Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет26/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   265
Сүлеймен қарақшы

Жоландар бiраз уақыт басшысыз қалса керек. Сонда жұрттың бәрi 

жабылып, Жәнәдiлдiң немересi Бәйiрбектi “би болуға лайықты” 

деп  шулапты.  Сол  кезде  төрде  отырған  Қасымбек  датқа:  “Жә, 

шулай бермей қоя тұрыңдаршы. Ата жолымен қарасақ, Бәйiрбек 

би болуға лайықты-ақ. Оған батамызды берiп, қолына бидiң ақ 

таяғын ұстатайық. Бiрақ менiң көңiлiмде бiр күдiк бар. Бәйiрбектi 

бiз би сайлағанымызбен, зәуiмде ол билiкке ие бола алмайды-ау. 

Билiктi  мен  мынау  екi-үш  атадан  берi  ошағының  түтiнi  дұрыс 

шықпай  келе  жатқан  Досалыдан  көрiп  отырмын.  Келешекте 

жұртты Бәйiрбек емес, осы өзiне иiрiп әкетпесе, қане”,— деген 

екен.


Бұрынғы даналардың айтқаны қиыс кетпеген ғой. Сол Қасекең 

жарықтықтың айтқаны тура келдi. Бәйiрбек билiктiң шылбырын 

ұстап отырса да, тiзгiндi Досалы алып қойды. Зорлықпен емес, 

ақылмен  алды.  Айтыспен  емес,  абыроймен  алды.  Бұл  күнде 

Досалымен санаспайтын адам жоқ.

—  Осынша  атақ-абыройы  бар  кiсi  қолына  ұры  ұстайтыны 

несi?

—  Мұны  түсiнуге  ақылың  жетпейтiн  баласың-ау,  әлi,  жиен. 



Сен алдымен Досалымен бiраз аралас-құралас болшы. Сонан соң 

мұның мәнiсiн өзiң-ақ түсiнерсiң.

— Жаңағы сiз айтқан Қасымбектi жұрт бiресе “датқа” дейдi. 

Бiресе “болыс” дейдi. Осы болыс пен датқаның айырмашылығы 

не? 

— Ертеректе, орыстардан бұрын бiздi қоқандықтар билептi. 



Сол қоқандықтар шалғайдағы өздерiне қарасты жұрт арасынан 

бiр-бiр өкiл тағайындаған ғой. Ондай өкiлдер хандыққа жиналатын 

алым-салықты,  ел  арасындағы  дау-дамайды,  тағы  басқа  сол 

сияқты  iстердi  реттеп  отырған.  Қоқандықтар  мұндай  кiсiлерге 

датқа деген ат берген. Менiң бала кезiмде бiздiң өлкенi орыстар 

басып алды. Әлi есiмде, бiр ауылға мылтық асынған екi-үш орыс 

келсе, қазақтар қайда тығыларын бiлмей, iнiн таппаған тышқан 

секiлдi жорғалап, жандары қалмайтын. Өздерiн көрiп, онсыз да 

үрейi ұшқан жұртты одан беттер жанын алайық дегендей, әлгi 

жездi мұрт, шикiл сары орыстар ауыл үстiнен мылтық атып, елдi 

улатып-шулатып,  мазаққа  айналдыратын.  Тiптi,  онша-мұнша 



55

Сүлеймен қарақшы

көңiлiне  жақпаған  адамдарды  атып  та  тастай  салатын.  Менiң 

әкемдi  де  солар  өлтiрдi.  Онда  мен  он  алты  жаста  едiм.  Әкем 

рахметтiк Шымқалаға жүн-жұрқа апарып сатып келе жатқанда, 

Сұлтанрабаттың маңында бiр топ орыстың әскерiне тап болады. 

Орыстар қоржыны томпайып келе жатқан әкемдi ұстап, бар затын 

тартып алады. Ауыл арасында тентектiгiмен аты шыққан әкем, 

топ орыстан қаймықпай, төбелесе кетедi. Бiрақ көп адам қойсын 

ба.  Жабылып  ұрып  тастайды.  Ұрып  тастағаны  былай  тұрсын, 

атын  тартып  алып,  өзiн  жаяу  жiбермек  болады.  Мұны  сезген 

әкем жанына жақын тұрған аттылы орыстың басына қамшымен 

бiр  ұрып  құлатады  да,  қаша  жөнеледi.  Бiрақ  аналар  мұның 

соңынан қумайды.. Бәрi қатарласа тұрып, мылтықпен көздеп ата 

бастайды. Ешқандай оқты денесiне дарытпаған әкем сол шапқан 

күйi Бадамнан өтiп, қыр басына шығады. Осы кезде орыстардың 

басшысы: “Қашып бара жатқан осы жабайы қазақты кiм бiр оқпен 

атып құлатса, осы ауылдың аты соның атымен аталатын болады”, 

— деп айқайлапты. Арасында Әлiксәндiрiп деген мерген бiреуi 

бар екен. Сол қыр басында атпен шауып шыққан әкемдi бiр атып 

құлатыпты. Қайран әкем, сол жерде мерт болады. Ал әлгi орыстар 

осы  маңдағы  жер-судың,  ауыл-аймақтың  аттарын  тiзiп,  қағазға 

түсiрiп жүрген үкiметтiң адамдары екен. Сондықтан да ауыл атын 

жаңалау  қолдарында  болған  да.  Жаңағы  басшы  сөзiнде  тұрып, 

әкемдi  атып  өлтiрген  ауылдың  атын  жаңағы  мергеннiң  атымен 

— “Әлiксәндiрiпка” деп атап кетедi. Ол ауылды өзiң де бiлесiң. 

Сендер отырған жердiң төменгi жағында. Ал бұрын ол ауыл — 

Қосшоқы  деп  аталатын.  Бiздiң  жерге  қоқандықтардың  орнына 

келген орыстар датқа деген атты жойып, әр руға бiр-бiр болыс 

сайлауды шығарды. Болыс болған адамды ел бұрынғы қоқаннан 

қалған атпен атап, датқа дей бередi.

— Менiң жақыным Қасымбек те бұрын датқа болған ба?

— Жоқ. Ел сиқым Қасымбек, жаныс Қасымбек деп екiге бөлiп 

айтатын Қасымбектiң екеуi де болыс болған. Жұрт кейде екеуiн 

де ескi ұғыммен датқа дейдi. Сиқым Қасымбектен кейiн оларда 

Жандарбек болыс болды. Бiздегi Қасымбектен соң, болыстыққа 

Ордабек сайланды. Бiрақ қанша дегенмен бұлардың ешқайсысы 

сиқым Қасымбек сияқты елге билiк жүргiзiп, төрелiк айта алмады. 



56



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет