Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет109/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Бұл  бәрiмiздiң  ойымызда  бар  ғой.  Бiрақ  анау  Бекаба 

деген жөйiт сонау Тәшкенде жатып, бiздiң басымызды алмаққа 

бекiнiптi.  Бүгiн-ертең,  ары  кетсе  арғы  күнi  соның  адамдары 

осында  жетедi.  Соларды  бiр  жақты  қылып  кетейiк  те. 

— Қазақтардың ашығып жатқанын естiп, қызуланып кетiппiн, 

Аязбек.  Пұсырманқұл,  Бекаба  деген  кiм  өзi?  Бiр  жерден  атын 

естiген  сықылды  едiм.  Тәшкенде  бiз  секiлдi  қарақшылар  көп 

болғаны ма? Айдаладағы оның бiзде несi бар?

— Қазақ елiнде жаңа өкiмет нығайып, жұртты бiр шыбықпен 

айдайды екен. Бiздi Өзбекстан деп бөлгенiмен, сол өкiмет бiзге 

әлi  онша  тiзе  батыра  қойған  жоқ.  Бiлушiлер  Қазақстан  мен 

Өзбекстандағы тәртiптi салыстыра алмайсың дейдi. Сондықтан 

болар,  бiзде  өзiмiз  сияқты  қарақшылар  топтары  әлi  сойқан 

салып  жүр.  Тәшкенде  де  солай.  Тәшкеннiң  күллi  ұры-қарысы 

мен  баскесерлерiнiң  бәрi  сол  Бекаба  дегенге  бағынады  екен. 

Оған  Қоқандағы  бiреулер  сенi  жамандап  кiсi  жiберген  де. 

“Сүлейменнiң басын ал. Содан соң Қоқан да сенiкi” деген-мiс. 

Бiрақ бұл — ақиқат. Маған сенiмдi адамдардың айтуынша, Бекаба 

өзiнiң баскесерлерiн мұнда жiберiп те қойыпты. Алдымен бiзге 

соларды  қарсы  алуға  тура  келедi. 

— Бекабаның маған жiберген адамдарының кiм екенiн қалай 

анықтаймыз? Және олар маған қалай шабуылдар екен?

—  Былай  етейiк.  Осы  екi-үш  күннiң  iшiнде  сен  күндiз  еш 

жаққа шықпа. Кiм бiледi, Бекабаның адамдары өзiңдi көшеде-ақ 

атып кетуден тайынбас. Не де болса, үйде күт. Баскесерлер ендiгi 

сенiң жайыңды да, түр-тұлғаңды да бiлiп алғаны кәмiл. Бiлмесе 

де, бiлетiн бiреу жандарында болады. Бiз де осы маңнан ұзамай, 

жiгiттермен торуылдап жүрейiк. Өзiң әркез мылтығыңды оқтап, 

дайын ұстап отыр.

— Қайдағы бiр Бекаба деген жөйiттiң аламандарынан қорқып, 

iнiне тығылған суырдай болып отырамын ба ендi?

—  Сүлеймен!  —  дедi  қатқыл  дауыспен  осы  кезде 

Пұсырманқұл.  —  Кей  кезде  көзсiз  батырлықтың  да  жөнсiз 

жерi бар. Келетiн жау ашық емес, бұта тасалап, жотадан бұғып 

келе  жатыр.  Әрi  олардың  Қоқанның  қай  көшесiнде  тығылып, 

қай  үйiнiң  бұрышында  жасырынып  тұрып  қару  жұмсайтынын 

да  бiлмеймiз.  Аязбектiң  сөзi  дұрыс.  Көшеге  шықпай,  үйдi 

паналай тұрғаның жөн әзiрше. Тәшкеннен келгендер бiрден iске 



225

Сүлеймен қарақшы

кiрiспей,  алдымен  сенiң  аңысыңды  аңдиды.  Екi-үш  күн  сенiң 

үйiңнен  шықпай  жатқаныңды  бiлген  соң  олар  түн  iшiнде  осы 

үйге  түсуге  әрекеттенедi.  Бiз  күндiз  көше  жақты  торуылдайық 

та, түнде осында келiп отырайық. Сөйтiп олардың қандай айла 

жасайтынын  көрелiк.

— Исламқұл мен Шалпардың алқымдарына қолым жеткенше, 

бiр  ай  үйде  отырып  едiм,  омалып.  Ендi  жөйiттердi  күтiп,  тағы 

iшiм  жарылардай  болам-ау.  Мейлi,  сендер  солай  шешсеңдер, 

көнейiн оған да. Бiр айтарым, мынау Дилданы бiреуiң үйлерiңе 

апарыңдар. Маған әр қауiп келген сайын, бұл сорлының жүрегi 

ұшып өлетiн болды. Екiқабат адамға қиын ғой.

— Мен үйге апарып тастайын оны, — дедi Пұсырманқұл. — 

Шынында, әйел затын мұндай iске араластырмаған жөн.

— Оны кiм араластырайын деп отыр. Егер осында атыс-шабыс 

бола қалатындай болса, ол көрмей-ақ қойсын дегенiм де. 

  Осыдан  кейiн  олар  тағы  бiраз  нәрсенi  пысықтап,  тарасты. 

Дилда Пұсырманқұлмен бiрге кеттi. Аязбек пен Төрекелдi ертең 

келетiн  болды.  Ажан  бүгiн  кештен  бастап,  басқа  жiгiттермен 

бiрге  үй  маңын  қарауылдайтын  болды. 

  Сөйтiп  Тәшкеннен  келетiн  баскесерлердi  үш  күн  күттi. 

Күндiз  де,  түнде  де  үй  маңына  келiп,  кеткен  бейсауат  кiсi 

болмады.  Күндiз  ұйықтап,  түнiмен  көз  iлмей  жау  күткеннiң 

қандай  болатынын  Сүлеймен  сонда  ұқты.  Үшiншi  түнi  күте-

күте зарыққан ол шолпан туа “келетiн дұшпан осы күнге дейiн 

келетiн едi ғой” дедi де, жатып ұйқыға кiрiстi. Бiр кезде бiреудiң 

жұлқылап  тартқылағанынан  оянып  кеттi.  Көзiн  ашса:

— Қашан ұйықтап едiң өзiң? Ойпырмай, басыңды емес, басқа 

жерiңдi  кесiп  кетсе  де,  түк  бiлмей  ұйықтайсың  ғой,  түге.  Әй, 

“мен келгенше қисаюшы болма” деп ескерткен жоқ па едiм, — 

деп Ажан басында тұр.

—  Өй,  осы  сендердiң  тәшкендiктерiң,  сiрә,  келмейтiн  де 

шығар. Бiрiмiз далада, бiрiмiз үйде түн сүзiп, босқа отырмыз ба 

деймiн.


—  Келмей  қоймайды  олар.  Тәшкендiктер  бiздiң  ойымызды 

сезiп,  қазiрше  әдейi  тыныш  жатқан  болуы  да  мүмкiн.

— Қай уақыт болды?



226



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет