Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет23/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   265
Сүлеймен қарақшы

қабанды тоқтата алмай, онымен бiрге екi-үш қадамдай сүйретiлiп 

кеттi. Қабан мен құлынның арасы бiр-ақ аттам жер қалғанда, оны 

бар күшпен тартып тоқтатты. Осы сәт бие де жанкештiлiк жасап, 

айналып келiп қабанды бiр тептi. Сәтiн салғанда, оның тепкiсi 

қабанның  тура  тұмсығына  тидi.  Ауыр  соққыдан  жаны  шыққан 

хайуан бар даусымен шыңғырып жiберiп, секiрiп-секiрiп түстi. 

Бар  ойы  екi  мүйiзiнен  қатып  ұстаған  адамды  құлату  сияқты. 

Дегенмен  Сүлеймен  оған  дес  бермей,  мүйiзден  ұстаған  күйi 

мойнын бұрып, жығуға әрекеттендi. Қорбаңдаған анау пәле жүдә 

мықты екен. Құлай салатын түрi жоқ. Қайта басын ары сiлкiп, 

берi сiлкiп, жанталасып жатыр. Егер дәл осы кезде Кендiр мен 

Әмiр  жүгiрiп  келмегенде,  бұл  екеуiнiң  қайсысы  жеңерiн  бiр 

Құдайдың өзi бiлер едi. 

—  Ойбай,  Кендiр.  Қанжарды  сұқ  қарнына  дереу!  —  деп 

айқайлады  Әмiр. 

— Ойбай, таста мылтығыңды! Оқ Сүлейменге тиiп кетер.

Мылтығын  қабанға  қарай  көтере  берген  Кендiр  сасқалақтап 

қалды.  Содан  оны  лақтырып  жiбердi  де  белiндегi  қанжарын 

суырып  алғанымен,  тулаған  қабанға  жақындай  алмады.  Мұны 

көрген  Әмiр  заматта  оның  қолынан  қанжарды  тартып  алып, 

қабанның  қарнына  бiрнеше  мәрте  сұғып-сұғып  жiбердi. 

Жандаусы  шыға  шыңғырған  хайуан  жерге  гүрс  еттi.  Құлаған 

мезет  Әмiр  оның  тамағын  қанжармен  орып-орып  тастады.

—  Жер-дүниенi  дiрiлдетiп  жатқан  бұл  ненiң  даусы?—  деп 

Көбек бұлардың қастарына жетiп келдi. — Пәлi, қабан ғой мынау. 

Қайсысың атып алдындар мұны? Кендiр, сен мерген екенсiң-ау.

— Кендiрiңiздiң мұны атуға шамасы келмек тұрмақ, жанына 

жолауға қорықты. Сүлеймен ғой, мұнымен алысып жеңген. 

— Уай, сабазым-ай! Әнеукүнi қабыланды жеңiп едiң. Бұл жолы 

қабанды жарып тастадың ба? Бұл пәлекеттi қалай пышақтадың? 

— Мен ұстап тұрдым. Әмiр қанжармен жайратып тастады.

  Кендiр  өзiнiң  батылсыздығына  намыстанды  ма, 

жанындағыларға  тiктеп  қарай  алмай,  көзiн  төмен  салды. 

— Әй, осы Сүлеймен болмағанда, бүгiн де бiраз жылқылардан 

айырылатын  едiк-ау,  ә.  Бiрде  қабыланды,  бiрде  қабанды 

жайратқан  менiң  жиенiмдi  қалай  мақтамассың.  Бiрақ  “жiгiттi 



49

Сүлеймен қарақшы

көзiнше мақтама” деген. Бiздiң iсте көзсiз ерлiк үйреншiктi әдет. 

Кендiр,  Әмiр  екеуiң  мұның  терiсiн  сыпырып  алындар.  Қолдас 

тәуiп  “Қабанның  терiсi  мен  мүйiзiн  тауып  берсейшi”,—  деп 

маған  көптен  берi  айтып  жүр  едi.  Сүлеймен,  сен  барып,  бiраз 

ұйықтап ал. Ендi маған ұйқы жоқ. Сенiң орныңа жылқыларды 

мен  күзетейiн.  Айтпақшы,  сары  айғырды  байладыңдар  ма? 

Үйбай-ау, мына бие құлындап қалған ба? Мұны қайтемiз ендi? 

Жас  құлын  айдауға  да  жарамайды…

— Қазiр, Көбеке. Қабанның терiсiн сыпырып бiтейiн. Одан соң 

құлынды бауыздап тастаймын. Жатырдан жаңа шыққан малдың 

етiн өмiрiмде жеп көрген емеспiн. Елсапа “ондай еттiң дәмi тiл 

үйiредi” дейтiн едi. Бiз де көрейiк те, оның етi қандай болатынын 

— дедi Кендiр Көбектiң сөзiн бөлiп 

— Не айтып тұрсың, Кендiр?! Жас құлынды союға қалай дәтiң 

барады? — дедi Сүлеймен шыдай алмай. 

— Немене? Туған сенiң биең бе едi? Қатарымызға кеше қосыла 

салып, бiзге билiк айтатындай сен кiмсiң?!

— Соймайсың құлынды! Сойғызбаймын! 

—  Әй,  мынау,  не  шатып  тұр.  Түнде  жылқы  айдап  бара 

жатқанда оны алдыңа өңгерiп жүресiң бе? Көбекең саған “демал” 

дедi ғой. Өңкейiп тұрмай, құры бұл жерден. Әйтпесе өзiңдi сабап 

тастаймын,— деп Кендiр аршып жатқан қабанның терiсiн тастай 

салып, Сүлейменге ашулы жүзбен сүзiле қарады. 

—  Доғарыңдар  ерегiстi!  Қайдағы  бiр  құлын  үшiн  өзара 

қырықпышақ  болмақсыңдар  ма?  Сүлеймен,  бар,  жат  сен. 

— Құлынды сойдырмаңыз, нағашы. 

Көбек  басын  изедi.  Бiрақ  оған  сене  қоймады.  Анадай  жерге 

барды да, қурап қалған бiр топ сасырдың үстiне жатты. Содан 

қанша  ұйқы  қыстаса  да,  көзiн  iлмеуге  тырысып,  Кендiрдi 

андумен болды. Бар ойы — құлынды сойдырмау. Кендiр қабанды 

жалаңаштап болған соң Әмiрге қарап бiрдеңе дедi де, пышағын 

жаландатып  құлын  жаққа  қарай  жүрдi.  Көбек  оны  көрсе  де, 

үндемей  отыр.  Кендiрдiң  құлынына  жақындап  келе  жатқанын 

көрген бие оқырана түсiп, оның жолына тұрды. Кендiр құрықпен 

биенi сабап-сабап, ары қарай қуып жiбердi. Сәл кешiксе, Кендiр 




50



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет