Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет120/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   265
Сүлеймен қарақшы

 Ә дегенде төртеуi оған не дерiн бiлмедi. Не дерiн бiлмей емес, 

оның не айтқанын түсiнбедi.

—  Әнеукүнi  ғана  үйдi  тексерiп  кетiп  едiңдер  ғой.  Тағы 

келдiңдер  ме?  Айттым  ғой  “ештеңем  жоқ”  деп.  Анау  шал  да 

iсiнiп кеттi. Өлейiн деп жатыр, — деп ол тағы еңкiлдей жөнелдi. 

—  Апа,  не  айтып  тұрсыз?  “Тексерiп  кеттiңiздер”  дегенiңiз 

не? Бiз мұнда ендi келiп тұрмыз. Ауылдың жұрты қайда кеткен? 

Мен  анау  датқа  ауылдағы  Мәменнiң  баласымын.  Өзiңiз  кiмнiң 

кемпiрiсiз? 

 Кемпiр осы кезде ғана барып жылауын тиды да, көз жасын 

сүртiп,  бұларға  бажайлай  қарады.

— Мәменнiң деймiсiң? Қайсы баласысың?

— Сүлейменмiн.

—  Ойбүй,  бауырым-ай.  Баяғы  орыс  побын  жер  құштырып 

кеткен сен бе едiң? Сенi мына жұрт өлдi деп жүр ғой. Әй, мен 

ауылыңдағы  Қойшықара  атаңның  қызымын.  Бiрақ  ол  кiсiнi 

танымауың  мүмкiн. Кейiн  туған  баласың. Ал  мен әке-шешеңдi 

жақсы бiлетiнмiн. Қайдан жүрсiң мұнда? Әлде сен де басқа жақта 

өкiметтiң  белсендiсi  болып  жүрсiң  бе?  Жұрттың  бәрiн  аштан 

қырған бұл не өкiмет өзi? — деп кемпiр таға да кемсеңдедi.

— Мен белсендi емеспiн. Сонау Қоқан жақтан келем. Ауыл 

жағдайын  жыламай,  жөндеп  айтыңызшы.  Жұрты  қайда  кеткен 

бұл  ауылдың?

— Е-е, менiң жөндi әңгiме айтатын қайбiр ақылым бар дейсiң? 

Қырылып қалдық қой, қырылып. Жейтiн нәрсе жоқ. Анау жүруге 

әлi келмей қалған жездең “ит ұстап алып келсеңшi” дейдi. Ит те 

әккi болған. Ұстатса, адамның жеп қоятынын бiледi. Бiрақ ауылда 

ит те қалмады. Бағана жоғарыдағы Кәмештiң бұралқы итiн ұстап 

алайын  деп  едiм,  еш  ұстатпайды.  Шақырғанға  да  келмейдi… 

Ойбуй,  астымнан  сыз  өтiп  кеттi.  Өзiм  өлейiн  деп  жүргенде 

суықтап  қалармын.  Ауылда  мен  секiлдi  кемпiрлер  мен  шалдар 

ғана қалдық. Қалғандары кеттi қаңғырып, басы ауған жаққа. О, 

құдай, балаларымды алғанша, мына менi неге алмай жүрсiң?! — 

деп кемпiр әзер көтерiлiп, бүкшеңдей үйiне беттедi. 

—  Апа,  тоқтаңыз.  Үйдегi  шалыңыз  сөйлей  ала  ма?  Жағдай 

сұрайын  деп  едiк. 



248

Сүлеймен қарақшы

—  Жағдай  дейдi.  Қандай  жағдай  мына  заманда?  Сендер 

жағдай сұрағанша, анау көмусiз қалып, ит пен құсқа жем болған 

адамдарды  көмсеңдершi. 

— Аязбек, қоржында аз-маз нан-пан, ет-пет қалды ма?

— Иә, қоржын түбiнде әлi бiраз азық бар.

— Алып жүрiңдер, кемпiрдiң артынан үйiне кiрейiк. 

  Төртеуi  аттарын  есiк  алдындағы  ағашқа  байлап,  кемпiрдiң 

үйiне  ендi.  Кемпiр  кiре  сала  пеш  түбiне  сұлапты.  Төргi  жақта 

қырылдай  демалып,  бет-аузы  домбығып  iсiп  кеткен  бiр  шал 

жатыр. Күрк-күрк жөтелiп қояды. Сүлеймендi көргенде, ол әбден 

нұры қашып, сөне бастаған жанарымен сүзiле қарады да, тiлiмен 

ернiн  жалап-жалап  қойды. 

— Ассалаумағалейкум! 

  Шал  басын  изегендей  болды.  Сөйлеуге  дәрменi  қалмапты. 

Екi  жерде  қауқарсыз  күйде  жатқан  екi  бейбақты  көргенде 

Сүлейменнiң  жүрегi  шымырлап,  көңiлi  босады.

— Апа, тұрыңыз. Сiздерге нан, ет берейiк.

 Осыны естiгенде шал да, кемпiр де елең етiстi. Кемпiр басын 

көтердi:


— Нан деймiсiң? Қарағым-ау, шынымен-ақ нан бермекпiсiң?

— Иә, апа. Қанша күннен берi нәр татпадыңыздар?

— Тоя тамақ iшпегенiмiзге жылдан асты. Маған азғантай нан 

да жетедi. Көбiн мына шалға берiңдершi.

 Сүлеймен көп күннен берi қоржын түбiнде жатып, сағырдам 

болған  қоқан  тандыр  нанының  бiр  бөлiгiн  шалға,  бiр  бөлiгiн 

кемпiрге  ұстата  бергенде:

— Тоқта, Сүлеймен! Бұларға бiрден көп нан беруге болмайды. 

Жұқалтып-жұқалтып  берейiк.  Әйтпесе,  қарпып  жеген  нан  аш 

өзегiне  түсiп  кетсе,  екеуi  де  көтере  алмай,  өлiп  кетедi,  —  деп 

Аязбек оның қолынан нанды тартып алып қойды.

 Мұны көрген шал, нанды тiптi бермей қоя ма дедi ме, ыңырси 

“әкел, әкел” дегендей, иегiмен жалынышты ишара белдiрдi.

—  Асықпаңыз,  көке.  Жайлап,  аптықпай  шайнап  жеңiз,  — 

деп Аязбек оған кiшкене ғана үзiк нан бердi. Кемпiрге де солай 

ұсынды. Шал байғұста нан шайнайтын күш те қалмапты. Аузына 




249



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет