Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет134/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Үйбай,  шешейлер-ау,  өлтiрдiңдер  ғой.  Қойсаңдаршы,  — 

деп сыңси жылап, Құлтанды қорғаштап, құшақтай алды. Екi әйел 

ендi:


—  Ә,  салдақы!  Бұл  албастың  бiздiң  байымызды  өлтiргенде 

жаның  ашыған  жоқ  емес  пе?  —  деп  Нәзияға  жабыла  кетiстi. 

Бар  ашулары  бойларынан  шығып,  қаһарланған  екi  әйел 

Нәзияны жерге құлатып, тепкiнiң астына алды. Лезде Нәзияның 

бетiн  қан  жуды.

— Мына қатындарды ажыратшы, — дедi Сүлеймен Ажанға. — 

Нәзияны үйге апарып тық. Әйтпесе байына кектенген мыналар 

сорлыны өлтiрiп қояр.

 Ажан Нәзияны сабаған әйелдердiң екеуiн екi жаққа итерiп-

итерiп  тастады.  Сөйттi  де  Нәзияны  қолтықтап,  үйiне  жеткiздi.

— Неге әкетесiңдер оны? Ол да байымен бiрдей қорлық көруi 

керек едi. Оның да бiзге көрсетпегенi жоқ.

—  Зорлықтың  бәрiн  Құлтан  бастап  жүр  де.  Сондықтан  о 

байғұсты ұрудың қажетi не. Ендi мен сендерге бiр қызық нәрсе 

көрсетейiн. Асулы тұрған екi белсендiнiң арттарын жалаңаштап 

берейiн.  Солқылдақ  шыбықпен  сол  жерлерiн  сабап-сабап 

алыңдар,  —  деп  Ажан  қонышынан  екi  жүздi  ұзын  қанжарын 

шығарып,  Құлтан  мен  Тәңкiнiң  шалбарларын  тiлгiлеп-тiлгiлеп 

тастады.  Жоқ,  тiлгiлемедi.  Майлы  жерлерiнiң  тұстарын  ойып 

кесiп тастады. Бұл көрiнiске балалар күлiсiп, мәз болысты. Ал 

әйелдер  жағы:

—  Үйбай,  бетiм-ау,  екеуiнiң  де  арттары  тура  қатындардiкi 

сияқты әппақ, әрi жап-жалпақ екен-ау, — деп беттерiн шымшып, 

терiс  қарасты.  Балалар  болса  қолдарындағы  шыбықтарымен 

Құлтан  мен  Тәңкiнiң  сол  жалаңаш  жерлерiн  соға  бастады.

— Қара, құйрығы тiлiнiп, қанап кеттi, — дедi бiрi.

—  Ал  мынанiкi  қатты  ма,  шыбықтың  iзi  батпайды,  —  дедi 

екiншi  бала.

—  Ойбай,  Сүке,  өлдiм!  Қой  деңiзшi  мыналарға.  Жүрегiм 

сығылып кеттi. Өкпем таңдайыма кептелдi, — деп байлаулы екеу 

қарлығыңқы дауыспен айқайлады. Көздерiнен парлап жас ақты.

— Бұлар қазiрше осылай тұра берсiн, — дедi Сүлеймен ауыл 

адамдарына қарап. — Балдар, сендер ұруды қоя тұрыңдар. Ендi 

бәрiң  Құлтанның  үйiне  кiрiп,  жарамды  заттардың  барлығын 

қолды қылыңдар. Одан кейiн анау ақырдағы байлаулы семiз мiнiс 

атын сойып алыңдар.




276

Сүлеймен қарақшы

  Жиналғандар  үйге  лап  қойды.  Әп-сәтте  олар  қолдарына 

iлiнгендерiн  көтерiп,  тарасып  жатты. 

— Әй, киiз бен кiлем, ыдыс пен мата сендерге азық бола ма? 

Көрпе-төсектi  не  қыласыңдар?  Одан  да  анау  айғырды  союға 

әрекет етпейсiңдер ме? О, жылтырағанның бәрi көздерiне таңсық 

көрiнген,  жұтаған  немелер.

— Бұл жазғандарды бұлай кiнәлап не қыласың, Төрекелдi? Есi 

ауып, күйiнiштiң шегiне жеткен сорлы адамдарға қазiр не болса 

да — олжа. Айғырды өзiң сойып бер. Оны союға бұларда қандай 

қауқар болсын.

—  Сүлеймен  жөн  айтады.  Екеулеп  торы  айғырды  бауыздап 

тасталық,  —  дедi  Аязбек.

  Қарақшылардың  осы  сөзiн  естiген  ауыл  адамдары 

қолтықтарындағы  заттарын  жерге  қоя  салып,  тұра  қалысты. 

Манағы  Нәзияны  төбелеген  екi  әйел:  “бiзге  Құлтанның  үйiнен 

алған  өлi  ет  те  жетедi.  Еттерi  сүрленiп,  майы  бетiне  шығып, 

бабына келiп қалған екен”, — деп ақ қапқа ораған ескi еттi қолдаса 

көтерiсiп,  шеттей  бердi.  Бiрақ  оларға  ешкiм  назар  аудармады. 

Жұрттың  бәрiнiң  назары  Аязбек  ақырдан  шешiп  әкелген  атқа 

ауды.  Құлтанның  мiнiс  етiп  жүрген  торысы  қарагер  секiлдi 

аттың төресi екен. Етi қоңды. Сырт терiсi жылтырап тұр. Аязбек 

оны әдеттегiдей төрт аяғынан бiр-ақ өзi байлады да, жерге гүрс 

еткiзiп құлатты. Содан соң аз уақыттың iшiнде етiн боршалап, 

жиналғандарға  таратып  жiбердi.

—  Әр  ауылдың  аш  адамдарына  бiр-бiр  жылқыдан  сойып 

бере берсек, бәрiн тышқақ қылармыз, — деп күлдi Аязбек iсiн 

бiтiргесiн.

—  Қайта  өзiмiз  жас  еттен  қуырдақ  жеп,  күптi  болып,  тоқ 

жүремiз де. Төрекелдi, Нәзияға айт, iш май мен жал-жаядан дереу 

қуырдақ  жасасын.  Соны  жеп,  басқа  жаққа  аттанайық.

  Беттерi  тырналып,  көздерi  көгерген  Нәзия  Төрекелдiнiң 

айтқанын тез орындады. Мол қуырдақ пен шайға тойынып алған 

төртеуi  өз  аттарын  ерттеп,  жолға  жиналды.

— Ендiгi бағытымыз қайда? — дедi Ажан.

—  Бiр  күнде  бiр  ауылды  емес,  кемiнде  үш-төрт  ауылды 

тойдырайық  та.  Алдымен  Ленгiрдегi  өкiметтiң  мал  жинап 

қойған қотанын шабайық. Қорадағы малды босатып, Ленгiрдiң 




277



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет