Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет154/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   265
Сүлеймен қарақшы

Өзiн ашуландырған бiреудi бiр сiлейтсе, райынан қайта қоятын 

Сүлеймен  екпiнi  басылып,  серiктерiнiң  жанына  келдi.  Солдат 

орнынан  көтерiлiп,  үстi-басын  қағып,  атына  қайта  мiнгенде, 

солдаттар  соттаушыларды  қоршай  алға  айдады.  Бағана  шана 

үстiнде келе жатқанда қардың қалыңдығы онша бiлiнген жоқ едi. 

Тұтқындар жаяу жүргенде байқады, қар тiзеден асады екен. Мана 

жолай солдаттардың аттары да қарға батпаған едi. Ендi аттар да 

қарға батып, әзер жүрiп келедi. 

—  Жаяу  жүргеннен  өлмеспiз.  Ал  шана  үстiнде  отыра 

бергенiмiзде, сөз жоқ, құлақ-мұрыннан айырылар едiк, ә, — дедi 

Төрекелдi.

—  Солдаттар  сенi  “шана  үстiнде  отыра  берсе,  үсiп  қалады” 

деп  әдейi  жаяу  айдады  деймiсiң.  Бұдан  ары  қарай  шана  жүре 

алмайтын  болғандықтан  түсiрдi  бiздi,  —  дедi  Микай.

—  Бағаналы  берi  қар  үстiнде  сырғып  келе  жатқан  шаналар 

ендi  неге  жүре  алмай  қалды  екен?

— Орманның табиғатын түсiнбейсiң ғой, Төрекелдi. Айналаңа 

қарашы, ну орман ендi басталды. Ал ну орманның iшi ағашы аздау 

жердегiден  жылылау  болады.  Сондықтан  қар  қатты  қатпайды. 

Шананың табаны батып кетедi. Ендi түсiндiң бе, неге бiздi жаяу 

айдағанын?

—  Шынында,  Микай,  бұл  жер  жылы  сияқты.  Бұрын  орман 

деген  пәлеңдi  кiм  көрген.  Мұнда  да  күн  райы  бiздегi  тау  мен 

жазықтағыдай  әр  түрлi  болады  екен-ау.  Бiрақ  мен  түсiнбеймiн, 

ләгiрдi бұлар неге сонша ну орманның iшiне салған? Пойыздан 

түскен  жерiмiзге  сала  салса  болмай  ма?

— Елге, пойыз жүретiн жолға жақын салса, сотталғандар 

қашып кетедi деп қорқады өкiмет. Ал мынадай жерде қашып 

көр.


— Микай, анау бурыл аттағы бастық ләгiрге барғанда маған 

не  көрсетпекшi?

— Жолда “солдатқа шабуыл жасады” деп лагерь начальнигiне 

жалоба айтады да. Ол қылығың үшiн сенi бара салып подвалға 

қамап қоймаса болғаны. Бiрақ сенiң қандай құдiретiң бар екенiн 

бiлмеймiн. Қанша нарушение жасасаң да, бiреуi бiрдеңе демейдi. 

Бұрындары бiреу қит етсе, атып тастай салатын. Ой, боже, ондай 



316

Сүлеймен қарақшы

сұмдықтардың  талайын  көрдiм  ғой.  Ал  сенi  бiлмеймiн,  Құдай 

қағады-ау деймiн бар пәледен. Әйтеуiр сенде бiр нәрсе бар. Сенен 

қанша таяқ жесем де, қасыңнан бiр елi қалмай келе жатқаным жоқ 

па? Сен тек өзiңдi ғана емес, бiздi де талай сұмдықтан қорғауға 

шамаң келедi...

— Сен бүйтiп былжырама. Түрмеде менен мықты бiреу шықса, 

соның артын жалай кететiн сатқынсың ғой.

— Жо-жоқ, Сүлеймен. Сендердiң қазақтарыңда “ер шекiспей 

бекiспейдi” деген сөз бар ғой. Алдымен шекiстiк. Ендi бекiсейiк. 

Барған соң түрме жайының бәрiн түсiндiремiн. Адал дос боламын 

бұдан былай. Тек сен бiздi қорғасаң болды.

— Мұнда саған қас бiреулер бар ма?

— Именно маған емес. Аркашаға қастар толып жатыр мұнда. 

Ал менiң Аркашаның тобында болғанымды бiлсе, мен бiттiм.

Шын дос бола алсаң, қорғауға бармын. 

— Ризамын саған, Сүлеймен. Кеудең қандай кең болса, мiнезiң 

де сондай кең. Онша-мұншаны кек тұта бермейдi екенсiң. Нағыз 

батыр осындай болады. Бұл шын сөзiм. Жағымпаздығым емес.

—  Сен  түлкiге  сену  қиын,  —  дедi  Төрекелдi.  —  Бiрақ  ендi 

сөзiңде  тұрмасаң,  басыңды  кесемiн.

—  Ендiгәрi  сендерге  сатқындық  жасасам,  не  iстесеңдер  де 

ерiктерiңде. Мен бiлсем, бiздi төртiншi зонаға әкеле жатыр. Егер 

ойым дұрыс болса, бiз қара Иванның қолына түсемiз. Тфу, нем 

бар едi, Аркашаның тiлiн алып, ұрлық жасап. Соның айдауымен 

небiр қылмыс iстеп, сотталамын да кетемiн. Содан соң жүремiн 

әр атаманнан бiр қорқып.

— Ибан деген де атаман ба?

—  Уай-ай,  Сүлеймен,  ол  дегенiң  бүкiл  Сiбiр  түрмелерiнiң 

қожайыны  ғой.  Оған  мiлисалар  да  бата  алмайды.  Небiр 

мықтыларды  заматта  ата  салатын  совет  өкiметi  оларды  неге 

жоқ қыла салмайтынын бiлмеймiн. Олар дегенiм — Иван және 

сондай тағы екеу. Совет түрмесi басқаларды құл қылып жұмсап, 

ең соңғы адамдай қорлап, итше тепкiлеп, қара жұмысқа салса, 

оларды  семiртiп,  бағып  отыр.

— Сен Ибанды көрiп пе едiң? Түрменiң оны бағып отырғаны 

қалай?



317



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет