Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет25/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   265
Байланысты:
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы

жерде  бiр  күндерiн  өткiзiп,  үшiншi  күнi  сапарларын  әрi  қарай 

жалғастырды.  Төртiншi  күнi  азанда  Қырыққызды  айнала  өтiп, 

Қасқасу басындағы Досалы жайлауының үстiнен түстi. Сүлеймен 

кешелi берi Көбекке: “Нағашы, Досалы би бiзге жылқыдан үлес 

беретiн болса, маған мына құлынды биенi алып берiңiз”, — деп 

айтып келе жатыр едi. Онысын Көбек те құп көрген. Ендi Досалы 

жайлауына  жеткен  кезде:

— Қазiр Досалының ауылында менiң үлесiм туралы ұмытып 

кетпегейсiз, — деп тағы да пысықтап қойды.

—  Сенiң  құлынды  биеге  әбден  есiң  кетiп,  айтқан  әңгiмем 

жайында  ұмытып  тұрсың-ау  деймiн.  Досекең  осы  жерде  отыр 

деймiсiң.  Бұл  жер  “Досалы  жайлауы”  деп  аталғанымен,  ол 

кiсi  Сайрамсудың  жағасындағы  ауылында  отырады.  Бiз  қазiр 

жылқыларды оның осындағы малшы жiгiттерiне санап өткiземiз 

де,  өзiмiз  Досалыға  кейiн  барамыз.  Досекең  сенiң  қалауыңа 

“жоқ”  дей  қоймас. 

  Мына  сөзге  қуанып  кеттi.  Керегетастың  батыс  жағындағы 

қысы-жазы мал қарап отыратын Досалының жiгiттерiне ұрылар 

жылқыларды  санап  өткiзiп  жатқан  кезде  Сүлеймен  бие  мен 

құлынды  байлап,  әлекке  түстi.  Құлынның  енесi  дәу  бие.  Оған 

қарап:  “Енең  дәу  ғой.  Бiрақ  атаңның  кiм  екенiн  бiлмесем  де, 

сен маған лайық жарамды айғыр боларсың”, — деп қайта-қайта 

құлынның  жалынын  сипап  мәз  болды.

 Көбек барымта малдарды Досалы жiгiттерiне өткiзiп болған 

соң айтты:

—  Аттарыңа  қоныңдар.  Досекеңнiң  ауылына  барып  бiр-ақ 

демалайық.

Ұрылар бiраз жүрiстен соң тау етегiне түстi.

—  Нағашы,  айтыңызшы.  Сiз  ғой,  жаңағы  үйiрдi  бiреулерге 

санап өткiздiңiз де, өзiңiзге бiр жылқы да алмай, кете бардыңыз. 

Мен осыны түсiнбей келе жатырмын.

—  Сенiң  түсiнбейтiн  нәрсең  әлi  көп.  Одан  да  “Азанда 

алдымыздан шығып, бiздi қарсы алған кiмдер едi?”— деп сұрасаң 

неттi. Бар ойың бiр құлынды биеде болып, жан-жағыңда не болып 

жатқанын ұмытып кеттiң. Қазiр Досалы: “Керегетастың басында 

не көрдiң, бала?”— деп сұраса не айтпақсың? Бiрақ әзiрше сенi 



53

Сүлеймен қарақшы

кiнәлауға да болмас. “Қыран қанатын жазудан бұрын, аяғымен 

тебудi үйренедi” дегендей, сен алдымен ұрылардың құпиясынан 

гөрi  олардың  жасырынатын  жерiн  бiлiп  алғаның  жөн.  Түн 

жортып, бiр жақтан мал айдап келу екiнiң бiрiнiң қолынан келедi. 

Әрине,  қорықпайтын  жүректi  болса.  Бiрақ  сол  малды  қайда 

сiңiру керектiгiн кiм едi, әлгi... екiнiң бiрi дедiм бе, әй, бiлмейдi-

ау. Оны мен де бiлмеймiн. Бiздiң Досекеңнiң ақылдылығы мен 

ептiлiгi де осында ғой. Қанша мал айдап келсең де iзiн бiлдiрмей, 

суға батқан тастай етiп жiбередi-ау, сабаз. Сен азанда малшылар 

бiз  айдап  әкелген  жылқыларды  бiр  шатқалға  айдап  кiргiзгенiн 

байқаған ба? Дегенмен ол жер шатқалға кiретiн қақпадай болып 

көрiнгенiмен iшкi жағының бәрiн құз қоршаған ен жайлау. Оған 

бiр үйiр емес, бiрнеше үйiр жылқы сиып, қысы-жазы жайылып 

жүре  бередi.  Одан  шығар  қақпа  да,  оған  кiрер  қақпа  да  бiреу-

ақ. Бiр онда емес. Құдай өзi қолмен жасап қойғандай тасқамал 

жайлаулар арғы таулардың iшiнде де көп екен. Алайда оларды 

белгiлi бiреулер болмаса, кез-келген адам бiле бермейдi.

—  Кешегi  бiз  барған  Шыршық  жақта  да,  анау  қырғыз  бен 

Әулиеата жақта да сiз секiлдi баукеспелер көп қой. Солар осы 

“тас қамал жайлауларды” бiлмей ме? Бұлай деуiмнiң мәнiсi — 

өздерi  жақтан  ұрланған  малдарды  iздеп  келiп,  тауып  алмай  ма 

дегенiм  ғой. 

—  Атақты  баукеспелер  қай  жердiң  болса  да  ой-шұқырын 

жақсы бiледi. Бiрақ оларда ұрланатын мал жоқ. Ал малы ұрланған 

бiр байға ара түсiп, iз кесiп жатса, оның бұл жерден тiрi кетуi 

екiталай. Алда-жалда iс ушығып бара жатса, ондайды Досекең 

өзi  реттейдi.  Оған  бiздiң  араластығымыз  болмайды. 

Досалының өзi дәу, әрi шешен кiсi ме?

—  Оның  қандай  адам  екенiн  қазiр  көрерсiң.  Ол  кiсiнi 

дұшпандары  “ұры”  деп  өсектегенiмен,  Құдай  оған  бақ  пен 

дәулеттi  қатар  берген.  Сен  секiлдi  ол  да  Төле  бидiң  ұрпағы. 

Пейiлi  кең,  қолы  жомарт  кiсi.  Жоқ-жетiмге  қарасқыш.  Көңiлi 

түскен  кiсiге  астындағы  атын  бере  салатын  мәрт.  Досекенiң 

жас  кезiнде  сиқым  Қасымбек  датқа  бас  болып,  осы  өлкедегi 

төрт  Дулаттың  игi  жақсылары  жиналып,  Жолан  балаларына 

бiр би сайламақ болыпты. Соның алдында ғана Шiнәлi би өлiп, 



54



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет