Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет138/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   265
Сүлеймен қарақшы

бек.


 Бұл кезде Ажан Сүлейменнiң жарасын таңып болған едi.

— Ендi қалай? Жүре аласың ба?

— Қайдам… Жарақат жүргiзбейдi-ау.

—  Қараңғы  болғанша  амалдайық.  Қараңғы  болған  соң 

сытылып  кетермiз.  Оқ-дәрiлерiмiз  бiраз  бар  ма?.

— Шамалы-ақ қалды.

—  Анда-санда  бiр  атып  қойып,  олардың  басын  көтеруге 

шамасын келтiрмей отырсаңдар болды. Ендi тағы да жан-жаққа 

тарап,  аналарды  әр  жерден  нысанаға  алыңдар.

  Бастарындағы  қарабаласпен  жүрiп  байқамапты,  Аязбек 

бағанағы  орнына  барайын  деп  жылжи  берiп  едi,  көзi  батыс 

жақтағы  тегiсте  тiзiлiп  келе  жатқан  мiлисаларға  түстi.  Қарулы 

жиырмашақты сарбаз жаяулата жан-жақтан қоршап келедi екен.

— Аналарды қараңдар, — дедi ол аузына басқа сөз түспей.

— Әттеген-ай! Аттарымыз сау болғанда ғой...

  Төрекелдi  оларға  қарата  мылтығын  екi  рет  басып-басып 

жiбердi. Қаз-қатар тiзiлiп келе жатқан мiлисалар жерге жата-жата 

кеттi.


— Шеттерiнен жүректерiнiң жоқтығын қара тағы.

— Жүректерiнiң жоғын қайдам, қызыл сарбаздар бiздi айнала 

қоршамақ  боп,  шашырай  бастады.  Әлден  соң  толық  қоршауда 

қалмақпыз.

Бiрге болғалы берi ешқашан дәл мұндай шарасыз халге түсiп 

көрген емес-тi бұлар. Осы себептi ме, әйтеуiр әркiм өз ойымен 

болып, бiразға дейiн ешқайсысы сөйлемедi.

—  Амал  не?  —  дедi  әлден  соң  Сүлеймен.  —  Қаша  жүрiп, 

атысып  құтылып  кетулерiңе  мен  кедергi  болдым-ау.  Ендi  әлде 

де  болса,  сытылып  кетуге  әрекет  жасаңдар.  Анау  Алатаудың 

қойнауына бiр кiрсеңдер, сендердi ешкiм ұстай алмайды. Ал мен 

бiр өзiм қолға түсейiн. Бәрiмiз қамалғанша, осыным жөн болар.

—  Не  айтып  тұрсың,  Сүлеймен?!  Сенi  жалғыз  тастап,  бiздi 

жын  ұрып  па?  Қолға  түссек,  бiрдей  түсемiз.  Өлсек  те,  бiрдей 

өлемiз. Серiгiн жау ортасына тастап кететiн әдет бiзде болған ба?

— Бiздiң арамызда қалыптасқан тәртiптiң де, байлаулы серттiң 

де  кейде  өзара  келiсушiлiкпен  бұзылатын  кезi  бар,  Төрекелдi. 



284

Сүлеймен қарақшы

Сондай кездiң бiрi бүгiн келдi деп ойлаңдар. Қолға мен-ақ түсейiн. 

Сендер бас амандық амалдарыңды қылыңдар. Сай-саймен қаша 

атысып, тау етегiне бiр iлiксеңдер болды. 

—  Олай  етсек,  бiздiкi  достық  емес,  Сүлеймен.  Әуелден 

басымыз бiр қазанда. Бұдай былай да не көрсек, бiрге көремiз. 

— Әй, бандылар! — деген дауыс естiлдi осы кезде мiлисалар 

жақтан. — Қаруларыңды тастап, қолдарыңды көтерiп, бiр-бiрлеп 

орындарыңнан  тұрыңдар.  Әйтпесе  анау  аттарыңа  ұқсатып, 

өздерiңдi  де  теңкитiп-теңкитiп  тастаймыз.

— Бұлар бiздi қанатымыздан айырып алып, ендi жанымыздан 

айырып  тастамақ  па?!  Неге  кеш  батпай  кеттi?  Орнымызды 

сипатып  кетер  едiк!  —  деп  тiстендi  Аязбек.

Мiлисалар айқайын тыйар емес. Тiптi бұларға бағыттап төрт-

бес мәрте мылтық та атты. Бiрақ қарақшылар олардың шарттарын 

орындай қоймады.

—  Берiл,  Сүлеймен!  Өз  еркiңмен  берiлсең,  жазаң  да  жеңiл 

болады,  —  дедi  тағы  бiр  дауыс.

— Мiлисалар менiң атымды да бiлiп алған ба?

—  Сiрә,  олар  кешегi  бiз  барған  Жалғандық  пен  “Алғабас” 

жақтан  келген  болар.

— Өкiнiш өзегiмдi өртеп барады. Қарагерiмнен бiр айырылып, 

бостандығымнан  тағы  айырылсам,  Сүлеймен  атым  қайсы?! 

Санаңдаршы,  қанша  оғымыз  қалыпты?  Соңғысы  таусылғанша 

атысып,  жастығымызды  ала  өлейiк!

Әрқайсысы  оқшантайларындағы  оқтарын  санап  шықты. 

Төртеуiнде бар-жоғы оншақты ғана оқ қалыпты. Ал анау жақтан 

мiлисалар  әлi  айқайлап  жатыр.

—  Соңғы  рет  ескертемiз!  Егер  бес  минуттың  iшiнде 

қолдарыңды  көтерiп  шықпасаңдар,  бiз  шабуылды  бастаймыз!

—  Бастай  берсiн.  Қол  көтерiп  шығатын  бiз  оларға  қорқақ 

қарсылас  емеспiз.

Айтқандарындай  бес  минуттай  уақыттан  кейiн  мiлисалар 

жан-жақтан  оқ  атып,  жақындай  түстi.  Төртеуi  төрт  бағытқа 

қарай  жатып  алған  бұлар  да  жауап  оқ  ата  бастады.  Мiлисалар 

қарақшылар  оқтарын  әбден  босқа  шығындасын  дегендей, 

анда-санда  әр  жерден  бас  қылтитып,  болмаса  қалпақтарын 



285



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет