Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет145/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   265
Сүлеймен қарақшы

байғұстың, аракiдiк “ой, голова” деп қояды. Ойбайламай қайтсiн? 

Темiр еденге соққыланған бастың мылжасы шығып кетпей, аман 

қалғанын  қарасайшы  тағы.

Сүлеймен  оларды  аяп  кеттi.  “Нем  бар  едi  сонша  ұрып?  Ай, 

бiрақ  бұлай  етпесем,  бұлар  менi  осындай  күйге  түсiрер  едi-ау. 

Сорлылар,  арттарына  қарамай  тиiсiп  несi  бар?”

 Сақырлап вагонның ауыр темiр есiгi ашылды. Есiк алдында 

топырлаған қарулы солдаттар көрiндi. Бастықтары болса керек, 

ұзын бойлы арық бiреуi қолындағы қағазға қарап, отырғандардың 

бiразының аты-жөндерiн атап шықты.

—  Аталған  сотталушылар,  бiр-бiрлеп  сыртқа  шығыңдар!  — 

дедi  сосын.

  Аттары  аталғандар  аһылап-уһiлеп,  кезек-кезекпен  далаға 

шықты.

— Бұларды қайда апарар екен? — дедi Төрекелдi дауыс-тап.



—  Осындағы  түрмеде  қалатындар  ғой.  Жолдары  болғыш 

екен. Бiзге ұқсап Сiбiрге бармайтын болды, — дедi оны естiген 

қазақша  бiлгiш  орыс.

Солдаттар он бесшақты кiсiнi алып кеттi де, қалғандарына екi 

үзiмнен нан таратты. Үлкен шелекпен су бердi. Шелекпен қоса 

ұстағышы  бар  кiшкене  ыдыс  ұсынды.  Оны  орыстар  “кружка” 

дейдi  екен.  Нандарын  апыл-ғұпыл  ауыздарына  тығып,  сол 

кружкамен бiр-бiрлеп су iштi. Су қайнатылған ба, қайнатылмаған 

ба,  белгiсiз.  Жылымшы.  “Әйтеуiр  мұздай  болмағанына  шүкiр” 

деп  бiреулер  шүкiршiлiк  қылып  жатыр.

 Солдаттар шелек пен кружка босаған соң қайта алып қойды.

—  Күнiне  екi  үзiм  нан  жеп,  бiр  күрiшке  су  берсе,  жететiн 

жерiмiзге дейiн аштан қатып қалармыз, — дедi Ажан. — Бәрiнен 

де ауқатты қасқырша жеп үйренген дәу Сүлейменге қиын болды-

ау.

— Қиыны — қиын. Амал не, шыдармыз.



— Зорлық пен төбелестiң басы осы аштықтан басталады, — 

дедi әлгi орыс. — Әзiрге жақсы, екi-үш кусок болса да, күнiне 

нан берiп түр. Кейде екi-үш күн бойы түк бермей қояды.

—  Кешеден  берi  сенiң  атыңды  да  сұрамаппыз.  Ныспың  кiм 

өзiңнiң?.



298

Сүлеймен қарақшы

— Менi Микай деп атай берiңдер.

— Өзiң бұрын сотталған екенсiң, Микай. Айтшы, бiздi дiттеген 

жерлерiне апарған соң не iстетедi?

—  Кеше  айтып  едiм  ғой.  Азаннан  кешке  дейiн  қара  жұмыс 

iстетедi. Сiбiрге барсақ, ағаш кесемiз. Темiр жол саламыз. Әр он 

сотталушыға бiр қарулы солдаттан қарауыл болады. Командирдiң 

айтқанын орындамасаң, табанда атыласың. Болмаса, орындығы 

мен кереуетi жоқ сыз жертөлеге қамап қояды. Жалпы, ол жерде 

сотталғандар көп қырылады. Бiреуi — аштықтан, бiреуi — аурудан, 

— деп Микай лагерь жайын ұзақ әңгiмеледi. Сотталушылардың 

арасындағы тәртiп туралы да ұзақ айтты. Айыпты болғандарды 

паханның шешiмiмен өлтiрiп тастайтынын да сөз еттi.

—  Кiмде-кiм  қорқақ  болса,  оған  күн  жоқ.  Күштi  жiгiттер 

жанына өз жерлестерiн жиып алып, екiншi бiр топтан қорғанады. 

Жеке-жеке жүргендер ол жерде күн көре алмайды, — деп аяқтады 

ол сөзiн.

— Жекпе-жек төбелес көп бола ма?

— Бiр мықты бiр мықтыны мойындамаса, төбелеске шығады. 

Жеңген адамның абыройы көтерiлiп, жеңiлгенi соның айтқанын 

iстеуге  тиiс.  Жеңiлген  мықты  көпшiлiктiң  көзiнше  жеңгенге 

қол  берiп,  оны  мойындауы  керек.  Егер  мойындағанын  бұзып, 

қалтарыс  сәтте,  болмаса  қапелiмде  оған  опасыздық  жасап, 

зиянын  тигiзсе,  ол  кешiрiлмейтiн  күнә  болып  саналады.  Кейде 

мықтылар  төбелес  үстiнде  бiрiн-бiрi  өлтiрiп  те  қоюы  мүмкiн. 

Ондайда  өлтiрген  борыштар  емес...

  Микайға  қазақтар  әр  түрлi  сұрақтар  жаудырып  жатты. 

Сұрақтардың бәрi сол лагерь төңiрегiнде. Микай да бiлгiш екен. 

Барлық  сұраққа  жауап  бередi.

  Азанда  Шамалғанға  тоқтаған  пойыз  жүрмей  көп  тұрды. 

Қанша  тұрғанын  қамалғандар  дәл  бiлмедi.  Ешкiмде  сағат 

жоқ.  Уақытты  күнге  қарап  бағдарлайын  десе,  аспан  бұлтты. 

Қамалушылар кешегiдей тұнжыраулы емес. Бәрi басқа сал-ғанға 

көнген сыңайлы. Сол сыңаймен кеуделерiндегi уайым мен күдiктi 

ұмытып, Микайдың әңгiмесiн қызыға тыңдап отырды. Әрi өзара 

қауқылдаса  сөйлесiп,  әңгiме  көрiгiн  қыздыра  түстi.




299



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет