Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет114/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Иә, оның атын Оқап — Пұсырманқұл дедi-ау деймiн.

— Мұнда жалғыз келдiң бе? 

—  Мұндай  iске  шыққанда  жаныма  кiсi  ертетiн  әдетiм 

болмайтын.

—  Бәрi  айқын  болды,  Аязбек.  Бұдан  сұрау  ала  берiп  керегi 

не?  Сен,  Төрекелдi,  бар  да  Ажандарды  шақыр.  Олар  келгесiн, 

мына Құрақты атқа өңгерiп, Тұрдақтiкiне барамыз. Таң ендi атып 

келедi. Шырт ұйқыда жатқанда оның басын кесiп алайық. Одан 

соң  Құрақты  бауыздаймыз.

— Алдымен соны өлтiршi. Содан кейiн өзiм-ақ өлейiн.

— Немене, өлуге пейiлсiң бе? 

— Жоқ, қазақ ерлерiнiң қашғарлықтардан, жөйiттерден басым 

түскенiне көз жеткiзсем, арманым болмас едi.

—  “Арманым  болмас  едi”  дейсiң.  Онда  неге  жөйiттiң  тiлiн 

алып,  өз  қазағыңды  өлтiруге  келдiң?

—  Ақталар  сылтауым  жоқ.  Анау  жастары  онға  жетпеген 

үш  қаракөзiмнiң  амандығын  ойлап,  не  хайла  iстерiмдi  бiлмей, 

абдырағаннан келiп едiм бұл жерге. Айыпты — мен. Жазалаушы 

— сен. Менi сен өлтiрсең, үш баламды жөйiт өлтiрсе, Құдайға 

артар  өкпем  бар  ма?  Бұ  қазақта  түп-тұқиянымен  өшiп  кеткен 

жалғыз  мен  емес  шығар,  —  деп  күрсiндi  Құрақ.

—  Жайыңды  түсiнем,  Құрақ.  Жаһанды  жайпаған  жауыздың 

да,  бiр  шерменде  күйге  түсетiн  кезi  бар.  Сен  де  сондай  болып 

жатырсың  қазiр.  Айыбыңды  кешейiк,  қазiр  барғанда  Тұрдақты 

өз  қолыңмен  бауыздашы.  Осылай  етiп,  бiздiң  алдымызда  адал 

болуға  ант-су  iшсең,  сенiмен  анда  болысуға  жараймыз.

— Сүлеймен, басыңды алуға келген жаудың мүттәйiм сөзiне 

сенiп, кеуде түйiстiрмексiң бе?

—  Қазiр  Тұрдақтың,  одан  соң  Тәшкендегi  қарақшылардың 

толайым төресi болып жүрген Бекабаның басын алған соң кезек 

келер  бұған.  Ал  қазiр  тұрғыз  оны.  Осы  байлаулы  күйiнде  алға 

салып, айдап жүр. Ә, мiне, Ажандар да келдi. Таң атпай жетейiк, 

Тұрдақтiкiне.

Екi қолы артына байлаулы Құрақты алдарына салған бұлар, 

Құдиярхан  сарайынан  көктей  өтiп,  “Тұмарабаттың”  үстiнен 

бiр-ақ шықты. Тұрдақтың “Тұмарабаттағы” үйiн бұлардың бәрi 



235

Сүлеймен қарақшы

бiлетiн. Ол қазақ мықтыларымен бұрыннан-ақ өштесiп жүретiн. 

Өштесуiнiң  себебi  —  Тұрдақ  Қоқандағы  ұры-қарақшылардың 

бәрi өзiме бағынса екен дейдi. Оған бұл топ, әсiресе, Сүлеймен 

көне қоя ма? Өткенде Сүлеймен екеуi базар ортасында ерегiсiп 

қалған-ды.  Сол  жерде  оны  Сүлеймен  сiлейтiп  салған.  Сосын 

бұған оның оншақты жандайшаптары жабылып кеткен. Онын он 

жаққа лақтырып едi-ау, сонда. Ашық майданда осылайша ештеңе 

iстей  алмаған  ол,  ендi  бұған  Бекаба  арқылы  адам  жұмсағанын 

қарасайшы. Осыны ойлап, iшi қызған Сүлеймен: “Бәлем, Тұрдақ, 

осы үшiн тап қазiр қаныңды судай ағызбасам, көр де тұр. Маған 

мiлиса  да  ештеңе  iстей  алмас.  Өйткенi  кiнәлi  өзiң”  деп  iштей 

кiжiнiп келдi жол бойы.

  Бұлар  Тұрдақтың  үйiне  жеткенде,  таң  да  атуға  жақын 

қалған.  “Тұмарабаттың”  көшелерi  тым-тырыс.  Жәдiнiң  ұзақ 

таңында бұл шаһар халқы қарбаласы көп жаздағыдай емес, арқа-

бастарын кеңге салып, көсiле ұйықтайды. Дегенмен жылдың қай 

мезгiлiнде де тiрлiгi тынымсыз, әрi қауiптi қарақшылар қашан да 

сақ.  Әсiресе  Тұрдақ  секiлдi  бар  өмiрiн  алыс-жұлыспен  өткiзiп 

келе  жатқан  бұрынғы  басмашылар  тәулiктiң  қай  уағында  да 

сергек болатыны аян. Осыны бiлген Сүлеймен оның қақпасының 

маңына  келгенде:

— Құрақ, түнде Тұрдақтың жанында кiмдер бар едi? — деп 

сұрады.


—  Оқап  пен  Ынсап  менiмен  бiрге  шыққан.  Олар  үйлерiне 

кеттi.  Демек,  Тұрдақ  үйде  жалғыз  болуға  тиiс.

— Қанша бала-шағасы бар өзiнiң?

— Екi қатыны, бес баласы бар.

—  Баса-көктеп  кiрiп  барсақ,  қатын-балаларын  шошытып 

жүрермiз.  Оны  тысқа  қалай  шақырсақ  екен?

— Егер сенсеңдер, мен шақырып келейiн…

— Саған сенiм жоқ. Қу түлкiге алданар қарғаң мен емес.

— Таң да атып келедi. Осылай топырлап тұра берсек, көзге 

түсiп  қалармыз.  Бiр  амалын  iстейiк  те,  —  дедi  Төрекелдi.

—  Сен  мынаның  желкесiне  мылтық  тақап,  осында  тұр. 

Айқайлап белгi берсе, басып сал. Бiз Аязбек, Ажан үшеумiз үйге 

кiремiз.  Расында  бұлай  тұра  бергеннен  ештеңе  ұтпаймыз.



236



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет