Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет113/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   265
Сүлеймен қарақшы

аспай,  өзiң  опат  болып  кетсең,  осында  қалған  отбасыңды  да 

артыңнан  жөнелтем.  Сондықтан  да  Қоқанда  оны  өлтiру  үшiн 

түлкiдей  тiмiскiленесiң  бе,  қасқырдай  иiскеленесiң  бе,  әйтеуiр 

ебiн тауып, өкiмiмдi орындап қайт!” деген. Амал не, сауысқаннан 

сақ, құзғыннан қырағы болып келсем де, аяғым тұсалып қалады 

деп  ойламаппын.

— Сен не оттап жатырсың өзi? Менi өлтiре алмағаныңда — 

қатын, бала-шағаңнан айрылатыныңды бiлсең, онда неге ертерек 

ойланбадың? Өзiнiң өкiмiн орындамаған адамның отбасын түгел 

құртып жiберетiн Бекаба деген тiптен жауыз адам ба?

—  Тұра  тұршы,  Сүлеймен.  Сөзiне  қарағанда,  бұл  қанша 

қанiшер  болғанымен,  осы  iске  бiр  амалы  жоқтығынан  келген 

адамға  ұқсайды.  Әй,  қаскөй,  ендi  менi  тыңда.  Бәлкiм  бiз  сенi 

өлтiрмеспiз.  Бiрақ  сен  ол  үшiн  кiм  екенiңдi  және  мұнда  кiм 

жiбергенiн,  Тәшкенде  не  iспен  айналысатыныңды,  әлгi,  кiм 

едi, Бекаба ма, соның нақты қандай адам екенiн айтуға тиiссiң. 

Атыңды  да  айтуды  ұмытпа.  Қай  жердiң  қазағысың?  —  дедi 

Аязбек. 

— Қоқанды қайдам, бiздегi қарақшылар қолға түскен жауын 

“шыныңды  айтсаң,  өлтiрмеймiз”  деп  бар  шынын  айтқызып 

алады  да,  басын  кесiп  тастайды.  Мейлi,  ажалым  бүгiн  жетсе 

—  дауам  қайсы.  “Адам  өлер  алдында  көңiлiндегi  хақиқатты 

мойындап  кетсе,  жалғанда  жасаған  күнәсi  төгiледi”  дейдi  ғой 

дамуллалар. Айтайын бәрiн. Атым — Құрақ. Өзiм Сырдариямен 

қатар  шендесiп  жатқан,  бұрыннан-ақ  ұры-қарының  мекенi 

болған,  қазiр  де  бандылар  жайлаған  “Бардаүңгiр”  жырасының 

Сарыбел тұсында туғам. Байлардың Көбек деген атасынанмын. 

Он үш жасымда жетiм қалып, бiреулерге ерiп, Тәшкенге келгем. 

Шаһарда  үйсiз-күйсiз  қаңғып  жүрiп,  адам  тонайтын  топқа 

қосылдым.  Содан  берi  ұрлық  жасап,  кiсi  тонаумен  күн  өткiзiп 

келемiн, — дедi де Бекаба жөйiттiң бандысына қалай қосылғанын, 

сол бандыдағы ең ептi де, ең айлакер сарбаз екенiн және жуырда 

топ басшысы Бекабаның алдында кiнәлi болып қалғанын, содан 

кiнәсiн  жуу  үшiн  оның  осында  жұмсағанын  тәптiштеп  айтып 

бердi. Бұдан басқа Тәшкендегi қарақшылардың тұрмыс-тiршiлiгi 

жайында да, Бекабаның кiм екендiгiн де нақтылап баяндап өттi.

— Бекабаның алдында не iстеп, кiнәлi болып едiң? Бұдан соң 

Қоқаннан  Тәшкенге  Бекабаға  “менi  өлтiр”  деп  кiм  барды?  Ол 

жақтан қанша адам болып келдiңдер? 




233

Сүлеймен қарақшы

— Ахыретке аттанар кезде жалған сөйлеп не етейiн, Сүлеймен. 

Қоқаннан  Бекабаға  нақты  кiмнiң  барғанын  бiлмеймiн.  Тек 

қайбiр күнi Бекаба менi шақырып алды да: “Менiң алдымдағы 

күнәңдi жуғың келе ме?” — дедi. Басқа амалым болмағандықтан 

“иә”,  —  дедiм.  Кiнәлi  болғанымның  себебi  былай:  Тәшкенде 

аты  шыққан  дархан  шанышқылы  Қараман  және  Қосаралдың 

құлшығашы  Парманқұл  деген  қос  қазақ  қарақшы  бар.  Мизам 

айында сол екеуi қазақтарды бiрiктiрiп, Бекабаның көзiн жоймақ 

болған. Мен Бекабаның қол астында жүрсем де бауырларымды 

жақтап,  солардың  жағына  шығып  кеттiм.  Әттең,  Бекабаға 

шабуыл  жасар  күнi  Қараман  мен  Парманқұлды  НКВД  ұстап, 

қамап қойды. Олар ұсталған соң арамыздан қандай сатқынның 

шыққанын  қайдам,  Бекаба  жоспарымыздың  бәрiн  бiлiп  қойды 

да, менi үйiнiң астындағы зынданға қамап қойды. Сол зынданнан 

шығарып қой, менi осында жұмсағаны. Жаныма бiр жөйiт пен 

Қоқанды жақсы бiлетiн бiр сартты қосып бердi. “Қоқанға барған 

соң  “Тұмарабаттағы”  Тұрдақ  дегеннiң  үйiн  тауып  аласыңдар. 

Сол жақта Сүлеймен деген қазақтың бiр әңгiсi аңырап жүргенге 

ұқсайды. Соны пiштiрiп емес, өлтiрiп кел”, — деп жоғарыдағы 

әңгiменi  қоса  айтты.  Мiне,  осылайша  Қоқанға  келiп  қалдым.

—  О,  әкеңнiң…  Менi  әңгiге  теңеп  жүр  ме?  Бүгiн  менi 

Тәшкенге ертiп бар. Мен оны ұрғашы есекке айналдырып, қодық 

тастатқызайын,  —  дедi  Сүлеймен  түтiге.

—  Сабыр  етшi,  Сүлеймен.  Осы,  атқа  қона  сап,  жауға  шаба 

кетуге дайын тұратының-ай, сенiң. Мынаның әңгiмесiн аяғына 

дейiн  есiткенiмiз  жоқ  қой,  әлi.  Сөйтiп,  Құрақ,  Тұрдақтың  үйiн 

таптыңдар. Тұрдақ бұл жаққа қалай жұмсады? — дедi Төрекелдi. 

—  Тұрдақтың  үйiнде  үш  күн  жаттық.  Төртiншi  күнi 

“Құдияррабаттағы” осы Сүлейменнiң үйiн аңдуға кiрiстiк. Мұны 

көрсеткен  Оқап,  Ынсап  деген  жергiлiктi  адамдар.  Бiрақ  оны 

көшеден  де,  үй  маңынан  да  кездестiре  алмай,  екi  күн  жүрдiк. 

Үшiншi күнi үйге қай жерден асып түсуге болатынын байқадық. 

Сөйтiп жүргенде Сүлейменнiң Оқап танитын бiр адамы кездесiп 

қалды…

— Пұсырманқұлдың кешегi кездестiргенi сол Оқап екен ғой, 



— дедi Аязбек.


234



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет