Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет147/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Бiлмедiм.  Бiр  ойлағандары  бар  шығар.  Әлде  қазақша 

түсiнбей  ме?

 “Кiм сөйлесе, өлтiрем” деушiлер тағы үнсiз.

— Жарайды. Ендi үндемей-ақ қоялық. Мен ұйықтаймын. Ал, 

сен, сақ жат.

— Жақсы.

Сүлеймен  оянса,  пойыз  тағы  тоқтап  тұр.  Терезеден  күн 

сәулесi  құйылып,  вагон  iшi  жап-жарық  боп  кетiптi.  Күн  ашық 

болғанымен,  аяздың  бетi  сынбаған  тәрiздi.  Вагон  сыртында 

жүргендердiң  қарды  қырт-қырт  басқандары  осыны  аңғартады.

— Қай жерге келдiк? — деп сұрады Ажаннан.

—  Итiм  бiлiп  пе,  мұның  қай  жер  екенiн.  Тұрғанымызға  бiр 

сағаттай  болды.

 Сүлеймен сыртқа көз тастады. Терезеге қарама-қарсы тұрған 

бiр үйге әскери киiнген адамдар кiрiп-шығуда. Әскерилердiң денi 

орыс. Әлден уақытта үш солдат қолы байлаулы бiр ұзын бойлы 

арық  қазақты  вагон  жаққа  алып  келдi.  Олардың  артынан  қап 

көтерген бiр солдат та келдi.

 Солдаттар вагон есiгiн ашты да, әлгi қазақтың қолын шешiп, 

iшке кiргiздi. Ол кiре салысымен жан-жағына алақ-жұлақ қарады. 

Бiр кезде көзi Османға түстi:

— О, Осман байпатша отыр ғой мұнда. Ассалаумағалейкум, 

Осман-еке!  Аман-сау  барсыз  ба?  —  деп  жүгiрiп  барып,  қолын 

ұсынды.

 Вагон қабырғасына сүйенiп отырған Осман, оған қол берудiң 

орнына аяғын ұсынды. Бұрын Османның алдында кiнәлi болған 

ба, әлде одан шын қорқа ма, кiм бiлген, ұзын қазақ оның аяғын 

қос қолдай ұстады да, маңдайын тiзесiне тигiздi.

— Сiздi сау көргенiме бек ризамын, батыр-еке. Өткен жолғы 

сотталудан  тез  құтылып  едiңiз.  Ендi  мына  иттер  тағы  ұстаған 

ба?..


— Сау көргенiме ризамын деймiсiң. Немене, менi бiреу өлтiрдi 

деп есiтiп пе едiң? — деп Осман оның сөзiн бөлiп жiбердi. — Сенi 

Құдай қолыма жүдә әдемi түсiрдi. Өткендегi сатқындығың үшiн 

көресiнi ендi көресiң. Аяғымды сүйiп, артымды жаламасаң, не 

болатыныңды өзiң бiлесiң. Сол үшiн де жететiн жерiмiзге дейiн 



302

Сүлеймен қарақшы

маған қатынша қызмет етiп барасың. Бiрақ оған дейiн әлi талай 

күн жүрермiз. Сондықтан да маған қалай жағымпазданып, қалай 

қызмет  ететiнiңе  вагон  iшiндегiлер  неше  куә  болады.  Ал  қазiр 

шекпенiңдi  шеш  те,  аяғыма  жап.  О,  мақта  шалбарың  бар  екен 

ғой.  Түнге  қарай  оны  да  шешiп  берерсiң.  Қатынның  жұмысын 

iстейтiн  еркекке  шалбар  киiп  керегi  не?  Әй,  шапаныңмен 

аяғымды қымтап жапсайшы. Тымағыңды да әкел, астыма басып 

отырайын.

  Ұзын  қазақ  намыссыз  екен.  Османның  айтқандарын  лезде 

орындады.  Ол  киiмдерiн  шешiп,  Османға  жауып  жатқанында, 

есiк  алдындағы  бiр  солдат  күндегiдей  нан  таратып  болған  едi. 

Бұл  жолы  әр  тұтқынға  екi-ақ  тiлiмнен  нан  тиген.

—  Ендi  бар  да,  анау  дәу  қазақтан  бастап,  мына  орыстарға 

тақасып  отырғандарға  дейiн  түгел  нандарын  жиып  әкел!  — 

деп  бұйырды  Осман  Сүлеймендi  саусағымен  нұсқап.  —  Бiреуi 

бiрдеңе  десе,  тура  аузына  теп.  Ал  орыстарға  тимей-ақ  қой. 

Өзiмiздiң  адамдар  ғой.

 Ұзынтұра құп деп қос қолын кеудесiне қоя иiлiп бұрыла сап, 

жанындағы қазақтың қолынан нанын тартып алды. Ол сорлы түк 

iстей алмаған күйi Сүлейменге жалтақ-жалтақ қарады.

—  Бұлардың  бәрi  мықтылықтарын  нан  тартып  алудан 

бастайды екен де, — дедi Ажан. — Барып, ұзынның дап-даласын 

шығарайын  ба?

— Бар.

Ажан  атып  тұрып,  жағалай  отырғандардың  нанын  тартып 



ала  бастаған  әлгi  ұзынға  жетiп  барды.  Со  бойда  оның  белiнен 

құшақтап  алып,  вагон  еденiне  сылқ  еткiздi.  Күтпеген  жерден 

өзiн бассалған Ажанға түк iстей алмаған ол, жерде жатқан күйi 

аяқ-қолдарын  тыпырлатып,  тұрып  кетуге  әрекеттендi.  Алайда 

Ажан  оны  бас-көз  демей,  сабай  жөнелдi.  Ажанға  нанынан 

алғаш  айырылған  қазақ  та  қосыла  кеттi.  Мұны  көрген  Осман 

серiктерiнiң  бiрi  ұшып  тұрып,  Ажанға  жабысты.  Ажан  оны  да 

жықты.  Дегенмен  Османның  үшiншi  серiгi  келiп,  Ажанды  бiр 

ұрып, ұшырып түсiрдi. Өз досының құлағанын көрген Төрекелдi 

мен Аязбек тұра сап, оған жабыла кеттi. Сол-ақ екен, Османның 

барлық  жiгiттерi,  оның  iшiнде  орыстар  да  өре  түрегелiп, 



303



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет