Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет152/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   265
Сүлеймен қарақшы

 Шығып бара жатқанда Сүлеймен оған бұрылды:

—  Айтпақшы,  менiң  бiр  досымның  қабырғалары  сынып, 

орнынан  тұра  алмай  жатыр.  Соны... 

— Әй, оған менiң көмектесер шамам жоқ. Оны алып қалып, 

лазеретке жатқызатын пәрмен де жоқ менде. Жететiн жерлерiңе 

дейiн амалдаңдар. Одан соңғысын көрерсiңдер.

 Сүлеймен вагонға келгенше оны “қазақ үшiн жаны күйетiн 

жiгiт екен-ау. Әйтпесе, мiлисалардың талайын көрiп жүрмiн ғой. 

Бiреуi қамалғандарды адам орнына санамайды. Әсiресе, мынау 

Қасымов сияқты жаман текедей бақылдағыш әумесерлер мiлиса 

боп жүргендерiне мәз. Адамшылық сана, бiр мейiрiм болсайшы 

бұларда” деп ойлап, есiктен аттай бергенде, оған ала көзiмен бiр 

қарап едi, ол:

— Ендi доқ қылсаң, атып тастай салам. Кiр, кiр тезiрек! — деп 

тағы наганына жармасты.

 Сүлеймен оған сөйлегiсi де келмедi. Вагонға лып етiп кiрiп 

кеттi.


— Дәу болса да, мысық сияқты жылдам-ә, — дедi анау есiктi 

жауып жатып.

— Қызыл үйдiң iшiне кiргiзiп алып, не дедi мiлисалар? — дедi 

Төрекелдi бұл орнына отырғанда.

—  Бастығы  жақсы  адам  екен.  Бiраз  ақыл  айтты.  “Дәулерге 

есеңдi  жiберме”,—  дедi.

— Ой, шiркiн, нағыз қазақ екен-ау!

Аз  уақыттан  соң  пойыз  жылжыды.  Содан  бiр  түн  тоқтамай 

жүрдi.  Таң  ата  бiр  жерге  тоқтады.  Одан  соң  тағы  жүрiс.  Не 

керек  бiр  тоқтап,  бiр  жүрген  пойыз  әнеукүнгi  мiлиса  бастығы 

айтқандай,  жиырма  күндей  жүрiп,  орман  iшiне  келiп  тоқтады. 

Сүлеймен  терезеден  сыртқа  көз  тастап  едi,  қырғын  қарулы 

солдаттар  мен  қос  аттан  жегiлген  бiрнеше  үлкен-үлкен  шана-

арбаларды көрдi. Бiрнеше күн бойы вагон iшiнде отырып, әбден 

ығыр  болғандардың  бәрi  мұнымен  таласа  терезеге  жармасып: 

“Қай  жерге  келдiк?  Туу,  орман  деген  осы  екен  ғой!”  —  десiп 

таңырқасып жатыр. Жүруге жарап қалған Микай терезеден бiр 

қарады:


—  О-о,  жеттiк-ау  әйтеуiр  жететiн  жерiмiзге.  Қазiр  бәрiмiздi 

анау  шаналарға  мiнгiзiп,  түрмеге  апарады.  Бұрын  бұл  жердi 

көрмегенсiңдер ғой, ә? Бiздiң елдiң суығы бұл жердiң суығына 

қарағанда  түк  емес.  Қазiр  март  айы  ғой-ә.  Бiз  жақта  көктем 




312

Сүлеймен қарақшы

шығып қалды. Ал мұнда күн әлi суық. Түрмедегi казармаларға 

жеткенше бiразыңның мұрын, құлақтарың үсiп кетпесе болғаны.

 Аздан соң адам құлағына жайсыз тиетiн дыбыспен шиқылдап, 

вагон  есiгi  ашылды.  Бұрын  стансаларда  тоқтап,  мiлисалар  нан 

таратқанда,  қарауыл  солдаттар  онша  көп  болмайтын.  Ал  мына 

жерде олар өте көп. Елушақты бар-ау. Оған оншақты офицерлердi 

қосыңыз.  Вагон  есiгiнiң  тура  алдында  тұрған  офицер  бiр 

қолындағы  қағазға  қарап,  сотталушылардың  аты-жөнiн  атай 

бастады. Аты аталғандардың бәрiнiң түгел екенiне көзi жеткен 

соң  ол  бiрдеңе  деп  айқайлады.  Сүлеймендер  оның  орысшасын 

түсiнбегендiктен Микайға қарады. Микай бұлардың көзқарасын 

бiрден  түсiндi:

— Бiр-бiрлеп түсiңдер деп жатыр.

  Вагондағылар  түсе  бастады.  Түскенiн  түскендей  солдаттар 

қолдарын  артына  қарата  байлап,  шанаға  мiнгiздi.  Сүлеймен 

түскенде, қолында қағазы бар жаңағы айқайлаған әскери адам бiр 

сәт аңтарылды. Сосын басын бiр шайқады да, жанындағыларға 

күбiр  еттi.  Бойлары  Сүлейменнiң  иығынан  ғана  келетiн  екеуi 

Сүлейменнiң қолын байлап, шанаға отырғызды. Сүлеймен ендi 

байқады. Айнала қоршап тұрған қарулы солдаттардан басқа атты 

солдаттар да көп екен. Олар анадай жерде қаз-қатар тiзiлiп тұр.

 Бәрiн шанаға мiнгiзiп болғанда, аттылы солдаттар жақындап 

келiп, көлiктердi қоршай тұрды. Төр-бес шананың әрқайсының 

алдына бiр-бiр қарулы солдаттан отырды. Бағанағы әскери адам 

“Марш!”  деп  бұйрық  бергенде,  алдында  отырған  солдаттар 

божыны қақты. Шаналар сырғи жөнелдi. Шаналардың жан-жағы 

мен соңынан атты солдаттар iлестi.

  Суыт  жүрген  шаналар  лезде  қалың  орманның  iшiне  кiрдi. 

Жаңа вагоннан шыққанда байқамапты, күн шынында аса аязды, 

суық  екен.  Орман  iшiне  кiргенде  соттаушылар  қалтырап,  бiр-

бiрiне тығылды. Қолдары артына байлаулы олар бiраздан кейiн 

тiптi шыдай алмай, қозғалақтай бастады. Бiрақ қылар айла, iстер 

амал  жоқ.  Микай  айтқандай,  лагерьдегi  казармаға  жеткенше 

шыдау  керек.



313



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет