Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет104/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Мен ол жаққа барсам, қашғарлықтар күдiктенiп қалмай ма? 

Сондықтан сырттай ғана шолуыма тура келдi. Ебiн тауып, мына 

Ажанды  сонда  жұмсағанбыз.  Екеуiнiң  де  тұрағын  осы  көзiмен 

көрiп қайтқан. Ендiгiсiн Ажан айтсын.

— Әй, сен бағаналы берi мұны неге айтпайсың?

— Әңгiменi Пұсырманқұлдың өзi бастасын дедiм де. Айтсам 

былай, Шалпардың үйiне түнде түсуге болады. Тек есiк алдындағы 

итiнiң көзiн құртсақ болды. Ал анау Исламқұлдiкiне… ай, қиын-

ау.  Оның  отыратын,  жататын  жерiне  дейiн  кемi  бес  есiк  бар. 

Түнде  олардың  бәрi  iштен  құлыптанатын  секiлдi.  Бұған  қоса, 

ауызғы  бөлмеде  қарулы  екi  қарауыл  жатады.  Бұлармен  қатар 

ауласындағы үйлерде қатыны бар, еркегi бар, бiрталай малайлары 

тұрады.  Егер  “Исламқұлды  отырған  жерiнде  жайпап  кетемiн” 

десең, оған амалын тауып, күндiз барған жөн. Қарауылдары да, 

малайлары да күндiз ешнәрседен күдiктенбейдi.

—  Ой,  мынау  дұрыс  ақыл  айтып  отыр-ей,  —  деп  гүж  еттi 

Аязбек.


— Дұрысы, дұрыс делiк. Бiрақ алдымен оның амалын ойлап 

алғанымыз жөн. Бұдан соң олардың екеуiн бiр күнде, болмаса бiр 

түнде  жайғау  керек.  Әйтпесе,  “кезек-кезек  көздерiн  құртамыз” 

деп, араға күн салып алсақ, тiрi қалған қайсысы болса да, етек-

жеңiн жиып алады. Тағы бiр миымызда болатыны — Қоқанның 

күллi мiлисасы Исламқұлдың жағында. Егер бiз ойымызды iске 

асырсақ, мiлисаның бәрi аяғынан тiк көтерiледi.

—  Пұсырманқұл,  егер  мен  мына  өкiметке  де  пысқырмай, 

бүкiл  Қоқанды  үрейде  ұстап  отырған  Исламқұл  мен  итаршы 

Шалпардың жүректерiн суырсам, саған келер зиян жоқ па? Сенi 

бiреулер  мазалап  жүрмей  ме  дегенiм  ғой.  Екеуiн  өлтiрген  соң, 

Қоқанның әмбе мiлисасы сеңдей қозғалып, көшкiндей тап берсе, 

құрыққа  сен  iлiнiп  қалып  жүрмеймiсiң? 

—  Менiң  сендерге  жақ  екенiмдi  осы  отырғандардан  басқа 

ешкiм  бiлмейдi.

— Сол қашғарлықтардан бәрiмiз күйiп бiттiк, — дедi Ажан. — 

Бiр Қоқанда емес, бүкiл Ферғана даласында оған қарсы тұрар бiр 

ердiң табылмай жүргенiне күйiнушi едiм. Ендi сол ер табылған 

сыңайлы.  Ол  —  мынау  Сүлеймен.  Кедейдi  жылатып,  шаруаны 



215

Сүлеймен қарақшы

қан қақсататын Исламқұлға ақыры өкiмет түк iстей алмады ма, 

ендi  мен  Сүлеймен  жағындамын.  Осы  үшiн  де  “Қоқанбазар” 

мен  Алтынбесiк  ата  сағанасы  айналасындағы  көп  жұрттың 

бiр  де  бiреуiнiң  көзiне  түсiрмей,  тал  түсте  осы  Сүлеймендi 

Исламқұлдың  алдына  апарамын.

—  Осы  үнемi  бұғаудың  кiлтiн  қашан  ашудың,  жiп  түйiнiн 

қалай шешудiң мәнiсiн бiлiп жүретiн жiгiт-ей. Өткен жолы сенi 

ләзiреттен  қалай  шығарудың  да  жолын  осы  тапқан-ды.  Қане, 

қандай  жолмен  мұны  Исламқұлға  апармақсың?  Айтшы. 

Ажан шарт жүгiне, қолдарын сермей, қазiр ғана басына келген 

жоспары туралы айта бастады. Бәрi соның сөзiн мақұлдағандай, 

бастарын шұлғып отырды.

—  Бiзге  жаңа  айтқаныңдай,  ең  жақсы  уақыт  —  күн  шығар 

мезгiл.  Бiрақ  дәл  осы  уақытта  көшенiң  бас  жағындағы  қалың 

тұттың панасында Аязбек пен Төрекелдi бiздi аттарымен күтiп 

тұруы  керек.  Артымыздан  бiреулер  оқ  атып,  қиын-қыстау  шақ 

туа  қалса,  дереу  қышлақтан  кетуiмiз  қажет.

— Оны қашан iске асырамыз?

— Ертең болмайды. Ең жақсысы — бүрсiкүнi. Ертең Аязбектер 

аттарды  дайындасын.  Ал  өзiм  кешке  сол  жақты  бiр  шолып 

қайтайын.  Исламқұлдың  да,  Шалпардың  да  үйiнде  екенiне  көз 

жеткiзейiн. Бәрi де ойдағыдай болса, Аязбек, Төрекелдi үшеумiз 

саған  келемiз.

— Сонда мен ештеңеге араласпаймын ба? 

—  Жоқ,  Пұсырманқұл.  Бала-шағаң  бар  адамсың.  Оларды 

қатерге  тiкпей-ақ  қой.

  Сүлеймен  Бойтанның  үйiнде  тағы  бiр  күндi  зорға  өткiздi. 

Ертесiне түс ауа қос есек жегiлген арбасына мiнiп, Ажан келдi.

—  Бүгiн  Исламқұлды  да,  Шалпарды  да  көрдiм.  Екеуi  де 

үйлерiнде.  Аязбек  пен  Төрекелдi  аттарымен  уәделi  жерде 

күтетiн болды. Ал, ендi, жатып демалайық. Құдай қаласа, азанда 

“Қоқанбазарға”  қарай  жолға  шығамыз.

  Азанда  күн  шықпай,  екеуiн  Бойтан  оятты.  Асығыс-үсiгiс 

бiр-екi  кеседен  шәй  iштi  де,  жолға  жиналды.  Жолдары  алыс 

емес.  Бiрақ  қауiптi.  Сүлеймен  арбаның  үстiндегi  шөп  астына 

жасырынды.  Ажан  қос  есектiң  шылбырын  ұстап,  арба  алдына 

отырды.


— Ыһы, жануарлар. Егер бүгiн екеуiңдi арбамен қосып, тәжiк 

қышлақтың ортасына тастап кетсем, менi кешiрiңдер, — деп ұзын 

қамшысымен олардың арқаларын сабалай, қақпадан шықты.



216



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет