Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет133/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   265
Сүлеймен қарақшы

мендей  болғаныңша  не  жеймейсiң”,  —  деп  қояды.  Бұлардың 

жанындағылардың  кiмдер  екендiктерiне  де  қарамай,  нан  үшiн 

өзара алысып-жұлысқан тiрлiктерiне қарап, Сүлейменнiң күлкiсi 

келдi. Келдi емес-ау, күлiп те жiбердi. Бiр жағы осыншама халге 

түскен  адамдарға  қарап,  жүрегi  езiлiп,  көңiлi  жасыды.  Алайда 

мұнысын жанындағыларға бiлдiрмей, дереу өзiнiң қатал кейпiне 

ендi.


—  Жә,  нан  үшiн  таласып,  алысып-жұлыспай-ақ  қойыңдар. 

Құлтанның үйiнде не бар болса, соның бәрi сендердiкi болады. 

Ал әзiрге өздерiңдi осындай күйге түсiрген Құлтан мен Тәңкiден 

еселерiңдi алыңдар. Осылай тұрған жерiнде сабаңдар.

 Осы сөзден кейiн жым-жырт болған жұрт жалт етiсiп, Құлтан 

мен Тәңкiге қарады. 

— Екеуiнiң де әкелерi момын жандар едi. Әсiресе Тоғанбай 

қария  жақсы  адам-тын.  Тәңкiнiң  әкесiн  айтам  да.  Ал  жұрттың 

қанын  ағызбай  iшетiн,  тамызбай  соратын  бұл  екеуi  қайдан 

туылды  екен,  ә?  Шешелерiң  де  ел  терiс  айналмас  адамдар  едi. 

Соларға  сөз  тигiзесiңдер-ау,  сендер.  Екеуiңнiң  қылықтарыңды 

еске  алсам,  сол  кiсiлердi  жадыма  алмай-ақ,  сойып  тастағым 

келедi  өздерiңдi,  —  дедi  бiр  шал.

— Бала үшiн әке жауапты емес. Сондай жақсы жандарға сөз 

келтiрiп  жүрген  бұларды  несiне  аяйсыңдар.  Қазiр  бұл  екеуiнiң 

аяқтарынан  керiп,  бастарын  төмен  салбырата,  өрiкке  байлап 

қоям. Ал сендер қолдарыңа не түссе, сонымен сабаңдар екеуiн, 

—  дедi  Сүлеймен.

— Байла, байла, балам…

— Бұларға обал жоқ…

— Кесiрi кiмге тимедi сұмырайлардың.

—  Тезiрек  аяқтарынан  асып  қойыңдаршы.  Айызымыз 

қанғанша, шыбықтап тастайық, — десiп шуласты жиналғандар. 

 Төрекелдi мен Аязбек қосақтала байланған екеуiн ажыратты 

да, жеке-жеке байлады. Аяқ-қолдарын денесiмен бiрге шандып, 

өрiктiң көлденең ағашына бастарын төмен қарата асып қойды.

—  Нанға  көзiмiз  қызып  кетiп,  етқызумен  сендердiң  кiм 

екендiктерiңдi де сұрамаппыз. Екi белсендiнi әдейi байлап, бiздi 




274

Сүлеймен қарақшы

алдап тұрған жоқсыңдар ма? Ертең осы күнiмiзге де зар болып 

қалмайық,  —  дедi  бағанағы  шал.

— Мен — датқа ауылдағы Мәменнiң Сүлейменiмiн. Жұрт менi 

“қарақшы” деп жүр екен ғой. Бiрақ мен қарақшылығымды кiмге 

iстейтiнiмдi бiлемiн. Қашан да момын жұртқа жақпын, озбырға 

өшпiн.  Егер  осы  екеуiн  сабағандарың  үшiн  бiреу  сендерге  көз 

алартатын  болса,  онымен  алдымен  өзiм  есеп  айырысамын.  Ал 

ендi сабаңдар екеуiн.

 Бұл сәтте Құлтан мен Тәңкi: «Ойбай, басым айналып кеттi». 

«Iшек-қарным ақтарылып, аузыма келдi». «Аяғымды арқан қиып 

барады», — деп зарлап тұрған. 

  Осы  кезде  қобыраған  шашы  қураған  шөптей  әппақ  болып 

кеткен  тарамыс  бiр  кемпiр  Құлтанға  жақындап  барды:

—  Әй,  менiң  Абылайымды  ату  жазасына  кестiретiндей  не 

жазып едi саған? — Сосын екi көзiнен аққан жасты сүрттi: — 

Қарғыс  атсын  сенi,  оңбаған,  —  деп  бетiне  бiр  түкiрдi.

 Одан соң бiр бала жүгiрiп барып:

— Менiң көкемдi қайда айдатып жiбердiңiз? — деп сұрады. 

— Бiрақ ол кемпiрге ұқсап, бiр түкiрумен шектелмедi. — Қайда, 

қайда  деймiн  көкем?  —  деп  зар  етiп  жылады  да,  қолындағы 

талдың  жас  шыбығымен  Құлтанның  басына  сабай  жөнелдi. 

Зарлаған  бала  сабауын  бiраздан  соң  әзер  тоқтатты.

 Бұл кезде басқа бiр-екi бала қызық үшiн бе, әлде оған деген 

iшкi  есептерi  бар  ма,  әйтеуiр  Тәңкiнi  таяқтап  жатты.  Оларға 

қосылып  шеттегi  әйелдер  де  екi  белсендiнi  жұла  бастады.

— Өле қал осы күйiңде!

— Сендерден кек алатын күнге жеткiзген Құдайға ризамын. 

Өлә,  мынау  ыңырсиды  ғой,  тағы.  Баяғыда  менiң  шалымды  ат 

құйрығына байлатып, сүйреткенiңде оның жанайқайына құлақ та 

асқан жоқ едiң ғой. Мә саған, залым! Мә, саған! — десiп, екi әйел 

Құлтан  мен  Тәңкiнiң  шаштарын  жұлды.  Беттерiн  шапалақтап 

соқты.  Одан  кейiн  екеуiн  әткеншектей  ары-берi  шайқалтып, 

жандарын  көздерiне  көрсеттi.

  Күйеуiнiң  көрiп  жатқан  азабына  шыдамаған  Нәзия  үйден 

атып  шықты:




275



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет