Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет132/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   265
Сүлеймен қарақшы

  Мыналардың  ойнап  тұрмағанына  ендi  көзi  жеттi  ме,  әлде 

мылтықтың  суық  ұңғысы  жанын  тiтiркендiрiп  жiбердi  ме,  осы 

кезде  Құлтан:

— Әй, әй, қойыңдар. Әзiр өлгiм келмейдi. “Қой” дешi, Сүке, 

мынауыңа, — деп дiрiлдей үн қатты.

—  Айттым  ғой  жаңа.  Нағыз  қаһармандай  болып  өлу  де 

келмейдi  сенiң  қолыңнан.  Қоя  тұр,  Ажан.  Сәлден  соң  тек 

қана  залымдық  бiткен  мұның  кеудесiн  бала-шағаға  таптатып, 

көкiректiгiн мұқалтайық. Жүрсiн содан, жұртқа өктемдiк қылмақ 

түгiлi  бiреудiң  бетiне  қарай  алмай.

 Осы кезде арғы жақтағы тоқал тамның бұрышынан сүйретiлiп 

бiр кемпiр шықты. Бүгжеңдеген күйi бұларға қарап тұрды:

— Ойбай, бетiм-ау. Мынау байлаулы тұрған белсендi қайным 

ба? Талайды осылай байлатып, мiлисаға айдатушы едi. Ендi өзi 

айдалайын деген бе? Көтек, өрiкке шандып тастапты ғой. Бетiң 

күйгiр қарабет, зауал ендiгi өзiңе жеткен екен-ау.

— Берi келiңiз, апа, берi келiңiз. Өздерiңiзге нақақтан-нақақ 

зәбiр  көрсетiп  жүрген  бұдан  кек  алғыңыз  келе  ме?  Онда  осы 

ауылдағы  кәрi-жастың  бәрiн  жинап  келiңiз.  Аяқтарыңызға 

жығылдырып,  кешiрiм  сұратайын.

—  Е,  айналайын.  Бұл  залым  аяғымызға  бас  ұрғанымен, 

қырылған балдар мен итжеккенге кеткен боздақтар орала қояды 

деймiсiң.  Бiрақ  бұл  да  iстеген  iсiне  пұшайман  жеп,  бiрауық 

өкiнсiн де. “Жина” десең, жинайын жұртты. Айтпақшы, бетiм-

ау, “жинайын” деймiн, өздерiң кiм боласыңдар? Ауылда қалған 

аз ғана қалбалақтаған шал-кемпiрлер мен ашқұрсақ балаларды 

алдап  жиып  алып,  төбемiзге  жай  түсiрiп  жүрмеймiсiңдер?

—  Жоға,  апа.  Бiз  қайта  сiздерге  көмектескелi  келдiк.  Сiз 

жұртты жинап келiңiз. Содан соң Құлтанның үйiндегi бар дүние-

мүлiктi  өздерiңiзге  таратып  беремiз.

  Кемпiр  Сүлейменнiң  сөзiне  сенер-сенбесiн  бiлмегендей, 

аңтарылып  бiраз  тұрды.  Сөйттi  де  бұрылып:

— А-ю-ю, Күлшәт, Есенкүл... анау жүгермектiң аты кiм едi... 

И-ху, Жақаш, Ботабек, берi келiңдер. Мына бiр дәу бала Құлтанды 

байлап  қойыпты.  Белсендiнiң  үйiнен  сендерге,  ойбай,  жоқ, 

бәрiмiзге  “нан  әперемiн”  дейдi.  А-ю-ю,  шығыңдар  үйлерiңнен. 



272

Сүлеймен қарақшы

Жүре  алатындарыңның  бәрiң  келiңдер  мұнда,  —  деп  айқайға 

басты.  Айқайлап-айқайлап  алды  да  Сүлеймендерге  қарады:  — 

Айтқан сөздерiң рас болса, маған тап қазiр осы үйден нан алып 

шығып берiңдершi. Өзiме емес, үйдегi екi кiшкентайыма. “Нан, 

нан” деп шырылдағандарына неше күннiң жүзi болды.

 Ажан жүгiрiп үйге кiрдi. Аздан соң оншақты таба нан оралған 

үлкен дастарханды көтерiп шықты.

— Алыңыз, апа.

Бұлар  байқамапты.  Кемпiрдiң  жаңағы  айқайынан  кейiн 

үйлерiнен  жүгiрiп-жүгiрiп  шыққан  ауыл  адамдары  ашық 

көрiнуге  қаймығып,  әр  тамның  тасасынан  сығалап  тұр  екен. 

Ажан  дастарханды  далаға  шығарып,  жерге  қойғанда,  бәрi  тұс-

тұстан  атып  шықты.  Әсiресе  балалар  дастархан  үстiне  құлай 

кетiп,  таласа-тармаса  нандарды  қойындарына  тығып  жатыр. 

Кейiн жеткен үш-төрт шал мен кемпiрлерге дым да тимей қалды.

—  Балалар,  тоқтаңдар,  —  деп  айқайлады  Сүлеймен.  — 

Нандарды  аталарың  мен  апаларыңа  бөлiп  берiңдер.  Онсыз  да 

бүгiн  қарындарың  жақсылап  тояды.

  Көптен  берi  нан  көрмеген  байғұс  балалар  жаутаң-жаутаң 

етiсiп, қойындарындағы нандарды шығарып, кәрiлерге ұсынды. 

Бiрақ  ұсынардан  бұрын  өздерi  наннан  қарпып-қарпып,  асап 

алысты. Қолдарына нан тиген кәрiлер де олардан қалысар емес. 

Ауыздарына түскендi шайнамай-ақ жұтып жатыр. Бiр кемпiр тiптi 

түйiлiп,  дем  жетпей  етпетiнен  түстi.  Төрекелдi  оны  арқасынан 

қағып, әзер епке келтiрдi. Ал шеткi екi әйел бiр нанға таласып, 

жұлыса кетiстi. Олар жұлысып жатқанда, бiр бала жүгiрiп барып, 

жерде жатқан нанды ала қашты.

— О, көктей солғыр, жүгәрмек. Сол нан тамағыңнан өтпей, 

қақалып өле қал, — дедi бiрi.

— Сен сайқал болмағанда, нан өзiмiзге бұйыратын едi ғой, — 

деп шаптықты екiншiсi оған. 

  Бiр  жаман  тымақты,  жыртық  шапан  киген  шал  жанындағы 

баланың  ернiне  саусағын  тығып,  аузындағы  нанды  тартып 

алмақ  боп,  әуреге  түсiп  жатыр.  Бала  басын  ары  алып  та,  берi 

алып  та  қашып,  берiлмейiн-ақ  дейдi.  Бiрақ  аштықтан  көзi 

қарайған  шал  қояр  емес.  “Әкел  деймiн-ә,  әкел!  Сен,  пәтшағар, 



273



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет