Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет116/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   265
Сүлеймен қарақшы

меншiгiң, әрi әкеңнен қалған дүниелер емес. Ондағы шаруаның 

маңдай  терi  мен  қолымен  жасалған  ұрлықы  дүние-мүлiктердiң 

бәрiне  күшi  жеткен  ортақ  болуға  хақылы.  Бұл  —  қарақшылар 

арасындағы  заң.  Бiрақ  сендер,  қазiр  анау  дозақтың  отына 

шыжғырылып жатқан Исламқұлыңнан бастап, бәрiн сол заңды 

бұзушысыңдар.  Тасадан  оқ  атып,  бейғамдықта  жон  арқадан 

пышақ  салуға  дайынсыңдар.  Сол  үшiн  де  саған  кешiрiм  жоқ. 

Ажан, жаңағы итаршы — Құрақты осында алып келшi. Мынаны 

“өз  қолымен  бауыздаймын”  деп  едi  ғой.  Көрейiк  әуселесiн.

— А, не дейсiң? Бағаналы берi “Құрақ сенi қалай өлтiрмеген?” 

деп  ойлап  тұр  едiм.  Оңбаған  қазақтың  бұл  қай  сатқындығы? 

Бекаба жөйiт “кез-келген дұшпанға жындай көрiнбей, шайтандай 

бiлiнбей барып, басын кесiп кететiн желқұйрық қаһарман” деп 

мақтап  жiберген  Құрақ  нағыз  опасыз  болғаны  ма?  О,  Құдай, 

мұндай боларын бiлгенде, амалыңды өзiм-ақ табар едiм ғой, — 

деп жер тепсiндi Тұрдақ.

—  Сен  сияқтыға  Құдайды  ауызға  алу  не  теңiм.  Опасыз 

Құрақ емес — сен. Ал опасызды өлтiру — Құдай алдында күнә 

болмайды.

 Ажан мен Төрекелдi екi қолы байлаулы Құрақты айдап келдi. 

Оны көрген Тұрдақ:

—  Сен,  сатқын  хайуан.  Осының  үшiн  жердiң  астына  кiрiп 

кетсең де, Бекаба өзiңдi тауып алып, етiңдi— ет, бұтыңды— бұт 

қылады, — деп кiжiндi. 

— Мұның сөзiн не қыласың? — дедi Сүлеймен Тұрдақ оған 

бiрдеңе  дей  бергенде.  —  Сен  мана  “қолымды  босатсаңдар 

Тұрдақты  өзiм  бауыздаймын”  деп  едiң  ғой.  Бұл  малғұнға 

жеткенше, мынау екi итаршының ажалына сеп болдық. Өлтiрмеуге 

болмады, өзiмiзге тажал төндi. Ал, орында айтқаныңды. Мұның 

тағдырын  саған  бердiм.  Етiн  бауыздаған  қойдай  паршалайсың 

ба,  жiлiк-жiлiкке  бөлiп  поршалайсың  ба,  өзiң  бiл.  Төрекелдi, 

Құрақтың  қолын  шешiп,  пышақ  ұстат.

— Қарап тұрыңдар, қазiр қынқ деуге шамасы келмейдi. Әлде 

айыздарыңды  қандырып,  бiраз  қинап,  бауыздайсың  ба?  —  деп 

Құрақ Тұрдаққа жақындады. Тұрдақ өзiне ажалдың шын төнгенiн 

сезiп, Сүлейменнiң аяғын құшақтай алды:



239

Сүлеймен қарақшы

— Ойбай, Сүке, кешiр, кешiр. Бала-шағам жетiм қап зарлайды 

ғой. Жаным үшiн үйдегi бар пұлымды ал. Қатынымның бiреуiн 

де қоса берейiн. Тек өлтiрмешi.

—  О,  сорлы,  нағыз  қорқақтың  өзi  екенсiң-ау,  ә.  Осы 

қорқақтығыңды ертең-ақ бүкiл елге жайып жiберемiз. Бауыздамай-

ақ қой, Құрақ. Тек мұны бiразға дейiн сөйлей алмайтындай етiп, 

тiлiн тiлгiлеп, жүре алмайтындай етiп, аяқ-қолдарын сындырып 

кет.

— Тым аяп тұрғанымыз жоқ па, Сүлеймен? — дедi Аязбек.



— Осымыз дұрыс. Өлiктен ары етiп, тiрi қалдырып кетейiк. 

Жатсын сосын, шерменде күйде екi қатынына масыл боп. Қайта 

жұмған  сайын  көзiне  бiз  елестеп,  күнде  үрейi  ұшсын.  Неғып 

тұрсың,  Құрақ?!  Кiрiс  iске!

—  Аяқ-қолын  сындыр  дейсiң  бе?  Мақұл.  Мен  мұндайдың 

нешеме  тәсiлiн  бiлемiн,  —  дедi  де  Құрақ  Сүлейменнiң  аяғын 

құшақтаған Тұрдақтың иығына табанын қойып бар күшiмен оң 

қолын керi қайырып жiбердi. Ананың жандаусы шықты. Сосын 

желкесiнен  бар  күшiмен  бiр  тептi  де,  жанағы  тәсiлмен  екiншi 

қолын да күтiр еткiзiп сындырды. Тәнiне батқан ауыртпалықтан 

Тұрдақ сорлының айқайлауға демi жетпедi. Оған қараған Құрақ 

жоқ. Бiр табанымен тура белiнен басып тұрды да, етпеттей жатқан 

ананың алдымен оң аяғын, кейiн сол аяғын өзiне қарай тартып 

тұрып, бұрап-бұрап тастады. Кiшкентай болса да өзi айтқандай, 

сүйек  сындыруға  тым  әдiсшiл  екен.  Заматта  Тұрдақтың  қол-

аяқтары  жансызданды.  Мұны  тындырып  болған  соң  оны 

шалқалай  жатқызып,  аузына  қанжар  сұқты.  Лезде  Тұрдақтың 

аузы  қанға  толды. 

— Мiне, тiлiн де тiлгiлеп тастадым. Ендi не iстейiн? 

—  Осы  азабы  да  жетер.  Жүру  түгiлi,  сөйлеудiң  өзi  қандай 

бақыт екенiн сезiп жатсын ендi. Құрақ, бiзбен бiрге жүресiң ғой. 

Бiрақ басқа қайда барасың? Мынау Құрақтың қолын қайта байла, 

Аязбек. Үйге барған соң өзiмен тағы сөйлесемiз. 

 Осының бәрiн жарты сағаттай уақыт iшiнде бiтiрген төртеуi 

сыртқа шыққанда ай-шай боп, таң да атып қалған едi.

—  Артымызда  екi  өлiк  пен  жаралы  Тұрдақ  қалды.  Сақтық 

үшiн  сенiң  үйiңе  емес,  бiздiкiне  барайық,  —  дедi  Аязбек.

— Жоқ, әйел-балаңның көзiнше мынау Құрақтан қалай жауап 

аламыз.  Одан  да  “Борлыдағы”  өзiмiздiң  жасырын  үйiмiзге 

барайық. Сен үйге барып, Атамқұлды қайтар. Соңырақ келерсiң.




240



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет