Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет146/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   265
Сүлеймен қарақшы

 Бiр уақытта вагон есiгi сақырлап, қайта ашылды. Есiк алдында 

топырлап солдаттар тұр. Бұл жолы олар нан тарататын кездегiдей 

есiк  түбiндегi  текпiшекке  шықпады.  Ва-гонға  тақала  қойылған 

атшанадан оншақты адамды түсiрiп, вагонға айдап кiргiздi. Iшке 

алдымен орта бойлы болғанымен сүйектерi iрi, төртбақ денелi, 

басы  қазандай  бiреу  кiрдi.  Түсi  суық.  Вагонға  қабағын  түйген 

күйi  кiрдi  де,  отырғандарға  жағалай  көз  тастап  аз-кем  тұрды. 

Кейiн кiргендер оның артында топырлап тұр. Ешқайсысы оның 

алдын орап, берi өтпедi.

— Ой, Усман, привет, — дедi Аркаша орнынан әрең қозғалып, 

басын көтере.

  Қалған  серiктерi  ұшып-ұшып  тұрды  да,  шеттерiнен  барып 

қолын  алды.

— Анау неге тұрмай жатыр? — дедi төртбақ Аркашаны нұсқап.

— Тұра алмайды. Қатты таяқ жеп қалған, — дедi Микай.

— Кiмнен? Мiлисалардан ба?

  Микай  басын  шайқады.  Сосын  орысша  сөйлеп,  оны  өздерi 

отырған жаққа қолтықтап әкеттi. Осман Аркашаға жақындаған 

кезде оның тiзесiн екi алақанымен қысып тұрып, бiрдеңе айтты 

да,  санына  бiр  теуiп,  ар  жақтағы  бос  орынға  жайғасты.  Содан 

кейiн вагон ортасында әлi тұрған өзiнiң серiктерiне “отырыңдар” 

деп, қолымен белгi жасады. Олардың бәрi оның жанына барып 

жайғасты. Өз орындарын оларға берiп қойған орыстар төртбақтың 

алдын орай, ортаға отырды.

  Сүлеймен  қарап  отыр.  Кiргендер  орыстармен  орысша 

сөйлескенiмен,  мұсылман  сияқты.  Араларында  үш-төрт  қазағы 

да бар. Ал анау төртбақтан бастап, басқалары сартқа ұқсайды. 

Микайдың кешегi айтқан Османы осы-ау деп шамалады. Расында, 

орыстар оған жалынышты кейiпте бiр әңгiмелер айтып отыр. Ол 

болса, қабағын түйген күйi Сүлеймендер жаққа әлсiн-әлсiн көз 

тастап  қояды.

  Микай  оған  әлденелер  жайында  ұзақ  айтты.  Не  айтып 

жатқанын  қазақтар  түсiнбедi.  Орысша  екi  ауыз  сөз  бiлмейтiн 

бұлар оны қайдан түсiнсiн? Бiрақ Сүлеймен Микайдың өздерiн 

жамандап отырғанын ұқты. Жамандамаса да, шағымданып отыр-

ау  деп  топшылады.  Мұның  осы  ойын  дәлелдегендей,  төртбақ 



300

Сүлеймен қарақшы

Аркашаға  бұрылып,  қызу  сөйлей  бастады.  Аракiдiк  қолдарын 

сермеп-сермеп  қояды.

  Аркаша  бiр  нәрсенi  дәлелдегiсi  келiп,  қиналса  да  жауап 

қатып жатыр. Оған шекесiнде екi алмадай iсiгi бар кiсi қосылды. 

Төртбақ оны бiр ұрды. Ол бiрден үнiн өшiрiп, кейiн жылыстады.

— Орыстарға мынаның алдында құрдай жорғалап не көрiндi? 

— дедi Аязбек.

— Кешегi айтқан Османы осы бiлем ғой.

— Мұның адам қорқатындай ештеңесi жоқ сияқты.

—  Кейбiреулер  аса  дәу  болмағанмен,  жаужүрек  болады. 

Сондайдың  бiрi  шығар  бұл.

—  Бiзге  тиiсетiн  болса,  сен  емес,  мен-ақ  шығайыншы 

төбелеске.

— Өзiмiзше тимейiк. Алда-жалда тиiссе, көре жатармыз.

  Бiрақ  Осман  да,  серiктерi  де  бейбiт  отырды.  Кеш  батты. 

Осман екi орыстың шекпенiн шешiп алып, бiрiн төсенiш, бiрiн 

жамылғы  еттi.  Анау  сорлылар  дiрдектеп,  шапаны  барлардың 

қолтығына  тығылды.  Түн  түстi.  Екi  күннен,  екi  күннен  емес-

ау,  нешеме  тәулiктен  берi  қамауда  жатып,  ұйқыдан  басқаны 

бiлмейтiн  сотталушылар  бiрден  ұйықтай  қоймайды.  Әркiм 

жанындағысымен күбiрлесiп, уақыт өткiзедi. Бүгiн түнде де солай 

болған.  Түн  түсiсiмен  әр  бұрыштан  өзара  сөйлескен  дауыстар 

тағы  шыға  бастады.

— Өшiрiңдер дауыстарыңды! Ұйқы берiңдер! — деген қатқыл 

үн шықты Осман жақтан. — Егер ендi кiмде-кiм сөйлесе, өлдiм 

дей берсiн.

 Ақырған Осман ба, жоқ бiр жандайшабы ма, ешкiм бiлмедi. Бiр 

анығы — Микайдың даусы емес. Бiрақ осыдан кейiн әр жерден 

шыққан дауыстар сап тиылды. Ал көп сөйлемейтiн Сүлейменге 

бәрiбiр. Алайда қасақана сөйлегiсi келдi.

— Аязбек, анау жақтан бiр айғыр кiсiнегендей болды ма?

— Қайдам. Менiң құлағыма биенiң даусы келгендей болды.

— А, мен айғыр ма десем, бие ме едi... 

Бұл сөзге Османдар тарапынан жауап болмады.

— Неге тым-тырыс? — дедi Аязбек.




301



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет