Сайрам мен Қарабұлақтағы, Сұлтанрабаттағы сарттарды
12
Сүлеймен қарақшы
да уысында ұстап отыр. Таудың арғы бетiндегi қырғыздың бай-
манаптарымен де қарым-қатынасы түзу.
— Қанша мал айдап келгендерiңiздi ол санап алып отыра ма?
— Досекеңнiң бiр жақсы жерi ондай қазымырлықтан ада. Оған
үш жылқы апарсаң да, он жылқы апарсаң да бәрiбiр. Көп мал
апарсаң, соның екеуiн ғана өзiне алып қалады да, қалғандарының
орнына басқа мал, болмаса пұлын бередi. Iрi малдың басына бас
алғың келмесе, соған шақтап қой, ешкi де беруi мүмкiн.
— Оның малдары көп пе сонша? Одан кейiн басқа-бас
ауыстыратын жылқыларды қайдан алады?
— Баласың-ау әлi, жиен. Қырғыздан, я болмаса сонау Әулие-
Ата мен Бетпақ жерiнен әкелiнгендердi ауыстырады да. Мысалы,
Досалының Жуалы мен Қаратау жақта бiр топ, Сыр жақта бiр топ
жақтас қарақшылары бар. Солардың өз жерлерiнен алып келген
мал-олжаларын бiр-бiрiне алмастырып жiберсе, қай қуғыншы өз
малының iзiн табар дейсiң. Тегiнде мұз шайнап, күн қақтап, түн
кезген ұры емес, сол ұрыны жұмсайтын адам байи ма деймiн.
Себебi ұрлықтан құтайсам, мен құтаяр едiм. Бiлмеймiн, қанша
талпынсам да қора-қора қой, үйiр-үйiр жылқы жинай алмай-ақ
қойдым. Ұрлыққа араласқалы берi есiк алдыма бiткен он қой мен
екi жылқым көбеймей-ақ қойды.
— Несiне налисыз, нағашы. Көп жұртта бұл да жоқ емес пе?
— Оның рас. Бiрақ сол көп жұрт маған ұқсап түн жортып,
қора-қора мал айдап жүрген жоқ қой.
— Өз iсiңiзге өзiңiз риза болмай тұрып, менi де ұрлыққа
баулымақшысыз-ә.
— Әй, жиен-ай, өзiң қайта-қайта менiң осал тұсымды тап
басып, буынсыз жерiмнен пышақ ұра бердiң-ау. Сен, бала,
ашуымды келтiрiп отырайын дегеннен саумысың өзi? Маған
iлеспесең, жүр, онда, әркiмнен бiр кесе қымыз, бiр тостақ көже
сұрап.
— Ой, ой, нағашы. Бiлместiк кеткен жерiм болса, қойдым
онда. Сiз шамданатындай ештеңе айта қойған жоқ сияқты едiм.
Жә, артық кетсем, өкпе етпегейсiз. Бұдан былай сiз — басшы,
мен — қосшы. Далада маған арнап сойып жатқан қойдың етi
|