Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет50/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Бiз кеткен күннiң ертеңiне ауылға Ордабектiң Ноғайы келдi 

десiп едi. Келдi ме, ол кiсi?

—  Келдi.  Болыстың  тарантасына  мiнiп  келдi.  Өзi  әйдiк 

байбатша болыпты. Үстi-басының бәрiне қып-қызыл киiм киген. 

Қасында  Естеместiң  Мәуленi  бар.  Екеуiнiң  де  киiмдерi  оттай 

қызыл-ау, оттай қызыл. Белдерiнде қылыш. Қастарында мылтық 

асынған  бес-алты  нөкерлерi  бар.  Бәрi  бидiң  үйiне  бiр  қонды 

да, ертесiне аттанып кеттi. Мен бiлсем, Ноғай биден Сүлеймен 

жайын  сұрады-ау  деймiн.  Екеуiнiң  осы  туралы  әңгiмелесiп 

отырғандарын құлағым шалып қалды. Бұл жолы би Сүлейменге 

қатын әперу үшiн емес, сол Ноғайдың аманатымен шақыртты-ау, 

сiрә.

  Сүлейменнiң  Ноғай  секiлдi  үлкен  байбатшаның  аузына 



түскенi жайындағы хабар Кендiр мен Әрiпбайға жайсыз тидi ме, 

әйтеуiр, Қаратай сөзiнен кейiн екеуi де үнсiз қалды. Жүздерiнде 

бiр  түрлi  қызғаныштың  табы  байқалып  шыға  келдi.

— Ә, солай ма едi… — дедi аздан соң Кендiр тамағын кенеп. 

— Бiрақ жиырма үшке келген Сүлейменге биыл қалайда қатын 

әперу керек.

 Ертесiне Қаратай мен Сүлеймен түске ауа ауылға жеттi. Би 

үйiне әудем жер қалғанда екеуi аттан түстi. Би жеңiл шапанын 

желбегей жамылып, есiк алдында тұр екен. Оған бұлар қосарлана 

сәлем бердi. 

— Мал-жан аман ба? — дедi Досалы Сүлейменге қарап.

— Аманшылық. Сiз шақыртқан соң, жайлаудан ерте аттанған 

едiк…

—  Келгенiң  тәуiр  болды.  Үйге  жүр.  Әңгiмемдi  шәй  үстiнде 



айтайын. 

Жетпiстен асқан би әбден шөгейiн дегенi ме, екi иығы қушиып, 

төмен тартыпты. Денесi қапсағай болғанымен жүрiсi қалтаңдай 

бастапты. Қимылы сылбыр. Бойы бұрын Сүлейменнiң иығынан 

келетiн сияқты едi. Тап қазiр басы мұның кеудесiне әрең жетiп 

тұр.  Бiрақ  көкшiлдеу  келген  зәрлi  көздерiнiң  оты  басылмаған. 

Үйге кiрiп, дастархан басына жайғасқан соң сол отты көздерiн 

Сүлейменге  қадады:




104

Сүлеймен қарақшы

—  Сендер  жылқыны  тауға  айдап  кеткен  күннiң  ертесiне 

осында  Ордабектiң  Ноғайы  келген.  Тәшкендегi  оқуын  бiтiрiп, 

Шымқаладағы жаңа өкiметтiң жұмысына тұрыпты. Жаңа өкiмет 

жерiмiздi  болыстық  кеңестерге  бөлiп  билейтiнге  ұқсайды.  Бiз 

мына  шетi  Сайрам,  батысы  Қазығұрт,  шығысы  Ақсу  болып, 

Көксәйек  пен  Бадам  болыстығына  кiретiн  болыппыз.  Мына, 

тұқымың құрғыр, орыстар Көксәйектi Кейiргобка деп атап алған 

ғой. Ноғай осы Кейiргобка Бадам болыстығына сарбаз бастығы 

болыпты.  Оны  мiлиса  дедi  ме,  әйтеуiр  орысша  аты  бар.  Оның 

айтуынша, жаңа өкiмет би мен болысты, бай мен барымташыны 

құртады  екен.  “Бар  малыңды  ана  жылғы  жұттың  кезiндегiдей 

жұртқа таратып жiбер. Кейiн өзiңiзге жеңiл болады, биеке” дейдi 

маған ол. “Алдымен өз әкеңнiң малын кедей-кепшiкке таратып 

берсейшi.  Содан  соң  көрермiз.  Менде  қайбiр  мал  бар  дейсiң. 

Өкiметiң менiң елу жылқым мен жүз қойыма қарап қалған жоқ 

шығар” деп шығарып салдым. Ол кетерiнде сен жайында сұрады. 

“Сол  баланы  маған  жiберсеңiз,  өз  қанатымның  астына  алар 

едiм” деп өтiндi. Қалай, барасың ба оған? Түбi мынау заманның 

өзгерер түрi бар. Басың әрi бос, әрi жас кезiңде сондай ұлықтың 

етегiне  жармасып  құралып  кетсең,  өзiңе  де  тәуiр  болар  едi-ау. 

Селкiлдеген  сексеннiң  сеңгiрiне  аяқ  басқан  менен  болашақта 

саған қайран аз. Талай жыл қасымда болған өзiңе бiр парызым 

бар. Ол — сенiң басыңды екеу ету. Мына iргедегi қапалдан бiр 

қыз  дайындап  қойғам  саған.  Сүмбiледе  ме,  жоқ  мизам  айында 

ма,  оған  құда  түсемiз.  Бiрақ  соның  алдында  Ноғайға  барып, 

жолығып қайтшы. Баяғыда сен маған келерден бұрын, оның өзiңе 

берген уәдесi бар екен ғой. Тектiден тектi туар дегендей, бiтiм-

пошымы елден ерек болыпты өзiнiң. Келер күнiңнiң нәпақасын 

күнi еңкейген кәрi шалдың көлеңкесiнен емес, соның маңайынан 

iздегенiң жөн ғой деймiн. Сол үшiн шақыртқан едiм сенi. Оны 

қазiр  болыстың  ауылынан  табасың.  “Осы  саратан  өткенше 

әкемнiң үйiнде боламын” деген. Әрi жолда өз ауылыңа да соғып 

кетерсiң. Түс қайта аттан, солай қарай. Ноғай не дейдi, не қояды. 

Кейiн  хабарын  өзiме  айтарсың. 

 Сүлеймен биге жауап қатпай, ойланып қалды. Шынында би 

айтқан  жаңа  өкiмет  жайын  соңғы  кездерi  жұрт  көбiрек  айтып 



105

Сүлеймен қарақшы

жүр. “Бұдан былай жерге де, елге де, малға да кедейлер ие болады 

екен” деген бiреулердiң күңкiлi көбейген. Оның үстiне қолынан 

құрық, тақымынан ер кетпей, жылқы соңында қашанғы жүрер. 

Басқаларға ұқсап, қатын алып, там салатын кезге де жеттi. Ата-

бабасы кәсiп етпеген барымта бұған өмiр бойы ырзық бола ма? 

Оның үстiне жастықтың желiгiмен барымтаға араласқанына қазiр 

көп  өкiнетiн.  Одан  жерiп,  запы  болған.  Жаңағы  би  айтқандай, 

баяғыда Ноғайдың өзi: “Оқу бiтiрiп келсем, сенi қолыма аламын” 

деп  уәде  еткен.  Қыр  кезiп,  дала  шарлағанша,  барайын  оған. 

Қандай шаруа тапсырар екен?”

— Мақұл, биеке. Барып көрейiн Ноғайға.

— Болысқа, Ноғайға менен сәлем айт. Үн-түнсiз қалмай, жаңа 

өкiметтiң аяқ алысын бiзге хабарлап отырсын.

Сүлеймен  көп  отырмады.  Бiр-екi  кесе  қымызды  сiмiрiп, 

орнынан  тұрды.  Кеш  батқанша  ауылына  жетiп  алу  үшiн  атқа 

қонды.

— Егер Ноғай сенi жанына атқосшы етiп алса, бiздi ұмытып 



кетпей, есiңе ала жүр, — дедi Қаратай қоштасарда.

—  Сен  де  қайдағыны  айтады  екенсiң.  Алдымен  оның  не 

айтпағын  естиiк  те.  Ноғайдың  ықтияры  қандай  екен?  Соны 

бiлейiк.


— Құдай бiледi, ол сенi бекерге шақыртқан жоқ. Көр де тұр. 

Осыдан сен де Ноғайға ұқсап, қып-қызыл киiм киiп, оттай жанып 

жүресiң.

Сүлеймен Қаратайға сөз айтпаған күйi батыс жақтағы жонды 

бетке  алды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет