Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет101/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Кiмдер  екенiн  қайдан  бiлейiн.  Аман  қалғаныңа  тәуба 

де.  Осы  күреске  түспей-ақ  қойғаныңда  болар  едi.  Мана  iшiм 

бiрнәрсенi  сезiп  едi…

— Иә, иә, аман қалғаның бек жақсы болды. Ойбай-ау, бiрақ 

балуандардың бiреуi бiреуiн пышақтап, ал бiреуi бiреуiн жазым 

еттi деген не сұмдық. Шетiмiзден итжеккенге айдалып кетпесек 

болғаны, — деп зарланды қазы. Оған қосыла тағы бiреулер де 

қара аспанды бастарына төндiрiп, бiрдеңелердi айтып жатты. 

— Саныма пышақты кiм ұрды?

— Өзiңмен күрескен жiгiт қой. Әй, өзiң де шапшаң екенсiң. 

Әйтпесе, пышақ тура қарныңа қадалар едi.

— Қалай болды өзi?

—  Қалай  дерiң  бар  ма?  Ол  сенiмен  күресуге  емес,  сенi 

пышақтап  кетуге  шыққан  екен.

 Өстiп тұрғанда тарантасымен аппақ форма киген үш мiлиса 

жұртты кие жарып, жетiп келдi. Белдерiнде қылыш, наган. Қазы 

олардың алдынан жүгiрiп шықты.

—  Бастық  жолдас,  сұмдық,  сұмдық…  Не  болғанын  өзiмiз 

де  бiлмей  қалдық…  —  деп  болған  оқиғаны  дiрiлдей,  шатып-

бұтып айтып бердi. Мiлиса зорға демалып жатқан таулыққа бiр, 

Сүлейменге  бiр  қарады:

—  Мына  кiсiнi  дереу  шаһар  ортасындағы  лазаретке  жеткiз. 

Жарасын таңсын. Сұрақты сол жерде аламыз. Ал анау жаралыны 

басқа  күймеге  салып,  казармаға  апарыңдар.  Одан  соң  жұртқа 

бұрылды:  —  Ал  сендер  неғып  тұрсыңдар  қақиып?!  Тараңдар 

бәрiң!  Осымен  сейiл  бiттi!

 Жұрт жапатармағай тараса бастады. Бiр мiлиса өздерi мiнiп 

келген тарантасты Сүлейменнiң алдына көлденең қойды: 

— Мiнiңiз, лазаретке тезiрек жетпесек, қансырап қаларсыз. 

— Ләзерет дегенiң не пәле? Бармаймын еш жаққа. Үйге барып, 

жарақатыма киiз күйдiрiп басып-ақ жазыламын.

—  Бармағаның  қалай?  Қарашы,  саныңның  етi  салбырап 

кетiптi. Еттi орнына апарып тiгу керек. Әй, оқымаған қазақ-ай, 

“киiз  күйдiрiп  басамын”  дейдi-ау.  Анау  үзiлiп  кеткен  аяқтың 

тамырларын  орнына  келтiру  қажет.  Әйтпесе  өмiр  бойы  ақсақ 




208

Сүлеймен қарақшы

болып қалуың мүмкiн. Мiн ендi, тарантасқа! Бiз саған жақсылық 

ойлап  тұрмыз.

— Иә, иә, осылардың айтқанын орындайық, Сүлеймен. Етiң 

сүйекке дейiн кесiлiп кеткен. Доқтырға көрiнген жақсы ғой, — 

деп  Пұсырманқұл  оны  тарантасқа  итермеледi.

—  Е,  ләзiрет-пәзiрет  дегенше,  “доқтырға  апарамыз”  демей 

ме. Мейлi, барайықшы доқтырына, — деп Сүлеймен тарантасқа 

қарай қозғала бергенде, санының тiлiнген жерi зырқ етiп, аяғы 

басуға көнбедi. Қан одан бетер сауылдай жөнелдi.

— Ей, Пұсырманқұл? Қан бұлай аға берсе, мiлиса айтпақшы, 

расында  қансырап  қалармын.  Байла,  мынау  санды  бiрдеңемен 

қысып. 

 Пұсырманқұл иығындағы қоржынынан екi әйел орамалымен 

оның  санын  қатты  қысып  байлады.  Сүлеймен  тiстенген  күйi 

қыңқ  етпедi.  Сосын  бiр  мiлиса  екеуi  оны  қолтығынан  демеп, 

тарантасқа  мiнгiздi. 

  Қоқанның  Ферғанаға  шыға  берiс  жолының  жағасында 

айналасы ат шаптырымдай, сырты қышпен қоршалған қорғанның 

iшiнде мiлисахана мен әскерхана бар-тын. Әлгi лазарет дегендерi 

де  соның  iшiнде  екен.  Тарантас  қорған  iшiне  кiрген  соң  ұзын 

етiп салынған тоқал тамның алдына келiп тоқтады. Екi мiлиса 

мен Пұсырманқұл жабыла сүйеп, Сүлеймендi тарантастан әзер 

түсiрдi.  Есiк  алдында  бұларды  әппақ  жамылғысы  бар  екi  кiсi 

қарсы  алды.  Мiлисаның  бiрi  болған  жағдайды  айтты.  Олар 

Сүлеймендi  тамға  кiргiзiп,  ағаш  кереует  үстiне  жатқызды.

—  Ендi  сiздер  шыға  берiңiздер,  —  дедi  ақ  киiмдi  кiсi 

Пұсырманқұлға.

  Ақ  киiмдi  кiсi  үлкен  қайшымен  жарақат  үстiне  таңылған 

шүберектердi  қиып-қиып  тастады.  Қан  қайтадан  саулап  ақты. 

Осы кезде бұл жатқан жерге қолдарына темiр қобдиша ұстаған 

екi  өзбек  әйел  кiрдi.  Ақ  киiмдi  кiсi  қобдишадан  түтiкке  ұқсас 

бiрдеңе  шығарды.

— Не iстемексiңдер? 

— Сiзге укол салып, мынау тiлiнген еттерiңiздi орнына тiгемiз. 

Өзiңiз дәу адам екенсiз, ауырғанға шыдайтын шығарсыз. Сәтiн 

салса, бес-алты күнде орныңыздан тұрып кетесiз.



209



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет