Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет151/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Кiм төбелестi бастаған? — деп ақырды әлгi офицер. Сосын 

Сүлейменге  қарады.  —  Сен-ау  деймiн  бәрiн  қырып  тастаған. 

Жүр,  бастықтың  алдына  барамыз.

Бұл кезде вагон есiгiнiң алдына басқа бiр қазақ офицер келiп, 

iшке  қарап  тұрған.  Сiрә,  ол  бастық  болса  керек.  Сүлейменге 

сөйлеген қазақ офицер оған орысша тiлмен әлденелердi айтып 

бердi.  Сосын:

— Жүр! Түс алдыма! — дедi Сүлейменге наганын соза.

— Алдымда сен жүр. Мен артыңнан жүремiн.

Әскери қазақ бастығына бiр, Сүлейменге бiр жалтақ-жалтақ 

еттi. 


— Қасымов, бiр рет осының айтқанын iстесейшi. Сен түсшi 

алдына.  Артыңнан  жүрмесе,  бұрыла  сап  ата  саласың.  Мұндай 

дәу  қазақтың  еш  болмаса,  денесiн  сыйлайық.  Күллi  Жетiсуды 

шулатқан Осман мен ешкiмге дес те, бас та бермейтiн Аркашаны 

кемтар қылып тастаған мұның дегенiне бүгiнше көнейiкшi. Қане, 

Қасымов, түс алға! — деп бастық қазақ бұйыра сөйледi.

Үлкен  кiсi  айтқан  соң  Қасымовтың  Сүлейменнiң  алдына 

түсуден  басқа  амалы  қалмады.  Оның  соңынан  Сүлеймен  ердi. 

Қызыл  кiрпiштi  үйдiң  алдына  келгенде  бастық  қазақ:

—  Баяғы  батыр  ата-бабаларымыздан  неге  аса  iрi  жiгiттер 

қалмады деп кейде ойлаушы едiм. Бар екен-ау, сондай жiгiттер. 

Бiрақ  аз.  Олардың  өзi  қарақшылық,  болмаса  ұрлық  жасап, 

үкiметке  қарсы  шығып,  сотталып  кетедi.  Еһ,  қазақтың  бәрi 

Қабанбай мен Бөгенбайдай немесе Қажымұқан мен осы жiгiттей 

болса ғой,— дедi күрсiнiп. — Содан төмен қарап бiраз ойланып 

тұрды: — Неғып қалшиып қалдың? Iшке кiрейiк. Сенен вагондағы 

төбелестiң  мән-жайын  сұрайын. 

Артынан  Сүлеймен  кiрдi.  Кiре  берiстегi  темiр  торлы  есiгi 

бар  үлкен  бөлмеде  бағана  вагоннан  түскен  сотталушылар 

отыр. Аркаша мен Осман зембiлде жатыр. Оларға қарап тұрған 

Сүлейменге  солдаттар:

— Бұл жерде тұрмай, ары қарай өтiңiз, — дедi. Дәлiз бойымен 

жүрген Сүлеймен ашық есiкке тiрелдi. Есiк аржағындағы үстел 

басында жаңағы кiсi тұр.




310

Сүлеймен қарақшы

— Берi кiр, Сүлеймен, — дедi ол. Сосын солдаттарға бұйырды: 

— Ұзап кетпей, есiк алдында тұрыңдар!

 Сүлеймен оның қарсысына келiп отырды. Бастық қазақ бұдан 

не  үшiн  сотталғанын  және  вагон  iшiнде  нелiктен  төбелескенiн 

сұрады.  Сөзге  сараң  Сүлеймен  болған  жайттарды  қысқа-қысқа 

қайырып  айтты.

—  Иә,  бiр  бұлар  емес,  зонаға  барғаныңда,  мұндайлардың 

талайы кездеседi әлi саған. Қазақсың ғой, қазақ болғанда қандай 

мықты  жiгiтсiң.  Сол  үшiн  де  сенi  сыйлап  отырмын.  Әйтпесе, 

осы  тiрлiгiң  үшiн  артыңнан  қағаз  жазып,  жазаңды  одан  бетер 

ауырлатып  тастар  едiм.  Ал  мен  ондайға  бармаймын.  Сен  — 

сотталушы,  мен  —  милиционер  болсам  да  айтайын.  Ешқашан 

ешкiмге есеңдi жiберме. Содан соң мынау есiңде болсын. Барған 

түрмеңнiң  паханын  ұрып  жықсаң,  сол  жердегi  қожайын  өзiң 

боласың.  Бiрақ  ешкiмге  өздiгiңнен  тиiспе.  Ал  өздерi  тиiссе, 

мынау Аркаша мен Османға ұқсатып, аямай сiлiкпесiн шығарып 

таста.


— Маған жаны ашып, сыр айтып отырған мiлисаны бiрiншi 

рет көрiп отырмын. Ақыры сыр айтып қалдың ғой, анау Аркаша 

мен Османның жағдайы не болады ендi?

—  Бiр  сарбазды  көршi  стансадағы  доқтырды  алып  келуге 

жұмсадым.  Екеуiнiң  жағдайы  —  сол  келгеннен  кейiн  белгiлi 

болады.  Оны  неге  сұрадың?  Саған  бәрiбiр  емес  пе.

— Тегi сұрап жатқаным да.

— Иттер қанша сотталса да, босанып кететiн едi... Жатсын ендi 

осылай.  Қазiр  пойыз  жүредi.  Ешкiммен  ерегiспей  вагонға  кiр. 

Мен саған адамгершiлiк жасадым. Сен де маған жаса. Қолымда 

билiк болса, сенi босатып-ақ жiберер едiм. Бiрақ амалым жоқ.

— Ниетiңе рахмет, бауырым. Айтшы, бiздi қандай жерге апара 

жатыр?

— Сiбiрде Новосiбiр деген қала бар. Соның түбiндегi орманда 



үш  лагерь  бар.  Сенi  және  достарыңды  сол  лагерлердiң  бiрiне 

апарады.


— Ұзақ жүремiз бе?

— Жиырма күндей. Ал, Сүлеймен, бар ендi. Жаңағы айтқан 

сөзiмдi  ұмытпа.  Қарауыл,  әкетiңдер  мынаны!



311



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет