Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет160/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Расында, бара салуың да керек пе едi. Ар жағын көре жатар 

едiк, — дедi Қаппар.

— Неге барамын? Мен керек екенмiн, Ибанның өзi келсiн.

—  Қазiр  көресiң,  ол  тағы  бiреулердi  жiбередi.  Ал  егер  оған 

да  бармайтын  болсаң,  ерiгiп  отырған  неме,  бар  нөкерiн  ертiп, 

өзi-ақ келiп қалуы ғажап емес. О, нағыз қантөгiс сонда болады. 

Былтыр осындағы бiреу оның шақыртуына бармай қойып, Құдай 

бетiн аулақ қылсын, кейiн Ибанның өзi келiп, жұрттың көзiнше 

мойнын  бұрап  өлтiрген.

— Түрi тым жаман ба өзiнiң?

— Қалай айтсам екен. Бойы бiздей бар. Бiрақ бiзден әлдеқайда 

жалпақ. Ал ендi түрi шынында да жаман. Қолына бiр түссең, әй, 

Құдай бiледi, сытылу оңай емес-ау. Баяғыда ауылда бiр асау бура 

бар едi. Соған ұқсатамын со пәленi.

—  Ондай  бураның  қаншауы  кездеспедi  маған.  Ол  сұмырай 

менi алдына шақыртатындай не кiнә тапты екен менен? Қанша 

алып  болса  да,  шақыртты  екен  деп,  алдына  жүгiрiп  баратын 

қорқағың  мен  емес.

  Сүлеймен  етiгiн  шешiп,  жата  бергенде  бағанағы  екi  орыс 

тағы келдi. Бұл жолы қатарына екi адамды қоса келiптi. Олар да 

осал емес. Еңгезердей-еңгезердей дәу. Келе салды да әлденелердi 

айтып, Сүлеймендi жұлқылай бастады.

— Әй, әй, не керек сендерге?

— “Алдымызға түсiп жүр” деп жатыр, — дедi арғы шеттегi 

Ажанның  арқасына  тығылған  Микай.

—  Не  дейдi?  О,  әкеңнiң...  —  деп  ұшып  тұрды  Сүлеймен 

орнынан.  —  Менi  зорлап  апармақшы  ма?  Мә,  нәлетi!

  Өмiрi  өзiне  ешкiмдi  басындырмайтын  әдетіне  басып, 

иығынан тартқылағанды бiр ұрды. Анау жанындағы кереуеттен 

ары тоңқалаң асты. Оны көрген екiншiсi “О-о-о” деп жақындай 

бергенде,  оны  тура  тұмсықтың  астынан  соқты.  Онысы  мұз 

үстiнде құлағандай, екi аяғы жерден көтерiлiп барып, артқа сылқ 

еттi.  Екi  серiгiнiң  лезде  жер  құшқанын  көрген  үшiншiсi:  “Ах, 

твою  мать!”  деп    жұдырығын  түйе  жақындады.  Оның  кеудесi 

мен  ауынан  ұстап  алды  да  жоғары  тiк  көтерiп,  анадай  жерге 

лақтырып  жiбердi.  Ол  сорлы  бес-алты  қадамдай  жерде  тұрған 



328

Сүлеймен қарақшы

кереуеттiң үстiне гүрс етiп соғылып, бiрден ес-түссiз қалды. Қара 

Ибанның  төртiншi  итаршысы  мұның  мұнша  жылдамдығы  мен 

күштiлiгiне қайран қалып, көзiн жыпылықтата: “Кончай, кончай” 

деуге  мұршасы  әрең  жеттi.

Оған  ақыра  ұмтылғанда,  ол  ары  қарай  зып  еттi.  Қанша 

жылдамдық қылса да бәрiбiр,  оның шапанының артқы етегiнен 

шап берiп ұстады. Анаған жан керек екен, етегiн тартып қалғанда, 

шапанын  сыпыра  шешiп  тастап,  есiкке  қашты.

  Сосын  “Шеттерiңнен  қылғындырып  өлтiре  салайын!”  — 

деп  орнынан  тұра  алмай  жатқан  үшеуге  ұмтылды.  Өзiне  шын 

қауiптiң  ендi  төнгенiн  сезген  бергi  жақтағысы  жандәрмен 

кереуеттiң астына тығыла беріп еді, аяғынан ұстап берi тартты 

да,  желкесiнен  қойып  жiбердi. 

 Бұл кезде анадай жердегi кереует үстiне құлағаны белiн ұстап 

орнынан әзер көтерiле берген. Сүлеймен кереуеттердiң үстiмен 

аттап-аттап  өтiп,  оған  жетiп  барды.  Анау  екi  қолын  жоғары 

көтерiп:  “Сдаюсь,  сдаюсь”,  —  деп  тiзерлей  отыра  кеттi.  Оның 

не айтқанын түсiнбесе де, жеңiлгенiн мойындап тұрғанын бiлдi. 

Сол үшiн де қаһарынан қайтып, оны ұрмай, берi бұрылды.

— Осы таяқ жегендерi де жетер. Қой ендi, Сүлеймен, — дедi 

Қаппар осы кезде.

 Жаңағы орыс екi қолын көтергендi көргенде-ақ, есiн жиып 

үлгерген.  Казарма  iшiндегiлердiң  барлығы  тым-тырыс  күйде 

бұған  қарап  қалыпты.  Бәрiнiң  жүздерiнде  үрей.

—  Неменеге  үндерiң  шықпай  қалған  бәрiңнiң?  Қара  Ибан 

түгiлi,  басқасы  келсе  де,  көресiнi  көрсетем!  Айда,  мыналарды 

жабылып  далаға  сүйреп  тастаңдар!  Жүре  алса,  жетер  баратын 

жерлерiне. Жүре алмаса қалсын, аязға қатып! — деп айқайлап 

бердi.  —  Сөзiн  қазақтар  түсiнгенiмен,  орыстар  түсiнбедi. 

Сондықтан  болар  ешкiм  селт  еткен  жоқ.  —  Микай,  қайдасың? 

Әй,  қайда  кеткенсiң?  Түсiндiр  сөзiмдi  бауырларыңа!

  Жауап  болмағасын  Сүлеймен  оны  iздеп  жан-жаққа  қарады. 

Бекмырза бiр кереует астына еңкейiп алып, бiреуге: “Шықсайшы, 

шық-ей”, — деп отыр.

— Ол пәле кереует астына тығылып алған ба?




329



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет